Қойылған мақсаттарға жету, Бағдарлама міндеттерін шешу жолдары және тиісті іс-шаралар Туризм саласындағы дамудың негізгі бағыттары:
халықаралық курорттық және экологиялық туризмнің инфрақұрылымын дамыту;
туристік ресурстарды ұтымды пайдалану және сақтауды қамтамасыз ету, туризм қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін туристік қызметтің тиімді жүйесін құру;
көлікпен қамтамасыз етуді, жайлы қонақүйлер, ойын-сауық индустриясын қоса алғанда, қазіргі замандағы туристік инфрақұрылымды құру;
теңгерімді экология үнемдеу технологияларының, табиғи аумақта туризм мен демалысты ұйымдастыру қағидаларының негізінде табиғи және мәдени игілікті сақтау және дамыту;
республикалық және халықаралық көрмелерге қатысу, туризмді дамыту жөніндегі іс-шараларды өткізу, жарнамалық-ақпараттық өнім дайындау жолымен туристік имиджді дамыту;
«Кендірлі» халықаралық курортының құрылысын салу;
«Кендірлі» курорттық аймағындағы әлеуметтік маңызы бар объектілердің құрылысын салу;
турлар құру үшін инфрақұрылым салу;
шебер-жоспармен бекітілген маршруттарды қамтамасыз ету үшін 17 «сервистік нүкте» салу;
Туризм мен демалыстың «Жас қала» халықаралық жастар орталығының инвестициялық жобасын одан әрі іске асыру;
Ақтау қаласында ұлттық сувенирлер, әшекей бұйымдарын дайындайтын «Өнер қаласы» сувенирлік фабрикасын ашу;
«Кендірлі» халықаралық курортына жақын жерден Ұлттық парк құру;
концессия негізінде Кендірлі» жаңа халықаралық әуежайының құрылысын салу;
мейманханалар, қонақ үйлер, кемпингтер желісін салу;
Ақтау қаласының әуежайында «Hot Lien» тәртібінде ақпараттық қызмет құру;
Ақтау қаласының портында жолаушыларға теңіз вокзалын салу болып табылады.
6. Ішкі саясат Мақсаты: Мемлекеттік және жастар саясатын тиімділігін арттыру, мемлекеттік тіл саясатын тиімді іске асыру.