Қатерлі ісікпен сырқаттанушылық 100 мың адамға шаққанда 2011 жылғы 106-ның орнына 2013 жылы 123,6-ны құрады (16,6%-ға өсті). Сырқаттанушылық көрсеткішінің өсуін, бірінші кезекте скринингтік тексерулер кезінде ерте анықтауға байланысты диагностика динамикасының жақсаруымен түсіндіруге болады. Екіншіден, БМСК ұйымдарының материалдық-техникалық базасы мен кадрлық қамтамасыз етілуі жақсарды. 2012 жылы 9 онкокабинет, 2013 жылы 3 онкологиялық және 3 маммологиялық кабинет ашылды. 2013 жылы 7 онколог пен 3 маммолог қосымша қайта даярлау курстарынан өтті.
Онкологиялық бағдарламаның шеңберінде 2013 жылы Маңғыстау облыстық ауруханасы үшін жуғышы бар колоноскоп сатып алынды. Жаңаөзен қалалық емханасы автоматты жуғышы бар гастроскоппен жарақталды. Облыстық онкодиспансер үшін 2014 жылы жуғыштары бар гастроскоп, бронкоскоп, сондай-ақ простатаны көп нүктелі пункциялауға арналған пичтолет сатып алынды. «Терагам» гамма-терапевтік аппаратының иондаушы сәулелендіру көзін 113 млн. теңге сомасына ауыстыру үдерісі жүруде.
Достарыңызбен бөлісу: |