Пессимистік даму сценариі Оның негізінде көмірсутектер экспорты өсуінің тежелуімен, дайын тауарлардың ішкі нарықтарын ашумен, өңдеу өндірістерінің бағалық бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуімен байланысты оның әлеуетінің тарылуы кезінде дамудың экспорттық-шикізат үлгісін консервациялау жатады. Инерциялық даму сценарийі мынадай болып сипатталады:
экономиканың салыстырмалы басымдықтарын іске асыратын жаңа ұзақ мерзімді жобалар мен бағдарламалардың жүзеге асырылуынан бас тарту;
әлеуметтік инфрақұрылымның жаңартылу үдерісін тежейтін халықтың экономикалық таралуын күшейту.
Осы сценаридың экономикалық өсуі мынадай факторларға байланысты:
құбыр инфрақұрылымының баяу таралуымен және жаңа кен орындарының жеткіліксіз игерілуімен шектелетін көмірсутектер экспортын арттыру мүмкіндіктері;
өңдеу өндірістерінің технологиялық бәсекеге қабілеттілігін төмендету және импорттың озушы өсуін сақтау;
адами капитал сапасының төмендеуі;
еңбек өнімділігінің өсуі жылына 3-4%-дан төмен.
Аталған сценарийде отын-энергетикалық кешенде жұмыс нақты басталған жобалар ғана іске асырылады. Осындай жағдай 2013 жылдан кейін мұнай өнірісінің тоқтап қалуына және әлемдік нарықтағы қазақстандық қуат тасушылары үлесінің азаюына алып келеді. 2015 жылға қарай экономикалық өсудің инфрақұрылымдық шектеулері толық көлемде жасалады (энергетикалық қуат тапшылығы, көлік инфрақұрылымының тапшылығы). Қазіргі заманғы құрылымдық сипаттамалары да сақталады: экспортта да, капиталды жинауда да шикізат экспортының басымдығы, өңдеу секторларының әлсіз дамуы, жоғары технологиялық секторлардың және білім экономикасының анклавтық сипаты. Өңдеу өндірістерінің бәсекеге қабілеттілігі жалпы төмен болып келеді.
Облыстың ЖӨӨ өсу қарқыны 2015 жылға қарай 1-2% төмендейді. 2015 жылға қарай көмірсу кеңінің көлемі күрт қысқартылады, тұрғындар өмірінің деңгейі түсуі көптеген әлеуметтік мәселелердің шешілмеуінен әлеуметінің қысымы жоғарлайды.