Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі



бет3/4
Дата08.06.2018
өлшемі82,39 Kb.
#42059
1   2   3   4

      14. Дақыл жөнінде бес жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар кемінде бір маман-селекционердің болуы немесе ауыл шаруашылығы өсімдіктері селекциясы саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғамен бірегей тұқымдар өндірісі бойынша бірлескен жұмысты жүзеге асыруға шарттың болуы:

р/с


Шарт нөмірі

Күні

Заңды тұлғаның толық атауы/жеке тұлғаның Т.А.Ә.

БСН/ЖСН

Мекенжайы

1

2

3

4

5

6

      15. Кемінде бір агрономның және әр дақыл бойынша маманның, сондай-ақ дақыл мен сорттың тұқым шаруашылығы бойынша жұмыстың айрықша әдістерін меңгерген техникалық персоналдың кемінде үш адамының болуы.

      16. Дақыл мен сорттың биологиялық белгілері мен қасиеттерін ескеретін схемаларға қатаң сәйкестікте бірегей тұқымдар өндірісін қамтамасыз ету.

      17. Кейіннен элиталық тұқымдар өндірісін қамтамасыз ету мақсатында бірегей тұқымның жоспарланған көлемін өндіруге қажетті түр-түрде және көлемде сорттың тұқымдық материалының (жеміс, жидек дақылдарының және жүзімнің көшетін өндірушілер үшін аналық екпе ағаштардың) болуы.

      18. Мынадай*:

      бастапқы буындардың негізін қалау үшін – 100 пайыз;

      суперэлита үшін – 50 пайыз қажеттілікте тұқым сақтандыру қорларының болуы.

      19. Бiрегей тұқымдар өндiру жүргiзiлетiн ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi түрлерiнiң бiрегей тұқымдарын өндiру жөнiндегi жұмыстардың бүкіл кешенiн қамтамасыз ету үшiн меншiк, лизинг немесе мүлiктiк жалға алу құқығындағы не сенiмгерлiк басқарудағы мамандандырылған селекциялық және тұқым шаруашылығы техникасының болуы.

      20. Тұқымдар партияларын олардың араласуына жол бермей орналастыруға мүмкіндік беретін меншiк, лизинг немесе мүлiктiк жалға алу құқығындағы не сенiмгерлiк басқарудағы мамандандырылған қырмандардың, тұқымдарды сақтауға арналған сыйымдылықтардың (қоймалық үй-жайлардың және (немесе) сүрлем үлгісіндегі қоймалардың және (немесе) бункерлердің), арнайы ыдыстың, асфальтталған жабық алаңдардың, жеміс, жидек дақылдары мен жүзiмге арналған көму алаңдарының болуы.

      21. Бірегей тұқымдар өндірісі жүргізілетін ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің әр сорты бойынша өндірілген, сатылған және өз шаруашылығында пайдаланылған бірегей тұқымның саны мен сапасына, шыққан тегіне (себу, іріктеу, сорттық, түрлік және фитопатологиялық отаулар (тазалаулар), егістіктерді қабылдау және (немесе) байқаудан өткізу, бірегей тұқымдарды жинау, кіріске алу, тазалау және өңдеу, сату актілері, тұқымдарды есепке алу журналы (ол тиісті жергілікті атқарушы органның тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторымен нөмірленуге, тігілуге, қолы қойылуға тиіс), тұқымдардың кондициялығы туралы куәлік, тұқымдардың аттестаты) есеп жүргізу.

      22. Сортты шығару әдісін, ата-аналық тегінің нысандар, сорт белгілерінің ерекше сипаттамалары туралы мәліметтерді көрсететін сорт жөніндегі құжаттаманы жүргізу.

      23. Тұқым шаруашылығы жөніндегі есеп материалдарының алты жылдан кем емес мерзім ішінде сақталуын қамтамасыз ету.

      Ескертпе:

      * талаптар жеміс-жидек дақылдары мен жүзім өндірушілерге қолданылмайды.

 

"Бірегей және элиталық
тұқымдар, бiрiншi, екiншi және
үшiншi көбейтілген тұқым
өндiрушiлердi, тұқым
өткiзушiлердi аттестаттау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша

      Элиталық тұқымдар өндірушілерге қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.06.2017 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)__________________________________________________________________________

      2. Бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі________________________

      3. Телефоны_______________________________________________________________

      4. Электрондық почта_______________________________________________________

      5. Жер учаскесіне арналған сәйкестендіру құжаты:_______________________________

      6. Жерге акті (құжаттың нөмірі)_______________________________________________

      7. Жерге актінің берілген күні_________________________________________________

      8. Жер учаскесін жалға беру шарты:



р/с


Кадастрлық нөмірі

Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы

Меншік иесі (құқық иеленуші)

Құқығы туындайтын негіз

Жалға беру мерзімі

1

2

3

4

5

6




Жер учаскесінің ауданы (га)

Жерлердің санаты

Нысаналы мақсаттағы

Пайдалануға және ауыртпалыққа шектеу қою

Жер учаскесінің бөлінуі

Жоспар шекарасындағы жат жер учаскелері

7

8

9

10

11

12

      9. Тұқым өндірумен тікелей айналысатын мамандардың болуы туралы мәліметтер:

р/с


Маманның Т.А.Ә.

Бiлiмi бойынша мамандығы

Лауазымы

Мамандығы бойынша жұмыс өтiлi

1

2

3

4

5

      10. Элиталық тұқымдар өндіру жүргізілетін ауыл шаруашылығы өсімдігінің ерекшеліктерін ескере отырып, нақты топырақты-климаттық аймаққа арналған ғылыми негізделген ұсынымдарға сәйкес салынған, және кемінде бір ротациядан өткен игерілген тұқым шаруашылығы ауыспалы егістерінің болуы.

      11. Нақты топырақты-климаттық аймаққа арналған ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру бойынша ғылыми негізделген ұсынымдарға сәйкес сорттық агротехниканың болуы.

      12. Жалпы егіс алаңының 25 пайызынан кем емес тұқым шаруашылығы егістіктерінің болуы.

      13. Соңғы үш жылдағы өнімділіктің орташа облыстық көрсеткіштен жоғары болуы*.

      14. Тұқым шаруашылығы бойынша жұмыс тәжірибесі төрт жылдан кем емес.

      15. Жалпы өндіріс көлеміндегі қызметтің негізгі түрінің (элиталық тұқым шаруашылығы) үлес салмағын қамтамасыз етудің 25 пайыздан кем болмауы.

      16. Олар бойынша тұқым шаруашылығы жүргізілетін, өңделетін дақылдардың саны** 5-тен көп емес.

      17. Олар бойынша аттестаттау нысанасына сәйкес тұқым шаруашылығы жүргізілетін әр дақыл бойынша сорттардың саны** 5-тен көп емес (жүгеріні қоспағанда), жүгері бойынша 9-дан көп емес.

      18. Суперэлитаны егуге арналған қажеттіліктен тұқымның сақтандыру қоры* – 50 пайыз болуы.

      19. Дақылдар мен сорттар бойынша сорт жаңарту жоспарының болуы.

      20. Аудандастырылғандар тізбесіне енгізілген тұқым сорттарын өсіру схемасының болуы.

      21. Тұқым материалдарын өсіру жұмыстарының барлық түрлері мен оның сапалық көрсеткіштері көрсетілетін құжаттаманы жүргізу және есепке алуды ұйымдастыру.

      22. Элиталық тұқымның жоспарланған мөлшерін өндіру үшін түр-түрде және көлемде негізгі тұқым материалының (бірегей тұқымдар) аудандастырылған және перспективті сорттарының болуы.

      23. Аттестаттауға өтініш берген күнінен бастап кемінде екі жыл мерзімге элиталық тұқымның жоспарланған мөлшерін өндіру үшін түр-түрде және көлемде аудандастырылған және перспективті сорттардың бірегей немесе суперэлиталық тұқымдарын жеткізу туралы бірегей тұқым өндірушімен жасалған шарттың болуы:



р/с


Шарт нөмірі

Күні

Тұқым жеткізушінің толық атауы

БСН/ЖСН

Мекенжайы

1

2

3

4

5

6

      24. Ауыл шаруашылығы өсімдіктері селекциясы саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғамен элиталық тұқым өндірісін ғылыми сүйемелдеуге жасалған шарттың болуы:

р/с


Шарт нөмірі

Күні

Заңды тұлғаның толық атауы/жеке тұлғаның Т.А.Ә.

БСН/ЖСН

Мекенжайы

1

2

3

4

5

6

      25. Элиталық тұқымның жоспарланған көлемiн өндiру жөнiндегi жұмыстар кешенiн қамтамасыз етуге арналған меншiк, лизинг немесе мүлiктiк жалға алу құқығындағы не сенiмгерлiк басқарудағы тұқым тазалайтын техниканы және тұқымды дәрiлейтiн техниканы қоса алғанда, ауыл шаруашылығы техникасының болуы.

      26. Тұқымдар партияларын олардың араласуына жол бермей орналастыруға мүмкіндік беретін меншiк, лизинг немесе мүлiктiк жалға алу құқығындағы не сенiмгерлiк басқарудағы мамандандырылған қырмандардың, тұқымдарды сақтауға арналған сыйымдылықтардың (қоймалық үй-жайлардың және (немесе) сүрлем үлгісіндегі қоймалардың және (немесе) бункерлердің), арнайы ыдыстың, асфальтталған жабық алаңдардың, жемiс, жидек дақылдары мен жүзiмге арналған көму алаңдарының болуы.

      27. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің әр сорты бойынша өндірілген, сатылған және өз шаруашылығында пайдаланылған тұқымның саны мен сапасына, шыққан тегіне (себу, егістіктерді қабылдау және (немесе) байқаудан өткізу, тұқымды жинау, кіріске алу, тазалау және өңдеу, сату актілері, тұқымдардың аттестаттары, тұқымдардың кондициялығы туралы куәлік, тұқымдарды есепке алу журналы (тиісті жергілікті атқарушы органның тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторымен нөмірленуге, тігілуге, қолы қойылуға тиіс) есеп жүргізу.

      28. Тұқым шаруашылығы бойынша есеп материалдарының кемінде бес жыл сақталуын ұйымдастыру.

      29. Жоспарланған жұмыс көлемін білікті түрде орындау үшін тиісті білімі бар (орта білімінен кейінгі немесе жоғары), штат кестесінде көзделген мамандар санының, оның ішінде кемінде бір агрономның болуы.

      30. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы растаған элиталық тұқым өсіру шаруашылығының аумағында карантиндік объектілердің болмауы, бұл ретте карантиндік объектілер элиталық тұқым өсіру шаруашылығының аумағында сондай-ақ аттестаттау сәтіне дейін кемінде үш жыл кезеңінде болмауы тиіс:



р/с


Қорытынды нөмірі

Қорытынды күні

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының Т.А.Ә

Шығарылатын қорытынды

1

2

3

4

5

      31. Элиталық тұқымдарды өндiруді жүргiзу үшiн егiстiк алаңның (суармалы жерлерде – сумен қамтамасыз етiлген ауыспалы егiстiктiң) болуы тиіс.

      Ескертпе:

      * талаптар жеміс-жидек дақылдары мен жүзім өндірушілерге қолданылмайды;

      ** талаптар бір уақытта бірегей тұқым өндіруші болып табылатын, элиталық тұқым өндірушілерге қолданылмайды.



 

"Бірегей және элиталық
тұқымдар, бiрiншi, екiншi және
үшiншi көбейтілген тұқым
өндiрушiлердi, тұқым
өткiзушiлердi аттестаттау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
4-қосымша

      Тұқым өсіру шаруашылықтарына қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.06.2017 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)__________________________________________________________________________

      2. Бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі________________________

      3. Телефоны_______________________________________________________________

      4. Электрондық почта_______________________________________________________

      5. Жер учаскесіне арналған сәйкестендіру құжаты:______________________________

      6. Жерге акті (құжаттың нөмірі)______________________________________________

      7. Жерге актінің берілген күні________________________________________________

      8. Жер учаскесін жалға беру шарты:



р/с


Кадастрлық нөмірі

Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы

Меншік иесі (құқық иеленуші)

Құқығы туындайтын негіз

Жалға беру мерзімі

1

2

3

4

5

6




Жер учаскесінің ауданы (га)

Жерлердің санаты

Нысаналы мақсаттағы

Пайдалануға және ауыртпалыққа шектеу қою

Жер учаскесінің бөлінуі

Жоспар шекарасындағы жат жер учаскелері

7

8

9

10

11

12

      9. Тұқым өндірумен тікелей айналысатын мамандардың болуы туралы мәліметтер:

р/с


Маманның Т.А.Ә.

Бiлiмi бойынша мамандығы

Лауазымы

Мамандығы бойынша жұмыс өтiлi

1

2

3

4

5

      10. Тұқым шаруашылығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесінің болуы – екі жылдан кем емес.

      11. Бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдарды өндіруге жүргізу үшін егістік алаңның (суармалы жерлерде - сумен қамтамасыз етілген ауыспалы егістіктің) болуы.

      12. Бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндіру жүргізілетін ауыл шаруашылығы өсімдігінің ерекшеліктерін ескере отырып, нақты топырақты-климаттық аймаққа арналған ғылыми негізделген ұсынымдарға сәйкес енгізілген тұқым шаруашылығы ауыспалы егістерінің болуы.

      13. Жалпы егіс алаңының кемінде 20 пайызы тұқым шаруашылығы егістіктерінің болуы.

      14. Олар бойынша тұқым шаруашылығы жүргізілетін, өңделетін дақылдардың саны* 4-тен көп емес.

      15. Олар бойынша аттестаттау нысанасына сәйкес тұқым шаруашылығы жүргізілетін әр дақыл бойынша сорттардың саны* 5-тен көп емес (жүгеріні қоспағанда), жүгері бойынша 9-дан көп емес.

      16. Аттестаттауға өтініш берген күнінен бастап кемінде үш жыл мерзімге бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндіру үшін элиталық тұқымдар жеткізу туралы элиталық тұқым өсіруші шаруашылықпен жасалған шарттың болуы:

р/с


Шарт нөмірі

Күні

Тұқым жеткізушінің толық атауы

БСН/ЖСН

Мекенжайы

1

2

3

4

5

6

      17. Ауыл шаруашылығы өсімдіктері селекциясы саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалармен бірінші, екінші және үшінші репродукциялы тұқым өндірісін ғылыми сүйемелдеуге жасалған болуы:

р/с


Шарт нөмірі

Күні

Заңды тұлғаның толық атауы/жеке тұлғаның Т.А.Ә.

БСН/ЖСН

Мекенжайы

1

2

3

4

5

6

      18. Нақты агроэкологиялық аймақ үшін ұсынылған ауыл шаруашылығы өсімдіктерін өсіру агротехнологиясын сақтау.

      19. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы растаған тұқым өсіру шаруашылығы аумағында карантиндік объектілердің болмауы, бұл ретте карантиндік объектілер тұқым өсіру шаруашылығының аумағында сондай-ақ аттестаттау сәтіне дейін кемінде үш жыл кезеңінде болмауы:



р/с


Қорытынды нөмірі

Қорытынды күні

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының Т.А.Ә

Шығарылатын қорытынды

1

2

3

4

5

      20. Тиісті білімі бар (орта білімінен кейінгі немесе жоғары) кемінде бір агрономның болуы.

      21. Дақылдар мен сорттар бойынша сорт жаңарту жоспарының болуы.

      22. Бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым сорттарын өсіру схемасының болуы.

      23. Бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымның жоспарланған мөлшерін өндіру үшін түр-түрде және көлемде негізгі тұқым материалының болуы.

      24. Бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқымдардың жоспарланған көлемiн өндiру жөнiндегi барлық жұмыстар кешенiн қамтамасыз ету үшiн меншiк, лизинг немесе мүлiктiк жалға алу құқығындағы не сенiмгерлiк басқарудағы тұқым тазалайтын техниканы және тұқымды дәрiлеуге арналған техниканы қоса алғанда, ауыл шаруашылығы техникасының болуы.

      25. Тұқымдар партияларын олардың араласуына жол бермей орналастыруға мүмкіндік беретін меншiк, лизинг немесе мүлiктiк жалға алу құқығындағы не сенiмгерлiк басқарудағы мамандандырылған қырмандардың, тұқымдарды сақтауға арналған сыйымдылықтардың (қоймалық үй-жайлардың және (немесе) сүрлем үлгісіндегі қоймалардың және (немесе) бункерлердің), арнайы ыдыстың, асфальтталған жабық алаңдардың, жемiс, жидек дақылдары мен жүзiмге арналған көму алаңдарының болуы.

      26. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің әр сорты бойынша өндірілген, сатылған және өз шаруашылығында пайдаланылған тұқымның саны мен сапасына, шыққан тегіне (себу, егістіктерді қабылдау және (немесе) байқаудан өткізу, тұқымды жинау, кіріске алу, тазалау және өңдеу, сату актілері, тұқымдардың аттестаты, тұқымдардың куәлігі, тұқымдардың конденциялығы туралы куәлік, тұқымдарды есепке алу журналы (ол нөмірлеуге, тігуге, қолы қоюға тиіс) есеп жүргізу.

      27. Тұқым шаруашылығы бойынша есеп материалдарының үш жыл сақталуын қамтамасыз ету.

      Ескертпе:

      * талаптар жеміс-жидек дақылдары мен жүзім өндірушілерге қолданылмайды.



 

"Бірегей және элиталық тұқымдар,
бiрiншi, екiншi және үшiншi
көбейтілген тұқым өндiрушiлердi,
тұқым өткiзушiлердi аттестаттау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 5-қосымша

      Тұқым өткізушілерге қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны

      Ескерту. 5-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.06.2017 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның тегi, аты,

      әкесiнiң аты (бар болса)__________________________________________

      2. Бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі____

      3. Телефоны_________________________________________________

      4. Электрондық почта________________________________________

      5. Жоспарланған жұмыс көлемін білікті түрде орындау үшін тиісті білімі бар (орта білімнен кейінгі немесе жоғары), штат кестесінде көзделген мамандар санының, оның ішінде кемінде бір агрономның болуы:





Маманның Т.А.Ә.

Бiлiмi бойынша мамандығы

Лауазымы

Мамандығы бойынша жұмыс өтiлi

1

2

3

4

5

      6. Кейіннен сату үшін ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымын жеткізу туралы тұқым өндірушілермен (тұқымды шетелдік жеткізушілерден сатып алған (импорт бойынша) жағдайда тұқым жеткізушілермен) жыл сайын жасалатын шарттың болуы:



Шарт нөмірі

Күні

Заңды тұлғаның толық атауы/жеке тұлғаның Т.А.Ә.

БСН/ЖСН

Мекенжайы

1

2

3

4

5

6

      7. Тұқымдар партияларын олардың араласуына жол бермей орналастыруға мүмкіндік беретін меншiк, лизинг немесе мүлiктiк жалға алу құқығындағы не сенiмгерлiк басқарудағы мамандандырылған қырмандардың, тұқымдарды сақтауға арналған сыйымдылықтардың (қоймалық үй-жайлардың және (немесе) сүрлем үлгісіндегі қоймалардың және (немесе) бункерлердің), арнайы ыдыстың, асфальтталған жабық алаңдардың, жемiс, жидек дақылдары мен жүзiмге арналған көму алаңдарының болуы.

      8. Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң тұқымдарын сақтау, тазалау және өткiзу жөнiндегi барлық жұмыстар кешенiн қамтамасыз ету үшiн меншiк құқығындағы немесе лизингке немесе мүлiктiк жалға алынған не сенiмгерлiк басқарудағы мамандандырылған техниканың болуы.

      9. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымының әр партиясы бойынша саны мен сапасының, өткізілетін тұқымның шыққан тегінің, тұқымды құжатталуын облыстың тиісті жергілікті атқарушы органының тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторымен нөмірленуге, тігілуге қол қойылуға тиіс тұқымдарды есепке алу журналын жүргізу.

      10. Тұқымдарды сақтау және өткізу материалдарының кемінде үш жыл бойы сақталуын қамтамасыз ету.

      11. Қазақстан Республикасының қорғалатын өсімдіктер сорттарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының тұқымдарын сатқан кезде "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес патент иесі (лицензиар) тұқым өткізушіге (лицензиатқа) селекциялық жетістікті уақытша пайдалану құқығын беретін лицензиялық шарттың болуы:



Лицензиялық шарттың нөмірі

Күні

1

2

3

      12. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы растаған карантиндік объектілердің болмауы:



Қорытынды нөмірі

Қорытынды күні

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының Т.А.Ә.

Шығарылатын қорытынды

1

2

3

4

5




 

"Бірегей және элиталық тұқымдар,
бiрiншi, екiншi және үшiншi
көбейтілген тұқым өндiрушiлердi,
тұқым өткiзушiлердi аттестаттау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 6-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет