Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі


Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат



бет4/4
Дата08.06.2018
өлшемі82,39 Kb.
#42059
1   2   3   4

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, ""Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация)" №____бөлімі (мекенжайды көрсету керек) мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету керек) құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда: жоқ құжаттардың атауы:

      1._________________________________________________;

      2._________________________________________________;

      3._________________________________________________

      Осы қолхат, әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

      ___________________________________________________________________

      Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорация қызметкері) (қолы)

      Орындаушы: ________________________________________________________

      Т.А.Ә. (бар болса)

      Телефоны_______________

      Алдым:_____________________________________________________________

      көрсетілетін қызметті алушының тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) /қолы

      20___жылғы "____" __________



 

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 4-2/416 бұйрығына
3-қосымша

"Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнің шаруашылыққа жарамдылығын мемлекеттік сынау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнің шаруашылыққа жарамдылығын мемлекеттік сынау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөнiндегi мемлекеттік комиссия (бұдан әрі – Мемкомиссия) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзiмдерi:

      1) көрсетілетін қызметті алушының деректері бойынша ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнің сорттарын сынауды және бағалауды өткізу кезiнде Мемкомиссияға құжат тапсырған күнінен бастап - бiр жылға дейiн;

      мемлекеттiк сорт сынау деректерi бойынша ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттарын сынауды және бағалауды өткізу кезінде егін отырғызған күнінен бастап:

      бұршақты, дәнді-бұршақты, жармалық, майлы, техникалық, иіру, көкөністік, бақша, гүлді-сәнді дақылдар және картоп – 3 жылға дейін;

      жемшөптік – 6 жылға дейін;

      жеміс, ағаш, жидек дақылдары және жүзім – 12 жылға дейін;

      2) қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды;

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – шаруашылық-құндық белгілер кешені бойынша сортты пайдалануға ұсыну туралы Мемкомиссия қорытындысының негізінде шығарылатын, Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын селекциялық жетiстiктердің мемлекеттiк тiзіліміне сортты қосу туралы көрсетілетін қызметті беруші бұйрығының көшiрмесi не Мемкомиссияның сортты одан әрi сынақтан алу негiздемесi бар қағаз жеткізгіштегі қорытындысы.

      Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.04.2017 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді Мемкомиссия сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырады.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) Мемкомиссияға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар мен материалдар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша селекциялық жетiстiктi шаруашылыққа жарамдылығын сынауға арналған өтiнiш, екі данада;

      2) көрсетілетін қызметті алушының деректерi бойынша ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын шаруашылыққа жарамдылығына сынақтан өткiзу және оларды бағалау кезiнде – топырақтық-климаттық параметрлер бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің пайдалануы үшін ұсынылатын жағдайларда ұқсас жағдайларда жүргізілген басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарының сортты сынақтан өткізуінің оң нәтижелерін растайтын құжаттама;

      3) селекциялық жетістік сауалнамасы (тиісті дақылдарға арналған нысан бойынша), екі данада;

      4) тиісті тектер мен түрлерге арналған селекциялық жетістіктің сипаттамасы, екі данада;

      5) гүлдердің, гүл шоғырларының, өсімдіктердің репродуктивтік бөліктерінің және шаруашылықта пайдалану фазасында қалыпты дамыған өсімдіктің сорт атауы көрсетілген масштабты сызғышы бар фотографиялары;

      6) өтінім беруге арналған құқығын растайтын құжат (құқықтық мирасқорлар және делдалдар үшін);

      7) сынаққа берілетін сортта генетикалық түрлендірілген объектілердің жоқ екендігі туралы не генетикалық түрлендірілген объектілердің құрамына жүргізілген сараптама нәтижелері (шетелдік селекциядағы сорттар үшін);

      8) тұқымдық және отырғызу материалының үлгiлерi.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды Мемкомиссияға тапсырған кезде қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау Мемкомиссияның кеңсесінде оның көшірмесінде құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, тіркеу туралы белгі қойылғаны болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.04.2017 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      9-1. Мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартуға арналған негіздер:

      1) көрсетілетін қызметті алушының сортты сынақтан өткізу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) сортты сынақтан өткізу үшін ұсынылған қажетті деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 4-2/602 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11879 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн сұрыптық сынақтан өткізу қағидаларына сай талаптарға сәйкес келмеуі болып табылады.

      Ескерту. Стандарт 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.04.2017 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және Мемкомиссияның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанды почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымда:

      жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса), почталық мекенжайы;

      заңды тұлғаның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

      Қабылданған шағым көрсетілетін қызметті берушінің жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін есепке алу журналдарында тіркеледі. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат күні мен уақыты, өтінішті/шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, сондай-ақ берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талон болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.



4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге талаптар

      11. Мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде күту және қажетті құжаттарды дайындау үшін жағдай жасалады (күтуге арналған креслолар, қажетті құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталады).

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің www.minagri.gov.kz;

      2) Мемкомиссияның www.goscomsort.kz. интернет-ресурсында орналасқан.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті" арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.



      14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығында (1414) көрсетілген.

 

"Ауыл шаруашылығы
өсiмдiктерiнің шаруашылыққа
жарамдылығын мемлекеттік
сынау" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына қосымша

 

Нысан

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.04.2017 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен


Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігінің Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы
(010000, Астана қаласы, Абай даңғылы,
13-үй, "Іскер" бизнес орталығы, 11-қабат, 1111-кабинет)

Өтiнiм нөмiрi



















 
Тiркелген күнi



















 

Селекциялық жетістікті шаруашылыққа
пайдалылығына сынақтан өткізуге арналған өтініш


Өтiнiш берушi(лер)
_____________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), заңды тұлғаның атауы және
мекенжайы)
_____________________________________________________________________________
Азаматтығы
_____________________________________________________________________________
Хат алмасуға арналған мекенжайы
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Телефоны_______________ Электрондық мекенжайы_______________________________
Селекциялык жетiстiк оригинаторының(ларының) атауы(лары), мекенжайы(лары) және
қатысу үлесі, %-бен
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Тек, түр (қазақша атауы)
_____________________________________________________________________________
Тек, түр (орысша атауы)
_____________________________________________________________________________
Тек, түр (латынша атауы)
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Ұсынылып отырған атауы
_____________________________________________________________________________
Селекциялық нөмiрi
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Автор(лар) (егер автор(лар) өтiнiш берушi(лер) болып табылмаса)




Тегі

Аты

Әкесінің аты
(бар болған жағдайда)

Үйінің мекенжайы

Қатысу үлесі, %































Мендегі (біздегі) бар ақпарат бойынша басқа авторлары жоқ

Алдыңғы өтiнiмдер

Тiркелген

Өтiнiм нөмiрi

Кезеңі

Қандай атаумен

елі

күнi

Күзет беруге













Шаруашылыққа пайдалылығына сынауға













Мен (бiз) бiрiншi өтiнiмде берiлген материал осы сортты бiлдiретiнiн және осы өтiнiмге сәйкес келетінін мәлiмдеймiн(мiз)

Оригинатор ұсынып отырған сынақ өткiзу (пайдалану) салалары

Мен (бiз) селекциялық жетiстiктi шаруашылыққа пайдалылығына мемлекеттiк сынақтан өткiзудi өтiнемiн(мiз)
Мен (бiз) менде (бiзде) бар мәлiметтер бойынша өтiнiмдi қарауға қажеттi және осы өтiнiш пен қосымшаға енгiзiлген ақпарат түпкiлікті және дұрыс екендiгiн мәлiмдеймiн(мiз).
Мен (бiз) үлгiлердiң тиiсiнше алынғандығын және сорттың репрезентативті іріктелгенін көрсететінін растаймын(мыз).
Мен (бiз) Мемлекеттік комиссия мен оның инспектураларының нарядтары бойынша шаруашылыққа пайдалылығына сынақ жүргiзу үшiн тұқымның қажеттi мөлшерiн, сондай-ақ сақтауға сорттың эталондық үлгiсiн өтеусiз беруге мiндеттенемiн(міз).
Өтiнiш берушiнiң (берушілердiң) қолы (қолдары)____________ ___________
____________ ___________
____________ ___________
____________ ___________
____________ ___________
Мөр (бар болса) орны




 




Түсініктемелер (0)

0

0



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

Базаның жай-күйі

  • Барлық құжат: 228876

  • Қазақ тілінде: 114809

  • Орыс тілінде: 113661

  • Ағылшын тілінде: 406

  • Жаңартылған күні: 10.04.2018

  • 06.04.2018 күннің жағдайына құжаттар

Қолдау қызметі

  • Email: support@rkao.kz

  • Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)

  • Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

  • Пайдаланушылық келiciм

  • Кері байланыс

  • Сайт картасы

Құқықтық ақпараттық қызметі

Соңғы құжаттар

  • Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

  • Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін, қосылған құн салығынан босатылатын діни мақсаттағы заттардың тізбесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы

  • "Жоғары оқу орындарының ерекше мәртебесі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 қаулысына толықтыру енгізу туралы

  • "С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы

  • Мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алатын кедендік алымдардың мөлшерлемелерін бекіту туралы

барлық соңғы құжаттар

Кеңінен таралған құжаттар

  • Әкімшілік құқық бұзушылық туралы

  • Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi

  • Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

  • Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ КОДЕКСI

  • Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

  • Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы

  • Мемлекеттiк сатып алу туралы

  • Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы

  • Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы

  • Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі (ерекше бөлім)

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет