Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы



бет110/144
Дата06.02.2022
өлшемі3,44 Mb.
#35473
түріБағдарламасы
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   144
2.2.4.4. Жер ресурстары
Маңғыстау облысының жалпы ауданы 16564,2 мың гектардың ішінде, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 5134,7 мың гектарды, елді мекендердің жерлері 993,7 мың гектарды, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс, және өзге ауыл шаруашылғы мақсатындағы емес жерлер 276,0 мың гектарды, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және емдеу-сауықтыру мақсатындағы жерлер 223,7 мың гектарды, орман қорының жерлері 241,6 мың гектарды, босалқы жерлер 9727,7 мың гектарды құрайды.
Ақтау қаласы жерлерінің жалпы ауданы 29,8 мың гектарды, Жаңаөзен қаласы жерлерінің жалпы ауданы 51,6 мың гектарды, Мұнайлы ауданы жерлерінің жалпы ауданы 492,2 мың гектарды, Бейнеу ауданы жерлерінің жалпы ауданы 4052,0 мың гектарды, Қарақия ауданы жерлерінің жалпы ауданы 6483,6 мың гектарды, Маңғыстау ауданы жерлерінің жалпы ауданы 4602,2 мың гектарды, Түпқараған ауданы жерлерінің жалпы ауданы 29,8 мың гектарды құрайды.
Облыс аумағы пайдаланылатын алқаптар кесінінде негізінен жалпы ауданы 12652,3 мың гектарды, егістік жер 0,5 мың гектарды, тыңайған жер 0,3 мың гектарды, пішендік жер 0,3 мың гектарды, көпжылдық екпе ағаштар 0,6 мың гектарды құрайтын жайылымдық алқаптарды қамтиды.
Тексеру мен түгендеу нәтижесінде 2011-2013 жылдары мемлекеттің меншігіне ауыл шаруашылығы мақсатындағы 3871,2 мың гектар жер, оның ішінде 2011 жылы 3 174 200 гектар, 2012 жылы 696 900 гектар және 2013 жылы 50 гектар жер қайтарылды.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану мақсатында жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ауыл шаруашылығы айналымына 2012 жылы 50,0 мың гектар, 2012 жылы 105,9 мың гектар және 2012 жылы 28,5 мың гектар жер тартылды.
Осылайша, қазіргі кезде жалпы ауданы 184,4 мың гектар болатын жер 187 жер учаскесі айналымға тартылды. 2015 жылы ауыл шаруашылығы айналымына 25,0 мың гектар жерді тарту жоспарлануда..




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет