ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ
ДІН ІСТЕРІ КОМИТЕТІ
МӘДЕНИЕТТЕР МЕН ДІНДЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ
I, II, III, IV, V СЪЕЗДЕРІНДЕ СӨЙЛЕГЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ СӨЗДЕРІ
АСТАНА - 2015
Баспаға Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының
Ғылыми-әдістемелік кеңесі ұсынған
ӘОЖ 2 (063)
КБЖ 86 Я 43
Ә 52
Жауапты редактор:
Е.Б. Мұратбеков,
Мәдениеттер мен діндердің халықаралық
орталығының директоры, з.ғ.к.
Құрастырушылар:
Қ.Т. Қалилаханова,
Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы
директорының бірінші орынбасары, п.ғ.к., доцент,
ХПБҒА-ның корр.-мүшесі (РФ)
С.А. Дуанаева,
Конфессияаралық ынтымақтастық бөлімінің бас сарапшысы, фил.ғ.к.
Р. Амантай,
Бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг бөлімінің
жетекші ғылыми қызметкері
С. Булатқызы,
Бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг бөлімінің
жетекші ғылыми қызметкері
Ә 52 Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері I, II, III, IV, V съездерінде сөйлеген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сөздері: Жинақ. – Астана: ҚР МСМ ДІК МДХО. 2015. – 71 б.
ISBN 978-601-7812-11-9
Басылымға Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съездерінің бастамашысы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2003, 2006, 2009, 2012, 2015 жылдары өткен I, II, III, IV, V съездерінде сөйлеген сөздері енгізілген.
Жинақ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі тарихымен, дінаралық сұхбат және дін саласындағы мәселелрмен айналсатын саясаттанушыларға, мемлекеттік қызметкерлерге, ғылыми қызметкерлерге арналған.
ӘОЖ 2 (063)
КБЖ 86 Я 43
ISBN 978-601-7812-11-9 © Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы, 2015
Біз І Съездің шешімі бойынша салынған әлемдегі жалғыз Бейбітшілік және келісім сарайы шаңырағының астында толеранттылықтың, мәдениеттер мен діндердің жаһандық үнқатысуының Ұлы Тарихын қалыптастырудамыз.
Біз, тіпті, осы күрделі дәуірдің өзінде де оның парақтарын бірінен кейін бірін жазып, толтырудамыз. Және біздің бәрімізді – саясаткерлер мен конфессиялар қызметшілерін – адамдар мен халықтардың тағдыры, Ұлы Жаратушы жаратқан біздің бүкіл бірегей планетамыздағы бейбітшілік пен тыныштық үшін ортақ бір жауапкершілік сезімі біріктіреді.
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің ізгілікті идеялары әлемдік қоғамдастықта, діни, сондай-ақ, саяси топтарда кең қолдау тауып отыр. Олар әлемге дінаралық қарым-қатынастар туралы ғасырлар бойы қалыптасқан таптаурындарды еңсеруге, ХХІ ғасырда жаһандық толеранттылық пен өзара түсіністіктің іс-қимыл таныта алатын формуласын жасауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері V Съезінде
сөйлеген сөзінен
10 маусым 2015 ж.
ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІНІҢ
БІРІНШІ СЪЕЗІ
_____________________________________________________________
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІНІҢ БІРІНШІ СЪЕЗІНІҢ АШЫЛУЫНДА
СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ
23 қыркүйек 2003 ж.
Құрметті Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері мен өкілдері!
Бүгін ежелгі қазақ жері зор мәртебеге ие болды – ол әлемдік және дәстүрлі-ұлттық діндердің лидерлері мен жоғары өкілдерін жер шарының түкпір-түкпірінен өркениеттер мен діндер арасындағы үнқатысуға шақырып отыр.
Сіздерді Қазақстан жерінде құттықтай отырып, мен сіздердің бірге бас қосып, жиналуға біздің шақыруымызға ден қойғандарыңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін.
Мен жоғары мұсылман тұлғалары: Әл-Азһар Жоғарғы имамы Шейх Мұхаммед Саид Тантауиге, Дүниежүзілік Ислам лигасының Бас хатшысы Шейх Абдалла Бен Абдель Мухсин Ат-Түркиге және басқа да елдердің өзге де мұсылман ұйымдарының өкілдеріне ризашылығымды білдіремін. Біз сіздердің Съезге қатысуларыңызды жоғары бағалаймыз.
Мен киелі Рим Папасы Иоанн Павел ІІ-ге Съезді ұйымдастыру кезінде көрсеткен жоғары ықыласы мен қолдауы үшін терең ризашылығымды білдіремін.
Мен Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы киелі Алексий ІІ-ге біздің Съезімізді қолдағаны үшін алғысымды білдіремін.
Иудаизм лидерлеріне, ең алдымен Йона Мецгерге, олардың Съезге жоғары деңгейде қатысып отырғаны үшін алғысымды айтқым келеді.
Сол сияқты Қазақстанға әлемнің түрлі өңірлерінен келген әр түрлі христиандық конфессиялардың өкілдеріне де ризашылығымды білдіремін.
Біз Сіздердің араларыңыздан Шығыстың аса ежелгі дәндері мен өркениеттерінің – буддизмнің, индуизмнің, даосизмнің және синтоизмнің жетекшілері мен өкілдерін көргенімізге аса қуаныштымыз.
Сіздердің аттарыңыздан Съездің құрметті қонақтары Жапонияның экс-Премьер-Министрі Цутом Хатты, ресми өкілдерді: БҰҰ Бас хатшысынан В. Сотировты, Сауд Арабиясының Корольдігінен – Әділет министрі, доктор Абдаллах Әл Аш-Шейхты, Египет Президентінен – Египет Республикасының Вакуф және ислам істері жөніндегі министрі Махмуд Хамди Закзукты, сондай-ақ Италияның Ассизи қаласынан келген, Бас министр Томас Геремек және рухани тәлімгер Лафранко Серрини басқарған делегацияны қош келіпсіздер деп құттықтаймын.
Мен сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі-ұлттық діндер съезін өткізу идеясына бейжай қарамаған әрі бізді өз кеңестерімен жігерлендіріп отырған ізгі ниетті барлық адамдарға алғыс сөзімді арнаймын.
Сіздерге қолдауларыңыз үшін, жер бетінде бейбітшілік пен өзара түсіністікті сақтау ісіне қолдан келгенінше қосқан үлестеріңіз үшін, біздің баршамызды біріктіретін және бүгін бәріміз осында Астанада жиналып отырған ортақ ізгі мұрат үшін рахмет.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ СЪЕЗД ТӨРАҒАСЫ БОЛЫП САЙЛАНҒАННАН КЕЙІН СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ
Құрметті Съезге қатынасушылар!
Менің үлесіме Әлемдік және дәстүрлі-ұлттық діндер съезін ашық деп жариялау мәртебесі тиді.
Бүгінгі Съезге әлемнің барлық діндерін қамтитын 17 делегация, сондай-ақ құрметті қонақтар мен халықаралық ұйымдардың мүшелері қатысып отыр.
Мұсылмандардың делегациялары ең биік дәрежеде өкілдік етуде: Дүниежүзілік Ислам Лигасының Бас хатшысы – Шейх Абдалла Бен Абдель Мухсин әл-Турки, Әл-Азһар Жоғарғы имамы – Шейх Мұхаммед Саид Тантауи, "Джамаат-у-Шабаб-е-Ислам" мұсылман ұйымының Президенті – Салман Әл-Хұсаини Әл-Надви, Халықаралық ислам университетінің вице-Президенті – доктор Махмуд Ахмад Гази, Ғылым және жаңа технологиялар Министрлігі жанындағы Ислам заңы және құқығы жөніндегі комитеттің төрағасы Мехди Хадави Могаддам.
Ватикан делегациясын Кардинал Йозеф Томко бастап келді, оның құрамында екі министр бар.
Орыс православие шіркеуіне Мефодий – Апматы және Астана митрополиті, Константинополь православие шіркеуіне – Эммануэль - Франция митрополиті, Англикан шіркеуіне Николас Бэйнс – Крайдон Епископы мен Канон Джонатан Робин Бланнинг Гауф – экуменизм мәселелері жөніндегі Кентерберий Архиепископының Хатшысы өкілдік етеді.
Лютерандық дүниежүзілік одақтан, Лютерандық дүниежүзілік одақтың Бас хатшысы, доктор Ишмаэл Ноко қатысып отыр.
Съезд жүмысына жоғары дәрежеде Бас раввин Йон Мецгер баста- ған иудаизм деяегациясы қатысып отыр. Делегация қүрамында Швейцарияның, Ресейдің, Қазақстанның бас раввиндері, сондай-ақ Еуразия еврейлер конгресінің Президенті бар.
Бүкіл Қытайлық буддистер қауымдастығының делегациясын Цзяму- ян Лосанцзю мэй Тудань-цюэцзинима мен Монғолиядан Азиядағы бейбітшілік жолындағы буддистер конференциясының Бас Хатшысы Тумээхуу Булган басқарады. Бүкілқытайлық даосистер қауымдастығының делегациясына Чжан Цзиюй өкілдік етеді.
Синтоистер делегациясын Синтоистік Храмдар Бас басқармасының Директоры Минору Сонода, индуизм делегациясын Индология және дінаралық үнқатысуды зерттеу жөніндегі институттың Төрағасы, доктор Шантилал Сомайя басқарады.
Рим Папасы киелі Иоанн Павел II және Мәскеу әрі Бүкіл Ресей патриархы киелі Алексий II, сондай-ақ Кентерберий Архиепископы Роуэн Уильямс пен Константинополь Патриархы Варфоломей Съезге өз жолдауларын жіберді.
Мен біздің форумның маңыздылығы және оның жер жүзіндегі бейбітшілік пен келісім үшін мәнін мойындай отырып, қатысушыларға әлемдегі жетекші мемлекеттер мен үкімет басшыларының өз құттықтауларын жолдағандарын жария етуге қуаныштымын.
Олардың ішінде келіп түскен рет бойынша:
Жак Ширак - Франция Республикасының Президенті, Фахд Бен Абдель Әзиз - Сауд Арабиясының Королі, Владимир Владимирович Путин - Ресей Федерациясының Президенті, Джордж Буш - АҚШ Президенті, Тони Блэр - Ұлыбритания Премьер-Министрі, Хосни Мубарак – Египет Араб Республикасының Президенті, Сильвио Берлус- кони – Италия Республикасының Премьер-Министрі, Кофи Аннан – БҰҰ Бас хатшысы, Романо Проди – Еуропа комиссиясының Төрағасы, АҚШ сенаторлары мен конгрессмендерінің тобы, Францияның экс-Президенті Валерии Жикар д’Эстен, Польшаның экс-Президенті Лех Валенса, Ұлыбританияның экс-Премьер-Министрі Маргарет Тэтчер, Германия Федеративтік Республикасының экс-вице Канцлері Ганс-Дитрих Геншер бар.
Құрметті Съезге қатысушылар!
Ең алдымен, Съезд жұмысын бастамас және өз баяндамама кіріспе бұрын, мен Сіздерге жер бетіндегі бейбітшілік пен келісімді мұрат тұтып барлық діндердің, конфессиялар мен халықтардың бірлесуі үшін ерік- жігер, күш-қуат пен даналық берсін деп толғану және Құдайға жалба- рыну үшін бір минуттық тыныштық сақтауды ұсынар едім.
Құрметті Съезге қатысушылар мен қонақтар!
Жетекші әлемдік діндерінің өкілдерін байырғы қазақ жерінде қарсы алу мен үшін үлкен қуаныш және мәртебелі құрмет. Сіздердің біздің шақыруымызды құп алып, осы форумға келіп қатысқандарыңыз үшін өзімнің және көпұлтты халқымның атынан үлкен алғыс айтамын.
Съездің Еуразияның дәл ортасында өтіп жатқанының терең символдық мәні бар.
Ұлы Дала төсі көптеген ғасырлар бойы тәңіршілдік, зороастризм, буддизм, хритиандық, иудаизм, ислам және басқа да діндерді ұстанған халықтардың бейбіт мекені болуымен ерекшеленді.
Бағзы заманнан күні бүгінге дейін біздің жеріміз сауда мен мәдени айырбастар арқылы Азия мен Еуропа арасын байланыстырушы буын қызметін атқарып келеді. Ол бүгін де көптеген халықтар мен діндердің өкілдері үшін туған үйіндей болып отыр.
Біздің Конституциямыздың кіріспесінде көрінісін тапқан: «Біз – Қазақстан халқы...» деп басталатын бірегей әлеуметтік-гуманитарлық феномен туралы мақтанышпен айта аламыз. Есте қаларлық деректі айтқым келеді. Еліміздің оңтүстігінде Қойлық деген он үшінші ғасыр қалашығының орны бар. Осы ежелгі қоныста будда пагодасы, мешіт пен христиандар шіркеуі көрші орналасқан.
Ал бүгінде біздің басқа қалаларымыздағыдай, Қазақстанның жаңа астанасындада Сіздер мешітке, православ храмына, католиктік костелге, синагогаға, ғибадат үйлеріне еркін кіре аласыздар. Уақытты байланыстырушы арқау дегеніміз, міне, осы.
Аталған съезге дайындық барысында мен Астанада Ұлттар сарайын салу туралы ойға келдім. Онда мешіт, шіркеу, синагога, будда храмы болады. Осында Қазақстан Халықтарының ассамблеясы мен барлық ұлттық-мәдени орталықтар орналасады.
Сөз реті келгенде айта кетейін, Қазақстан Халықтарының ассамблеясы біз үшін мемлекеттік-ұлттық саясатты тиімді жүргізуге көмектесетін азаматтық қоғамның бірегей институты болып отыр. Оның қызметін Қазақстан жұртшылығы мойындап, көптеген елдерден және БҰҰмен ЕҚЫҰ секілді халықаралық ұйымдардан жоғары баға алды.
Ұлттар сарайы ансамблі 120-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, еңбек ететін халықтар бірлігінің біздің еліміздегі өзіндік бір символы болады. Бізде қырықтан астам конфессия өкілдері ешқандай кедергісіз қызмет етуде.
Біздің тұрақты даму мен болашаққа деген мүмкіндігіміз, сөзсіз, ұлттық байлығымыз.
Біз сақтап және нығайтып отырған ұлысаралық және конфессияаралық келісім саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардағы табыстарды қамтамасыз еткен, түбегейлі және кең ауқымда қайта құруларды қарқынды жүргізуге мүмкіндік берген іргетас болғандығына сенімдімін. Оларды бүгінде көпшілік мойындаған.
Діни төзімділік, келісім мен ынтымақтастық қағидаларын біз өзіміздің сыртқы саяси қызметімізде де ұстанамыз.
Олар ғаламдық және аймақтық қауіпсіздік, әділеттілік пен прогресс жолындағы көпсалалық, бірігу, ықпалдастық идеяларына негізделген.
Қазақстан – қуаты жөнінен әлемде төртінші орын алатын өзінің ядролық қару-жарақтарынан өз еркімен бас тартқан және әлемдегі ең ірі ядролық сынақ полигонын жапқан мемлекеттердің ең алғашқысы. Бұл басқа халықтар мен мемлекеттер тарапынан мойындалып, жаһандық қауіпсіздікке біздің қосқан лайықты үлесіміз болды.
Алматыда өткен аймақ мемлекеттері басшыларының форумында ұжымдық тұрғыдан ресімделген Азиядағы қауіпсіздік пен сенім шаралары жөніндегі кеңесті шақыруға біздің еліміз бастамашы болды.
Біз осы жылдың ақпан айында Бейбітшілік пен келісім конференциясын өткіздік. Оған әртүрлі конфессиядан көптеген көрнекті дін қайраткерлері қатысты. «Бейбітшілік пен келісімге қарай» Декларациясы қабылданды, Бейбітшілік пен тұрақтылық форумы құрылды.
Қазақстандағы әрбір діни конфессиялардың басшысы өздері басқарып отырған қауымның қайта түлеуі мен рухани өрлеу деректерін қуаттай алады деп ойлаймын.
Міне, бұл – біздің мемлекетіміздің ең басты жетістіктердің бірі деп есептелетінқоғамдағы бейбітшілікті, келісімді және тұрақтылықты сақтауға ұмтылысының нәтижесі болып табылады.
Біз алдағы уақытта да қазақстандық қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің негізін нығайта отырып, қажымай-талмай жанқиярлықпен еңбек ететін боламыз.
Осы айтылғандармен қатар, біз бір мемлекет ауқымында бұл бағытта қаншалықты үлкен күш-жігер жұмсалғанына қарамастан, оған сыртқы факторлар жәрдемдеспесе, тиісті нәтиже шықпайтынын көріп отырмыз және анық сезінеміз. Бұл – ғаламшардағы кез келген мемлекет үшін даусыз шындық.
Қазіргі уақытта халықтардың, діндердің, мемлекеттер мен үкіметтердің өзара сындарлы іс-қимылы мен бейбіт қатар өмір сүруі туралы мәселе айрықша маңызды. Ол таза теориялық көзқарастан маңызды тәжірибелік міндеттердің қатарына өтті.
Сондықтан көптеген саяси және дін қайраткерлерінің күш-жігерлерімен бағзы заманнан бүгінге дейін үзілмей келе жатқан діндер, мәдениеттер, өркениеттер арасындағы сұхбатты жалғастыру аса қажетті болып табылады.
Бізге оқиғалар мен құбылыстардың әлемдік өлшемге сай, аймақтық және мемлекет ішіндегі терең сындарлысараптамасы керек.
Мұндай сараптамалар адамзат қауымдастығын келешектегі әрқилы саяси, экономикалық, діни және әскери экстремизмнен сақтандыруға, «күрішті күрмектен тазартуға» сөзсіз көмектеседі.
Осындай талдаулар қазіргі әлемді жайлаған «оңай шешімге» қызыққан, ізгілікке қарсы идеялардың енуіне дауа болатынына күмәнданбаймын.
Мен, осыған орай, қазіргі заманның кейбір мәселелеріне байланысты көзқарастарым жөнінде форумның мәртебелі қатысушыларымен бөліскім келеді.
Біріншіден, соңғы жылдары орын алып отырған «өркениеттер қақтығысы» және «діндер дағдарысы» тақырыптарына қатысты ой-пікірлер негізсіз деп санаймын.
Керісінше, адамзат әлемдік құрылымдағы радикалды өзгерістердің, дүниежүзіндегі миллиардтаған адамдардың технологиялық жаңалықтарға бейімделуіндегі қиындықтардың, ғаламдық нарықтың қатал талаптарының тұсында діни ақиқаттан жауап іздеуге жаппайқайта оралды. Себебі, адами-этикалық өлшем бойынша оларды ешнәрсемен салыстыруға болмайды.
Еуразияның орталық бөлігінің ерекшелігі сол, бұл жерде дін – көптеген халықтардың ұлттық шоғырлану факторына айналған.
Ондаған жылдар бойы осынау ұлан-ғайыр кеңістікте ар-ождан бостандығы мен адамдардың діни парыздарын орындау жолындағы дәстүрлеріжасанды жолмен үзілгенін де ұмытуға болмайды. Біз дін туралы жаңа заң қабылдағаннан кейін дін қайта түлеп, барлық діни қауымдарға келушілердің саны күрт артты, бұл – қуанарлық құбылыс.
Дін –жаһандану дәуірі орнағанға дейін де ізгілік пен мәдени сұхбат идеясын сақтап, жеткізіп келе жатқан жалғыз ғалами құбылыс екені анық.
Діннің рухани күшімен қоса халықаралық ынтымақтастықтың жұмыс істеу институты да бола алатыны анық. Сондықтан жер-жерде және аймақтарда қақтығыстар саны артып, қазіргі кезеңде олардың біразы этнодіндік мазмұнға ие болып отырғанда діннің осындай ерекше мүмкіндігін пайдаланған маңызды.
Саяси үйлестіру әдістері іске аспай отырғанда, Құдай сөзі бітімгершілік пен үміттің жалғыз ғана құралы бола алады. Біздің қазіргі астаң-кестең әлемімізде адамгершіліктің аса жоғарғы үлгілеріне негізделген діни дәстүрлердің ролін басқашабағалау мүмкін емес.
Өкінішке орай, біз діннің адамдарды саяси әрекетке жұмылдыру мүмкіндігінің қазіргі әлемде игі мақсатқа жұмсалмай отырғанының куәсіміз.
«Қасиеттілік» деген ұғымның мазмұны бұрмалануда. Оның мазмұнын дұрыс түсіндірмегендіктен, адами қағидалар моральмен, адамгершілікпен, ізгілікпен, кез-келген діннің негізгі ережелерімен үйлеспейтін іс-әрекеттерге, жеккөрушілікке жетелейді.
Бұрыннан бар мәдени-өркениеттілікке және діни көптүрлілікке идеологиялық, саяси реңк беругежол бермеу керектігін мәлімдейтін уақыттың жеткеніне сенімдімін.
Біз, енді жалған діни сипаттармен түсіндіріліп, доктринаның бетпердесімен бүркелген зорлық пен зомбылық актілерінің ақиқат мәнін танып, ажыратабілуді және әшкерелеуді үйренуіміз керек.
Екіншіден, қазір «өркениеттердің қақтығысы» туралы емес, «өркениеттердің тоғысуы» туралы айтқан жөн. Адамзат қазіргі тарихи кезеңде,менің ойымша, болашақта да әлемдік қауымдастықтағыөмір сүрудің мәдени-діни жүйесінің бірегей жәнеәмбебап өркениетті үлгісін жасай алмайтындықтан,«ақырзаманның»ешқандайбелгісі байқалмайды.
Меніңше, бұлардың бәрі – «түс көруден» туындаған аңыздар мен жалған мақсаттар. Және мұны әрбір саналы саясаткер, әрбір мемлекет және дін қайраткерлеріұғынуы керек.
Менің терең сенімім бойынша, кез-келген жекежүйе жалпы адамзаттың ғана емес, тіптен оның бір ғана бөлшегінің тұрақтылығын, тепе-теңдігін және дамуын қамтамасыз ете алмайды. Ол әрқашан өзіндегі қақтығыс пен жарылыс қаупін бүркеп отырады. Көпқырлылық, көпұлттылық пен көпконфессиялық бірлік –ең сенімдітұжырым.
Маңызды және терең тарихы бар, өзіндік бейне мен ділге ие басқа да өркениеттердің, мәдениеттердің, діндердің бар екендігін мойындап, олармен санасуымыз керек. Мұны ешқандай ерікті және күш қолдану әдістерімен бұзуға болмайды.
Қазіргі кезде әлемде өркениеттер қақтығысы емес, мәдени-діни жүйелердің жаңа өмірге, жаңа технологияларға, жаңа қоғамдық қатынастарға бейімделуі жүріп жатыр.
Жаһандану мен қазіргі технологиялар қоғамдық-саяси жүйедегі өндіріс секілді заман талабына сай үнқататынын біздің барлығымыз түсінеміз.
Қоғам кемшіліктердітүбірімен жоймағанымен, барынша азайта алады, бірақ олардың барлығы бойына тек игілікті ғана сіңірмей, адасушылық та қатар жүреді.
Материалдық игілікпен мүлдем байланысы жоқ,адам үшін басым және негізгі болып қала беретін даусыз құндылықтар бар.
Олардың бастысы – руханилық, өнегелілік.Дін– әр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық және діни дәстүрлерінің, тарихи әрі мәдени төлтәжірибесінің негізгі сақтаушысы.
Үшіншіден, менің көзқарасым бойынша,жаһандық қауіп-қатерлерге толы ХХІ ғасырдамемлекет пен дінде, азаматтық қоғамда ізгі еркіндіктің көріну тәсілдері мен ерекше әрі біртұтас стратегиясы бар.
Ол – бейбітшілікті сақтауға, келісімге, өзара түсіністікке, елдер, халықтар мен конфессиялар арасындағы ынтымақтастыққа жетуге бағытталған үндеу мен әрекет.
Біздің кезеңніңлаңкестікпен, көпшілікті қырып-жоятын өзге де қарулардың таралуымен, есірткі саудасы және оның салдарларымен, экологиялық апаттармен, өте ауыр физикалық және әлеуметтік кеселдер секілді бүкіләлемдік зұлымдық көріністерімен күрестетек сабыр мен серіктестік арқылы жеңіске жете алмақпыз.
Сондай-ақ, бұл – қоғамның жоқшылық көріп отырған топтарына қатысты мейірім мен қайырымдылық.
Менің көзқарасым бойынша, аталған мәселелералдағы уақыттаүкіметтердің, халықаралық ұйымдардың, барлық бүкіләлемдік қоғамдық институттардың қызметінде маңызды орын алуы тиіс.
Әрине, осы ретте бүкіләлемдік және дәстүрлі-ұлттық діндер өздерінің салмақты рөлін атқаруға міндетті
Конфессияаралық сұхбат мәдениетінің қалыптасуына Қазақстан жеріндегі кездесу өзінің зиялы үлесін қоса алар еді.
Біздің пікірімізше, сөз осындай сұхбаттасулардың айқындалған тәртібі мен нормаларының қалыптасуы жөнінде,кеңесулерүшін кездесу жүйесін құру туралы болуымүмкін.
Сонымен қатар, бізгетүбегейлі мақсат қоюдың керегі жоқ және оның қажеттілігіде жоқ деген менің пікірімді сіздер бөлісерсіздер деп сенемін. Ұлы діндердің негіздерін құрайтын айырмашылықтарды жойып, біртұтас діни кеңістік жасау мүмкін емес.
Алайда, қазіргі қайшылықтарға қарамастан, тұрақты сұхбаттастықтың құндылығы –әлдебір «алтын ортаны» іздеу үрдісі мен мәнін сақтаудан тұрады. Еңбастысы,сұхбаттастық – бейбітшілік пен келісім аймағынқұрады, үйлесім мен айқындық уақытын жасайды. Бұдан мен діни сұхбаттың күмән келтірмейтін құндылығын көремін.
Осыған орай, мен Діндер форумын тұрақты түрде өткізу жөнінде барлық діндер мен конфессиялар өкілдеріне үндеу жасаймын.
Осындай институтты құру дінаралық диалогтың негіздерін нығайтып, діни қайраткерлер мен діндарлардың арасындағы жасампаз байланыстарға жүйелілік береді.
Бұл–болашақтаәлемдегі дінаралық ширығуды бәсеңдетуді, руханиятты, бейбітсүйгіштікті және төзімділікті насихаттауды мақсат ететін халықаралық ұйымның іргетасы бола алады.
Біз, сондай-ақ, Діни төзімділік хартиясын дайындауға алғашқы қадам жасай аламыз. Бүгінде діндердің бейбітқатар өмір сүру қағидаларын белгілеп қана қоймай, олардың арасындағы жасампаз сұхбаттастықтың тиімділігін дәлелдейтін құжат өте қажет.
Біз Діндердің біртұтас мәдени орталығын құру туралы да ойлана аламыз. Бұл идея ойымда бұрыннан бар және бүгін оны нақты іске асырудың уақыты келіп жетті.
Егер діни қайраткерлер бұл істе бізге сенсе, онда сіздердің қолдауларыңыз бен қатысуларыңыз арқылы біз бұл маңызды да кезек күттірмес мәселелерді шешуге кірісуге даярмыз.
Құрметті съезд қонақтарымен қатысушылар!
Съезге қатысқандықтарыңыз бен қазіргі әлемдік мәселелерге терең ықылас білдіргендеріңіз үшін Сіздерге тағы да үлкен алғыс айтамын.
Мен бүгінгі рухани басшылардың өз сенімдерін адамдарға біржақты бұрмаламай, таза, түсіністікпен, жауласу пен ашу-ыза құралына айналдырмай жеткізулерін олардыңжоғары мұратыдеп білемін.
Мен сіздердің барлықтарыңыздың нағыз сенімнің, ақиқаттың, ізгілік пен мейірімділіктің сәулесін бойларыңызға ұялатқандарыңызды білемін. Сіздердің шындығында ұлан-ғайыр, кейде лайықты бағалана бермейтін еңбектеріңіз үшін барлығыңызға бас иемін.
Сіздерге бақыт пен ізгіліктілеймін!
Ықыластарыңызға рахмет.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІНІҢ БІРІНШІ СЪЕЗІНІҢ ЖАБЫЛУЫНДА
СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ
24 қыркүйек 2003 ж.
Құрметті Съезге қатысушылар мен қонақтар!
Біздің бірлескенфорумымызбен кездесуіміз көзді ашып-жұмғанша өте шықты. Олар көңілге қонымды әрі жемісті өтті. Біз сіздермен өркениеттер, конфессиялар, елдер және халықтар арасындағы келісімді нығайту мен келіссөз тәжірибесінорнату жолында тағы бір өте маңызды қадам жасадық.
Біздің пікірлесулеріміз бен талқылауларымыздың нәтижесі адамдардың бейбіт және лайықты өмір сүруі үшін, әр түрлі діндер мен ұлттардың болашағы үшін ынтымақтастық идеясынпаш етті.
Әр түрлілік – бұл кемшілік емес, керісінше, Құдайдың баға жетпес сыйлығы, оның арқасында нағыз өзара баю, нағыз даму жүреді. Әр халық қайталанбас, тек өзіне ғана тән дәстүрге, тарихқа, ойлау қабілетіне ие. Әрқайсысы адамзаттың рухани мәдениетіне өзінің ерекше үнін қосады.
Сіздердің назарларыңызды түрлі жалған діни бірлестіктердің санының өсуі мен әсері сияқты тағы бір проблемаға аударғым келеді. Олар әр елде бар және қазіргі замандағықиыншылықтарды негізіненсолар туындатуда.
Олардың көпшілігі қазір сән болып кеткен жасандылықпен сұрқия идеяларды уағыздап, ізгіліктен ада істерді жасауда.Нәтижесінде діни тұрақтылықты, азаматтық қоғамды ғана емес, мемлекетті де бұзуы мүмкін.
Біз бұндай ұйымдарға қарсы тұрып, олардың іс-әрекетіне тыйым салып, азаматтарымызды олардың теріс ықпалынан қорғауымыз керек.
Біздің бәріміз үшін, барлық әлемдік, дәстүрлі - ұлттық діндер үшін ортақ адамгершілік пікірлердің жоғалмайтын өзектілігі барынша айқын бола түседі.
Осы съезде түрлі тілде түрлі дін қайраткерлеріайтқан шындықтарды еске алайық:
–«барлық жалпыадамзаттық өмір жалғыз Құдайға бағынышты» – ислам өкілінің сөзінен;
–«біздің арғы атамыз бір – Авраам»- иудаизмнен;
–«өз жақыныңды өлтіре көрме»- буддист айтқан;
–«бейбітшілік пен келісім өзіңмен және табиғатпен үйлесімділік арқылы»- Дао дінінен;
– «ол өзге дін өкілі болсын немесе тіпті кәсіп болсын – өзгеге көмектес»- православиелік христиандық;
–«әлем – Құдай сыйы, біздің кездесуіміз де – Құдай сыйы» - Ватикан діни қызметкері атап өткен.
Яғни, біз тағы бір рет барлық конфессиялардың сенім, төзімділік, келісім және адамды сүю арқылы бейбітшілікті уағыздайтындығына көз жеткіздік.
Сіздермен біздің осы ортақ пікіріміз – әлемдік дәстүрлі діндер уағыздайтын түрлі халықтар мен өркениеттер келіссөзінде байланыстырушы түйін болғандығын тағы бір растады.
Бізге қазір түрлі дін өкілдерінің ұзақ та тарихы бай өміріндегі жинақталған жасампаз тәжірибелерін пайдалану барынша маңызды.
Біздің барлығымыздың Құдайға барар жолымыз – бір. Түрлі діндер арасында барынша белсенді келіссөздер жүргізудің уақыты келді.
Біз беделді рухани лидерлер мен қарапайым діндарлардың біріккен жігерін танытатынтұрақты халықаралық конфессияаралық ұйым қажеттігін сезінеміз.
Осы қызметті әлемдік және дәстүрлі – ұлттық діндер форумы атқара алады деп сенемін.
Дін ХХІ ғасырда уағыздау мен дамудың көзі бола ала ма?
Осы екі күн ішіндегі біздің бірлескен жұмысымыз көзі бола алатындығын көрсетті деп ойлаймын.
Біз қарапайым әрі шынайы бір шындықты түсінуіміз керек – біздің барлығымыз қазіргі заманда өзара тәуелдіміз. Және осы өзара тәуелділік кез келген толқу пен өзгеріске барынша нәзік және сергек тетік болып табылады.
Біздің жалпы үйіміз – біздің ел ғана емес, біздің барлық Жер шарымыз екені маңызды.
Және біздер балаларымыздың, немерелеріміз бен шөберелеріміздіңтыныштықта, сау ортада, өзге халықтармен, конфессиялармен келісімде өмір сүруін, соғыс пен жоқшылықты көрмегенін қалаймыз.
Біздің іс-әрекетіміз, біздің құлшылық етулеріміз және жан ашу сезімдеріміз Жер шарының ыстық нүктелеріндегі, түрлі наразылық аймақтарындағы миллиондаған адамдардың қасіреттері тоқтайтын ашық уақытқа жақындауымызға көмектеседі деп сенемін.
Біздің барлығымыз үшін Таяу Шығыста көптен күткен бейбіт өмір келетін, Балкандағы, Оңтүстік Азиядағы кейбір өңірлерде, Африка континентінде және өзге жерлерде шиеленістер тараған күн бақыт пен игілік күні болады деп үміттенемін.
Өз сөзімді аяқтай келе, біздің құрметті қонақтарымыз – делегация басшылары мен өкілдеріне олардың осы жұмысқа белсене араласқаны үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді.
Осы күндері біздің атымызға көптеген хат, жеделхаттар, электрондық пошта арқылы хабарламалар әлемнің түкпір-түкпірінен келді.
Осыған байланысты осы Форум идеясын және діндер арасында келіссөздер қажеттігін құптаған мемлекет басшыларына, саяси және қоғамдық қызметкерлерге, түрлі елдердің қарапайым адамдары мен қазақстандықтарға ерекше алғысымды білдіремін.
Маған сезілгендей Төзімділік, Шындық, Әділдік және Махаббат сияқты мәңгі шындықтар жолын ұстаушы біздерді растайтын формуланы жасадық деп ойлаймын.
Бұл біз қабылдаған Декларацияда көрініс тапты.
Біздер дін атын жамылған,дінді шынайы түсінумен ешбір ортақтығы жоқ экстремизм, сепаратизм, терроризм және зомбылықтың өзге түрлері адамзат үшін қауіп болып табылады деген ортақ пікірге келдік.
Біздер дінаралық келіссөз қоғамдық дамудың және барлық халықтардың игілігін арттыруда маңызды тәсілдердің біреуі болып табылатындығын таныдық.
Біздер адамзат бейбітшілігі мен алға дамуын, қоғамда тұрақтылықты келешектегі үйлесімді әлем негізі ретінде қамтамасыз ету ісінде барлық күшімізді жұмылдыруға дайын екендігімізді көрсете білдік.
Мен келесі Съезді дайындауға бізге көрсетілген сенім үшін осы форумға қатысушылардың барлығына алғысымды айтамын.
Бұл өздігінен Бейбітшілік пен келісім аумағын, үйлесім мен айқындық уақытын құру тетігі ретінде тұрақты дінаралық келіссөз идеясы іске асып келе жатқандығын көрсетеді.
Өз елдеріңізге жеткеннен кейін Астанадағы кездесуді ұмытпайды, хабарласуды, пікір алысуды және бейбітшілік пен келісімді дамыту, шиеленістер мен қақтығыстарды шешу бойынша күнделікті жұмысты жалғастырады деп сенгім келеді.
Егер біз өз қауым мүшелерімізге, біздің елдеріміздің азаматтарына осы жердегі әңгіме мәні мен негізін жеткізе білсек, осымен бейбітшілік пен келісім ісіне үлкен үлес қосамыз.
Біздің Съезді бірге қабылдаған Декларация сөздерімен аяқтаған дұрыс деп ойлаймын: біздің ісімізге Алла жар болсын, Жер шарының барлық халқына әділдік, бейбіт өмір және гүлденіп даму сый болсын.
Сіздер мен сіздердің елдеріңізге құт дарысын. Сіздерден қатер мен қайғы айналып өтсін. Сіздердің күндеріңіз адамдар игілігі, бейбітшілік және тұрақтылық туралы тілекке толы болсын!
Барлықтарыңызға ақ жол!
Келесі кездескенше!
* * *
ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІНІҢ ЕКІНШІ СЪЕЗІ
_____________________________________________________________
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІНІҢ ЕКІНШІ СЪЕЗІНІҢ АШЫЛУЫНДА
СӨйЛЕГЕНСӨЗІ
12 қыркүйек 2006 ж.
Құрметті әлемдік және дәстүрлі дін басшылары, съезд қонақтары!
Тұңғыш рет әлемдік дін басшыларының басын қосып, алғашқы съезімізді өткізгенімізге үш жыл да өте шығыпты. Қайыр-шапағаты мол сол бір кездесудегі уағдаласуымыз бойынша біз бүгін Еуразия кіндігі саналатын Қазақстанның жас елордасы – Астанада тағы да жүздесіп отырмыз. Бар күш-жігерін әлемнің әр түкпіріндегі алуан түрлі халықтарды бейбітшілікке, қайырымдылыққа, татулыққа шақырып, дүниеге ізгілік нұрын таратып жүрген Сіздермен кездесіп отырғаныма бек қуаныштымын.
Естеріңізде болар, сол жолғы бас қосуда келесі кездесуімізді жаңа Бейбітшілік пен келісім сарайында өткізу туралы шешім қабылдаған едік. Мен Сіздерге берген сол уәдемді орындап, аты әлемге әйгілі архитектор Норман Фостердің жобасымен осы ғажайып Сарайды салдырып, қазақ жеріне «Қош келдіңіздер!» деймін.
Сарайымыздың төрт тағаны дүниенің төрт бұрышына бірдей айқара есік ашқан. Бұл ғимарат әлемнің әр тарабындағы барша ұлттар мен дін өкілдеріне дос құшағын ашқан тәуелсіз Қазақстанның символы іспеттес. Өйткені тәуелсіздік жылдары Қазақстанды мекендейтін 130-ға жуық ұлт пен 40-тан астам діни конфессиялар арасында татулық, өзара келісім берік орнықты. Соның арқасында біз дамудың қазақстандық моделін ойдағыдай жүзеге асырып, экономиканы реформалауда зор табыстарға қол жеткіздік.Ядролық қарудан бас тартып, Қазақстанды бейбітшілік аймағына айналдырдық. Барлық көршілерімізбен тату қарым-қатынас орнатып, жаһандық қауіпсіздікті сақтауда өңірдің көшбасшысы атандық. Осының бәрі бізге бар ғұмырын әлемдегі алуан дінді ұстанған халықтарды тыныштық, бітімгершілік, татулық пен келісімге арнаған Сіздер сияқты дін басшыларын шақырып, келелі кездесу өткізуге мүмкіндік туғызып отыр.
Осындайлық өкілетті форум Астана аспанының астында осымен екінші рет өткелі отыр. Мен Сіздерді құттықтаймын және біздің мәртебелі қонақтарға өзімнің ықыласым мен алғыс сезімімді білдіргім келеді. Біздің бірінші форумда салынатыны туралы мен айтқан Бейбітшілік жөне келісім сарайы бүгін алғаш рет сіздерге есігін айқара ашты.
Осында, Астанада, 2003 жылы болған Әлемдік жөне дәстүрлі діндердің бірінші съезі бүкіл әлемнің назарын аударды. Оған дейін конфессиялардың өкілеттігі жөнінен сондайлық әмбебап форум болған емес. Астанадағы сол жолғы кездесу діндердің жаһандықүнкатысуы, өңірлікте, сол секілді өлемдік те ауқымдағы түрлі форумдар, конференциялар үшін айтарлықтай серпін берді.
Бүгін біз Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің екінші съезінашып отырмыз. Егер үш жыл бұрын біздің форумға 17 конфессиялық делегация қатысқан болса, бұл жолғы Съезге енді 29 делегация қатысуда. Бұл өзгеріс атап айтарлықтай және біздің форумның беделініңөсе түскенін бейнелейді. Ол біздің өзара түсіністік, қазіргі дүние туындатып отырған күрделі сұрақтарға жауаптарды бірлесе іздеу жолымен келе жатқанымызды білдіреді.
Бірінші форумнан бері өткен уақытта дінаралық үнқатысудың мәні тек қана өсе түсті. Өкінішке орай, осы жылдары әлемнің барлық дерлік континенттерінің аумағында болған көптеген қайғылы оқиғалар сандаған жанжалдарды бір ғана саяси немесе күш қолдану шараларымен шешу мүмкін еместігін тікелей де тиянақты түрде көрсетіп берді.
Бұл ғана емес, «Құдайды іздеу» пердесін жамылып, барша ұлы ұстаздар айыптайтын шын мәніндегі үрейлі әрекеттер жасалуда. Екінші жағынан, белгілі бір дінді агрессияшыл деп айыптаудың біржақты әдеті айқын әлпетке көшті.
Осынау өзара үзілді-кесілділік бәсеңдейтін емес. Дегенмен өркениетті адам – бұл кейде өз көзқарастарына күмән келтіріп, жағдайға басқа көзбен қарауға қабілетті адам. Мұның өзі кей кезде саясатшыларда жетісе бермейді. Бірақ та жаңағыдай қасиеттер биік руханият адамдарын, оның үстіне бүтін осынау тамаша залда отырған адамдарды әрдайым даралап тұрады.
Біз кей-кейде бір ұлы діни қағидат туралы, ой-ниетте, сөз бен әрекетте күштемеу қағидатытуралы ұмыта береміз. Бірақ та осынау бағзы қағидаттың астарында әбден осы заманғы нәрселер тұрады.
Адамның ой-ниеттерге, көңіл-күйге, алаңдаушылықтар мен күмәнданушылықтарға толы ішкі жан-дүниесі – бұл рухани жан-дүние, діни ізденістер жан-дүниесі. Күн күркірегендей жаңғырығы бар телевизия, интернет пен баспасөз – бұл сол баяғы сөз. Ал әрекет – осы ой-ниеттер мен сөздерді іс-қимылға айналдыратын саясатшылардың саласы. Діни доктрина деңгейінде, медиа құралдар деңгейінде және саяси іс-әрекет деңгейінде күштеуден бас тарту ғана осы заманғы дүниеде аман қалудың нақты негіздері болып табылады.
Солай болса-дағы барлық үш деңгейде өсіп бара жатқан агрессияшылдық айқын байқалады.Дінқайраткерлері бірдінніңекіншісінен артықшылығытуралышындап байсалды пікір білдіре бастаса, оңдажанжал әу бастан қалыптасқаны айқын болады.Бұқаралық ақпарат құралдарыбасқа діндегілердің қасиетті сезімдерін қорлауды ұшындыра түссе, ондабұл журналистердің ерте ме, кеш пе өз нанымдарыныңқорлануыменбетпе-беткелетіні айқын болады.Саясатшылар этнодіни жанжалдарды шешудің күштеуәдісін қолдануға еш шімірікпестен бұйрық берсе,соғыс олардың өз үйлерінің табалдырығына келетіні айқын болады. Бұл үштағанда агрессияшыл жақ болмауы тиіс. Бірақ та оның негізіндегі дін қайраткерлерінің ұстанымында агрессияшылдық жоқ болуы тиіс.
Жанжалдарға толы әлемдегі осы заманғы үнқатысу көп ретте саңыраудың мылқаумен үнқатысуын жиі еске салады. Мұнда үнқатысуға деген еш мұқтаждықжоқ, содан кейін тараптар тағы да өзінің даусыз дұрыстығына сеніп тарасады.
Меніңше, түрлі салаларда жұмыс істеп жатқан қағидаттар бұл салада да жұмыс істей алар еді. Меноларды түсіністік қағидаттарыдепатар едім.
Бұл әлі үнқатысу емес, бұл оны бастау үшін негіз. Бірақ та мұндай негіз болмаса, кез келген үнқатысу уақытты зая кетіруге айналады.
Біріншіден, алдын ала кесіп-пішусіздік,өзарақабылдаудың ғасырлар бойы қалыптасқан қасаңдықтарынан бас тарту.Келеңсіз касаңдықтардан бас тартпайынша, үнқатысуға кірісудің қажеттігі жоқ. Қазақстанның ұзақ та қасіретті тарихында қаскөйлік пен қантөгістің мысалдары аз емес. Жиырмасыншы ғасырдың алғашқы отыз жылында қазақтардың үштен біріне жуығы қырып-жойылды, сұмдық қиын жағдайларда опат болды немесе шетелге эмиграцияға кетті. Мұның бәрі біздің есімізде, бірақ та мұны өшпенділік пен өштесудің тақырыбы жасаған емеспіз. Тарихи қасаңдықтардың қауіптілігі көп ретте мынада болады: олар тіпті өділ бола тұра ізгілікке емес, жауыздыққа шақырады. Бүгінгі дүниеде жаңа түскен жарақаттар мен құрбандықтар тым көп. Бірақ та мендегі саясатшы тәжірибесі бір нәрсе туралы өз қасаңдықтарыңнан өте алу қажеттігі туралы айтады.
Екіншіден,басқаның тылсымсаласына баса-көктеп кіруден саналы түрдебастарту.Біреу үшін қасиетті нәрсе басқа біреу үшін әзіл немесе келемеж тақырыбы болмауы керек. Бұл – қарапайым қағида, өкінішке орай, оны журналистер мен саясатшылар ғана емес, сонымен бірге басқа діндерге қатысты өз сөздеріне немқұрайды қарайтын дін қызметшілерінің өздері жиі бұзады.
Біз Қазақстанда 40-тан астам конфессияның өкілдері бейбіт қатар өмір сүруде деп жиі қайталаймыз. Және бұл жай айтылған сөз емес – соңғы 15 жылда сіздер бір де бір қазақстандық газеттен немесе телеарнадан белгілі бір дінді ұстанушылардың сезімдерін қорлауды көре алмайсыз. Бұған ел Конституциясы тыйым салады. Бұл ретте осы жылдары ешкімді жазалауға тура келген жоқ. Жауабы мен түсініктемесі қарапайым ғана – қоғамда тұтастай алғанда барлық діндарларға төзімділік пен түсіністік ахуалы қалыптасты.
Үшіншіден, әлемдік және дәстүрлі діндердіңжаңа, қалыпты емесқатерлергебірлескен жауабы.Егер саясат әлемінде мұндай қалыпты емес қатерлер лаңкестікпен, жаппай қырып-жою қаруының таралуымен, трансшекаралық қылмыспен байланысты болса, рухани дүниеде бұдан әлдеқайда іргелі қатер туындауда. Бұл – мыңжылдық рухани дәстүрлерден қолүзушілік. Бұл құбылыс сенім-нанымға қарамастан, барлық континенттерде болып жатыр. Бұл – жиырмасыншы ғасырдың байырғы бейбіт секуляризмі немесе қарабайыр атеизмі емес.Бұл – әлемдік діндердің дәстүрлерімен байланыстыруханият тұрпатын түбегейлі жокқа шығарушылық.Осы заманғы діни институттардың негізінбұзыптастауы мүмкін бұлқатердітүсінбеушілік даудыңәлдеқашан жоғалтқан өзектілігін туындатады.Осы заманғы әлемдегі рухани ахуал өте өзгермелі және қалай дегенде де қоғамның бір бөлігі болып табылатын діни институттар жаңа тәуекелдерді және өз болмыстарының ең негіздеріне төнетін қатерлерді ескеруге мөжбүр.
Бұл қағидаттар өзіндік біртүсіністік өзегінқұрай алар еді.
Адам қызметінің кез келген саласында кейбір ең ортақ қағидат бар. Өзінің формасы жағынан саяси үнқатысуға жақын, бірақ та мазмұны бойынша шексіз терең діни үнқатысу саласында мынадай айқындама сондай қағидат бола алар еді:«Үнқатысу үшін негізді құдіреттіктегі пенделік арқылыемес, пендедегіқұдіреттік арқылыіздеу».Бұл қағидаттың бүкіл абстрактылығына қарамастан, ол өте маңызды.
Шын мәнінде көптеген діни доктриналардың сыйыспаушылығы құдіреттіктен емес, пенделіктен туындаған. Бүкіл әлемдік діндердің Құдайдың жалғыз екендігін мойындауы мұны айқын көрсетіп отыр.
Басқа да себеп бар. Барлық ұлы діндер елеулі рухани өзгеру, Құдай алдында адамның өзінің кішкентай «менін» ұмытуы туралы айтуда.
Ақырында, барлық ұлы рухани ұстаздар өркөкіректіктің, бәрін де білемін деген өркөкіректіктің айрықша қауіптілігі туралы айтқан. Құдай сөзін адамдарға бәрінен де жақсы жеткіземін деп кім айта алсын? Меніңше, мұның өзі нақ сол күнә болып шығады.
Практикалық тұрғыда бұл қағидаттың ерекше рөлімынада, өз дінінің басты құндылықтарын бұзбастан, қалай болғандада дүниеге басқа руханиперспективаларды ескере отырып қарау керек.Саясатшылар өздерінің іс-қимылдарында кейбір терең діни постулаттардың, оларды түсінгендеріне немесе түсінбегендеріне қарамастан, жетегінде кететініне әбден сенімдімін. Сондықтан әлемнің діни лидерлерінің басқа діни жүйелерден пенделікті емес, құдіреттікті іздеу қағидатын ұстануға әзірлігі әлемдегі әлдеқайда ізгі саяси іс-қимылдардың негізі бола алады.
Діни төзімсіздіктің өсуі – бір жағынан жаһанданудың нәтижесі. Түрлі мәдениеттер мен діндердің орасан зор болмыстары тікелей қатынасқа түсті. Бәрі көші-қон, телевизия, мәдени модельдер арқылы араласып кетті. Жаһандану жаһандық экономикалық әділетсіздікке көзімізді ашты.Миллиардтаған азып-тозған адамдаросы заманғыәлемде қалай өмір сүруге болатынын көрді және оларешқашан солай өмір сүрмейтінін түсінді.
Осындай жағдайда өзіндік бір «рухани қашу» жүріп жатыр. Бірақ та бұл «Құдайға қашу емес», «нақтылықтан қашу» еді. Бәрі де, дін Құдайды іздеу емес, өзіңнің осы заманғы әлемге, оның әділетсіздігіне деген жеккөрушілігіңді ақтаудың айқындамасын іздеуге айналғанда, жаңа мәдени талдырумен аяқталуы кәміл. Уақыт шынында да кері кетуі мүмкін. Бір ғана саяси акциялармен осынау жаһандық мәдени тығырықтан шыға алмайсың. Мұнда рухани ұстаздардың рөлі шешуші болады.
Халықты саяси жұмылдыру үшін дінді пайдалану – бұл тарихта сан рет қайталанған қадам. Әрдайым қасіретпен аяқталған қадам.Әлемдік және дәстүрлідіндерлидерлерінің айрықша жауапкершілігі мынада, діни уағыздар саяси жанжалдарға бастамасын, олардымемлекеттік құрылымдар мен астыртын ұйымдарөздерінің құдірет ісінен алыс міндеттерін шешу үшінпайдаланбасын.
Кез келген шынайы мәдениеттің негізінде Құдайға табыну жатыр. Нанымға негізделген мәдениеттер мыңдаған жылдар бойы тарихтағы өзінің жанды сөзін сақтаған. Кейбір тұрғьда өзіңнің діни рухыңды сақтау тарихта тұтас халықтарды сақтаудың кепілі болады. Әлбетте, дүние ешқашан бір өркениетті жобаның негізінде құрылмайды. Біздер, саясатшылар үшін тарихтың, соның ішінде осы заман тарихының бұл түйінді элементін түсіну өте маңызды. Дүние жаңа ғасырдың алты жылындағы ауыр күйзелістерден кейін, жаһандық лаңкестіктен кейін, көз алдымызда өсіп бара жатқан ядролық қарудың таралу қатерінен кейін, аса ауыр адам кұрбандықтарынан кейін жай ғана бір фактіні түсінуге жеткен сияқты. Атап айтқанда, дүниеніңмәдени және діни саналуандылығы бұл нақтылық, оны адамзат баласының болмысы ретінде түсініп,қабылдау керек. Саясатшылардың кезкелген басқа көзқарасы дүниеде жарылыс туғызуы мүмкін.
Бір мәдени дәстүрдің өз құндылықтарын басқа мәдениеттерге таңу ниеті, басқаның сызғыштары бойынша қоғамдық қатынастарды құру әрекеті ешқашан өзара түсіністікке жеткізбейді. Керісінше, мұндай қатал мәдени жаулаушылық одан кем емес қатал қарсылықты туғызады. Басқа халықтардың тарихи дәстүрлеріне деген кұрмет қана, өркениеттердің, діндер мен халықтардың қатынасындағы әділдік пен шынайылық қана келісім мен имандылық әлемін кұруға қабілетті.
Адам деген өзінің шешілмеген мәселелерін көк жүзіне апарып тіреп қоюға бейім тұрады. Сонымен бірге қоғамның да тұтастай алғанда кәдуілгі жайлардың өзіне діни сипат беретін кездері көп.Діндер арасындағы жанжалдармен қарама-қайшылықтар делініп жүргендердің көбі мемлекет арасындағы, экономикалық топтар арасындағы, нақты саясаткерлер арасындағы жанжалдар болып келеді. Дін – адамның ішкі жан-дүниесіндегі тылсым сөз, ал оны адамдар арасындағы қоғамдық келісім деп атап жатады.
Дінаралық үнқатысуға қол жеткізу үшін бүгінгі күннің мөселелерінен бойды аулақ салуға болмайды. Егер бұрын әңгіме діндердің тарихтың ұзына бойында кейде келісіп, кейде кетісіп жүруі жөнінде қозғалса, қазіргі әңгіме діни және зайырлы әлемдердің жаһандық үнқатысуы жөнінде қозғалып отыр.
Осы заманғы қоғам ұзақ эволюциялық даму барысында аса байыпты үш қағидатты қалыптастырды. Олар – жеке тұлғаның ішкі бостандығы, меншіктің қорғалуы, қоғам мен мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау. Алайда бұл қағидаттарды мойындамайтын саяси идеологиялар да бар. Бүгінгі дәуірдің көптеген геосаяси қиян-кескі шайқастары осы қарама-қайшылыққа шырматыла байланған. Мәселе діндердің жанжалында емес, дінге қатысы жоқ құндылықтардың жанжалы жөнінде болып отырғанын мойындайтын уақыт жетті.
Қазақстан өзінің нақтылы саясатында адамның ішкі бостандығы ғана конфессияаралық төзімділіктің шарты екенін басшылыққа алады. Тап сондықтан да, тарихи тұрғыдан исламның мәдени материгінің бір бөлігі бола тұра, біз Қазақстандағы барлық әлемдік және дәстүрлі діндердің өркен жаюына кедергі келтірмейміз.
Мемлекет, ұлт немесе дін бөгде мәдени кеңістікті басып алу, жаулап алу тұрғысынан қарастырар болса, онда әманда өзінің өмір сүру ортасын аздырып-тоздырмай қоймайды. Қазақтарда бағзы замандардан бері әр өңірдің өзінің әулиесі, өзінің рух берер күштері, өзінің сыйынар аруақтары болған. Адамның, діннің, жердің мұндайлық терең өзара кірігуі – жүздеген жылдар бойы менің халқымның жанын сақтап қалған кұтқарушы сүзгі сынды. Қазақтар кең болғанның кем болмайтынын кітаптан оқып емес, өмірден тоқып білген.
Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері Қазақстанда діни қарым-қатынастар саласында сарабдал мемлекеттік саясат жүргізіліп келеді. Бұл саясат мынандай негізгі қағидаттарға арқа сүйейді. Мен оларды келісім қағидаттары деп атаған болар едім.
Біріншіден, бұл ар-ождан және діни сенім бостандығын заңдық және институттық тұрғыдан қамтамасыз ету.
Конституция деңгейінде конфессиялық және басқа да әлеуметтік белгілері бойынша кемсітудің кез келген түріне тыйым салынады. «Қазақстан Республикасындағы ар-ождан және діни сенім бостандығы туралы» Заң діни бірлестіктердің емін-еркін қызмет етуі үшін барлық құқықтық негіздерді қалыптастырып берді. Еліміз адам құқығын қорғау саласында қырықтан астам халықаралық келісімдер мен шарттарға қосылды, олардың арасында БҰҰ-ның осы саладағы іргелі пактілері де бар.
Екіншіден, біз мемлекеттің конфессиялардың өз қызметтерін жүзеге асыру үшін тең және қолайлы жағдай жасау жөніндегі міндеттілігін басшылыққа аламыз. Дін саласын ырықтандыру діни мекемелердің санын күрт өсірді – олардың саны тәуелсіздік жылдарында бес есе артты.
Қазақстан халқының басым көпшілігі өздерін мұсылман санайды. Сонымен бірге исламның Казақстанда басымдыққа ие болуы басқа діндерді ұстанушылардың өздерінің әдет-ғұрыптарын толыққанды атқаруына тіпті де кедергі келтірмейтінін қадап айтамын.
Мұсылмандықтан өзге конфессиялардың діни мекемелерінің санының өсуі назар аудартады. Тәуелсіздік жылдарында православие дін орындарының саны төрт есе, католик шіркеулерінің саны екі есе өсті. Протестанттар бірлестіктерінің мыңнан астам миссиялары мен мінәжат үйлері жұмыс істейді, елде сондай-ақ 21 иудей қауымдастығы бар, көптеген ғасырлардың ішінде алғаш рет будда храмы тұрғызылды.
Үшіншіден, Қазақстандағы конфессияаралық үнқатысуды ынталандырып отыру біздің жұмысымыздағы маңызды бағыт болып табылады.
Біз ұлтаралық және дінаралық үнқатысудың Қазақстан халықтарының Ассамблеясы сынды бірегей институтын құрдық.
Бұған қоса биылғы жылдан бастап біз өз тарихымызда алғаш рет дінге сенушілер ғибадаттық іс-шараларын толыққанды атқара алатындай болуы үшін аса маңызды діни мерекелерді демалыс күндері деп жариялағанымызды да айтқым келеді
Ұлтаралық және дінаралық келісімнің бізде қалыптасқан үлгісі –Қазақстанның әртүрлі конфессиялардың өзара іс-әрекет етуінің жалпыәлемдік үрдісіне қосқан үлесі.Бізді халықаралық ауқымда дәл осылай танығанын қалаймыз.
«Құдайды іздеймін» деп каңғырып қалғандардың торына түспес үшін ерекше сақтық және біршама салауатты консерватизм керек. Саясаткер ретінде маған дәстүр мен жаңаны іздеушіліктің арасындағы үйлесімділіктің қажеттігі – басы ашық нәрсе. Алайда әлемдік және дәстүрлі діндердің рөлі рухани мұраны сақтау тұрғысында ғана аса ауқымды емес. Бұл арада ғасырлар бойы жинақталған рухани тәжірибе де бар, адамның ақыл-ойына сыймайтындай кейбір эксперименттерден сақтап қалар жалғыз күш те сол. Біз қазірдің өзіңде құдай іздеушіліктің оғаш, шектен шыққан түрлерінің, сондай-ақ гендік технология саласында дәстүрлі этика аумағынан асып кететін тәжірибелердің жаппай шабуылға шыққан шағын бастан кешіріп жатырмыз.Сондықтанда жаһандық өлшеммен қарағанда, әлемдік және дәстүрлі діндердің рөлі көкейкесті бола түсіп қана қоймай, олар адамның шынайы рухани қазынаны сақтап қалуының түйінді факторына да айналып келеді.
Мен біздің форум қабылдайтын құжаттардың мазмұнынан хабардармын. Сіздердің назарларыңызға қосымша бірнеше идеяларды ұсынғым келеді, олар алдын ала сипатқа ие және кейінірек бүгінгі кездесу шеңберінің сыртында талқылауға болатын идеялар.
Дін сөзінің бүгінгі әлемдегі маңызы арта түскенін ескере отырып, біз Қазақстанда 2000 жылдан бастап елдің басты телевизиялық арналарының бірінде тұрақты түрде «дін сағатын» жүргізе бастаймыз. Бұл арқылы дін көшбасшыларына миллиондаған адамдарға қайырымдылық пен діни төзімділік мінәжатын тікелей арнауға мүмкіндік беріледі. Осы залда отырған адамдардың және оларды қолдайтын діни институттардың аса биік беделін білгендіктен де, мен сіздерді өз елдеріңіздің үкіметтеріне осы үлгіні қолдау және Жер шарының барлық материктері мен құрлықтарында осыған ұқсас ғимараттар тұрғызу жөнінде ұсыныс жасауға шақырар едім.
Бейбітшілік пен келісім сарайын салдыра отырып, мен осынау қабырғалар қандай асқақ ойлы рух пірәдарларының сөзімен жаңғырығар екен деп арман еткен едім. Менің арманым орындалды. Алайда, жалғасын таппаған арман алысқа апармайды. Мен әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерін жылына бір рет қазақстандықтар алдында осы Сарайда құрметті дәріс оқу үшін ресми түрде шақырғым келеді. Егер исламның, христиандықтың, буддизмнің, индуизмнің, даосизмнің, иудаизмнің, конфуцийшілдіктің немесе синтоизмнің әлемдік лидерлері жыл сайын менің отандастарыма бейбітшілік пен келісім сөзін жеткізіп тұрар болса, мұның өзі Еуразияның аса бір жарқын рухани құбылысына айналар еді.
Бүкіл әлем астаналарының басты сәулеткерлік сәні қай кезде де соборлар, мешіттер, шіркеулер, храмдар, пагодалар болып келген. Бізде де солай. Алайда, жаңа мыңжылдықта дінаралық түсіністік сөз күйінде ғана қалмауға тиіс. Ол материалдық, архитектуралық пішінде өз көрінісін табуы керек. Біздің ойымызша, адам жанындағы және адамдардың жанының арасындағы бейбітшілік пен келісімнен маңызды рәміз болмақ емес. Жаңа ғасырдың басында Астана осындай архитектуралық рәміздің үлгісін көрсетіп отыр, сондықтан да біз, ерте ме, кеш пе, бүгін Қазақстанда діни лидерлері бас қосқан елдердің астаналарында өздерінің Бейбітшілік және келісім сарайлары салынады деп үміт етеміз.
Дінаралық қарама-қайшылықтардың, сондай-ақ дінаралық үнқатысудың жаһандық сипаты Біріккен Ұлттар Ұйымы таяудағы жылдардың бірін діни және мәдени толеранттылық жылы етіп жариялайды деп айтуға мүмкіндік береді. Бұл бастама осы заманғы әлемнің көптеген елдерінің атынан айтыла алады деп ойлаймын.
Сөзімді қазақтың данышпан ойшылы Абайдың мына ойымен түйіндегім келеді:
"Адам баласына адам баласының бәрі – дос. Не үшін десең, дүниеде жүргенде туысың, өсуің, тоюың, ашығуың, қайғың, қазаң, дене бітімің, шықкан жерің, бармақжерің - бәрі бірдей, ахиретке қарай өлуің, көрге кіруің, шіруің, көрден махшарда сұралуың - бәрі бірдей, екі дүниенің қайғысына, пәлесіне хаупің, екі дүниенің жақсылығына рахатың – бәрі бірдей екен. Бес күндік өмірің бар ма, жоқ па?.. Біріңе-бірің қонақ екенсің, өзің дүниеге де қонақ екенсің, біреудің білгендігіне білместігін таластырып, біреудің бағына, малына күндестік қылып, я көрсеқызарлық қылып, көз алартыспақ лайық па?".
Бұл сөздер осы форумға қатысушылардың бәрінің де көкейінен шығады деп ойлаймын.
Құрметті қонақтар!
Біз бүгін, адамзат баласына Жаратқан иеміз тарту еткен бірегей құндылықтар – өзара түсіністік, бейбіт өмір, берекелі тұрмыс пен ортақ мәмлеге қарай тағы бір ұлы қадам жасадық.
Біз баршамызға аян мына бір шындықты ешқашан естен шығармауымыз керек: Жаратушы – жалғыз, дүние – ортақ, аспан асты – кең, ендеше, біз бір атаның баласы, бір ананың перзенті ретінде бір-бірімізбен береке-бірлік пен ынтымақта өмір сүруіміз керек.
Байқап қарасаңыздар, соңғы уақытта дүниенің түкпір-түкпірінде жаһандық жаңа қатерлер бой көтерді. Сондықтан да түрлі діндердің ғасырлар бойы жинаған мол жасампаздық тәжірибесін пайдаланып, Құдай сөзін бітімгершілік пен келісімнің пәрменді құралы ретінде пайдалануымыз керек.
Осындай ізгі мақсат жолындағы Сіздерге Жаратушымыздың рахманы мен рахымын тілеймін.
Назарларыңызға рахмет!
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ
Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІНІҢ ЕКІНШІ СЪЕЗІНІҢ ЖАБЫЛУЫНДА
СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ
13 қыркүйек 2006 ж.
Құрметті Съезге қатысушылар, қымбатты қонақтар!
Мен әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі үнемі әрекет ететін беделді халықаралық форумға айналып бара жатқанын қуанышпен атап кеткім келеді. Бұл – конфессионалдық келіссөз бастамасы барынша қажетті және халықаралық өмірдің нақты факторы болып қалатынын білдіреді.
Сондықтан Съезге қатысушылардың дінаралық келіссөздің әмбебап қағидаттарына бірыңғай түсіністікпен келіп, оларды мақұлдағаны ерекше маңызға ие.
Олардың зор маңыздылығын ескеріп, оларды Біріккен Ұлттар Ұйымының қарауына жіберуді ұсынамын.
Құрметті басшылардың баяндамалары, қол жеткізілген жарыссөз конфессия лидерлерінің келіссөзге даярлығын және оны төзімділік пен өзара сыйластық күйде өткізу ұмтылысын тағы бір көрсетіп кетті.
Съезге қатысушылардың дінаралық қатынастар саласында конфронтация идеологиясының зияндығы мен жалғандығы туралы тіке жарияланғаны өте маңызды. Ол діни экстремизмді өршітуге ұмтылып отырғандарға ғана керек. Бүгінгі күні діни экстремизм мен терроризм дәстүрлі емес және ұтымсыз идеялық қаруға айналып отырған экстремистік көзқарастың барынша жаңа жүйесінен күш алып отыр.
Бұдан бес жыл бұрын дүниені 2001 жылы 11 қыркүйектегі қасірет дүр сілкіндірді,АҚШ-тағы өзінің қатыгездігі жағынан сұмдық лаңкестік әрекеттер күш қолдану мен террорды уағыздайтын бүлдіруші күштердің қаншалықты қауіпті болатынын көрсетті. Біз дүниенің шетін әрі өзара байланысты екеніне тағы көз жеткіздік.
Содан кейін жаһандық қатердің алдында бүкіл әлем осынауқасіретке қарсы бірікті. Бүгінгі күні адамзаттың болашағы қандай болатыны бізге байланысты. Біз лаңкесшілдік идеологиясын тамырыменжойып, ізгіліктің жалпыадамзаттық құндылықтарын орнықтыру үшінбүкіл күш-жігерімізді жұмсауға тиіспіз.
Сондықтан лаңкесшілдіктің бүлдіруші идеологиясына толеранттылық, келісім мен үнқатысу идеологиясын қарсы қою керек.
Біздің форумда күмәнді саяси мақсаттарды ақтау үшін діни идеологияны пайдалануды болдырмауға тиіспіз деген өте маңызды ой айтылды.
Мыңдаған жылдықтар дін жан-жүректе тыныштандырудың бастауы, халықтар мен мемлекеттер арасында өзара ықыластылықтың факторы қызметін атқарды. Діннің осындай әлеуетімен салыстыруға келетін бүгінгі дүниеде бір нәрсе бола қоймас.
Біздің форумның жұмысында маңызды орындыосы заманғы өркениеттің құндылықтарын сақтау және нығайту мақсатында дінаралық серіктестікті дамыту тақырыбы алды. Әңгіме діни сананың ізгілігі, діннің мәдени мұрасы, діни дәстүрлердің саналуандығы, қағидаттық тепе-теңдігі мен діни дәстүрлерді құрметтеу, рухани тәрбие мен тәлімгерлік секілді құндылықтар туралы болып отыр.
Барлық осынау аса маңызды тезистер Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің Екінші Съезінің қабылданған Декларациясында көрініс тапты. Бұл құжатта «қарсы тұру идеологиясын» «бейбітшілік мәдениетімен» алмастыруға деген жаһандық қажеттілікжинақы тұрғыда көрініс тапты.
Мен мәдениет пен діндер үнқатысуын қамтамасыз етудегі Қазақстанның күш-жігерін, ұлттық, мәдени, діни төзімсіздікпен күрес жөніндегібіздің қызметімізді жоғары бағалаған Съезге қатысушыларға ризашылық білдіремін. Бұл әрдайымҚазақстанның ішкі және сыртқы саясатының шешуші басымдылықтарының бірі болып қалады.
Осыған байланысты мен бүгінСъезд аясында Халықаралық мәдениеттер мен діндер орталығын құру туралы бастаманы хабарлағым келеді.
Діни және мәдени проблемалармен қатар Орталық ағартушылық ғылыми-зерттеу және гуманитарлық жобаларды жүзеге асырып, әлемдегі діни ахуалдың мүмкін болатын жанжалдық жәйттерін зерттеумен айналысар еді.
Мұндай Орталықтың маңызды міндеті – халықаралық шаралардыөткізу және түрлі елдердің діни қайраткерлері мен саяси дегдарларының арасындағы байланыстар мен өзара түсіністікке жәрдемдесу, кітаптар шығару.
Сіздердің ризашылықтарыңызбен Орталық таяудағы уақыттың өзінде жұмысын бастап, осында, Бейбітшілік пен келісім сарайында орналаса алар еді. Сіздер бұл бастамаға қолдау білдіреді деп сенемін.
Сөзімді қорытындылай келе біздің ортақ мақсатымызға қол жеткізудегі –лайықты бүгініміз бен қауіпсіз болашағымызды қамтамасыз етудегі діни лидерлердің негіз құраушы ролін тағы да атап өткім келеді.
Делегациялардың басшылары мен барлық қатысушыларға сіздердің адамдарды жақындастырудың мәртебелі ісіне қосқан үлестеріңіз үшін және біздің форумға белсенді қолдау танытқандарыңыз үшін ризашылық сезімін білдіруге рұқсат етіңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: |