«Нұрлы көш» көші-қон бағдарламасына қатысушыларға әрекет жасаудың 2009-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы.
Осы бағдарламаның аясында 2010-2011 жылдары бір екі жаңа ауылдық елді мекен Батыр ауылы (Мұнайлы ауданы) мен Аппақ ауылын (Қарақия ауданы) дамыту басталып, онда келіп жатқан оралмандар орналастырылды. Облысқа оралмандардың көп келуіне байланысты бұл іс шаралар өзекті болып қала береді. Тиісті салалық бағдарламалар мен Аумақтарды дамыту бағдарламасының аясында мәселені шешу қажет.
Жастар саясаты және патриоттық тәрбиені жүзеге асыру жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарлама.
Жастар саясаты және патриоттық тәрбие жөніндегі іс шаралар Аумақтарды дамыту бағдарламасына енгізу қажет.
Маңғыстау облысын ақпараттандырудың 2009-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы.
Бүгінгі таңда бағдарлама қаралған көлемде жүзеге асырылмаған, 2011 жылдың аяғына дейін іс шараны аяқтау жоспарлануда. Негізгі іс шаралар Маңғыстау облысы инфотелебайланыс инфрақұрылысын құру және қамтамасыз ету бойынша кешенді шешім қабылдау шеңберінде жасалған және ол қазіргі кезде мемлекеттік сатып алу процесі жүруде. Салалық бағдарламаны әзірлеуге байланысты Аймақты дамыту бағдарламасында қарастыру қажет.
Денсаулық сақтауды реформалаудың және дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы.
Нәресте өлімі, туберкулез ауруының неғұрлым жоғарғы көрсеткішіне байланысты, емдеу сапасының төмендігінен тиісті міндеттерді Аймақты дамыту бағдарламасына енгізу қажет.
Маңғыстау облысының елді мекендерін газдандырудың 2008-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы
Қазіргі уақытта облыстың барлық ауылдары табиғи газбен қамтамасыз етілген, бірақ сумен қамтамасыз етуді жақсарту және инженерлік инфрақұрылымдық жаңа тұрғын үйлермен қамтамасыз етуді жақсарту жөніндегі іс шараларды жалғастыру қажет.
Инфрақұрылымды жетілдіру үшін өңірлік даму бағдарламасында шаралар қарастыру қажет.
13. Маңғыстау облысын агроөнеркәсіптік кешенін орнықты дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы
Елбасы алға қойған басым міндеттерге сәйкес азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аталған міндеттер мен мақсаттарды Аумақтарды дамыту бағдарламасына міндетті түрде енгізу.
Маңғыстау облысында құрылыс материалдарының, бұйымдарының және құрастырылымдарын өнеркәсіптік дамытудың 2006-2014 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы
Облыста құрылыс индустриясының дамуына қажетті мүмкіндіктер болғандықтан, экономиканы диверсификациялау мақсатында, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрылымдар өнеркәсібін дамыту жөніндегі міндеттер өзекті болып отыр.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 3 шілдедегі тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасының мүдделі орталық мемлекеттік органдарымен, Экономикалық даму және сауда министрлігімен келісілген Маңғыстау облысы экономикасының өсу резервтерін пайдалану жөнінде Іс-шаралар жоспарының жобасы қабылданды.
Облыстың бәсекеге қабілетті артықшылықтарын есепке ала отырып, облыс экономикасының мынадай өсу резервтері айқындалды: мұнай-газ өндіру секторын одан әрі дамыту (өңірдің минералды-шикізаттық кешенін іздестіру, барлау және жете барлау жүргізу, сервистік-қызмет көрсету өндірісін дамыту), өңдеу салаларын дамыту (оның ішінде «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында), облыстың транзиттік әлеуетін (көліктік логистиканы, шекара бойындағы аумақтарды) дамыту; құрылыс индустриясын дамыту; туризмді дамыту («Кендірлі» халықаралық курортты демалыс аймағының құрылысы), агроөнеркәсіптік кешенді (жайылымдық, асыл тұқымды мал шаруашылығын, балық аулауды және тауарлық балық өсіруді) дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |