География және жаратылыстану пәндері бойынша мониторинг
нәтижелері
Жалпы білім беруде орта білім беруде жаратылыстану және география
пәндері бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерінің мониторингі
мәселелері қарастырылып, оқушыларды оқыту процесінде қолдану үшін
функционалдық сауаттылық бағыттары бойынша жұмыстар жүргізіледі. Орта
білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік
жалпыға міндетті стандартын бекіту, «География» және «Жаратылыстану»
пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламасын әзірлеу осы үдерістің құрамдас
бөлігі. Оқушылардың жаратылыстану ғылымдарының негізін «Жаратылыстану»
пәнінен бастайды. Бұл олардың әлем туралы білуге құмарлығын арттырып,
дүниетанымын кеңейтуге, қоршаған әлемді ғылыми тұрғыдан түсініп, ол туралы
біртұтас көзқарас қалыптасуына, бұл әлемді бағалап, сақтай білуіне,
функционалдық
сауаттылығын
қалыптастыруына
көмектеседі.
«Жаратылыстану» пәнін оқыту оқушылардың зерттеу, ойлау және
коммуникативтік дағдылары мен біліктерінің негіздерін қалыптастыруға
бағытталған. Жаратылыстану негізгі орта (7-9-сыныптар) және жалпы орта (10-
11-сыныптар) білім деңгейінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы
49
«Химия», «Биология», «География», «Физика» пәндерін және жалпы орта білім
(10-11-сыныптар)
деңгейінде
қоғамдық
гуманитарлық
бағыттағы
«Жаратылыстану» пәнін зерделеуге арналған ықпалдастырылған курс.
Жаратылыстану-ғылыми білімнің құрамдас компоненті ретінде «География»
пәні табиғи, қоғамдық, әлеуметтік нысандарды, құбылыстарды, үдерістерді
өзара бірлікте қарастыратын маңызды пән болғандықтан оқушыларды түрлі
географиялық жағдайларда адамдардың өмір сүру деңгейімен, шаруашылықтың
жүргізілуі жайлы деректермен танысу , адамзаттың өмір сүру ортасын кешенді
қарастыру, оқушылардың дүниені нақты заңдар бойынша қалыптасатын және
дамитын аумақтық табиғи-қоғамдық жүйелер түрінде қабылдауына бағытталған
тапсырмалар пайдаланылады. Жаратылыстану мен географиядағы зерттеу
тәсілдерімен байланысты ақпаратты өңдеуде ақпараттық технологияларды
қолданудың маңызы зор. Оқыту үдерісінде белгілі бір нақты пәнді зерттеу
маңызды болғанымен, пәнаралық жұмыстарды жүргізу пәнді анағұрлым сапалы
меңгеруге оң ықпалын тигізеді. Карру (Kerry, 2007) тұжырымдағандай,
пәнаралық байланысты қолдану білімнің өзара тығыз байланыстылығы туралы
Джон Дьюидің еңбектеріне негізделеді. Оқыту мен оқудағы бұл бағытты
сындарлы оқыту теориясын жақтаушылар қолдайды, оқушылар бірлескен
жұмыс барысында пәнаралық проблемаларды талқылап, өзара пікір алмасады.
Оқушылар әртүрлі пәндер бойынша тапсырмалар арқылы білімді ықпалдастыру
оқушылар үшін білім беру үдерісінің өзара байланыстылығы мен маңызын
арттыруға бағытталған болуы қажет. Көптеген пән мұғалімдері жұмысын
қиындатқысы келмейді, бірақ бұл сипаттар керісінше – олардың ой шешімін
қамтамасыз ете отырып, сабақтың білімдік – тәрбиелік потенциалын күшейту
мақсатындағы пәнаралық ынтымақтастықты арттырады. Оқушылардың физика,
химия, биологиядан алған білімдері физикалық география бойынша көптеген
мәселелерді тереңірек білуіне септігін тигізеді, себебі өз республикамыздың
физикалық географиясымен таныстырып қана қоймай, оқушыларға
жаратылыстану ғылымдарының заңдылықтарын үйретеді және оқушылардың
географиялық түсініктерін нығайтады, ойлау мен талдау қабілеттерін,
іскерліктерін дамытуға көмектеседі. Осылайша, физикалық географияның
бастапқы сатысы үшін жаратылыстану ғылымына тән пәндермен байланыстыра
отырып
түсіндіру
маңыздырақ.
Пәнаралық
байланыстар
негізінде
құрастырыылатын тапсырмалар бірнеше пәндерден алған білімдері негізінде
қалыптасады. Қазіргі шиыршық әдісі бойынша мұғалімдер пән аралық негізде
тапсырмалар құрастырса ол бір сабақ көлемінде толықтай айтылмай қалған
сұрақтарға жауап беруге мүмкіндіктер тудырады. Экономикалық географияның
қазіргі заманғы ерекшеліктерін көп жағдайда сол жердің немесе басқа аумақтың
тарихи дамуын еске түсірмей түсіндіру мүмкін емес, сондықтан география
сабақтарында ғылыми деңгейді көтеру үшін тарихпен пәнаралық байланыс
жүргізудің үлкен маңызы бар. Сол сияқты оқушылардың кескін картамен,
статистикалық, картографиялық материалдармен жұмыс жүргізе білуге үйрету
мен
қалыптастыру
–
оқушылардың
математикалық
дайындығын
жетілдіреді.Біздің пікірімізше математикалық жаратылыстану граматикалық
50
сауаттылықты
қатар
дамыту
қажет.
Жаратылыстану,математикалық
сауаттылықты дамыту тапсырмалар арқылы іске аспақ.
«География» оқу пәні бойынша функционалды сауаттылықтын орнын
толтыру мақсатындағы жұмыстар жеткілікті.Жаратылыстану пәні 5-6 сыныпта
ал «География» пәнінің мазмұны 7-ден 11-сыныпқа дейін оқытудың
қайталанатын тақырыптары мен мақсаттарын күрделендіре және кеңейте
отырып, шиыршықтық қағидат бойынша бере аламызн. Шиыршықты қағидат
өткен кезеңге қайталау немесе бекіту үшін бөлімдердің/кіші бөлімдердің
тақырыптарын және оқыту мақсаттарын қосуға және ағымдағы жылдың оқу
бағдарламасының мазмұнымен біріктіруге мүмкіндік береді.
Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру- оқу
сапасын арттыру туралы мәліметтермен байланысты. Оқытудың жаңартылған
мазмұнына көшумен сүйемелденетін қазақстандық білім беруді жаңғырту оқыту
сапасын арттыруға, оқытуда жеке - бағдарлы тәсілдерді арттыруға, нақты
пәндерді оқыту кезінде уәждемені күшейтуге бағытталған.
11 – сыныптың «География» пәнін оқытудың мақсаты-оқушылардың
функционалдық сауаттылығын, геоэкологиялық, геоэкономикалық, әлеуметтік,
геосаяси және жаһандық мәселелерді шешуге бағытталған географиялық білімді
дамыту, дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыру.
Базалық, орта және жоғары қиындық деңгейлері бойынша «География»
пәні бойынша тапсырмаларды дұрыс орындаған 9-сынып оқушыларының үлесі,
% көрсеткіштер бойынша талдаулар 8-10 кестелерде келтірілген.
«Географиялық зерттеу әдістері», «Физикалық география. Биосфера», «
Әлеуметтік география. Халық географиясы « тақырыбында барлық деңгейдегі
тапсырмаларды сәтті орындау белгіленді (62% - дан 75,8% - ға дейін).Оның
себебі қойылған сұрақтардың тақырып мазмұнын ашуға бағытталағандығын
көрсетеді.
Осы тақырыптардың жартысында базалық деңгейдегі тапсырмаларды
орындаудың жоғары пайызы (70% - дан жоғары) және сонымен бірге орташа
және жоғары деңгейдегі тапсырмаларды орындаудың төмен пайызы байқалады:
«физикалық география. Литосфера», « Физикалық география. Гидросфера»,
«Табиғи-аумақтық кешендер», « Экономикалық география. Табиғи ресурстар»,
«Әлемдік экономиканың салалық және аумақтық құрылымы», «Саяси
географияның негіздерімен, Елтану» сұрақтары қызықты мәселелерге қатысты .
Жоғары қиындық тапсырмаларының арасында оқушылар « Физикалық
география. Атмосфера» (48%), «Картография және географиялық мәліметтер
базасы» (48,5%) және « Физикалық география. Литосфера» (50,7%). Бұл
оқушылар арасында мұхит суының қасиеттеріне әсер ететін факторларды
анықтаудағы, құрлық суларының негізгі түрлерінің шаруашылық маңызын
түсіндіруде (қазақстандық компонент мысалында); маңызды қазақстандық
географиялық объектілердің, процестер мен құбылыстардың картасы бойынша
түсініктеме көрсетілімді жүзеге асыру сияқты оқу мақсаттарына қол жеткізудегі
қиындықтарды көрсетеді. Әр түрлі континенттерде орналасқан ұқсас Климаттық
белдеулерді салыстыру барысында, Қазақстанның климаттық жағдайларын
талдау 7-9 сыныптардағы сағат көлемінің аздығын көрсетеді.
51
8-кесте – Қиындық деңгейлері бойынша тақырыптар атауы
9-кесте – Қиындық деңгейлері бойынша тақырыптар атауы
52
10-кесте – Қиындық деңгейлері бойынша тақырыптар атауы
Өңірлер бөлінісінде көптеген тақырыптар бойынша сәтті орындалған
тапсырмалардың салыстырмалы түрде жоғары үлесі Маңғыстау, Шығыс
Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында байқалды. Өз кезегінде,
Қарағанды және Атырау облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында
барлық тақырыптар бойынша ең төменгі нәтижелер белгіленді. Оның себептері
әртүрлі жағдайларға байланысты. Карантин кезінде бастапқы географиялық
түсініктердің нашар игерілуіне қатысы бар.
ҰТО (НЦТ) мәліметтері бойынша талдау оқыту барысындағы деңгейлер
бойынша қандай география бөлімдері салыстырмалы түрде төменгі
көрсеткіштерді беретіндігін сараптадық.
Тақырыптардың атауы және қиындық
деңгейлері (а-базалық, в-орташа,С-жоғары) бойынша Алматы қ.Маңғыстау,
Алматы облысы, Қостанай Қызылорда облыстары көрсеткіштері жеке пән
бойынша 68-72 пайыздық көрсеткіштерді көрсетеді. Әсіресе Қарағанды ,Атырау,
Батыс Қазақстан облыстары 30-65 пайыз аралығында. Қарағанды облысы
оқушылары географияның 80-90 пайыз тақырыптарын толықтай менгере
алмаған. Физикалық география, картография тақырыптары мақсаттарына
53
байланысты дүрыс қарастырылмаған. Базалық деңгей бойынша 50 пайыздан
төмен көрсеткіштер пандемия кезінде қашықтықтан оқытудың салдары.
«Мектептерге арналған әдістемелік ұсынымдар – мұғалімдерге не істеу
керектігі туралы қадамдық алгоритм бекітілді. 3 мыңнан астам сабақ алынды.
Қашықтықтан білім алуға дайындық қандай болды? Орта білім беруде жеті
мыңға жуық мектеп – 3 млн оқушы, 335 мың мұғалім пандемия кезінде теле
сабақтар арқылы толықтырды.Сонымен қатар цифрлық платформалар
пайдаланылды. Пандемиядан кейінгі жағдайда олқылықтарды жою мақсатында
мектептер мен мұғалімдер тарапынан жоспарлы шаралар қолданылды.
Білім беру мекемелері олқылықтарды жою мақсатында өткізіп жатқан іс
шаралардан басқа қазіргі таңда мұғалімдерге функционалды сауаттылықты
арттыру тапсырмалар жинағын үсынуымыз қажет.
География бойынша білімді толықтыру бойынша білім беру ұйымдары
қызметінің мониторингі
Білім беру мониторингі-бұл кез-келген уақытта оның жағдайын бағалауға
және оның дамуын болжауға мүмкіндік беретін, осы жүйені басқаруды
ақпараттық қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесі немесе оның жеке
элементтері туралы ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау және тарату жүйесі. Осыған
байланысты республика мектептерінде географияны оқыту сапасын зерттеу
бойынша жұмыс жүргізілді.
Мониторинг тапсырмаларының көмегімен біз оқу процесінің жай-күйін
үздіксіз бақылау және ол туралы жедел, сенімді ақпарат алу үшін қолданыстағы
күнделік бағдарламасын қолдандық.
Географияны оқыту процесінде болып жатқан өзгерістерді және оларды
тудыратын факторларды анықтау жүргізілді. Біз білім беру үрдісіндегі жағымсыз
үрдістердің алдын алу жолдарын қарастырдық.
Саралау процесінде біз оқушының жеке басының пәнді игеру деңгейіне
назар аударамыз. Республика мектептеріндегі қолданыстағы педагогикалық
технологиялар олардың психологиялық негіздері мен материалдық-техникалық
және әдістемелік қамтамасыз етілуі бөлігінде қаралды.
Талдау барысында келесі қадамға назар аударылды. Оларға-білімді
толықтыру бойынша жұмысты жоспарлау және Жоспарды іске асыру жатады.
Педагогтің өзіндік жұмыс нысанын таңдау туралы шешім қабылдауы
(өткен кезең ішінде жаңа оқу бағдарламасының мазмұнына білімді толықтыру
бойынша тақырыптарды интеграциялау, жаңа оқу материалын кейіннен
түсіндіре отырып, консультациялар өткізе отырып, өткен жылғы сабақта
тақырыптарды/оқу мақсаттарын бастапқы қайталау және т.б.).ескерілді.
Алдыңғы оқу жылының оқу материалын қоса отырып, оқу тапсырмаларын
әзірлеу
процесінде
оқыту
тақырыптарын
/мақсаттарын
пайдалану,
қалыптастырушы бағалауды жүргізу, білім алушылардың білімін толықтыру
үшін пән бойынша каникул сабақтарын өткізу ұсынылады. Сонымен қатар,
тесттер, тапсырмалар, сауалнамалар, сұхбаттар, оқытудың тиімді нысандары мен
технологиялары студенттерді оқуға белсенді қатысуға және білімдерін
толықтыруға ынталандыру үшін қолданылғаны анықталды.
54
Мектеп мұғалімдеріне сұрақтар қойылды. Мектепте өткен оқу жылындағы
білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтарды анықтау бойынша
диагностикалық бақылау жұмыстары жүргізілді ме?
Олқылықтарды толтыру бойынша жұмыс қандай түрде/түрлерде
жүргізілді? (бірнеше түрді атап өтуге болады)
Олқылықтардың орнын толтыру мақсаатында тапсырмалар құруда қандай
қиындықтар туындады?
Жұмыс жоспарын құру кезінде сіз нені басшылыққа алдыңыз?
Достарыңызбен бөлісу: |