Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы


Өңірлік банк институттарының сипаттамасы



бет8/144
Дата06.02.2022
өлшемі3,44 Mb.
#35473
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   144
2.1.3. Өңірлік банк институттарының сипаттамасы
2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс аумағында 24 банктің филиалы, 95 ақша айырбастау пункті жұмыс істейді. Бұдан басқа, банк операцияларының жекелеген түрлерін Қазынашылықтың 7 бөлімшесі, зейнетақы төлейтін мемлекеттік орталықтың 8 филиалының бөлімшесі, «Ломбард» «Ломбардист» ЖШС филиалдарының 7 бөлімшесі, «БТА Ипотека» ААҚ өкілдігі және «Қазпошта» АҚ филиалдары жүзеге асырады.
Екінші деңгейдегі банктердің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне 2013 жылы берген кредиттерінің көлемі 18,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2012 жылға қарағанда 34%-ға аз. Екінші деңгейдегі банктермен 2014 жылғы 1 қаңтарға шағын бизнес субъектілеріне 15,2 млрд. теңге көлемінде кредиттік ресурстар берілді, бұл 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 9,7%-ға аз.
Облыста 2 микрокредит ұйымы: «Каспий» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның филиалы белсенді жұмыс істейді. Олармен 2013 жылда 550,7 млн. теңге жалпы сомасына 208 микрокредит беріліп, бұл ретте 476 жұмыс орны құрылды 2012 жылда – 611,0 млн. теңге, 2011 жылда – 306,0 млн. теңге).
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының «Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу» атты екінші бағытының аясында кәсіпкерлерді микрокредиттеу үшін республикалық бюджеттен 2014 жылға 200,0 млн. теңге бөлінді. Бөлінген қаражаттың барлығы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның шотына аударылды. Осы қор (меншікті қаражатын есепке алғанда), сондай-ақ «Каспий» МҚҰ» ЖШС арқылы 2014 жылда 945 млн. теңге сомасына барлығы 283 микрокредит беріліп, 418 жұмыс орны құрылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет