2004 жылы мемлекеттік тапсырыс алған мерзімді баспасөз құралдарының
ТІЗІМІ
№ п/п
|
Республикалық газеттер
|
| Егемен Қазақстан |
| Казахстанская правда |
|
Жас Алаш
|
| Қазақ әдебиеті |
| Ана тілі |
| Түркістан |
| Заң газеті |
|
Юридическая газета
|
|
ОКО
|
| Уйғыр авази |
|
Дойче альгемайне цайтунг
|
| Украінські новини |
|
Коре ильбо
|
| Спорт&ks |
| Ұлан |
| Дружные ребята |
| Жас қазақ үні |
| Қазақ елі |
|
Экспресс К
|
|
Новое поколение
|
|
Время молодых
|
|
Время
|
|
Мегаполис
|
|
Известия-Казахстан
|
|
Столичная жизнь
|
|
Комсомольская правда Казахстан
|
|
Аргументы и факты – Казахстан
|
|
Журналист
|
|
Костанайские новости
|
|
Аграрный Казахстан
|
|
Суббота +
|
|
Труд –Казахстан
|
|
Московский комсомолец в Казахстане
| Республикалық журналдар |
|
Абай
|
| Ақиқат |
|
Мысль
|
|
Парасат
|
| Жұлдыз |
|
Простор
|
| Таң шолпан |
|
Аманат
|
| Ақ желкен |
| Балдырған |
|
Ара-kz
|
| Қазақстан әйелдері |
| Алтын бесік |
|
Информационные телекоммуникационные сети
|
|
Нива
|
|
Эксклюзив
|
|
Деловой мир
|
|
Достык-Дружба
|
|
Отбасы және деңсаулық
|
|
Зерде
|
|
Бала би
|
|
Жалын
|
|
Байтерек
|
|
ӨМІР kz
|
|
ТАКОЙ
|
|
Бюллетень нормативных правовых актов
| Ақпарат агенттігі |
|
НК «Казинформ»
|
БАРЛЫҒЫ: 60 БАҚ (33 газет, 26 журнал және 1 ақпарат агенттігі).
Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілде жарық көретін мерзімді басылымдардың өсу деңгейі
Жылдар
| Газеттер саны | Журналдар саны |
2000
|
451
|
189
|
2001
|
614
|
233
|
2002
|
750
|
297
|
2003
|
1263
|
528
|
2004 сәуір
|
1279
|
549
|
Республикалық басылымдардың таралымы туралы
-
Басылым аты
|
Таралымы (дана)
|
«Егемен Қазақстан» газеті
|
100480
|
«Ана тілі» газеті
|
21342
|
«Жас Алаш» газеті
|
67554
|
«Қазақ әдебиеті» газеті
|
14436
|
«Түркістан» газеті
|
10046
|
«Заң» газеті
|
18566
|
«Заман Қазақстан» газеті
|
10000
|
«Жас қазақ үні»газеті
|
15060
|
«Қазақ елі» газеті
|
7000
|
«Ақиқат» журналы
|
4188
|
«Жұлдыз» журналы
|
6098
|
«Жалын» журналы
|
12000
|
«Парасат» журналы
|
10077
|
«Зерде» журналы
|
3000
|
«Ара кз» журналы
|
10000
|
* * *
2006 жылдың 10 маусымына дейінгі мәліметке сүйенсек, Қазақстанда 2392 шетел ақпарат құралдары бар екен. Оның 2309-ы газет пен журнал, 83-і телерадио. Осы құралдардың 90 пайызы орыс тілінде, 5 пайызы ағылшын тілінде, қалған 5 пайызы басқа тілдерде. Бір ғажабы бұл ақпараттардың көпшілігі Қазақстан Республикасының бюджеті есебінен қаржыландырылады. Әйтсе де олар қазақ мәдениетін, әдебиетін, өнерін сөз етуден бойын аулақ ұстайды. Мемлекеттік тіл мүддесі төңірегіндегі мәселелерге аттап басқысы келмейді.
... Қазақстанда тіркелген 2571 отандық ақпарат құралының 472-сі ғана қазақ тілінде әрі олардың таралымы да мардымсыз.
* * *
Кеңес Одағы жас жазушыларының бүкілодақтық кеңесінде мен Семен Курилов деген юкагир жазушысымен танысып, кейіннен өзімен пікірлес, сырлас дос болдым. Сол кезде юкагир тілінде сөйлейтін 605 адам ғана қалған екен. Мәскеудің «Юность» қонақ үйінде ол маған өз тілінің жоғалып бара жатқанын, Кеңес Одағы ұсынып отырған саясаттан сескеніп, қандастарының бұл туралы дауыстап тіл қатуға да қорқатынын, мұны ата-бабаларының рухы мен аруағы ешқашан да кешірмейтінін айтып, жас баладай еңіреп тұрып жылағанда сай-сүйегім сырқырады.
Мұхтар Шаханов,
Мәжіліс депутаты.
* * *
… Шыңғысханның жорығынан кейін 1215 жылы өртеніп кеткен Пекинді 1264 жылы қытайлықтар астана етті. Астана етіп қана қойған жоқ, елді биліктегі шетелдіктерден тазартты, бірте-бірте халықтың басын қосты.
… Жапон халқы өз тарихында төрт астана алмастырды. Токио қаласы – ХVII ғасырдан ел астанасы. Киотадан Токиоға көшу жапондықтар үшін қытайлықтардың ықпалынан шығып, мәдениет саласында толықтай автономияға ие болу, сыртқы рухани үстемдіктен арылу, оқшаулану болды. Нәтижесінде қытай, вьетнам, корей өркениеттерінен өзгеше, ерекше, жапондық дәстүрдегі мәдениет қалыптасты.
… Заманында Ресей астанасының Санкт-Петербургке көшірілуінің астарында да орыс идеясы жатқандығы белгілі.
… Түркі әлемінде ұлттық идеяның негізінде астана таңдаған түріктер болды. Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіліске ұшыраған Түркия елі бөліске түсе бастағанда, елді қорғау мақсатында ұлт-азаттық қозғалыс басталды. Елдегі ұсақ ұлттар – грек, күрд, армяндар, түрік байлары да оккупанттарды қолдады. Осы күрес барысында патриоттық күштер Анкарада Кемал Мұстафа төңірегіне топтасты, ал Ыстамбұл Осман империясының символы болып қала берді. Ұлт-азаттық қозғалыстың тірегі Анкараға ауысып, түрік тілі, мәдениеті негізінде жаңа ұлт, ұлттық кәсіпкерлік, экономика дамуына жол ашылды. Тәуелсіздікке дейін өнеркәсіп капиталының 50 пайызы гректер, 20 пайызы армян, 5 пайызы еврей, 10 пайызы шетелдіктердің үлесіне тисе, түріктердің қолында капиталдың 5-10 пайызы ғана болды.
… Совет өкіметі 1920 жылы қазақ кеңестік автономиясының орталығын Ресейдің құрамындағы Орынбор қаласында тағайындады. 1924 жылы астана Ақмешітке (Қызылордаға) көшті, ал 1929 жылы Алматы қаласына (кезінде Верный бекінісі болып, Верный қаласы атанған) көшірілді.
… Өз қалауымызбен, өз заңдарымызбен өмір сүретін ел болған тұста – Ақмола, кейін Астана деп атанған қаланы таңдадық… Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1994 жылғы 6 шілдедегі астананы Ақмолаға көшіру туралы баяндамасын Жоғары Кеңестің депутаттары үнсіз қабылдады.
… Астананы көшірудің астарында этностық идея мен ұлттық қауіпсіздік мәселелері де жатыр. Алматы шын мәнінде қазақтардың символдық қана астанасы болды. Қаланың 5 тұрғынының бірі ғана қазақ еді. Ал Киевтің тұрғындарының 72,4 пайызы украиндықтар, Минскінің 72,1 пайызы – белорустар, Бакудің 66,0 пайызын (армяндарды ығыстырғанға дейін) әзірбайжандар, Ереванның 96,5 пайызы – армяндар, Мәскеудің 89,7 пайызы орыстар. Басқа да одақтық республикаларда байырғы ұлттардың үлесі жоғары болды. Ал Қазақстанның қалаларында елдегі еврейлердің 96 пайызы, корейлердің – 87 пайызы, орыстардың – 78 пайызы, татарлардың – 77 пайызы, белорустардың – 67,1 пайызы, немістердің 49 пайызы тұрады. Қалаларда қазақтар 1970 ж. – 17,20; 1979 ж. – 20,93; 1989 ж. – 27,10; 1999 ж. 43,16 пайызды құрады.
… Егер бүгінгі астаналықтардың ортақ бейнесін көз алдымызға елестетсек, ол жоғары білімді 30 жастағы азамат, мемлекеттік емес секторда жұмыс істейді, болмаса қатардағы мемлекеттік қызметші, оның орташа табысы 100-200 доллар, негізінен орыс тілді, қазақша да біледі. Бұл – бүгінгі социологиялық зерттеулердің түйіні.
… Соңғы есептер бойынша 2030 жылы Астанада 1 млн. 200 мың адам өмір сүрмекші. Бүгін астаналықтардың саны жарты миллионнан асты.
… 1970 жылы Целиноград тұрғындарының тек – 12,72; 1979 жылы – 14,15; 1989 жылы – 17,71; 1999 жылы 41,83 пайызы қазақтар болды. Астаналықтардың 47,4 пайызы қазақ тілін меңгерген, 14,15 пайызы шамалы білем деген, ал қазақтардың 95,8 пайызы қазақ тілін әр түрлі деңгейде біледі. Орыстардың 9,4 пайызы шамалы болса да түсінеміз, білеміз деген.
… Астанада 44 ұлттың өкілі тіркеліпті, әзірбайжан, балқар, башқұрт, татарлардың басым көпшілігі қазақ тілін біледі. Астана қаласы тұрғындарының орта жасы – 75,45, соның ішінде еркек тұрғындарының орта жасы - 65,72, әйелдердікі – 75,32. Қазақстан бойынша бұл көрсеткіштер: 65,83; 60,45 және 71,46.
… Көп мәселе Астана мектептерінің оқу үрдісіне байланысты. Бүгін 13 мектеп қазақ, 13 мектеп орыс, 1 мектеп украин тілінде білім береді. Барлық оқушылардың 21684-і немесе 37,1 пайызы қазақ тілінде білім алады. 17206 қазақ баласы орыс мектептерінде оқиды.
А.Айталы,
Мәжіліс депутаты.
Дэвид Кристал
Тіл ажалы
Автор туралы қысқаша түсінік. Д.Кристал 1987 жылы «Тілдердің Кембридж энциклопедиясын», 1995 жылы «Ағылшын тілінің Кембридж энциклопедиясын» шығарған. 1997 жылы «Ағылшын тілі – әлемдік тіл» деген еңбегі жарық көрді.
Д.Кристал – жазушы, журналист, лектор, профессор, Британияның Уэлс аймағының азаматы, оның төл тілі де жойылып бара жатқан тілдер санатына жатады.
Бұл – талмыш кітаптың «Ана тілі» газетінде (18.11.04) жарияланған нұсқасынан үзінді.
... Әлемде 6000-нан астам тіл болса, солардың 600-не ғана жойылу қаупі төнбейді екен (2700 – негізгі тіл, 4000-ға жуығы – сол тілдердің диалектісі). Кейбір болжамдар бойынша XXI ғасырдың аяғына таман үркердей топ – негізгі тілдер ғана қалып, қалғандары жойылып кетпек.
... Бірде-бір адам сөйлемейтін тіл өлген тіл болып саналады. 1990 жылдардың ортасында Камерун деген елдің Адамавия өлкесінде мынадай оқиға болды. Оны Англияның қатер төнген тілдер қорының мүшесі Брюс Кондель әңгімелеп берді. Оның айтуынша, 1995 жылы қарашаның 5-і күні Момбила ауданында касаба тілінде сөйлейтін ең соңғы Богон есімді азамат дүниеден өткен. Қарашаның 4-і күні касаба тілі тірі болса, қарашаның 5-і күні ол тіл өлді.
Қатер төнген тілдер қорының Англияның Единбург қаласында өткен II конференциясында (1998 жыл) Оле Стив Андерсен деген лингвист 1992 жылы қарашаның 8-інде Батыс Кавказдағы обух тілінде сөйлеген ең соңғы адам Тефлик Есенщ дүние салғанда, обух тілі де бірге өлгенін айтады. Тілші обух тілін жазып алуға 2-ақ сағат үлгермей қалыпты. Себебі, ол сол ауылға жеткенде Тефлик екі сағат бұрын дүниеден өтіп кеткен екен. Сонымен сіз өз тіліңіздің ең соңғы өкілі, яғни сөйлеушісі болсаңыз, онда тіліңіз өлді деп есептей беріңіз.
… 1980 жылғы есеп бойынша, тірі тілдердің саны 6000-мен 7000-ның аралығында. 1992 жылы шыққан халықаралық лингвистикалық энциклопедияның мәліметіне сенсек, 6300 тірі тіл бар деп жазылған. «Әлем тілдерінің жартысы өледі» деген тұжырым дұрыс болса, ол – 3000 тілдің ажалы деген сөз.
Тілді ажал аузында деп қай кезде айтуға болады? Сол тілде сөйлейтін жас ұрпақ одан безінген кезде. «Ал оны өлімнен сақтау үшін неше адам ол тілде сөйлеуі керек?» деген сауалға, тіпті 500 адам сөйлесе де, ол тілді ажал аузынан аман алып қалуға болады деп жауап берген болар едім.
«Қай тілде қанша адам сөйлейді?» деген кестеге назар салып көрелік.
Әлемде 100 миллионнан астам сөйлеушісі бар 8 ірі тіл бар. Олар – қытай, испан, ағылшын, бенгал, хинди, португал, орыс, жапон тілдері. Осы 8 тілде 2 миллиард 400 миллион адам сөйлейді. Алайда осы 8 тілдің қатарына 12 тілді қосып, 20 тілді «ірі тіл» деп атаса, сол 20 тілде бүгінде 3 миллиард 200 миллион адам сөйлейді екен. Яғни, жер бетіндегі халықтың жартысынан көбі.
Бүгінде жер бетіндегі «тірі тілдердің» 4 пайызында әлем халықтарының 96 пайызы сөйлейді екен. Сөйлеушілері 10000-нан аспайтын тілдердің саны 6000 болса, оның жартысының 1000-нан аспайтын ғана сөйлеушісі бар. Мәселен, 500 тілдің әрқайсысының небәрі 100 адамнан, 1500 тілдің сөйлеушісі 1000 адамнан аз. Сөйлеушісі 10000-ға жетпейтін тілдер – 3340 екен.
20000 сөйлеушісі ғана қалған тілдерді қатер төнген тілдер деп атасақ, дәл қазір әлемнің 4000 тіліне тікелей қара бұлт үйіріліп тұр. Соның ішіндегі 51 тілде тек бір-бір адам ғана сөйлейді.
Оның 28-і – Австралияда, 8-і – Америкада, 3-еуі – Оңтүстік Америкада, 3-еуі – Африкада, 6-уы – Азияда, 3-еуі Тынық мұхит аралдарында екен.
Лингвист Майкл Краустың пікірінше, адамзат тілінің 90%-ы өледі. Әлемде 600 тіл қалады. Ал осы ғасырда тілдердің 50%-ы ғана қалмақ. 3000 тіл өмір сүруін жалғастырады. Оның айтуынша, 100 жылда 1200 ай болса, әр айда 2 тіл өледі екен. Краус: «Солтүстік Америкада 187 жергілікті тіл бар. Сол 187 тілдің бәріне қазір ағылшын тілі қауіп төндіруде. Яғни олар жойылғалы тұр» дейді.
Жойылу қаупі төнген тілдерді Краус 5 санатқа бөледі. Біріншісі, қауіп төне бастаған тілдер. Олар әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан қажетсіз деп табылған, үлкен тілдердің қыспағына түскен тілдер. Басты белгісі – алдымен бұл тілдерде сөйлейтін жастар азая бастайды.
Екіншісі, қауіп-қатер төнген тілдер. Бұл халықтың жас ұрпағы өз тілінде сөйлегісі келмесе, онда оған қатер төнді деп есептей беріңіз.
Үшіншісі, қатер тым төнген тілдер. Бұл тілде жақсы сөйлейтіндер – жасы елуден асқандар.
Төртіншісі, өле бастаған тілдер. Бұл тілде тек қартайған адамдар сөйлейді.
Бесіншісі, жойылған тілдер. Бұл сол тілде сөйлейтін бірде-бір адам қалмаған тіл.
…Әлемдегі 5 мың тірі тілдің ай сайын 2-еуі өледі.
* * *
Считается, что в английском языке примерно 240 тысяч корневых слов. Словарь Даля, над которым он трудился 53 года, вместил 200 тысяч слов, великое множество поговорок, толкований. В 34-х российских выпусках «Словаря говоров» более 300 тысяч слов… Картотека казахских слов (ее начало с 1937 года) в 1972 году состояла из 2-ух миллионов 550 тысяч слов…
В.Владимиров
(«Мысль», №2, 2003 г.).
* * *
Ағылшын тілінде шамамен 240 мың сөз бар деп есептеледі.
Шекспирдің сөздік қорында 15 мың сөз бар.
Байронда – 15 мың.
Маяковскийде де – сол шама.
Пушкин 21197 сөз қолданыпты.
Науаи – 26 мың.
Ленин – 31 мың.
Мұхтар Әуезов «Абай жолында» 16983 сөз қолданған.
Г.Бельгер,
жазушы.
* * *
1923 жылдың 22 қарашасында Орынборда тіл туралы алғашқы декрет жарияланып, қазақ, орыс тілдеріне бірдей мәртебе берілді. Онда «Қызметкерлер даярлайтын арнайы оқу орындары мен кәсіпкерлік курстарда қазақша іс жүргізуді үйрететін пән міндетті түрде енгізілсін» деген арнайы бап болды.
С.Оразалинов,
(«Тіл және қоғам», №1, 2004 ж.)
* * *
… Мен қазақтардың 40 пайызын қазақша білмейді дегенге… сеніп жүр екенмін… Қазақтардың 80 пайызы ауылдық жерде тұрса, қазақ балалары оқитын орыс мектептері қазағы қалың елді мекендерде болса, қазақшадан мақұрым орыс мектебін бітіргендер осы Алматының игі жақсыларының ғана балалары болып отыр екен-ау… Қазақтардың 40 пайызы қазақ тілін білмейді деген пікір қазақтарды жаппай орыстандыруға тырысушылықтан туындаған жалақорлық…
Қалмұқан Исабай,
жазушы.
* * *
… 49 ұлыстан тұратын түркі халықтарының 27-сінің тілі өлі тілге айналды. Қалған 22-сінен 13-інің тілі қалт-құлт етіп, сәл болса, тарих сахнасынан сырғығалы тұр.
… Сун Ят Сеннің айтуынша, жүз тайпаға бөлінетін әрі бірінің тілін бірі мүлде түсінбейтін қазіргі 1 млрд-тан астам қытай халқын рухани жағынан тас түйіндей біріктіріп, ұршықша үйіріп отырған күш – олардың ғасырлар бойы үзіліссіз келе жатқан жазу таңбасында жатыр екен. Осылар сияқты ондаған тайпаларға бөлініп, 49 ұлысқа айналған түркі халықтары бір жақсысы бір-бірімен сөйлессе, бірін-бірі ұғынып, түсіне береді. Оларды да рухани жағынан біріктіріп, тұтастыққа алып келген шешуші кілт – яғни ортақ емледегі жазу таңбасы болған.
Мекемтас Мырзахметұлы,
филология ғылымдарының докторы.
* * *
… Әлемде 224 тәуелсіз ел, 1300 тіл бар, ал қазақ тілі қолданылу деңгейі бойынша 80-орында.
Н.Акуев,
ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік
академиясының профессоры.
* * *
1990-1991 жылдары елімізде 196 бұқаралық ақпарат құралы болса, бүгін (2004 жылғы қаңтардағы мәлімет – Д.Д.) республика көлемінде барлығы 2320 БАҚ, оның ішінде 1284 газет, 553 журнал, 171 электронды БАҚ, 12 ақпарат агенттігі, кәбілді телевидениенің 25 операторы жұмыс істеуде.
… Тақырыптық тұрғыдан саралағанда, олардың 1007-сі ақпараттық, 308-і қоғамдық-саяси, 191-і жарнамалық, 174-і ғылыми, 29-ы әйелдер, 41-і жастар, 41-і балалар, 37-сі діни бағытта.
…Қазақ тілінде шығатын БАҚ-тың үлесі – 18%-ды құрайды. Өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда қазақ тілінде хабар тарататын БАҚ-тың үлесі 6%, орыс тілінде 12%, қазақ және орыс тілдерінде – 11%, қазақ, орыс және басқа тілдерде хабар тарататын БАҚ үлесі 22%-ға артып отыр.
…Бұлардан басқа мемлекеттік тілде 4 электронды БАҚ эфирге шығады, ол қазіргі таңда жұмыс істеп жатқан қазақ тілді БАҚ-тың 1%-ын ғана құрайды.
… Қазақ тілді БАҚ-тың анағұрлым көп бөлігі Алматы қаласында (35%), Оңтүстік Қазақстан (22%), Қызылорда облыстарында (13%) орналасқан.
… Бүгінгі күні мерзімді баспасөздің 17 пайызы қазақ тілінде, 33 пайызы орыс, 36 пайызы қазақ және орыс тілдерінде, 14 пайызы өзге тілдерде шығарылады.
… Қазір жалпы білім беретін мектептерде қазақ тілінде оқитындар – 46,4 пайыз.
… 2000-2001 оқу жылында қазақ бөлімінде 441 мың студент оқыса, 2003-2004 оқу жылында бұл көрсеткіш 658 мыңға жеткен, яғни 49,3 пайызға өскен.
… Қазақстанның білім саласындағы бұл қара шаңырағында (Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ – Д.Д.) … шет тілдерін оқытатын 4 кафедра бар екен. Ал қазақ тілінде бір ғана кафедра қалыпты. … 1990 жылдан бастап орыс аудиториясында қазақ тілі төрт семестр оқытылса, 2002 жылдан бастап үш, одан екіге кеміп, енді бір-ақ семестр оқытылатын жағдайға жетіпті... Магистратурада қазақ тілі толығымен алынып тасталыпты.
Премьер-министрдің баспасөз қызметі
(«Жас Алаш», 06.10.05).
* * *
... Үндістанның тұңғыш премьер-министрі Дж. Неру… ағылшын мектебін (У.Черчилль оқыған Харроудағы әйгілі мектеп), Кембридж университетін тәмамдап, таза ағылшынша білім алса да, өмір бойы ана тілі мен ата салтын ардақтап: «выражать мысли только на родном языке, носить только национальную одежду» деген принципті ұстанып өтті.
… Үндістан тәуелсіздік алғаннан кейін елде тіл мәселесі бойынша құрылған арнайы комиссия 1948 жылы мынадай қорытынды шығарыпты: «использование английского делит людей на две нации, тех немногих, кто правит, и многих, которыми правят, кто не может говорит на чужом языке, и эти две нации не понимают друг-друга».
… Статистикалық деректер бойынша бүгінде 1 миллиардтан асатын сол үнділердің небәрі 25 миллионы ғана ағылшын тілін біледі.
Малайзиядағы жағдай да бір кездері осылайша өрбіген. 1975 жылы ағылшын отарлығы жойылғанда бұл елдің ұлттық элитасы да негізінен ағылшын тілінде сөйлеген. Елде малай тілінде бірде-бір университет болмаған, тіпті малай тілінің түсіндірме сөздігі жоқ еді. Дұрыс жолға қойылған тіл саясатының негізінде көп ұлтты құрамына қарамастан (малайлықтар – 65, қытайлар – 25, үндістер – 5 пайыз), бүгінде бұл елде малай тілін білмейтін малай, қытай, үнді ұлттарының ішінде бірде-бірі жоқ десе де болғандай.
Латын тілі Рим империясының дәуірлеп тұрған кезінде әлемдегі ең қуатты тіл болғандығы ешкім күмән келтірмейтін ақиқат. Әйгілі император Цезарь, сөз атасы Цицерон, Вергилий, Гораций, Овидийлер осы тілде сөйлеп, осы тілде өлмес туындылар қалдырған. Ол заманда латын тілінің болашағына … жаулары да күмән келтірмейтін еді. V ғасырда Рим империясы ыдырағаннан кейін латыннан да қауқар кете бастады, бірақ біржолата құрыған жоқ. Роман тілдер тобын құрайтын (рома – Рим деген сөз) итальян, испан, француз, португал тілдеріне өмір беріп, ... жоғарыда аталған төрт тіл оның бүгінгі күндегі жайқалған жапырағы сияқты.
Герман тілдерінің тарихы керісінше. Олар V-IX ғасырға дейін ертедегі англ, сакс, ют, скандинав тайпаларының диалектілері ретінде пайда болып, X-XV ғасырларда ағылшын, неміс, норвег, дат, швед, т.б. тілдерге айналды.
… XVIII ғасырға дейін әдебиетте француз тілінің басымдығы айқын еді, ал ғылымда неміс тілі үстемдік жүргізді. Алысқа бармай-ақ, Ресей тарихына үңіліп көрейікші. Пушкиннен бастап, …II Николайға дейінгі орыс аристократиясының тілі француз тілі болып келді …Ломоносов заманында орыс тілі шәркей сүйреткен шаруаның тілінен аса алмаған еді. Бұдан шығатын қорытынды: XIX ғасырға дейін әлемдегі үстем тіл әуелі латын, кейін француз тілі болып келді.
XX ғасырда … Англия бұрынғы отарларынан айырылып, ағылшын тілінің өрісі тарыла бастағанмен, Америка сияқты жас арыстанның айбыны асып, ағылшын тілінің мерейі қайта биіктей түсті. Франция Африка мен Араб елдеріндегі отарларынан айырылған сайын француз тілінің де қарымы қайта бастады. Неміс тілі бүгінде, негізінен, Германия мен Австрия, ішінара Бельгия, Люксембург, Лихтенштейн, Швейцария сияқты халқы шағын мемлекеттерде ғана қолданылатын тілге айналды. Тек қарқындап өсіп келе жатқан Латын Америкасының арқасында ғана испан және португал тілдерінің дәурені жүріп тұр. Міне, тілдер дамуындағы қым-қуыт процестердің нәтижесінде XX ғасырдың екінші жартысында ғана ағылшын тілі әлемдегі ең үстем тілге айнала бастады.
Дөңгеленген дүние бір орнында тұрмайды... Миллиардтан астам Үндістанда ағылшын тілін күн өткен сайын хинди ығыстырып шығаруда. Бір кездері біржолата ағылшындану жолына түскен Гонконг пен Сингапурде қытай тілі ағылшынды қолданыстан шығара бастады. Ол аз десеңіз, қытай тілі біртіндеп Филиппин, Индонезия, Тайланд сияқты Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі екінші тілге айналып келеді.
Жалпы, біз қытай тілі деп ортақ атаумен атағанымызбен, бұл тіл өз ішінде мандарин, контон, ву, мин сияқты диалектілерге, шынтуайтқа келгенде, дербес тілдерге бөлінеді. Мамандардың айтуында мандарин тілін (материктегі қытайлар тілі) кантондықтар (Гонконг қытайларының тілі) түсіне бермейді. Сол сияқты ағылшын тілі де бастапқыда британиялық ағылшын, американдық ағылшын деп бөлінгенімен, бүгінде жергілікті тілдермен мидай араласып, нәтижесінде пиджин-инглиш атты қойыртпақ тіл пайда бола бастады. Бұл тілді Шекспирдің отанынан келген кез келген ағылшын түсіне бермесі кәдік.
… Қазақ тілі жарты әлемге билік жүргізген ежелгі ғұндар, бұлғарлар, оғыздар, хазарлар мен қыпшақтар тілінің мұрагері. Демек оның тарихы бүгінде біз бас ұрып жүрген роман, герман тілдерінен тым-тым әріде жатыр.
… Ағылшын, француз, неміс, испан тілдері әлі қалыптаса қоймаған кезде біздің бабаларымыз көне түркі тілінде Күлтегін, Тоныкөктей тамаша жазба ескерткіштерін алфавиттік жазумен тасқа қашап қалдырған.
… Бүгінгі қазақ тілімен түрік, өзбек, әзірбайжан, түркімен, қырғыз, татар, башқұрт, ұйғыр тілдерінің арасындағы айырым қытай тілдерінің арасындағы алшақтықтан әлдеқайда жақын. Қытай тілдерін ұстап тұрған иероглифтің ортақтығы. Бізді ажыратып тұрған алфавиттің әрнұсқалығы.
… Қазір түркі тілдер тобына кіретін халықтар саны 200 миллионға жуықтап қалды. Бұл жер бетіндегі француз, неміс тілінде сөйлейтіндерден әлдеқайда көп, славян, араб тілдерінде сөйлейтіндерге жетеқабыл. Қазақ тілінде еркін сөйлейтін адам өзге түркі тілдік ортаға ары кетсе бір ай ішінде үйренісіп кете алады.
… Түркіні былай қойғанда, 15 миллион қазақтың ана тілі болып табылатын қазақ тілінің өзі де ешкімнен осал емес. Кешегі Кеңес одағы құрамындағы халқының саны 6 миллионнан аспайтын латыш, литван, эстон, молдаван, армян, грузин, тәжік тілдерін былай қойғанда, Еуропа төрінде отырған норвег, швед, дат, венгр, чех, словак, фин тілінде сөйлеушілердің саны 5-11 миллионның ар жақ-бер жағында. Тіпті алақандай аралда отырған исландиялықтар да халқының саны 300 мыңға жетер-жетпес болса да исланд тілінен айырылғысы жоқ.
Жерімізге бес Франция немесе он Ұлыбритания, ол аз десеңіз, алпыс бес Швейцария еркін сыятын апайтөс алып мемлекетпіз. Қазақ халқының 100 пайызға жуығы жаппай сауатты, білім жағынан Еуропаның ең дамыған елдерімен білек сынасуға әзірміз. Батыс пен шығысты қатар емген, дамыған мәдениетіміз және бар. Экономикамыз да қарқындап өсіп келеді, күн өткен сайын еліміздің де айбыны аса түсуде. Ендеше Қазақстанның болашағы неде? «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде».
М.Құл-Мұхаммед,
ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
келісім министрі («Салалық терминология:
бүгіні мен болашағы», Астана – 2003 жыл).
* * *
… Қолда бар деректерге сүйенсек, қазақ тіліндегі тұңғыш сөздік 1786 жылы жарық көрген екен. Оны XVII ғасырдың шегінде Астрахань, Орынбор, Батыс Сібір, Оңтүстік Орал аймақтарын зерттеген экспедицияның жетекшісі, саяхатшы-ғалым, академик Иоган Петр Фальк ертеректе құрастырғанымен, сөздік ғалым қайтыс болғаннан кейін 12 жылдан соң ғана жарық көріпті. Әйткенмен тіл байлығымызды хатқа түсіріп, қайыра бойымызға сіңіру, ұрпаққа ұлағаттау, аманаттау ісі, яғни сөздіктің тарихы тым арыдан басталады. Оған Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат ат-Түрік», яки XVI ғасырдағы “Армян-қыпшақ сөздігі” айқын куә. Куә ғана емес, “Қыпшақ тілінің грамматикасы” және жоғрыда аталған “Армян-қыпшақ сөздігі” аталатын Лусик Саркавагтың еңбектері – көненің көзіндей, бабалар сөзіндей құнды жәдігер болып саналады. Тіл ғалымдарының пікірінше (Р.Сыздықова), Қазақ төңкерісіне дейін қазақ тіліне қатысты 40 шақты сөздік шыққан екен. Біле білгенге бұл – мол байлық көзі, тіл мәйегі, сарқылмас қор, ұлттық мұра…
Өтепберген Ақыпбекұлы,
ақын.
* * *
…Ресейде орыс тілін оқып-үйренуге арналған 20 телерадио, ал Виноградов атындағы орыс тілі институты қасында БАҚ-тарда орыс тілінің қолданылуын тұрақты қарап отыратын комиссия бар.
К.Жолдыбай
(«Тіл және қоғам», №1, 2004 ж.)
* * *
Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, ел халқының 59%-ы қазақтар. Кезінде орыс ұлты өкілдерінің 45 жасқа дейінгілерінің көбі Ресейге қоныс аударған. Орыстарда өсімнен гөрі өлім-жітім көп. Еліміздегі 25 жасқа дейінгі жастардың 60%-ы қазақтар. Демек орысшылдық ой-пиғылмен жазылған заңдар мен бағдарламаларды өзгертетін уақыт жетті.
«Ана тілі», 05.05.05.
* * *
Қазақтың ұлы мен қызы қазақ балабақшасына, бірінші сыныптан бастап, қазақ мектебіне баруы тиіс. Ұлт болып сақталып қалудың бірінші шарты бұл!
… Ел боламын дейтін ел өзінің ұлттық дәстүрін дамытуы керек. Біздің ұлы адамдарымыздың бәрі қазақша оқыған.
… Шет елдерде оқытатын балалар санын биылдан бастап 3 мыңға көтердік.
… Кімді жіберу керек? Бір ауыз қазақша білмейтін, ұлттық дәстүрден жұрдай адамды жіберуге болмайды! Болмайды! Мың жерден оның білімі жақсы болса да! Бұдан кейін ол бала қазақтың тілін, мәдениетін, басқасын үйренеді дегенді есіңізден шығарыңыз.
Р.Бердібаев,
ғалым.
* * *
Оқушыларды бақылау мақсатында берілген «Тәрбие тал бесіктен басталады» деп аталатын сауалнама ұйымдастырғанбыз. Ондағы сұрақтар төмендегіше болды:
Бірінші, үйде қай тілде сөйлесесіңдер? Екінші, достарыңмен қай тілде сөйлескен жеңіл, неліктен? Үшінші, бесік туралы не білесің? Төртінші, өзіңе ұнайтын ұлттық салт-дәстүрлер қандай? Бесінші, жеті атаңды білесің бе? Алтыншы, «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» деген мақалды қалай түсінесің? Жетінші, қазақтың қызы мен жігіті қандай болып өсуі керек? Сегізінші, соңғы оқыған әдеби кітабың, оның авторы кім?
Жауаптарға талдау жасаған кездегі нәтижесі: 153 оқушының 13-і үйде ата-анасымен қазақша, 14-і орысша, 66-сы аралас тілде сөйлесетіндігі белгілі болды. Ал достарымен 26 оқушы қазақ тілінде, 57 оқушы орыс тілінде, 70 оқушы аралас тілде сөйлейтіндерін айтты. Бұдан байқалатыны, оқушылардың басым бөлігі орыс тілінде сөйлесетіндігі. Яғни қазақ балаларының дені өзге тілге бейім тұрады екен.
Зағипа Қуандыққызы,
Астана қаласындағы №3 аралас көпсалалы
мектеп-гимназиясының мемлекеттік тілдегі оқу-тәрбие
ісі жөніндегі мектеп директорының орынбасары.
* * *
Тіл мәселесі тікелей қауіп тудыратын мәселе… 1924 жылы кеңес мемлекетінде 226 халық болған. 1989 жылы 92 ұлт жоқ болып кеткен. Сол халық сол елде өз тілін жоғалтып алды. Кеңес елдерінде орыстану деген енді. Қазақстанда қазақ мектептері, қазақ газет-журналдары жабылды… Сонда кеңес халқының тілі – орыс тілі болуы керек болды. Олар, ең алдымен, тілді құртудан бастады. Осы саясаттың нәтижесінде 92 ұлт дүние жүзінен жойылып кетті.
Асылы Осман,
ғалым.
Әп, бәрекелде!
Үйренетін ел көп...
... Түріктің кішкене балалары (Германияда тұратын – Д.Д.) неміс балаларымен ойнап жүргенде немесе кездескенде таза неміс тілінде сөйлейді, ал өздері сөйлескенде, тіпті неміс балаларының жанында жүріп сөйлесе де, тек таза түрік тілінде сөйлеседі...
Асқарбек Құсайынов,
Педагогикалық ғылымдар академиясының президенті.
* * *
Жер жүзіндегі қай мемлекетті алсаңыз да олардың азаматтары сол мемлекеттің тілінде сөйлеуі міндетті. Өйткені кез келген шетелдерде мемлекет тілінде сөйлемеген тұрғындарға азаматтық алу мүмкіндігі шектелген. Ал мемлекеттің азаматтығын алмаған адам талай зардап шегеді – сайлауға қатыса алмайды, әскер, полиция, қауіпсіздікті сақтау орындарында және басқа да мемлекеттік мекемелерде қызмет атқара алмайды. Қай салада болсын, жұмысқа ең соңғы кезекте қабылданады.
... Сондықтан, әдет бойынша, ешбір мемлекет өзінің тұрғындарына мемлекет тілін үйрен деп не жалынбайды, не зорламайды, не ынталандыру үшін қосымша ақша төлеп, ерекше жағдай жасамайды. Жоғарыдағыдай қойылатын талаптар өзі-ақ бәрін реттеп отырады.
... Қай елде өмір сүрсең, сол мемлекеттің тілін сыйлау жалпыға ортақ дәстүр. Өз тіліңді өгейсітпей жүріп-ақ, сол мемлекеттің тілінде қарым-қатынас жасау – бүкіл әлемде қалыптасқан ортақ жағдай.
Ал басқа тілдерді игеруге ұмтылуы - әркімнің өзіне деген қажеттілігінен туындайтын мәселе.
Амангелді Ермегияев,
«Отан» партиясы төрағасының міндетін уақытша атқарушы
(«Қазақ әдебиеті», 12.03.04).
* * *
Дүние жүзінде 6 миллиардтан астам халық болса, соның әрі барса 140 миллионы ғана орыс тілін қолданады екен. Яғни 2,2%-ы ғана…
Шөкен Қылышбекұлы
(«Ана тілі», 29.09.05).
* * *
Қазір республикамыздың мектептері 9 тілде – қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік, украин, татар, неміс және ағылшын тілдерінде білім береді. 15 тіл ана тілі ретінде оқытылады, 22 ұлттық-мәдени бірлестіктердің жексенбілік мектебі бар… Олардың саны саны қазір 170-ке жетті, оған баратын адамдар 23 ана тілін оқып, үйренуде.
… Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие қазақ тілін үйренуге деген ынта-ықылас та жақсы. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің абырой биігі, баршаның құрметтеуге тиіс қарым-қатынас құралы. Қолымызда бар соңғы деректерге жүгінсек, жалпы республикамызда тұратын 6 млн. 968 мың этностық өкілдердің 1,5 миллионы мемлекеттік тілді еркін меңгеріп, сөйлей алады. Қазір қазақстандықтардың 65 пайызы қазақ тіліне жетік, 18 этнос өкілдерінің 60-80 пайызы қазақ тілін жақсы біледі. 45 этностың өкілі қазақ тілін өз тіліне қарағанда жақсы біледі. Мұны, мысалы, этнос өкілдеріне қаратып айтар болсақ, болгарлардың 29 пайызы, корейлердің 28,8 пайызы және еврейлердің 17,6 пайызы қазақ тілінде сөйлей алады. Біз жоғарыда тіл саясатын қамтамасыз етуде ұлттық БАҚ-тың атқаратын қызметін және біздегі ерекшелігін бір ауыз сөзбен атап өткен едік. Тұтастай алғанда, Қазақстанда 5 республикалық және 15 өңірлік ұлт тіліндегі газеттер бар… Мемлекеттік тапсырыс бойынша жыл сайын аз ұлттардың тілінде 30 атаумен жалпы таралымы 80000 дана болатын кітаптар шығарылады. Республикамыздағы кәсіби 49 театрдың 15-і орыс театры. Сондай-ақ ұйғыр, неміс, өзбек, корей театр ұжымдары жұмыс істейді.
Сергей Терещенко,
Қазақстан халықтары Ассамблеясы төрағасының орынбасары
(«Егемен Қазақстан», 09.11.05).
_____________________
ӨЗГЕ ЕЛ ТӘЖІРИБЕЛЕРІ: КҮНГЕЙ МЕН КӨЛЕҢКЕ
Закон Латвийской республики о языках
Латвия – единственная этническая территория в мире, которую населяет латышский народ. Одной из главных предпосылок существования латышского народа, существования и развития его культуры является латышский язык. В последние десятилетия употребление латышского языка в государственной и общественной жизни существенно сузилось, поэтому необходимо определить особые меры по защите латышского языка. Такую защиту может гарантировать статус государьственного языка. Государство обеспечивает всестороннее и полноценное использование латышского языка во всех сферах государственной и общественной жизни, а также его изучение.
Латвийская республика поддерживает изучение и исследование латышского языка в иностранных государствах.
Одновременно государство заботится об уважительном отношении ко всем употребляемым в Латвийской республике языкам и диалектам.
Статус государственного языка, установленный для латышского языка, не затрагивает конституционного права жителей других национальностей пользоваться своим родным языком или другими языками.
ГЛАВА 1.
Обшие положения
Статья 1. Государственным языком в Латвийской республике является латышский язык.
Статья 2. Государство обеспечивает всем жителям Латвии право освоит латышский язык, финансирует изучение латышского языка в государственных учебных заведениях и организует производство необходимых учебных пособий.
Статья 3. Закон Латвийской республики о языках определяет использование латышского языка и других языков в области государственной, народнохозяйственной и общественной деятельности, право в выборе языка и защиту языков.
ГЛАВА 2.
Права жителей в выворе языка
Статья 4. Для реализации прав жителей в выборе языка все раработники органов государственной власти и государственного управления, а также учреждений, предприятий и организаций должны знать и употреблять государственный язык и другие языки в таком объеме, какой необходим для выполнения их профессиональных обязанностей. Объем знания языков, который необходим этим работникам, определяется положением, утвержденным Советом министров Латвийской республики.
Статья 5. На проводимых в Латвийской республике съездах, конференциях, заседаниях, совещаниях и собраниях выбор языка выступающего свободен.
На открытых мероприятиях их организаторы должны обеспечить перевод на государственный язык.
Это условие не распространяется на мероприятия национально-культурных обществ и религиозных конфессий.
Мемлекеттік тіл мәселесі бойынша әкімшілік заң бұзушылық
туралы Латвияның кодексіне толықтырулар енгізу жөнінде
Латвия республикасының заңы
... 27-бап – ашық жиналыстарда Мемлекеттік тілді аударумен қамтамасыз ету.
Ашық жиындарда (ұлттық-мәдени қоғамдар мен діни конфессиялардан басқа) шараны ұйымдастырушыларға мемлекеттік тілге аударуды қамтамасыз етпегені үшін 5 мың латқа дейін айыппұл салынады. Осылайша заңның қосымша бекітілген 14 бабында Мемлекеттік тілге байланысты заң бұзушылық кесімді айыппұлмен заң жүзінде жазаланады.
Екінші бір маңызды құжат:
Мемлекеттік тілді білу жөнінде аттестациялық комиссияның
ЕРЕЖЕСІ
1-саты.
Тілді біршама түсініп, сөйлей білу жұмыс барысында жұртпен жиі араласатын (мысалы, халыққа қызмет көрсететін адамдарға, көпшілікке арналған көлік жүргізушілерге, күзетшілерге, киім қабылдаушыларға) қызметкерлерге арналады.
Осы саты бойынша аттестациядан өтетіндер:
1) айтқанды түсініп, жауап бере білуі керек;
2) Қарапайым мәтіндерді (хабарландыру және басқа осы сияқты мәтіндерді) түсінуі керек.
2-саты.
Сөйлей білу және өз мамандығының шеңберінде жаза білу жұртпен ұдайы араласып жұмыс істейтін немесе мемлекеттік іс қағаздарын жүргізетін қызметкерлерден талап етіледі (мысалы, бөлімнің, учаскенің, цехтың, зертхананың басшылары, қоғамдық тамақтану орындары мен тұрмыстық қызмет көрсету, адамдарға тікелей қызмет ететін пошта-байланыс қызметкерлері, медбикелер, тіркеу орнының қызметкерлері, іс жүргізушілер, кассирлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, бақылау орнының қызметкерлері, құтқару қызметінің инспекторлері).
Бұл саты бойынша сынақтан өтетіндер мынаны білуі керек:
1) өзінің мамандығы бойынша тақырыпқа сөйлесе білуі;
2) мамандығы бойынша берілген мәтінді түсіне білуі;
3) мамандығына байланысты міндеттеріне арналған құжаттарды толтырып, жаза білуі керек.
3-саты.
Сөйлей және жаза білу мекеме басшыларына немесе тұрғындармен жан-жақты араласатын мамандық иелеріне, сонымен бірге халықтың денсаулығы мен тұрмыс жағдайына тікелей жауап беретін адамдарға міндет (мысалы, халық депутаттарына, мекеме басшыларына, олардың орынбасарлары мен хатшыларына, мемлекет басшылығы мен мемлекет басқармаларының басшыларына, мәдениет және ғылым мекемелерінің қызметкерлеріне, дәрігерлерге, заңгерлерге, судьяларға).
Мемлекеттік тілді білмейтін жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ қоғамдық және басқа ұйымдардың жетекшілері мемлекеттік тілді білу жөніндегі талапты орындау үшін аудармашыларды пайдалана алады.
Бұл саты бойынша сынақ тапсыратындар:
1) еркін сөйлей білуі;
2) өзі таңдаған мәтінді түсіне білуі;
3) қызмет бабына байланысты міндетке қатысты мәтінді жаза білуі керек;
4) мемлекеттік тілді білу сынағы мемлекеттік органдардан бастап, барлық мекеме, ұйымдарда осы тәртіппен өтеді. Оны үкіметтің жарлығымен құрылған мемлекеттік тілді білуді аттестациялау жөніндегі арнайы комиссия өткізеді. Бұл комиссиялар мынадай тәртіппен құрылған:
«Бас аттестациялық комиссия – Бас аттестациялық орган,
Министрліктердің аттестациялық комиссиясы,
Өзін өзі басқарудың аттестациялық комиссиясы, мекемелердің аттестациялық комиссиясы».
«Ана тілі», 16.03.06.
Үлгі
Біз білетін Латвия
... Көше атауларының бәрі өз тілдерінде. Қоғамдық көліктерде де бәрін тек латыш тілінде хабарлайды. Біздегідей «нан-хлеб», «сүт-молоко», «мейрамхана-ресторан» сияқты қосарланған қойыртпақ жарнамаларды емге таппайсың. Бұл – олардың әлі тәуелсіздік алмаған, Кеңес өкіметінің темір құшағында жүрген кезіндегі жағдай...
Өткен жылды «Біз бай да емеспіз, кедей де емеспіз» деген ұстаныммен өткерген Латвия қоғамының 57 пайызын латыштар құрайды. Ал орыстар, белорустар, украиндар, немістер, поляктар, еврейлер, татарлар, сығандар және өзге Балтық бойы ұлттары ұлттық азшылық өкілдері болып саналады. Елдегі негізгі дін – христиандықтың протестанттық лютерандық жолын халықтың 65 пайызы тұтынады. Қалғанын ортодокст және котолик христиандар құрайды.
«Қазақ әдебиеті», 22.09.06.
Литва республикасының мемекеттік тіл туралы заңы
(Ықшамдалған нұсқасы, 19.02.1995 жылы күшіне енді)
1-бап. Бұл заң Литваның күнделікті өмірінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын анықтайды. Заң Литва халқының ресми емес қарым-қатынас тілін, сондай-ақ діни қауымдастықтар шараларының және ұлттық бірлестіктерге жататын азаматтардың тілін реттемейді.
2-бап. Литва ремпубликасының мемлекеттік тілі – литва тілі.
3-бап. Заңдар мен басқа да құқықтық актілер мемлекеттік тілде қабылданып, жарияланады.
4-бап. Литва республикасының барлық органдары, мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдары іс жүргізуді, есепке алу мен есеп беру, қаржылық және техникалық құжаттарды мемлекеттік тілде жүргізеді.
5-бап. Мемлекеттік органдар мен өзін-өзі басқару органдары, мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдар өз арасындағы хат-хабар алмасуды мемлекеттік тілде жүргізеді.
6-бап. Мемлекеттік органдар мен өзін-өзі басқару органдары, полиция, құқық қорғау қызметі, байланыс, көлік, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау мен халыққа қызмет көрсететін басқа да мекемелердің басшылары, қызметкерлері мен лауазымды тұлғалары Республика Үкіметі белгілеген тілді меңгерудің дәрежелеріне сай мемлекеттік тілді білуі тиіс.
7-бап. Басшылар халыққа мемлекеттік тілде қызмет көрсетілуін қамтамасыз етуі тиіс.
8-бап. Литва республикасында сот істері мемлекеттік тілде жүргізіледі.
9-бап. Литва республикасының барлық заңдық және жеке тұлғаларының мәмлелері мемлекеттік тілде толтырылады. Басқа мемлекеттердің заңдық және жеке тұлғаларымен мәмілелер мемлекеттік тілде және екі жақтың келісімі бойынша басқа тілде де толтырылады.
10-бап. Ресми іс-шаралар мемлекеттік тілде өткізіледі. Сөз алушы басқа тілде сөйлеген жағдайда оның сөзі мемлекеттік тілге аударылады.
11-бап. Мемлекет халыққа мемлекеттік тілде орта, кәсіби және жоғары білім беруге кепілдік береді.
13-бап. Көпшілікке көрсетілетін аудиовизуальды бағдарламалар мен кинофильмдер мемлекеттік тілге аударылуы немесе оларға литва тіліндегі жүгіртпе жолдар жасалуы тиіс.
14-бап. Мекенжайлардың ресми қабылданған атаулары мемлекеттік тілде жазылады.
16-бап. Литва республикасында жұмыс істеп жатқан барлық кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың аттары литва тілінің ережелеріне сай болуы және литва тілінің Мемлекеттік комиссиясы мақұлдаған ережелерге сәйкес құрылуы тиіс.
17-бап. Литва республикасындағы көпшілік жиналған жерлерде ұсынылатын барлық жазулар мемлекеттік тілде жазылуы тиіс.
18-бап. Ұлттық қауымдастық ұйымдарының аттары және олардың басқа да ақпараттық жазулары мемлекеттік тілмен қатар басқа тілде де болуы мүмкін. Дейтұрғанмен, басқа тілдегі жазулардың көлемі мемлекеттік тілдегі жазулардың көлемінен аспауы керек.
20-бап. Литва тілінің мемлекеттік комиссиясы мемлекеттік тілді қамқорлаудың бағыттары мен міндеттерін белгілейді.
21-бап. Мемлекеттік тілді дұрыс меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар мемлекеттік қызметкерлерді, мұғалімдерді, бұқаралық ақпарат құралдары мен баспалардың қызметкерлерін аттестациядан өткізудің ережелеріне енгізілуі тиіс.
22-бап. Литваның бұқаралық ақпарат құралдары, кітаптар мен басқа да басылымдарды шығарушылар таза литва тілінің қалыптарын ұстануға міндетті.
23-бап. Көпшілікке ұсынылатын жазулардың бәрі қатесіз жазылуы тиіс.
24-бап. Органдардың, мекемелердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары осы заң талаптарының мүлтіксіз орындалуына жауап береді.
25-бап. Заңның орындалуын Литва республикасы Сеймі (Парламенті) жанындағы литва тілінің Мемлекеттік комиссиясының Тіл инспекциясы бақылап отырады.
«Ана тілі», 20.05.04.
Мемлекеттік тілді білмесең, қызметті армандама
Бұдан былай Украинада украин тілін білмейтін шенеунік болмайды. Шілденің 26-сынан бастап, Украинаның Министрлер кабинеті мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік тілді меңгерген-меңгермегендерін тексеретін міндетті сынақ енгізді. Бұған дейін мемлекеттік қызметке қонжию үшін украин тілі сұралмайтын. Ел қауіпсіздігін көнге тігіп, үлкен айтыс-тартыстармен украиндықтар туған тілін өз тұғырына нық орнауына бірте-бірте қол жеткізіп келе жатыр.
Жаңа міндет Украинаның барлық аймақтарына ортақ. Тіпті орыс тіліне аймақтық тіл мәртебесі берілген облыстардың өзі бұл міндеттен қашып құтыла алмайды...
... Ал парсы тілі кірме сөздерден арылуды бастады
Иран Президенті Махмуд Ахмадинеджад арнайы декретпен ел үкіметіне, сондай-ақ мемлекеттік мекеме, ұйымдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына шетел сөздерін қолдануға тыйым салды. Жат жұрттан енген сөздерді парсы тіліндегі баламасын пайдалану бұдан былай бұлжымас заңға айналады. Өйткені ел басшысының өзі осыны талап етіп отыр.
Қазіргі кезде парсы тілінің тазалығын арнайы түрде бақылап отырған Парсы академиясы деген ресми мекеме, әсіресе, батыстан келіп жатқан кірме сөздердің екі мыңға жуығының баламасын жасап, ұсынған.
«Ана тілі», 03.08.06.
* * *
Бруней. Бұл ел көптілді екені сезілмейді. Түбі, тұрғындардың бәрі «бахаса малай» тілінде сөйлессе де, Брунейде осы тілден аттары бөлек бірнеше диалектілер бар.
... Брунейде ұлт тілі болып бахаса малай тілі 1959 жылы қабылданып, Ата заңына жазылған. Жалпы малай тілінде Малайзия, Индонезия, Сингапур, Филиппин, Оңтүстік Тайланд және сол елдердің маңайындағы көптеген аралдардың тұрғындары сөйлейді.
... Брунейде барлық ресми және діни органдар малай тілін пайдаланады, барлық этникалық топтар өзара малай тілінде сөйлейді.
Малайзия. Малайзияның негізгі аймағы Батыс Малайзия халқының құрамында малайлардың үлесі – 55,25 пайыз, қытайлар – 33,9 пайыз, үнділер – 10,2 пайыз, бірақ Шығыс Малайзияда қытайлардың саны малайлардан асып тұр. Тек малайлардан басқа ол аймақта малайларға жақын дайактар мен кадазандар, тағы да басқа тайпалар тұрады. Сол тайпалардың барлығын малайлармен қоса «бумипутра» (туған жердің түлегі – Д.Д.) деп атайды... Сол туған жердің түлектері тайпалары кем дегенде сексен тілде сөйлейді.
Білім беру... ұлт, мемлекет тілі болып жарияланған малай тілінде жүреді. Оның үстіне барлық бумипутра өзара тек осы тіл арқылы араласады. Малайзия халқы (бумипутраға қоса қытай, үнділер де) өзара малай тілінде араласатын болды. Малайзияда қытайлар мен үнділер бір-бірімен малай тілінде сөйлеседі. Қытайлар өзара қытайша, үнділер тамил және басқа үнді тілдері арқылы араласады.
Егемендік алған жылы (1957 ж.) қабылданған Ата заңында (қытай, тамил тілінде сөйлейтін азаматтардың саны 45 пайыздай бола тұрса да бумипутралар сексен шақты тілде сөйлеп жатса да) малай тілі мемлекет тілі болып жарияланды.
Қытай Халық Республикасында 56 халық тұрады. Соның ішінде ханьдар 1,3 миллиард, КХР халқының 93 пайызын құрайды. Ханьдар мен тағы да екі этникалық топ қытай тілінде сөйлейді. Қалған этникалық топтарда өз тілдері бар. Олардың 29-ы қытай-тибет топтарына жатады, 17 алтай тілдер тобына, 3-і Австралия-Азия тобына, 2-і үнді-еуропа тобына, 1-і индонезия тобына, енді бір тілдің тобы анықталмаған, яғни қытай халқын құрастыратын этникалық топтар 54 тілде сөйлейді. Қытай тілінің өзі жеті үлкен диалектілерге бөлінеді. 1956 жылы Қытай үкіметі мемлекеттік жалғыз ұлт тілін пайдалану керек деген үкім шығарды. Ол тіл – цутунхуа («барлығына түсінікті» деген мағына береді) – ресми сипаттама бойынша бұл барлық қытайлықтарға ортақ тіл болып табылады. Ол солтүстік диалектілерге негізделген, оның айтылуы – Пекиннің айтылуы. Грамматикасы осы замандағы бейхуа әдеби туындылары болып табылады. Үкіметтің шешімі бойынша путунхуа міндетті түрде мектепте, әскерде және ірі өнеркәсіп орындарында қолданылуы керек.
Қытай үкіметінің жеті үлкен диалектілерінде сөйлейтін қытайларды міндетті түрде ортақ бір диалектті үйренуге тартуы ҚХР-дің негізін құрап тұрған 93 пайызын бір қытай тілінде сөйлеуге шақырды. Сондағы мақсат – қалай да болса, бүкіл қытай халқының басын біріктіру.
... Осы әлемге белгілі қағиданы жетік білетін қытай басшылары, барлық халық қытай тілінің Пекин диалектін білуге тиіс деген талапты өзінің Ата заңына да кіргізіп қойды.
Индонезияның тіл мәселелері көп жұртқа мәлім емес. Ол мәселелер, көбінесе, Индонезияның этно-жағрафиялық ерекшеліктеріне байланысты. Жер көлемі 1,904 миллион шаршы километр. Бірақ бұл аумақ қазақтың жеріндей тұтас емес. Индонезия аумағын мыңдаған арал құрайды. Жалпы, бұл елді «үш мың аралды ел» деп атайды. Шынында, ол елде үш мыңнан аса арал бар. Сондықтан бұл елдің солтүстігі мен оңтүстік арасы екі мыңға жуық километр, шығысынан батысына – бес мың километрден артық. Осындай арасы алшақ аралдарда алты жүз елуден аса тілдер мен диалектілер пайда болған.
Индонезия 1945 жылы 17 тамызда бостандық алғанда саяси-экономикалық даму мәселелерімен қатар ел тұтастығын қамтамасыз ету, оны сақтап қалу мәселелері туды. Өйткені Индонезияда жүз елуден үш жүзге дейін халық бар делінеді. Мыңдаған аралдарда қанша халық, этникалық топтар тұратынын анықтау оңай емес. Ең үлкен халықтар елдің тұрғындарының 83 пайызын құрайды. Ал, кейбір деректерге сүйенсек, жалпы Индонезия тұрғындары 650-ден 1000-ға дейін тіл мен диалектілерде сөйлейді екен.
Сол тілдердің ішінде джауан тілінде елдің 42 пайызы сөйлейді, сунды тілінде 15 пайызы. Осындай жағдайларға қарамай, Индонезия егемендік алысымен ел басшылары мемлекеттік жалғыз ұлт тілі ретінде малай тілінің Индонезия түрін – «бахаса-Индонезияны» жариялады. Ол кезде индонезиялық малай тілінде халықтың 5-ақ пайыздайы сөйлейтұғын. Бірақ қалған Индонезия тілдері бәрі болмаса да малай тіліне жақын тілдер.
Малай тілін Индонезияның мемлекеттік жалғыз тілі ретінде жариялау терең тамырлы және алыс болашақты болжаған саяси шешім еді. 1928 жылы өткен Индонезия жастар конгресі жариялаған бүкіл ұлттық ұран ескерілді. Ол ұран Индонезия бірлігін құрайтын және сақтап қалатын жолдарын атап еді: «бәріміздің отанымыз біреу – ол Индонезия, бәріміз бір халықпыз, бәріміздің тіліміз біреу», яғни: «бір халық, бір отан, бір тіл».
Неміс тілі – Германия, Австрия, Лихтенштейнде мемлекеттік тіл ретінде пайдаланылады. Бірақ Францияның Эльзас пен Лоторингия аймақтарында Люксембургтың біраз жерлерінің тұрғындары сол тілде сөйлейді.
Францияда мемлекеттік тіл – француз тілі бола тұрса да, бұл елдің тұрғындары Бретань аймағының батыс жағында бретань тілінде (уэльстіктер мен ирландықтар тілдеріне жақын), басқа аймақтарында корсик (итальян тіліне жақын), баск, каталон, фламанд (голланд тіліне жақын) тілдерінде сөйлейді. Осылардың бәрі өз тілдерін біле тұра ... французша сөйлейді. Өйткені білім алу, қоғам, мәдени, саяси өмір француз тілінде жүреді.
Германияда ортақ әдеби неміс тілі болса да, бірнеше диалектілері үш тіл құрады – жоғарғы, ортаңғы, төменгі топтарды.
Италияда итальян тілін үлкен үш топ құратын диалектілері бар. Таза итальяндықтардан басқа көне заманнан бері сол елді мекендеген өздерінің жеке тілдері бар фриулдар, ладиндер, тирольдықтар, француздар, словак, хорват, албан, гректер, сординдықтар, каталондар, т.б. ұлттар тұрады. Осы сияқты тағы да Еуропа, Азия, Африка елдерінің көне заманнан бері көп ұлтты екенін мысал қылып келтіруге болады.
... Италия үкіметі сол заманда (біріккен корольдік кезінде – Д.Д.) күллі мектептерде ортақ әдеби итальян тілін оқытуға мәжбүрлеп, міндеттеді.
... Қазіргі заманда Италия азаматтарының көпшілігі ортақ тілді пайдаланады. Бірақ күнделікті өзара қарым-қатынастарын әлі жоғалып кетпеген диалекттерде жүргізеді.
Испания халқының негізін құрайтын испандардың саны 70 пайызға дейінгісі кастиль диалектінде, 17 пайызға дейінгісі каталон, 7 пайызы галиция, 2 пайыз баск диалекттерінде сөйлейді. Мемлекет тілі ретінде кастиль диалекті испан тілі ретінде жарияланған. Испанияның барлық азаматтары бір тілдің маңайында топтасу, бірігу үшін мемлекет оларды түгелімен өз тілдерімен (диалекттерімен) қатар испан тілін (кастиль диалекттісін) білуді міндеттеді. Испания Конституциясының 3-ші бабы тікелей жариялағаны:
1. Испан (Кастиль) тілі – мемлекеттік ресми тіл. Барлық испандар ол тілді білуі міндетті және оны пайдалануға құқығы бар.
2. Испанияның басқа тілдері әр автономияның, қоғамдардың жағдайына қарай ресми тіл болып саналады.
3. Испанияның неше түрлі тілдерінің байлығы еліміздің мәдени құндылығы болып саналады. Ол құндылықтар аса зор сый мен құрметке ие болады және қорғалады.
Бақытжан Тайжан,
саясаткер
(«Түркістан», 2006 жыл)
Салиқалы сарап:
Ресей өкіметі өз еліндегі демографиялық жағдайдың қиындауына байланысты сырт жерлердегі отандастарын көптен көшіріп алу жөнінде арнайы Бағдарлама жасап, бекітті. Ол бағдарлама алдағы жаңа жылдан бастап қолға алынбақ.
... Міне, осы бағдарламаның қолға алынуына байланысты Қазақстандағы орыстар Ресейге жаппай көшеді, соған байланысты Қазақстанның экономикасы төмендеп, болашақта бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіре алмай қалуымыз мүмкін деген сияқты сары уайымға салынған әңгімелер айтыла бастады. Тіпті орыс ағайындарымыз көшіп кетпесін десек, орыс тіліне мемлекеттік мәртебе беру керек деген сияқты пікірлер де бой көрсетті. Яғни бұл әңгіменің ар жағында қазақтар бірыңғай өздері қалса, мемлекетін өсіп-өркендете алмайды деген астамшылдық ой жатқаны анық. Біз үшін бұл пікір де жаңалық емес.
Кешегі Кеңес Одағы кезінде, оның ар жағындағы отаршылдық заманда да қазақтарды кем санау кеңінен орын алған. Тіпті Қазақстан тәуелсіздік жариялаған кезде қазақтар өз мемлекетін құрып, басқарып кете ала ма деген күдіктер де аз болмаған. Бірақ Қазақ елінің аз уақытта қандай дәрежеге жеткенін қазір бүкіл әлем көріп, мойындап отыр. Соған орай қазақ халқының өз мемлекетін бұдан да былай өркендете беретініне ешкімнің күмәні болмауы тиіс.
... Бір халықты жоғары, екінші халықты төмен санауға ешқашан да болмайды... Екіншіден, орыс халқы көп жердің бәрі керемет өсіп-өркендей берсе, онда ұлан-байтақ жері, қазба байлығы бар Ресейдегі қарапайым халықтың тұрмысы АҚШ, Жапония, Германия сияқты елдерді былай қойғанда, кеше ғана тәуелсіздік алған Латвия, Литва сияқты кішкене елдерден неге төмен болып отыр?
Орыстар тіл мәселесінен қағажу көргендіктен көшеді деу де әншейін бос сөз. Ал шындап келгенде орыс тіліне тап Қазақстандағыдай жағдай жасап, ұшан-теңіз мүмкіндік беріп отырған ешқандай ел жоқ.
... Жалпы, Қазақстаннан сыртқа көшудің ең басты себебі – саяси жағдайларға емес, экономикалық, әлеуметтік мәселелерге ғана байланысты екендігін түсінетін уақыт жетті. Мысалы, елімізде пәтер бағасының шарықтауы, үй салатын жер алудың күрделенуі, коммуналдық төлемақылардың өсуі, азық-түліктің қымбаттауы сияқты жағдайлардың Қазақстан халқының сыртқа көшуіне айырықша әсер ететінін мойындауымыз қажет.
... Отбасыларын жаппай қолжетімді үйлермен қамтамасыз етсек, жұрттың үй салатын алақандай жер сұрап әкімдердің алдына барып телміріп тұруы тоқтатылса, ауылдар шын мәнінде өсіп-өркендесе, онда кең байтақ Қазақстанның айналдырған 15 миллион халқы көбеймесе азаймай, ешқайда көшпей, тату-тәтті ынтымақпен болашақта да бірге өмір сүре беретін болады.
Сұлтанәлі Балғабаев,
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы
төрағасының орынбасары, жазушы.
* * *
... Бүгінде мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік тілдің енгізілуіне, ең алдымен, бірінші басшы жауапты деген қаулымыз бар. Мекеменің басшысы қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізіп, мемлекеттік тілді меңгерген қызметкерлеріне үстемеақы төлеп, арнайы кабинет ашып, жағдайын жасап отыруы керек.
Оразкүл Асанғазы,
Астана қаласы Тілдерді дамыту
басқармасының бастығы.
* * *
Мәжбүрлеу … заң аясында болуы керек. Кез келген заң белгілі дәрежеде мәжбүрлеуге құрылады. Бізідің Ата заңымыз бен Тіл туралы заңымызда әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар деп жазылған. Бұл тұрғыда мәжбүрлеуге жол берілмейді. Ал «Тіл туралы заңның» 8-бабында «Мемлекеттік тіл Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, ұйымдарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жұмыс және іс қағаздарын жүргізу тілі болып табылады, орыс тілі ресми іс қағаздарын жүргізу тілі болып табылады, орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» деп жазылған. Бұл тұрғыдан Заң талаптарын орындауға мәжбүрлеу керек. Жоғарыдағы қаулы да осы талап тұрғысынан қабылданған.
Кенжехан Матыжанов,
Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының
бастығы, филология ғылымдарының докторы.
Ақ жебе
Шын сөз – оқпен тең
Қазақстан халқының жартысы қазақша білмейді деген сөзді жиі естиміз. Осылай болса, халықтың қазақша сөйлейтіндері төрттен бірі ғана болып шығады екен. Ал, шын мәнінде, қазақтардың көбі қазақша сөйлейді. Қазақша сөйлемейтіндері шенеуніктер ғана. Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдерінің бәрі қазақша білмей ме? Татар, ұйғыр, өзбек, қырғыз, т.б. түркі тілдес ұлттардың дені қазақша білетіні есепке алынбай отыр. Егер басқа ұлттардың қазақша білетінін назарға алсақ, керісінше, Қазақстан халқының төрттен үші қазақша білетін болып шығады. Ал бізде қазақ еместердің бәрін «орыс ілділерге» қосып жібереді де, оларды қазақша білметіндердің санын көбейтуге пайдаланады.
Назрахмет Қали,
зейнеткер
(«Қазақ әдебиеті», 24.02.06).
* * *
Биыл қыркүйек айының 1-інен бастап мемлекеттік қызметке алудың конкурстық іріктеу шаралары жүргізіледі.
... Мемлекеттік қызметке орналасқысы келген адам қазақ тілінде кемінде 600 сөз білуі керек.
Серік Қапаров,
ҚР Мемлекеттік қызмет агенттігі Кадрлық
қамтамасыз ету департаментінің директоры
(«Нұр-Астана», 28.06.06).
* * *
Қазақ тілінің дамуына тікелей қатысы бар бір сала – шоу-бизнес. Қазір спорт, түрлі телеқойылымдар, концерттік бағдарламалар халықты баурап аларлық қасиеті бар шоу-бизнеске айналды. Қазақтың үлкен-кішісі күйкі тіршіліктен қолдары қалт еткенде түрлі шоуларды тамашалайды. Осы бағдарламаларды көру арқылы көрермен мен тыңдарманның тілдік бағыты қалыптасады.
Жомарт Жеңіс,
шығыстанушы.
* * *
... Жуырда Эстонияда, Нарва қаласында мектептерде Мемлекеттік тілдің үйретілу жағдайына тексеру жүргізілді. Ең алдымен Паплимяэ мектебінің арасында. Тексеру жүргізілгенде әлгі оқу орнының 14-16 оқытушысы Мемлекеттік тілді талапқа сай білмейтіні анықталып, оларға ескерту жасалды және мектеп директоры қызметінен босатылды. Мұндай тексерулер республика көлемінде жалғаса бермек.
Жаңабек Шағатай,
журналист
(«Түркістан», 15.06.06).
Білгенге – маржан
Туған тілдің құдіреті
Туған тілдің құдіреті жайлы мына бір мысалға ден қоялық. Оны айтқан авар ақыны Расул Ғамзатов.
«... Әли Әлиев менің Махачқаладағы көршім, атақты палуан. Дүние жүзінің төрт дүркін чемпионы. Ол бірде Стамбулда атағы жер жарған түрік палуанымен белдесетін болады. Шынында да, түрік өте айлалы әрі аса күшті екен. Бірақ біздің Әлиевті осал деп кім айтты?! Реті келген сәтте қарсыласын кілемге алып ұрып, астына басады. Ойбайлатып отырып, жауырынын жерге тигізеді!..
Тұрып бара жатып, бұл қорлыққа әбден ыза болған әлгі түрік авар тілінде оңдырмай бір балағат сөз айтады. Көптен бері бұл сөзді туған тілінде ести алмай жүрген Әли Әлиевтің айызы әбден қанады. Есін тез жиып, іле-шала өз тілінде: «Балағаттаудың не жөні бар еді, спорттың аты спорт емес пе?» деп реніш білдірген кезде, әлгі түріктің де есі шығып, біраз есеңгіреп қалады.
Екеуінен де гөрі таң-тамаша қалысқан маңайдағы төрешілер мен жанкүйерлер болды: екі қарсылас әлгіндей тілдесуден кейін үдір жоқ, мүдір жоқ, кілем үстінде бір-бірімен құшақтаса кетеді. Құдды, көптен табыса алмай жүрген тумаластар сынды, бірінің бетінен бірі шөп-шөп сүйіп жатыр!
Оу, не боп қалды? Бақсақ, әлгі түрік – Шәміл тұтқынға алынғаннан кейін Түркияға ауып кеткен авар машқаласынан екен.
Ана тілдерін иманындай сыйлайтын әйгілі екі палуан әлі күнге, ағалы-інілі адамдарша бір-бірімен қатынасып тұрады».
Рас-рас, туған тілдің әбес сөзіне дейін қасиетті ғой, шіркін!
«... 1939 жылы менің әкем Мәскеуге орден алуға барды. Кеудесіне орден тағып, ауылға оралған соң, бүкіл жамағат жиналып, әкемнен хабар сұрасты. Ол бәрін рет-ретімен баяндай келіп, былай деді:
- Ең бастысы, Бүкілодақтық староста менің аты-жөнімді орысша емес, аварша айтты. Гамзат Садаса деп жәй айта салған жоқ, ерекше мән беріп, Цъадаса Хамсат деді.
Ауыл ақсақалдары бұған өте риза болып, бастарын шұлғысты.
- Көрдіңдер ме, - деді әкем, - бұл сөзді менің аузымнан естіген күннің өзінде сендер осынша мәз болып отырсыңдар. Ал оны дәл Кремльде, Калининнің өз аузынан естіген шақтағы мына менің халімді көрсеңдер ғой! Шынымды айтсам, атымның аварша айтылғанына риза болғандығым сонша, орденге қуануды ұмытып та кетіппін!».
Дүйсенбек Қанатбаев,
ақын.
___________________
Жанайқай
Мөңке би:
Ішегіне шынашақ айналмайтын
Ежірей деген ұлың болады.
Ақыл айтсаң ауырып қалатын,
Кежірей деген қызың болады.
Алдыңнан кес-кестеп өтетін,
Кекірей деген келінің болады.
Ішкенің жаман су болады,
Итке берсең ішпейді,
Бірақ адамдар оған құмар болады.
Домалақ-домалақ түймедей дәрің болады,
Жастары тілін алмайтын кәрің болады,
Жағаңнан ала түсетін інің болады,
Ала-шұбар тілің болады,
Дүдамалдау дінің болады.
* * *
Қайран тіл, қайран сөз –
Наданға қадірсіз.
Абай.
* * *
Көшеде бояу ерін сылқылдаған,
Былжырап орысшалап жырқылдаған.
Ұмытып ана тілін, салт-санасын,
Не қалды тілімізде жыртылмаған.
Отбасы түсініксіз жатқан былдыр,
Газетте қазақ сөзі аз, шылдыр-мылдыр.
Оқысаң алып кітап шым-шытырық,
Опырмау, сандырақ па, бұл не былжыр.
Ержеткендер сөйлейді орысшалап,
Кім отыр, сөз құрылысын қынап-сынап,
«Мамасы» мен «папасы» шүршіт болып,
Күйдірді-ау, шүршітшілеп бала жылап.
Бауыржан Момышұлы,
15.02.1944 жыл.
Әне, әйтпесе!
Жаның қалай ауырмас
Қай ұлт болмасын оның ұлттық келбетін (менталитет) танытар үш қазық – тілі, дәстүрі, діні. Бүкіл ұлттың рухани қазынасы осы үш бұтты ошақтың қазанында қайнайды...
Мәңгүрттіктің басы – өз немеремізбен өзіміз тілмәш арқылы сөйлесетін халге жеттік...
Қалтай Мұхамеджанов,
жазушы.
Үкімет назарына
Қате қазақ бола ма?
Болғанда қандай! Қаптап жүр. Қате қазақтардың қайда тұратынын іздеудің қажеті жоқ: елдің ең басты ресми екі газетінде жарияланған «Мемлекеттік білім гранты иелерінің ресми тізіміне» көз салсаңыз болды. Көресіз. Көресіз де көзіңіздің тас төбеңізге қалай шыққанын білмей қаласыз. Кім біледі, сөйтіп отырған тек біз шығармыз. Мұндай қатеге көз үйренген кісілердің көзі де, көңілі де орнынды болуы ғажап емес. Өйткені бұл мәселе жөнінде қанша күйзеліп, қанша қынжылса да ештеңе жасай алмай, дымы құрып отырғандар да табылады. Солардың көбісі – елдің сауатын ашатын мұғалімдер. Қатені түзететін, түзетуге тиісті ұстаздар санаты дәл осы мәселеге келгенде дым да істей алмай отыр.
Грант иелерінің аты-жөндеріне қараңызшы: Енлик, Асель, Жульдыз, Айгерим, Анель, Гульназ, Жасулан, Назгуль, Айнур, Гульнара, Айсауле, Гульден, Гульжайна, Асем, Нургуль, Бауржан, Гульшат, Бақытгуль, Мирамгуль...
Осы да жетер. Тоқтайық. Ойланайық...
Осындай аты-жөндері қате толтырылған балалар биыл мектеп бітірді. Аттестат алды. Төлқұжат алды. Оқуға түсті. Студент болды. Ертең диплом алады. Маман болады. Адам болады. Балалы-шағалы болады...
Бір кеткен қате осылай өріп кете береді...
... Қазақтың қазақ екені қайдан білінеді? Әрине, төлқұжатынан. Төлқұжаттың негізі – түпқұжат...
Мәселенің бәрі – Қазақстан азаматтарының туу туралы куәлігін қалай толтыруда болып отыр. Біз өз мемлекетімізді, оның Конституциясын сыйлайтын болсақ, ең алдымен осы түпқұжат толтыруды МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ жүргізуіміз керек! Ағылшын тіліндегі нұсқасы қатар болса, жақын және жырақ шетелдерге шығуда қиындық тумайды...
Нұртөре Жүсіп,
(«Егемен Қазақстан», 19.08.05).
Қауіп қайдан деме...
Ойлаудың өзі қорқынышты
Әлемдегі тілдердің даму процесін қадағалап отыратын Халықаралық тілдер институты үстіміздегі ғасырда дүние жүзіндегі тілдердің 90 проценті бақилық болады деп болжам жасапты. Деректерінде дүние жүзі бойынша бүгінде 6 мың тілдің тағдыры қалт-құлт етіп тұрса, жыл сайын 10 тілдің өлі тілге айналуы дәстүрге ұласыпты.
Жағрафиялық жағдайына байланысты жіктеп айтатын болсақ, Еуропаның өзінде 123 тілдің 9-ына құрып кету қаупі төнсе, 26-сы шалажансар, 38-і мешел күйде болса, Оңтүстік Азияда 700 тілдің 40-ы ғана аман-сау қалу мүмкіндігіне ие. Ал Солтүстік Шығыс Азияда 47 тілдің тек 6-ы орыс тілінің қыспағына төтеп берер халде болса, 20-сы жаназасын күтіп отыр. Қалған 21-і айықпас дерт үстінде. Ал Орта Азияның, оның ішінде өз ана тіліміздің хал-жағдайының мәз еместігі өзімізге аян.
Мұндай кеселдің, негізінен, отарлау саясатының салдарынан туындайтындығы белгілі. Тарих бетін парақтасақ, XVIII ғасырдан бері Австралия құрлығында 250 тілдің 20-сы ғана қалған. XVI ғасырда Бразилияны Португалия жаулап алғалы 540 тіл жойылып кеткен...
Ағылшын тілі компьютерлік, электрондық байланыс жүйесі дамыған уақытында әлемге кең қанат жайып, алыс-беріс, қарым-қатынас ұлғайған заманда еңсесін көтермек болған тілдерге қиындық туғызуда. Тіпті Интернет жүйесінде қолданылмайтын тілдерді өлі тілдер қатарына қосып та қойған.
Сонымен бірге тіл саясатын мәжбүрліктен немесе қабілетсіздіктен дұрыс жүргізе алмау салдарынан бірнеше тілдер өзара бәсеке кезінде өзге бір тілдің жергілікті тілдерге үстемдік жасауы екінші немесе үшінші тілдердің жойылып кетуіне себепкер болады. Мысалы, 1600 туыс тілдер өкілдері тұрған Үндістанда мемлекеттік тіл хинди мен ағылшын тілдері. Егер кезінде Үндістандағы туыс тілдер өзара талас-тартысқа түспей, араб елдері секілді бірігіп, тіл саясатын дұрыс қолға алған болса, бүгінгідей ағылшын тіліне үстемдік болмас еді. Ағылшын тілінің есіктен ұрлана кіріп, төрден орын алуына кіші-гшірім тілдер ғана емес, таралымы жағынан тынысы кең тілдердің өзі алаңдаушылық танытуда. Францияның өзі араб елдері секілді француз тілінде сөйлейтін 50-дей елді біріктіріп, осы тілде сөйлеушілердің санын 500 миллионға жеткізгенімен әлемдегі деңгейін әрең-әрең ұстап отыр.
«Бөлініп, бөріге жем болмайық» деген ниетпен 1992 жылы түркі тілдес елдердің түркі тілдерін қоғау ассамблеясы өтті. Бұл басқосу жалпы түрік елдерінің мүддесін қорғағанымен, жекелеген тілдердің мүддесін қорғай алмайды. Осыған орай дүйім түркі халқына ортақ тіл ойлап шығарайық деген ұсыныстар да болыпты. Әрине, бұл – жүзеге аспайтын ұсыныс. Демес, өз тілімізді аман-есен алып қалу өзіміздің ғана қолымызда.
Қазақта «Көш жүре түзеледі» деген сөз бар. Егер біз отаршыл тілдер үстемдігіне төтеп беріп, интернет жүйесіне тілімізді қосып, заман ағымына, заман көшіне қосыла алсақ, көшпен бірге жүріп, бәлкім, түзеліп те кетер едік. Әзірге асықпаған арбамен қоян қуып жететін заман емес екендігін ескеріп, тіл саясатын нақты қолға алып, жүрісімізді жылдамдатпасақ, әліптің арты неге айналатындығын ойлаудың өзі қорқынышты.
(«ЮНЕСКО жаршысы» журналынан).
Дат!
Мұхтар ШАХАНОВ,
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты:
ӨЗ ҰЛТЫНЫҢ ТІЛІН, РУХЫН МОЙЫНДАМАҒАНДАРДЫҢ
СОЛ ҰЛТТЫҢ ЕСЕБІНЕН БИЛІК ТҰҒЫРЫНА
КӨТЕРІЛУГЕ ХАҚЫСЫ ЖОҚ
... Мемлекеттік тіл туралы күресіміз тоқтамайды. Өйткені біз тілден айырылсақ, бәрінен айырыламыз, ұлт ретінде жойыламыз. Тілсіз, рухсыз егемендіктің де құны көк тиын екенін ұғынатын кез әлдеқашан жетті. Жалған байлықты ғана ту етіп, тек қана қарын мүддесін көздеген кейбір билік өкілдерін өз ұлтының тіліне шындап бет бұруға, бұл салада өздері жіберген қателікті өз қолымен түзеуге шақырамыз.
«Тарихың тұр санаңа өткел тастап,
Өз тіліңде ойлау, сөйлеу тоқталған сәттен бастап,
Бүкіл баба рухымен байланысың кесілер.
Тағдырыңнан ата ғасыр шамын солай өшірер.
Қатеңді әбжіл түзетпесең, толыққанды жоқ тірлік.
Біз бабалар сүйегіне, сеніміне бақ құрдық.
Бақ құрдық та ұлтсыздық кеңістікке ат бұрдық.
Өз тіліңді менсінбеудің,
Өз анаңды менсінбеудің,
Арсыздығы қай дәуірде болып еді тапқырлық?
Ол – рухи мүгедектік әрі ұлттық сатқындық».
Менің осы тұжырымдамамды қазіргі орыс әдебиетінің 92-ге келген патриархы С.Михалковтан, әлемге әйгілі тұлғалар Е.Евтушенкодан, Ш.Айтматовтан, Ф.Хитцерден бастап, Түркия, Румыния, Украина, Тәжікстан парламенттерінің мүшелері, белгілі ғалымдар, саясаткерлер, барлығы 20-ға тарта елдердің алдыңғы қатарлы гуманистері қолдады. Өз мемлекеттерінің атынан Жапония, Египет, Палестина елшілері қол қойды. Өйткені қай елде болса да, ана тілін сыйламау – туған анасының жүрегінен тебумен бірдей. Бұл теріс бағыттың рухани сатқындыққа бастайтын мұңлы жолы және аяққа басылған ата-баба сенімі мен рухының киесі де болатыны ешкімге құпия сыр емес.
Нағыз орыс адамы немесе кез келген өз халқын шын жүрегімен сүйетін басқа ұлт өкілі біздің бұл мазасыз халімізді түсінеді. Мұнда ешқандай ұлтшылдық жоқ. Себебі, өз ұлтының тілін, рухани байлығын қадірлейтін адам ғана басқа ұлттың тіліне, салт-санасына болысуға әзір тұрады. Өз басым Қазақстан парламентінде Сергей Жалыбин, Вера Сухарукова секілді жақтастар, тілектестер тапқаныма қуаныштымын. Біз Қазақстандағы барлық ұлттар мен ұлыс өкілдері тілдерінің дамуын, орыс тілінің де кең қанат жаюын құптаймыз. Ағылшын тіліне де ешкім қарсы емес. Бірақ мұның бәрі қазақ ұлтының тілін, яғни мемлекеттік тілді шеттетудің, мойындамаудың есебінен болмауы керек.
«Тілді ажал аузында деп қай кезде айтуға болады? Сол тілде сөйлейтін жас ұрпақ одан безінген кезде» дейді атақты ағылшын ғалымы Дэвид Кристал. Ендеше бізде нақ осыған ұқсас жағдай қалыптасып отыр. Қазақ халқының үлкен бөлігі өз ана тілінде ойлай, сөйлей алмауы былай тұрсын, олардың билік басындағы кейбір өкілдері ашықтан-ашық мемлекеттік тілді менсінбейтін мінез көрсетуде. Бұл – бүгінгі таңдағы қазақ ұлтының сөзбен айтып жеткізе алмайтын жаңа қасіреті. Әрине, тіл білмеген адам үйренеді. Бұдан «өз ана тіліне сылбыр жоғарғы қызметте жүрген адамдарды қызметінен алып тастау керек» деген сыңаржақ ұғым тумауы тиіс. Қайта мемлекеттік тілді үйренуге құлшыныс білдіргендерді қолдап, қуаттап, бауырымызға тартуымыз керек.
Үлкен билік басында жүргендердің 85-90 пайызы өз перзенттерін, немерелерін ана тілінде тәрбиелей алмағандар және көпшілігі оны қажет деп есептемейтіндер. Мынадай сұрақ туады: Егер осы азаматтар ұлты қазақ болмаса, Қазақстан Республикасында биік лауазымды қызметтерге қол жеткізе алар ма еді? Әрине, жоқ. Әйтпесе, неге олардың кейбіреулері бүкіл бітім-болмысымен ұлттық рухқа, парламент қабылдап, президент бекіткен мемлекеттік тілге қарсы шығады? Бір қызығы, бәрі де қазақ ұлтының есебінен өсіп, жоғарылайды. Бірақ тіл үйренуге алтын уақытын шығын еткісі келмейді. Ондай нигилистерге «өз ұлтыңның тілін, рухын мойындамайсың ба, ендеше сол ұлттың есебінен билік тұғырына көтерілуге де хақың жоқ» деп қатаң талап қояр кезең әлдеқашан жеткен сияқты. Қайта әлгіндейлердің орнын қазақ халқының тілін, мәдениетін терең сыйлайтын басқа ұлт өкілдерінің басқаны тиімді. Елімізге келіп жұмыс істеп жатқан қытай фирмалары Қазақстан билігі төріндегілердің мемлекеттік тілге деген алдамшы саясатын сезбеген болса, олар қызметте тек қытай тілін білетін адамдарды ғана аламыз деп, ашықтан-ашық басынғанғандық мінез байқатып, газеттерге хабарландырулар бермеген болар еді!
... Ана тілін болашақта жойылудан сақтау төңірегіндегі біздің күресімізге өз ұлтын шын сүйетін басқа ұлт өкілдері қарсы шықпайды. Енді мына бір парадоксқа қараңыз. Қазақстандағы орыстілді басылымдардың көпшілігіне өз ана тілінде «Сәлеметсіз бе?» деген сөзді зорға айтатын, қазаққа ұқсайтын түрінен басқа түгі жоқ космополит қазақтар орналасып алған. Мемлекеттік тілге қарсы мақалаларды үсті-үстіне ұйымдастырып, өтірікті шындай, шынды Құдай ұрғандай етіп жазып жатқан да солар. Олар, өкінішке қарай, орыстілді басылымдардың қазақ оқырмандары арасындағы беделін түсіруде.
Айналайын, рухтас өзге ұлт өкілдері, осы қарапайым қағида негізінде құдайшылықтарыңызды айтыңыздаршы! Ұлты қазақ азаматының өз тілін мойындамауын, менсінбеуін, сол арқылы өз елінің күллі рухани мәдениетін мансұқ етуін масқара жағдай емес деп айта аласыздар ма? Меніңше, мұндай астамшылыққа, рухсыздыққа қарсы бірлесе күрес ашуымыз отандас ретінде біздің әділдік, шындық жолындағы ортақ қимылымызды маңыздандыра, мазмұндандыра түсер еді. Әйтсе де осы проблеманың заңды да пәрменді механизмін бірлесіп іздемесек, үлкен ұтылысқа түсеріміз хақ.
Биылғы жылдың 9 ақпанында тіл жанашырларының үлкен тобы, ішінде Халық қаһарманы Қ.Қайсенов, халық жазушылары Ә.Нұршайықов, С.Шәймерденов, М.Әлімбаев және бірнеше мәжіліс депутаты бар 36 адам қол қойған хат республикамыздың басты-басты ақпарат құралдарында жарияланды. Онда үкіметтің өзі қабылдаған шешімдерін өзінің орындамауы қатал сынға алынған және үкіметке осы негізде бірнеше талап қойылған. Содан бері екі айға жуық уақыт өтті. Үкімет әлі күнге бұл хатқа жауап беруді қажет деп таппай отыр. Сондықтан осы бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселеге ерекше назар аударуды республикамыздың премьер-министрі Даниал Ахметов жеке өз қолына алар деп сенеміз. Әйтпесе, бұл немқұрайдылық елімізді аса күрделі қиын жағдайға алып келуі мүмкін.
Электрондық үкімет және қазақ тілі
«Электрондық үкімет» бағдарламасына үш жылға арнап 51,9 миллиард теңге бөлінді. Бұл – 416 миллион АҚШ боллары деген сөз.
«Электрондық үкіметтің» мемлекеттік тілдегі нұсқасы екі аяғынан тең басып тұрып кетуі үшін мына төмендегі шаралар іске асуы қажет:
1. Мәселен, орыс тіліндегі әріп түрлері 3 мыңнан асады екен. Ал қазақ тілінде олардың ұзын саны 30-40-қа зорға жетеді. Күні бүгінге дейін бұған мән беріп отырған ешкім жоқ.
2. Қазіргі компьютер ғасырының шығанға шарықтаған шағында орыс тілінен ағылшын және басқа тілдерге автоматты түрде аударатын бағдарламалар кең құлаш жаюда. Ресейде бұл шарамен үлкен институт, жан-жақты даярлығы бар ғалымдар армиясы жұмыс істейді. Ал біздегілер «осы шаралар мемлекеттік тілге қажет пе, жоқ па» деген ойдың ұшығына шыға алмай жүрген секілді.
3. Электрондық үкіметтің қазақша нұсқасына аса қажетті орыс, ағылшын тіліндегі бағдарламалардың көбісі мемлекеттік тілге аударылмаған. Оның үстіне ана тіліміздегі электрондық сөздіктер, түсіндірмелі сөздіктер, орфографиялық қатесіз жазуды тексеретін бағдарламалар, т.б. тетіктер мүлдем қарастырылмаған. Мұның өзі қыруар қаржыны талап етеді.
4. Мемлекеттік тілді интернет арқылы үйрететін электрондық оқулықтар, мультимедиалық бағдарламалар да жоқтың қасы. Жалпы, бұл салада әлі күнге дейін шешімін таппай тұрған мәселелер ұшан-теңіз. Міне, осы шаралардың бәріне Ақпараттандыру және байланыс агенттігі ғана емес, Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті де бел шеше араласуы керек.
Егер жоғарыда айтылған мәселелер шешімін таппаса, яғни оған қаржы көзі қарастырылмаса, онда электрондық үкіметтің мемлекеттік тілдегі нұсқасы қып-қызыл көзбояушылық болып шығары хақ...
* * *
Қайран қазақтың қазынасы ортаймас, өрнекті тілін-ай!
Қор болудан қашан көз ашар екенсің?!
Сені тілдің академигі де бұрмалайды, елдің дәндүрісі де жұлмалайды.
Қазақ тілін жанжүрек қалауымен зерттеп, зерделеп үйренгендей қандай таза қатесіз сөйлейді. Мәселен, Асылы Османова, Герольд Бельгер...
Мұзафар Әлімбай,
ақын.
* * *
... Осы ретте мен өз халқымның тілі де мүшкіл халде екенін айтпай қоя алмаймын. Біз тәуелсіз ел атанғалы 15 жылдан асса да, он миллион қазақтың тілі мемлекеттік тіл деп жарияланса да, ол бүгін де Абай айтқан «баяғы жартас – бір жартас» күйінде қалып отыр.
Жарықтық ата-бабаларымыз мына бізге, келер ұрпағына баға жетпес қазына – нағыз ұлттық мақтаныш болар асыл мұра етіп әрі шұрайлы, әрі сұлу шырайлы, тұңғиығына көз жетпес терең мағыналы қазақ тілін қалдырып кеткен. Міне осындай алуан бояуымен құлпырып, құбылып тұратын таңғажайып тіліміздің қазіргі қасіретті халіне жаны ашыған зиялы қауымның жанайқайына қарамастан, ол тәуелсіздік алған жаңа заманда да өз биігіне көтеріле алмай, өз үйінің босағасынан алыс аттай алмай отыр. Бұл ахуал қазақтың ұлттық бірлігіне де нұқсан келтіруде. Сондықтан да біз халықтардың ғаламдық әңгіме-сұхбатына әрі дербес, әрі күш-қуатты ұлт есебінде қатыса алар ма екенбіз, шынайы ұлттық бейнемізді көрсете алар ма екенбіз деген күдігіміз әлі де басым.
Әбдіжамил Нұрпейісов,
жазушы.
* * *
… Көзқамандар білімді, ақыл-есі бүтін, дүниежүзі тарихынан сөз қозғағанда желдей еседі. Тіпті, кітап та жазатын санасы бар. Бірақ олардың білімі өз ұлтына жанасымы жоқ космополиттік білім. Көзқамандардың қазіргі мұрагерлері өз ана тілін білмейді. Халықтың салт-санасын мансұқтайды. Елінің тарихын қадір тұтпайды. Ең қасіреттісі сол, елінде болып жатқан құбылыстарға өз ұлтының мақсат-мұраты тұрғысынан емес, басқа бір елдің көзқарасы мен дүниетанымы биігінен қарайды. Сондықтан да көзқамандар мәңгүрттерден анағұрлым қауіпті.
Рахманқұл Бердібаев,
академик.
* * *
… Қатаң, қатал шаралар қолданылмаса, қазақ тілі өледі, қазақ ұлты құриды, ұрпақ азады. Сенің әдебиетің де, мәдениетің де ешкімге керексіз қоқысқа айналады. Ана тілінен айырылған соң, өрлеген экономикаң кімге керек?
Әзілхан Нұршайықов
жазушы.
* * *
Біз, мажар қыпшақтары, тілімізден айырылдық. Бұл – адам баласының басына келетін ең үлкен кесел. Халық, ұлт өз тілінен айырылса, ол оның өлгенімен бірдей. Мінеки, бірнеше жыл бойы Қазақстанға келіп жүрмін. Келген сайын қазақтармен қазақша сөйлесу қиын болып барады. Мысалы, Алматыда жастар қазақша білсе де сөйлескісі келмейді.
Тіл – бәрінің негізі. Сондықтан қазақтарға айтар бар тілегім – ана тілдеріңді сақтаңдар! Өркендетіңдер! Ары қарай байытыңдар!
... Біз, қыпшақтар, тілімізден айырылдық, бұл – адам баласының басына түсетін үлкен кесел. Халық, ұлт тілінен айырылса, ол оның өлгенімен бірдей. Осы кесел қазақтың басына төнбесе екен. Жыл асқан сайын Қазақстан қазақтарымен қазақша сөйлеу қиындап барады.
Иштван Қоңыр Мандоки,
1992 жыл.
* * *
Тито (Иосип Броз Тито – Югославия Коммунистік партиясының бас хатшысы болған – Д.Д.) өзінің естелігінде Исекең (Иса Жақсынбаев – Титоның колшакшылардан далаға қашып, диірменінде жалданып жұмыс істеген ауқатты қазақ – Д.Д.) үйінде жасырынып жүргенде: «Киргиз халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрін зерттедім. Тілін үйрендім» дегенді жазады. Ал Жилас деген қандыкөйлек жолдасы «Тито – досым» атты естелік кітабында оның партиялық анкета толтырғанда ондағы: «Қандай шетел тілдерін білесің?» деген сұраққа үнемі: «Орыс және киргиз (қазақ) тілдерін» деп жауап қататынын айтады.
Қалмұқан Исабай
жазушы.
* * *
Атасы басқа базбір әкім сөз басын: «Кхадырли кхаум» деп бастаса, қазақтар соған мәз болып, ду қол шапалақтап, «әй, мынауың қазақшаға судай ғой, ағып тұр ғой, төбесі тесік екен ғой» деп көтермелеп, мақтап қояды.
* * *
Қазақ тілі кейінгі кезде бірқатар қоғамдық-әлеуметтік себептерге байланысты көрер көзге кедейленіп, жұпыныланып, қарабайырланып, неше түрлі кірме сөздердің ықпалына түсіп, кезіндегі әдемілігінен, әсем кейпінен, бейнелігінен, халықтық шынайы құрметтен әжептәуір алшақтап қалды. Сондықтан да қазір оған қарапайым тілдесу құралы ретінде ғана қарайтындар көп.
Герольд Бельгер,
жазушы.
* * *
Ұлттық мәдениет өкілдерімен кездесуде «Құдайшылықтарыңызды айтыңыздаршы, сіздің жас ұрпақ қай тілде сөйлейді?» дегенімде, олар орыстанып бара жатқанын мойындады.
... Бүгінде ұлттық тіл мен мәдениетінің мүддесін ойламайтындар көбейді. Әсіресе, билікте.
Амангелді Айталы,
Мәжіліс депутаты.
* * *
... Мәскеу қаласында халықаралық ПЕН-клубқа мүше елдер жазушыларының дүниежүзілік конгресі болып өтті... Пленарлық үлкен бас қосулар негізінен ағылшын тілінде өтті. Ілеспе аударма тағы жоқ. Кеңес одағы кезінде орыс жазушысы атанып жүрген біраз таныстарымыз... таза еврей ағайындарымыз болып шықты. Бәрі ағылшын тілінде ағып тұр. Сөйлеушілер де, өлең оқушылар да солар. Ұлтсыз мемлекет құрамыз дей отырып, өз ұлттарының мүддесін бәрінен жоғары қоятындары тайға таңба басқандай көрініп тұрды. Интернационализм деген қазақтың қанына сіңген қасиеттің бұл арада иісі де сезілмеді.
Ашуы келген Ш.Айтматов мінбеге шығып, орыс мемлекетінің астанасы Мәскеуде өтіп жатқан бұл жиында орыс сөзінің естілмей жатқанына қатты өкініш білдіре сөйледі.
Мен тұңғыш рет орыс тілінің дәл осындай мүсәпір жағдайға түскенін көріп, оған тұңғыш рет жаным ашыды. Орыс тіліне жаным аши отырып, 10 миллион қазағым туралы ойладым, жан-жақты қыспаққа түсіп тұрған оның ана тілінің ертеңгі болашағы не болар екен деп тұңғиық ойға шомдым...
Дулат Исабеков,
жазушы
(«Егемен Қазақстан», 28.06.00).
* * *
Егер мемлекеттік жауапты қызметте отырған адам 12 жыл бойына 12 сөз үйренбеген болса, оған өзінен басқа ешкім де кінәлі емес.
Төлен Әбдіков,
жазушы.
Достарыңызбен бөлісу: |