Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес, «Жаңақорған ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қырсы іс-қимыл жөніндегі» ведомствоаралық комиссия отырысының №1 Хаттамалық тапсырмаларына сәйкес
«Жаңарық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2017 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау
АНЫҚТАМАСЫ
2017 жылғы 19 маусымдағы №350 өкімі негізінде жұмыс тобының құрамы: жұмыс тобы төрағасы С.Құлатаев, хатшысы С.Төлендиев, жұмыс тобы мүшелері Ж.Ахметова, Г.Байдалиева, Д.Турсынбаев аппаратта және ауылдық округке қарасты мекемелерде қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі және мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.
«Мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша:
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы т.б. нормативтік-құқықтық актілер зерделенді.
Жүргізілген талдау нәтижесі бойынша лауазымды тұлғаларының өз қалауы бойынша шешім қабылдауына ықпал ететін, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруда кедергі жасауға ықпал ететін жағдайлар, нормативтік құқықтық актілерді өз бетімен түсіндіруге мүмкіндік беретін құқықтық олқылықтар анықталған жоқ. Дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.
Мекемедегі қызметкерлердің құқықтық сауатын ашу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу мақсатында тұрақты түрде құқықтық сабақтар, дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізіліп тұрады .
Мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша қызметкерлердің басшымен мүдделер шиеленісі, теріс түсінік деректері анықталған жоқ, қызметкерлер орнықты жұмыс істеуде, кадрлардың тұрақтамауы жоқ, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйымдарды бұзушылықтар анықталған жоқ. Талдау кезінде мекемеде бос орындар анықталған жоқ.
Қазіргі таңда әкім аппаратында 5 мемлекеттік қызметкер жұмыс атқарса, 6 жұмысшы келісім шарт негізіндегі қызметте және 4 адам азаматтық қызметте. Ауылдық клуб үйі директорын және балабақша меңгерушісін қоса алғанда 15 адам жұмыс жасауда.
Есепті кезеңде ауылдық округтегі 2 адамға жер учаскелеріне құқық табыстау қызметтері жасалған. Азаматтарға жер учаскелеріне құқық табыстау кезінде сыбайлас жемқорлықтың орын алуының алдын алу мақсатында ауылдық округте арнайы жер бөлу комиссиясы құрылып жұмыс жасауда.
Ауыл әкімі өз құзіреті шегінде нотариаттық қызмет көрсетеді. Жыл басынын бері ауыл тұрғындарына 2 сенімхат беру қызметі көрсетілді.
Аппаратта рұқсат беру функциялары, бақылау функциялары жоқ.
Салық салу объектілері болып табылатын табыс пен мүлік туралы декларациялары ауылдық округ әкімі аппараттары қызметкерлерімен 2017 жылдың 1 тоқсанында уақтылы тапсырылған.
Бұқаралық ақпарат құралдарында аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне қатысты теріс материалдар анықтауға мониторинг жүргізіліп, теріс материалдар анықталған жоқ.
Ауыл әкімінің жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесі мен сенім телефоны «Жаңақорған тынысы» газетіне 17.01.2017 жылғы №4 (8026) санды басылымында жарияланды.
Ауыл әкімі аппараты кеңсесіне азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініш түскен жоқ.
Ауыл әкімі аппаратында және оған қарасты ауылдық клуб үйінде соңғы үш жылдағы жұмыс барысы зерделеніп, сыбайлас жемқорлық сипатындағы жағдайлар орын алмағаны нақтыланды.
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдар:
1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін жоғарылату, сыбайлас жемқорлық стандарттарын қадағалау бойынша жұмыстарды жалғастыру;
Жұмысшы топ төрағасы: С.Құлатаев
Достарыңызбен бөлісу: |