Жеңіл өнеркәсіп. Өңдеу секторының өнімін өндіру көлеміндегі тоқыма өнеркәсібінің үлесі болмашы ғана, ол 2013 жылдың қорытындысында 0,1%, өңдеу секторының құрылымында 2,4% құрайды. Өңірде салада тұтынылатын тиісті шикізат жоқ. Оны өңірден тыс жерден әкелу шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілетсіздігіне әкеледі. Өнім ішкі рыногқа жеткізіледі.
Облыстың жеңіл өнеркәсібі арнайы қорғауыш аяқ киім, күштік құрылымдар, мұнай-газ саласының кәсіпорындары үшін арнайы қорғауыш киім шығаратын «Жамал-ай» АҚ және «Жанарыс» ЖШС сияқты орта кәсіпорындардан тұрады.
Өндірісті қолдау мақсатында екі кәсіпорын да өз өнімін шығаруды мұнай-газ секторына қайта қайта бейімдеді, сондықтан халық тұтынатын өнім өндіру үлесі мен оның номенклатурасының көлемі аз ғана.
Сондай-ақ, «Жамал-ай» АҚ кәсіпорны аяқ-киім өндірумен айналысады. 2006 жылы фабрика аяқ-киім өндірісі үшін табанның тікелей көтерілуі бойынша жаңа желіні сатып алу және құрастыру жұмыстары туралы ҚХР өндірушілерімен келісімшартқа қол қойды. Бұл жабдық аяқ-киімді жасау бойынша ең жаңа технология болып табылады. Жаңа желі үшін жабдық орнатылып, өндіріс жүзеге асырылуда.
Кәсіпорын 2007 жылы Түркиядан әкелінген шикізат пен материалдардан жасалған 10 түрдегі әйелдер мен ерлер мокасиндерінің өндірісін енгізді.
«Жамал-ай» АҚ тігін өнеркәсібі кәсіпорнында компьютермен басқарылатын келесі жоғары технологиялық жабдықтар бар: Германияда жасалған F8 XXX fortron модельдегі кесте тігу автоматы, PLT 1250 модельдегі үтіктейтін пресс (Италия), PG 22-135 модельдегі табан құюға арналған машина (Италия), 4PR9 модельдегі аяқ-киімнің үш бөлігін тартып байлауға арнаған машина (Италия), CERIM модельдегі аяқ-киімнің өкше бөлігін тартып байлауға арнаған машина (Италия), IIS 520/2 модельдегі материалдар мен былғарыны бөлшектеп кесуге арналған пресс (Италия), PFFAF модельдегі жиек шетін кесетін, қайрайтын тігін машинасы (Германия), Juki бес жіпті оверлок тігін машинасы (Жапония).
Кәсіпорында 2012-2013 жылдары бекітудің құю тәсілімен офицерлердің қонышсыз бәтеңкесін даярлаудың жаңа технологиясы енгізілді (машинаны жинақтау Қытайда жүзеге асырылады, ақы төлеу – лизинг арқылы бөліктеп төлеу), 2014 жылы жеткізу және аяқтау жоспарлануда. Баламалы резеңке ұлтанды аяқ киім (аязға төзімді, ыстыққа төзімді, майға-бензинге төзімді, қышқылға төзімді, антистатикалық) өндірісі игеріліп, дайындама учаскесін кеңейту, тігін жабдығын сатып алу 30%-ға жүзеге асырылды.
Жеңіл өнеркәсіп саласындағы өндіру көлемі 2013 жылы – 2,2 млрд. теңгені, нақты көлем индексі – 93,4% құрады (2012 жылы – 126,3%, 2011 жылы – 83,8%).
Жеңіл өнеркәсіп саласындағы өндіру көлемі 2014 жылдың 10 айында – 2,27 млрд. теңгені, нақты көлем индексі – 118,9% құрады. Саланың негізгі кәсіпорындары «Жамал-ай» ЖШС-дегі өндіру көлемі 9 айда 631 млн. теңгені (2013 жылдың қаңтар-қыркүйегінде – 531 млн. теңге), «Жанарыс» ЖШС-дегі өндіру көлемі 1327 млн. теңгені (2013 жылдың қаңтар-қыркүйегінде – 952,3 млн. теңге) құрады.
Достарыңызбен бөлісу: |