Химия өнеркәсібі. Химия өнеркәсібіндегі өнім көлемі 2013 жылы 15,7 млрд. теңгені немесе 2012 жылдың деңгейіне 116,6% құрды (2012 жылы – 13,1 млрд. теңге, 2011 жылы – 15,1 млрд. теңге). Минералды тыңайтқыштарды экспорттау көлемі 11,2 млн. АҚШ доллар сомасына 37,4 мың тоннаны құрады (2012 жылы – 18,0 мың тонна, 2011 жылы – 72,4 мың тонна).
Химия өнеркәсібінің өнімдерін шығару азотты минералды тыңайтқыштар өндіретін «ҚазАзот» ЖШС кәсіпорнынан тұрады. Тауарды өткізу рыногы – 80% ішкі рынок (ҚР ауыл шаруашылғы тауарларын өндірушілері, өнеркәсіптік кәсіпорындар), 20% экспортқа (ЕО, ТМД, Азия елдері) шығарылады.
«ҚазАзот» ЖШС 2012 жылы ҮИИДМБ аясында сұйық аммиак, әлсіз азот қышқылы және аммиак селитрасы өндірістерінде қайта құру және жаңарту жұмыстарын аяқтады. Кәсіпорынның басты мақсаты – табиғи және сапалық ескірген деп есептелген бірқатар жабдықты ауыстырғаннан кейін жобалық қуаттылыққа шығу және амииак селитрасы өндірісін жаңғырту.
ҮИИДМБ-ны жүзеге асыра отырып, кәсіпорын ескірген жабдықты мейлінше өнімді, энергияның жұмсалуы мейлінше төмен, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология талаптарына сай келетін жабдыққа ауыстырумен байланысты бірқатар іс-шаралар өткізді.
Реконструкциялау мен жаңғырту нәтижесінде сұйық аммиак өндірісі – тәулігіне 400 тоннаның орнына 600 тоннаға, аммиакты селитра өндірісі – тәулігіне 700 тоннаның орнына 1000 тоннаға жеткізіліп, өнімнің өзіндік құны 25%-ға төмендеді.
Өндірісті қайта жарақтандыру жөніндегі іс-шараны орындау кезінде Данияның, Германияның, Чехияның және Ресейдің химиялық машина жасау өнеркәсібінің әлемдік лидерлері шақырылды.
Сондай-ақ, әлемдік тәжірибеде алғаш рет жылдамдықты гранулятор барабандарында аммиак селитрасын грануляциялаудың технологиялық желісі енгізілді.
2012 жылдың өзінде 5,6 млрд. теңгеден астам сомаға инвестициялар салынды, бұл сұйық аммиак сияқты өнім шығару қуаттылығын жылына 200 мың тоннаға, ал аммиак селитрасын жылына 330 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік берді.
Химия өнеркәсібіндегі өндіру көлемі 2014 жылдың 10 айында 1,5 есеге артып, 18,0 млрд. теңгені құрады. Негізгі кәсіпорын «ҚазАзот» ЖШС-нің өндіру көлемі 10 айда 11220,6 млн. теңгені құрады (2013 жылдың қаңтар-қазанында – 8061,0 млн. теңге).
Достарыңызбен бөлісу: |