Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі


Мемлекеттік қызметті көрсету тәртiбi



бет2/4
Дата08.06.2018
өлшемі82,39 Kb.
#42059
1   2   3   4

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртiбi

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзiмi:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған күнінен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 18 (он сегіз) жұмыс күні.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тартады;

      2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минуттан аспайды.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзiмiне кірмейді.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.06.2017 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – аттестаттау туралы куәлік немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша дәлелді бас тарту болып табылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған (бұдан әрі – ЭЦҚ) электрондық құжат нысанында жолданады.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қолымен куәландырылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.06.2017 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру – сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

      2) Мемлекеттік корпорацияда: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбіні қоса алғанда жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру жеделдетілген қызмет көрсетусіз "электрондық кезек" тәртібімен жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады;

      3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысаны;

      2) порталға:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысаны.

      Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері, көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) Көрсетілетін қызметті алушыға - өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде көшірмесінде өтінімді қабылдау күні мен уақыты, өтінімді қабылдаған лауазымды адамның тегі және аты-жөні көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қойылғаны қағаз жеткізгіштегі өтінімнің қабылданғанын растау болып табылады.

      2) Мемлекеттік корпорацияға - көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;

      3) порталға - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушының (не нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілінің) жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация нәтижесін бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінсе, Мемлекеттік корпорацияның сұратуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжатты көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салуды қабылдау мәртебесі көрсетіледі.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      10-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының аттестаттау жүргізу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) шынайы еместігінің анықталуы;

      2) аттестаттаудан өткізу үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің "Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 4-2/266 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11773 болып тіркелген) белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

      Ескерту. 2-тарау 10-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.06.2017 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтертер көрсету мәселелері бойынша, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым тиісті көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.

      Шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша почта арқылы жазбаша нысанда, не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысының атына жіберіледі.

      Шағымда:

      1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), почталық мекенжайы;

      2) заңды тұлғаның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті берушіге шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы алуға болады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға оның шағымының қабылданғаны туралы растау үшін шағымды қабылдаған адам талон береді, онда нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, осы шағымға жауапты алу мерзімі және орны, шағымның қаралу барысы туралы ақпарат алуға болатын адамның байланыс деректері көрсетіледі.

      Электронды өтінімді портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (шағымның жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшелектері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

      13. Ағза функцияларының тұрақты бұзылулары бар, өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, құжаттарды қабылдауға бағдарлану қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе iшiнара айырылған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсетуді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері 1414, 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіне отырып, тұрғылықты жеріне барып жүзеге асырады.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыларға күту және қажетті құжаттарды дайындау уақытында жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталады).

      Көрсетілетін қызметті берушінің және Мемлекеттік корпорацияның ғимараттары дене мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандусы бар кіреберіспен жабдықталған.

      15. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) тиісті қызмет берушінің интернет-ресурсында;

      2) Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында;

      3) Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында;

      4) порталда орналастырылған.

      16. Көрсетілетін қызметті алушыда электрондық цифрлық қолтаңбасы болу шартымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

      17. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефоны арқылы алу мүмкіндігі бар.

 

"Бірегей және элиталық тұқымдар,
бiрiншi, екiншi және үшiншi
көбейтілген тұқым өндiрушiлердi,
тұқым өткiзушiлердi аттестаттау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша

      Нысан

      ___________________________________________________________________

      (облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті

      атқарушы органының атауы көрсетіледі)

      ___________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты

      (бар болса) көрсетіледі)

Аттестаттауды (қайта аттестаттауды) жүргізу туралы өтініш

      Аттестаттаудан (қайта аттестаттаудан) (қажеттісінің астын сызу керек)

      өткiзудi және _____________________________________________________

      (ауыл шаруашылығы өсiмдiгiнiң атауы, сорттардың саны (бiрегей

      тұқымдар ___________________________________________________________

      өндiрушiлерге сорттардың саны көрсетiлмейдi)

      көрсетiледi) бірегей тұқымдар, элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi

      және үшiншi көбейтiлген тұқымдар өндiру және өткізу (тұқым

      өткiзушiлер үшiн – тек өткізу) қызметін жүзеге асыруға (қажеттісінің

      астын сызу керек) және аттестаттау туралы куәлікті берудi сұраймын.

      Жеке немесе заңды тұлға туралы мәліметтер:

      1. Меншік нысаны _____________________________________________

      2. Құрылған жылы _____________________________________________

      3. Жеке тұлғаның жеке куәлiгi немесе заңды тұлғаны мемлекеттiк

      тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiк немесе анықтама немесе

      ____________________________________________________________________

      (нөмiрi, кiм және қашан бергені көрсетіледі)

      4. Мекенжайы:_________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (индексi, қаласы, ауданы, облысы, көшесi, үйдiң нөмірi, телефоны,

      факсы, электрондық мекенжайы)

      5. Банк деректемелерi ________________________________________

      (жеке сәйкестендiру нөмiрi, заңды тұлғаның БСН,

      ____________________________________________________________________

      есеп-шот №, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      6. Қоса берiлiп отырған құжаттар:_____________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      7. Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны

      құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін

      8. Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және шынайы емес

      мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес

      жауапкершілік туралы хабардармын.

      Басшы ____________________________________________ ___________

      (тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса)) (қолы)

      Мөр орны (бар болса) 20 ___ жылғы "___" ____________

      Өтiнiш 20 ___ жылғы "__" ___________ қарауға қабылданды

      ____________________________________________________________________

      (өтiнiштi қабылдаған жауапты адамның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар

      болса), қолы)



 

"Бірегей және элиталық
тұқымдар, бiрiншi, екiншi және
үшiншi көбейтілген тұқым
өндiрушiлердi, тұқым
өткiзушiлердi аттестаттау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

Бірегей тұқымдар өндірушілерге қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.06.2017 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)__________________________________________________________________________

      2. Бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі________________________

      3. Телефоны_______________________________________________________________

      4. Электрондық почта_______________________________________________________

      5. Жер учаскесіне арналған сәйкестендіру құжаты_______________________________

      1) Жерге акті (құжаттың нөмірі)______________________________________________

      2) Жерге актінің берілген күні________________________________________________

      6. Жер учаскесін жалға беру шарты:



р/с


Кадастрлық нөмірі

Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы

Меншік иесі (құқық иеленуші)

Құқығы туындайтын негіз

Жалға беру мерзімі

1

2

3

4

5

6




Жер учаскесінің ауданы (га)

Жерлердің санаты

Нысаналы мақсаттағы

Пайдалануға және ауыртпалыққа шектеу қою

Жер учаскесінің бөлінуі

Жоспар шекарасындағы жат жер учаскелері

7

8

9

10

11

12

      7. Тұқым өндірумен тікелей айналысатын мамандардың болуы туралы мәліметтер:

р/с


Маманның Т.А.Ә.

Бiлiмi бойынша мамандығы

Лауазымы

Мамандығы бойынша жұмыс өтiлi

1

2

3

4

5

      8. Бірегей тұқымдарды өндіруді жүргізу үшін егістік алаңының (суармалы жерлерде – сумен қамтамасыз етілген ауыспалы егістіктің) болуы.

      9. Бірегей тұқымдар өндіру жүргізілетін, ауыл шаруашылығы өсімдігінің ерекшеліктерін ескере отырып, нақты топырақты-климаттық аймаққа арналған ғылыми негізделген ұсынымдарға сәйкес салынған және кемінде бір ротациядан өткен, игерілген тұқым шаруашылығы ауыспалы егістерінің болуы.

      10. Жалпы егіс алаңының кемінде 30 пайызынан кем емес тұқым шаруашылығы егістіктерінің болуы.

      11. Бірегей тұқымдар өндірісі (бастапқы тұқым шаруашылығы) бойынша 6 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесінің болуы.

      12. Нақты топырақты-климаттық аймаққа арналған ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру бойынша ғылыми негізделген ұсынымдарға сәйкес сорттық агротехниканың болуы.

      13. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы растаған бірегей тұқымдар өндірушінің аумағында карантиндік объектілердің болмауы, бұл ретте карантиндік объектілер бірегей тұқымдар өндірушінің аумағында аттестаттау сәтіне дейін кемінде үш жыл кезеңінде де болмауы тиіс:



р/с


Қорытынды нөмірі

Қорытынды күні

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының Т.А.Ә.

Шығарылатын қорытынды

1

2

3

4

5



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет