Қазақстан Республикасы Үкіметінің



Дата19.02.2017
өлшемі111,71 Kb.
#10700
Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2014 жылғы 28 маусымдағы
№ 725 қаулысымен   
бекітілген      

«Басым дақылдарды өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды,жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау»


мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Басым дақылдарды өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі



      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – тиісті жылғы 1 (бірінші) желтоқсанға дейін;
      2) қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
      9. Көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті беруші белгілеген өтінім қабылдаудың басталу және аяқталу күнінен кешіктірмей, көрсетілетін қызметті берушіге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 
қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияларды алушылардың тiзiмiне қосуға арналған өтiнiмді және нөмiрiн көрсете отырып, банктiк шоттың бар болуы туралы екінші деңгейдегі банктің анықтамасын бір данада ұсынады.
      Дәндi дақылдарды (күрiштен, дәндiк жүгерiден басқа) өндiрумен айналысатын көрсетілетін қызметті алушылар субсидияларды алушылардың тiзiмiне қосу үшiн қосымша:
      1) субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімде:
      аттестатталған тұқым өндiрушiлер немесе өткiзушiлер берген, егіске пайдаланылған тұқымдардың сорттық және егістік сапаларын растайтын (тұқымға аттестат не тұқымға куәлiк (тұқым сатып алынған жағдайда), ал егіс үшiн өз өндiрісінің тұқымдарын пайдаланған жағдайда – тұқымның сапасына сараптама жасау жөнiндегi аттестатталған зертханалар берген тұқымның кондициялылығы туралы куәлiк және сорттық егістерді байқаудан өткізу актісі) құжаттардың бар болуы туралы мәліметтерді көрсетеді.
      Бұл ретте, Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген Мемлекеттiк селекциялық жетiстiктер тiзiлiмiне енгiзiлген және (немесе) перспективалы деп танылған сорттардың үшiншi репродукциясынан төмен емес тұқымдар себiлген алаңдар ғана субсидиялауға жатады;
      2) мыналарды:
      өткен жылғы ауыспалы егісте танаптардың орналасу картасының (схемасының) (көрсетілетін қызметті алушы куәландырған және көрсетілетін қызметті берушімен келісілген) көшірмесін;
      ағымдағы жылғы ауыспалы егісте танаптардың орналасу картасының (схемасының) (көрсетілетін қызметті алушы куәландырған) көшірмесін ұсынады.
      Бұл ретте, 2015 жылдан бастап және одан кейінгі жылдары осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген ауыспалы егісте танаптардың орналасу картасының (схемасының) орнына көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 1297 қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану 
қағидаларының талаптарына сәйкес танаптар мен ауыспалы егістер тарихы кітабының көшірмесін ұсынады.
      Өндірілген қант қызылшасының 1 тоннасына субсидиялар алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар субсидияларды алушылардың тізіміне қосу өтінімінде қант зауытымен жасалған қант қызылшасын сатып алу-сату және (немесе) алыс-беріс қант қызылшасын қайта өңдеу қызметтерін көрсету туралы шарттардың бар болуына қатысты мәліметтерді қосымша көрсетеді.
      Көрсетілетін қызметті алушы лизинг шарты негізінде ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын сатып алу кезінде субсидияларды алушылардың тізіміне енгізу үшін субсидияларды аушылардың тізіміне енгізуге арналған өтінімінде лизинг шартының бар болуына қатысты мәліметтерді қосымша көрсетеді.
      Көрсетілетін қызметті беруші өтінімдер мен құжаттар топтамасын қабылдағаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға қабылданған күні және уақыты, өтінімді қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон береді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін


қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсындағы «Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.


      Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
      Шағымды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тапсырған кезде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға күні және уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегі және аты-жөні көрсетілген талон беру шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланыс арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле


отырып қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсындағы «Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде орналастырылған.


      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
      14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Басым дақылдарды өндiрудi субсидиялау арқылы 
өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен  
сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының
және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын  
жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық
құндылықтардың құнын субсидиялау»     
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша               


_________________________ ауданының
(облыстық маңызы бар қаланың,     
Астана және Алматы қалаларының)     
ведомствоаралық комиссиясына

Басым дақылдарды өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға,жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына субсидиялар алуға



өтінім

_____________________________________________________________________
                       (құрылтай құжаты)


_____________________________________________ негізінде әрекет ететін
_____________________________________________________________________
                  (көрсетілетін қызметті алушы)


бірінші басшының атынан _____________________________________________
                                     (Т.А.Ә., лауазымы)
_____________________________________________________________________
осы арқылы мынадай алаңда ауыл шаруашылығы дақылдарының мынадай
түрлерін өсіру үшін жанар-жағармай материалдары мен көктемгі егіс
және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті басқа да
тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидия бөлуді
сұрайды:


_________ га ____________________ __________ га _________________
(алаңы)            (дақыл)          (алаңы)         (дақыл)
_________ га ____________________ __________ га _________________
(алаңы)            (дақыл)          (алаңы)         (дақыл)
_________ га ____________________ __________ га _________________
(алаңы)            (дақыл)          (алаңы)         (дақыл)


Р/с


Деректер көзі

Қажетті мәліметтер

Деректер

1

2

3

4

1.

Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама – заңды тұлға үшін

тіркеу нөмірі




тіркеу күні




атауы




орналасқан жері




мемлекеттік тіркеу күні




кім берді




2.

Жеке басын куәландыратын құжат – жеке тұлға үшін

жеке басын куәландыратын құжат нөмірі




ЖСН




кім берді




берілген күні




Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік – жеке тұлға үшін

орналасқан жері




тіркеу күні




кім берді




3.

Жер учаскесіне арналған сәйкестендіру және (немесе) құқық белгілейтін құжат

акт нөмірі




кадастрлық нөмірі




барлық алаңы, га




оның ішінде шабындық




нысаналы мақсаты




сәйкестендіру құжатының нөмірі және берілген күні, кім берді




жер пайдаланушының атауы




4.

Аттестатталған тұқым өндiрушiлер немесе өткiзушiлер берген тұқымға аттестат не куәлiк (тұқым сатып алынған жағдайда), ал егіс үшiн өз өндiрісінің тұқымдарын пайдаланған жағдайда – тұқымның сапасына сараптама жасау жөнiндегi аттестатталған зертханалар берген тұқымның кондициялылығы туралы куәлiк және сұрыптық егістерді байқаудан өткізу актісі

нөмірі




берілген күні




тұқым өндіруші




сұрып




репродукция




5.

Қант зауытымен жасалған қант қызылшасын сатып алу-сату шарты (өндірілген қант қызылшасының 1 тоннасына субсидиялар алу үшін)

нөмірі




өндірушінің атауы




салыстыру актісі




қант қызылшасының көлемі




6.

Алыс-беріс қант қызылшасын қайта өңдеу қызметтерін көрсету туралы шарт (өндірілген қант қызылшасының 1 тоннасына субсидиялар алу үшін)

нөмірі




өндірушінің атауы




салыстыру актісі




қант қызылшасының көлемі




7.

Техникалық паспорт немесе жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органның жылыжайдың бар болуы мен оның жұмыс алаңы туралы анықтамасы (қорғалған топырақта көкөніс өндірумен айналысатын АШТӨ үшін)

мекенжайы




кадастрлық нөмірі




түгендеу нөмірі




нысаналы мақсаты




қор санаты




8.

Тұқым сатып алуға арналған лизинг шарты

шарт нөмірі




лизинг беруші




9.

Ауылдық тұтыну кооперативiнiң немесе су пайдаланушылардың ауылдық кооперативiнiң анықтамасы (бар болса)

нөмірі және берілген күні




кооператив атауы




      Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және шынайы емес мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.

Басшы ________               ________________________________________
       (қолы)                 (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын
                               куәландыратын құжатта бар болса)


МО
20 __ жылғы «__» _____________


Көрсетілетін қызметті алушының заңды мекенжайы: _____________________
                                                (Т.А.Ә., қолы, мөрі)

Талон


      Өтінім 20__ жылғы «__» _____________ қарауға қабылданды.

_______________________________________________________ _____________
(өтінімді қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет