Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


 ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША ОҚУ



Pdf көрінісі
бет22/103
Дата11.10.2023
өлшемі7,25 Mb.
#184653
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   103
Байланысты:
23 Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша оқу тапсырмаларының жинағы

2. ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША ОҚУ 
ТАПСЫРМАЛАРЫ (МОДБ) 
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 
Бастауыш сыныптағы «Қазақ тілі» пәні бойынша тест тапсырмаларының 
құрылымы:
Оқу сауаттылығы бойынша тесттердің құрылымы бойынша әрбір тест екі 
мәтіннен тұрды: бірінші мәтін 4 тест тапсырмасынан, мәтіндегі сөз саны 130 
сөзден аспайды, екінші мәтін 6 тест тапсырмасынан, мәтіндегі сөз саны 200 
сөзден аспайды.
Тестте барлығы оқу мақсатының үш деңгейіне сәйкес 10 тапсырма 
берілген. «Қолдану» деңгейі бойынша 3 тапсырма, «Талдау» деңгейі бойынша 5 
тапсырма және «Жинақтау» деңгейі бойынша 2 тапсырма бар.
Оқу мақсаттарының әрбір деңгейі оқушылардың келесі дағдыларын 
анықтауға бағытталған:

«Қолдану» деңгейінде - мәтіннің формасы мен тілінің кейбір 
ерекшеліктерін пайдалана отырып, мәтіннен ақпаратты таба алады, соның 
негізінде қорытынды жасай алады; 

«Талдау» деңгейінде - олар мәтіннен ақпаратты нақты түрде алады және 
оны өзгертуі мүмкін; мәтін формасы мен тілінің кейбір ерекшеліктерін 
пайдалана отырып, мәтіннен ақпаратты таба алады, соның негізінде 
қорытынды жасай алады; 

«Жинақтау» деңгейінде - мәтіннің маңызды хабарларын түсінеді, мәтін 
бойынша өз бетінше қорытынды жасай алады, мәтіннің мазмұнына да, 
формасына да баға береді, мәтіннің кейбір тілдік ерекшеліктеріне назар 
аударады. 
1-4 сыныптағы «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу сауаттылығын дамытуға 
арналған тест тапсырмалары
№ 1-тапсырма 
Мәтінді оқып, 1-3 сұрақтарға жауап беріңіз.
Бірде шаштаразда байқалған жайдың ұшақ жасау ісінде үлкен табыспен 
пайдаға асқаны туралы білесіңдер ме? Бұл бір-ғибрат аларлық тамаша тарих! Сіз 
сондай істі өз басыңыздан өткермеген болсаңыз, өмір тәжірибесі кез келген 
жағдайда кәдеге асатынын ұмытпағайсыз. Айналаңыздағы ортаны бақылап 
үйреніңіз, көңіл аударуға тұратынын байқап қалуға тырысыңыз.
Ұшақ кабинасындағы шуылды азайтудың әдісін іздестіру кезінде осы 
жағдай авиаконструкторлардың есіне түсе кетті. 
Мықты матаға желім жағып, оны күшті электр өрісіне енгізді, содан кейін 
жоғары жағынан бірдей етіп тілінген шыны талшықтарын септі. Шыны 
талшықтардың бір ұшы желімдеген матаға жабысты да, екінші жағы жоғары 
қарап тұрды. Ал оның үстіне желім жағылған матаның екінші қабаты түсті. 
Бұдан кеуекті резеңке тәрізді материал пайда болды. Ол дыбысты екінші жаққа 
өткізбеді, ешқандай шу да естілмейтін болды.


65 
1.
Мәтінде қандай қасиеттен үлгі алуға болатынын анықтаңыз. 
а) байқампаздық пен өнертапқыштық
b) ойшылдық пен оқымыстылық
с) есте сақау мен қайта жаңғырту
d) қиялдау мен мақсатқа ұмтылыс
2) Шуылды азайту әдісінде төмендегілердің қайсысын қолданбады
а) мата b) желім
с) шыны талшықтары
d) резеңе
3) Мәтіндегі оқиға желісін реттілігі бойынша белгілеңіз.
1) Ұшақ жасау ісінде табысқа жету
2) Шаштараздағы оқиғаның еске түсуі
3) Ұшақтағы шуылдың азайтудың жолын іздеу
4) Шаштараздағы байқағыштық
а) 1, 2, 3, 4
b) 4, 3, 2, 1
с) 2, 1, 3, 4
d) 4, 3, 1, 2
4) Жоспар құрыңыз.
Жоспар
1.____________________________________________________________
2.____________________________________________________________
3.____________________________________________________________
№ 2-тапсырма 
Мәтінді оқып, 5-7 сұрақтарға жауап беріңіз.
Бозарал! Аспаны әнге, жері ұяға толы Бозарал! Дүниедегі әнші, әдемі 
құстардың көктемде бас қосатын жері-Бозарал!
Алтыбақан құрып, қой күзеткен ауыл алдындағы жазық, биік жардың құм 
қабырғасын үңгіп аққан өзен, көктайғақ мұзына доп ойнап, сырғанақ тепкен қара 
су сезімді шымшымай қоймайды. Машинаның кідіруін пайдаланып жерге 
түсесің, әрбір жапырақ жаудырап қарай қалады. Оларда манағы бір әзірде жауып 
өткен жаңбырдың меруерт тамшылары мөлтілдейді. Дүниедегі ең таза тамшылар 
туған жердің жапырағында тұрғанына жүрек баладай қуанады, іш анадай 
елжірейді. Қанша үңілгенімен, құмар қанар ма? Қайсыбіріне ғана қарасың, 
қайсыбірін ғана аларсың. Бір уыс жалбызды жұлып аласың. «Мен де қалмаймын» 
дегендей, буылдықтың бір тал сабағы да қолыңа іліне кетеді. Жалбызды 
иіскейсің-ұзақ иіскейсің. Оның қандай жерге өскенін көргің келіп, аяғыңның 
астына үңілесің. Бір шөкім топырақ аласың.
5) Мәтін не туралы екенін анықтаңыз.
а) Көктем мезгілі
b) Табиғат тамашасы
с) Жастық шаққа саяхат
d) Туған жер
6) Автордың баладай қуанып, анадай елжіреуіне не себеп болды? 
Ойыңызды жазыңыз.
Жауабы:______________________________________________________


66 
7) Төмендегі сезімдердің қайсысы автордың мәтіндегі көңіл-күйі бола 
алмайды?
а) Туған жерге деген қимастық сезім
b) Туған жерге деген сағыныш сезімі
с) Туған жерге деген мақтаныш сезімі
d) Туған жерге деген қамқорлық сезімі
№ 3-тапсырма 
Мәтінді оқып, 8-10 сұрақтарға жауап беріңіз.
Данышпанның бірі былай депті: «Ішімдік адамды торт күйге түсіреді. Ә 
дегенде адам тотыға ұқсайды да, жұрт көзіне түсуге тырысады. Содан соң ол 
маймылдың қылығын шығарады да, елдің бәрімен қалжыңдасып, қылжақтай 
береді. Одан кейін арыстан кейпіне кіреді де, тәкаппар, паң, күшіне сенген 
өркөкірекке айналады. Ақыр аяғында ол шошқаға ұқсайды да, батпаққа аунап
Кете барады». Олай болса, адам мұндай күйге түсуден сақ болу керек.
8) Мәтінде қандай тәсіл қолданғанын көрсетіңіз.
а) байланыс құру
b) салыстыру
с) анықтама беру
d) мысал келтіру
9) Төменде берілген әрекеттердің қайсысы мәтіндегі жануарлар 
кейпіндегі адамдардың әрекетіне сәйкес келеді?
а) Шошқаны жақсы көріп кетеді.
b) Әркімге көмектесе береді.
с) Ешкімге ырық бермей, өзін ғана күшті сезіну.
d) Әндетіп, құлап, жығылып жүреді.
10) Мәтіндегі арыстан адамға тән қасиетті көрсетіңіз.
а) Қылжақбас
b) Менмен с) кішіпейіл
d) әлсіз
№ 4-тапсырма 
Мәтінді оқып, 11-13 сұрақтарға жауап беріңіз.
Бала кезімнен естіген, үйренген, білген сөздерімнің ішінен бір сөз 
көкейімнен ерекше орын алады. Өйткені ол сөзді әжем де, анам де, әкем де мен 
үшін тілдерімен емес, жүректерімен айтып отыратындай сезілетін. Кейде әжем 
сол сөзді маған арнап айтқанда, мейірлене кеудесіне қысып, маңдайыма ыстық 
лебін тигізе иіскейтін. Сондықтан ол сөз маған барлық сөздерден де құдіретті
сезілетін. Ол сөз «Айналайын!» деген сөз еді. Осы сөз әжемнің мейірімді
кеудесінен шыққан сайын, мен іштей қайталаймын, есейе келе, өзімнен кішілерді 
мен де «Айналайын» дейтін болдым.
11) Мәтін мазмұнына лайық мақалды анықтаңыз.
а) Жылы-жылы сөйлесең,
Жылан інінен шығады.
b) Кішілерді көріп, қартайғаныңды білесің.
с) Жақсы сөз-жан азығы.
d) Бала балдан тәтті,


67 
Немере жаннан тәтті.
12)Мәтінде асты сызылған сөздің мағынасын табыңыз.
а) бетін b) алақанын
с) маңдайын
d) демін
13) Мәтінге сай келмейтін қатарды белгілеңіз.
а) Жақсы сөз санада жатталып қалады.
b) «Айналайын» сөзі кейінгі кезде қолданыстан шығып бара жатыр.
с) Айналып, еркелеткен-адамның мейірімділігін танытады.
d) Жақсы сөз тілден емес, жүректен шығады.
№ 5-тапсырма 
Мәтінді оқып, 14-16 сұрақтарға жауап беріңіз
Жетіген – қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан жеті ішекті 
шертпелі музыкалық аспабы. Аспап ағаштан құрастырылып жасалады. 
Құрылысы өте қарапайым. Жетіген аспабы талай жүздеген жылдар өтсе де, аяғы 
қарапайым күйінде. Жетілдірілген түрінде он үш ішек байланып, арнайы тиектер 
қойылған. Аспаптың үні өте нәзік, құлаққа жағымды. Ел арасында аспаптың 
шығуы жайында көптеген аңыздар айтылады. Сол бір аңыздың бірінде: «өткен 
заманда өмір сүрген бір қарияның жеті баласынан айырылған қасіретті 
қайғысынан туындаған» деседі. Бізге «жетіген» деген атау осылай жеткен. 
Қазіргі кезде жетіген аспабы көптеген ансамбльде ойналып, кеңінен 
насихатталып келеді.
14) Жетіген аспабы неден жасалады?
а) ағаштан
b) алтыннан с) қағаздан
d) ішектен
15)Мәтінде жауабы жоқ сұрақты табыңыз
а) Жетіген қандай аспап?
b) Жетіген аспабында неше ішек бар?
с) Жетіген аспабы туралы ақты қанша ағыз бар?
d) Жетіген аспабының үні қандай?
16) Музыкалық аспапқа қатысты не айтылмаған?
а) аспаптың дыбысы
b) аспаптың құрылысы
с) аспап атауы туралы аңыз
d) аспапты кімдердің дайындайтыны
Қорытынды. 
Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі білім беру 
ұйымдарынан тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті 
стандартына (бұдан әрі – МЖБС) сәйкес білім алушылардың білім сапасын 
жүйелі бақылау болып табылады. ББЖМ кейін әдістемелік көмек көрсете 
отырып және білім беру сапасын қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлей 
отырып, тестілеу нәтижелерін дайындауды және жүргізуді, өңдеуді және жүйелі 
талдауды қамтиды. 
Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингін бақылауға дайындық 
жұмыстарында: 
педагогке:


68 
-
білім алушының үлгермеу себептерін, оның оқу жетістіктерінің деңгейін 
және біліміндегі олқылықтарды анықтау;
-
жеке қолдау көрсету үшін білім алушының қажеттіліктерін зерделеу;
-
жеке тапсырмаларды таңдай отырып, оқытудың жеке жоспарын әзірлеу;
-
жүйелі кері байланысты ұйымдастыру ұсынылады.
Педагог оқушылардың білім алу қажеттіліктерін және жеке даму жолын 
ескере отырып, пән бойынша білім алушылардың білімін толықтыру алгоритмін 
дербес әзірлеу ұсынылады. Мысалы:
-
өткен және ағымдағы оқу жылдарындағы оқу пәні сабақтарының 
тақырыптарын, оқу мақсаттарын кіріктіру; 
- пәндер бойынша өткен оқу жылының материалдарын жаңа оқу жылының 
барлық кезеңіне бөлу;
- жаңа тақырыптарды және оқу мақсаттарын меңгертуге дейін бұрынғы оқу 
материалдарын қайталау;
- білім алушыларға қиындық тудырған тақырыптар бойынша қосымша 
сабақтар өткізу;
- білім алушыларға күрделі тақырыптар/оқу мақсаттары бойынша жеке және 
топпен консультациялар өткізу;
- өткен оқу материалы бойынша оқу пәнінен олимпиадалар ұйымдастыру;
- каникулдық сабақтарды және жазғы мектепті ұйымдастыру;
- формативті бағалауда өткен оқу жылындағы оқу бағдарламасы бойынша 
тапсырмалар әзірлеу және енгізу;
- өткен оқу жылындағы материалдар бойынша зерттеу және жобалау 
жұмыстарын ұйымдастыру;
- білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру сабақтары үшін Үлгілік оқу 
жоспарының вариативтік компонентінің сағаттарын пайдалану;
- білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында қосымша білім 
беру ұйымдарының мүмкіндігін барынша пайдалану;
- білім беру платформаларын қолдану.
«Қазақ тілі» пәні бойынша 5-11 сыныптар үшін оқу сауаттылығын дамыту 
тапсырмалары 
Білім беру мазмұны аясында грамматиканы оқыту өзекті мәселе болып 
отырғаны белгілі. Грамматиканы оқыту – білім алушыны толық 
коммуникативтік байланысқа түсірудің методикалық құралы, қазақ тілін 
оқытудың мақсаты мен заңдылықтары. Бірақ қазақ тілі сабақтарындағы тек 
грамматикалық жүйе туралы білім, ережелер, категориялар, ұғымдар туралы 
білімдер сол тілді меңгергендіктің көрсеткші бола алмайды. Оқушылар 
ережелерді есте сақтап, жатқа айта алады. Дегенмен сабақ барысында ережені 
құр жаттатудан гөрі, сол алынған білімді білім алушының өмірде қолдана 
алуына, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істей білуге, идеялар тудырып және 
оны іске асыруға, өзінің көзқарасын негіздей білуге қалыптастырған жөн. Қазақ 
тілінен оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық 
негіздері дегенде, ең алдымен, оқушылар меңгеруі тиіс деп танылған қазақ 
тілінен берілетін білім мазмұны, ана тілінде оқуы арқылы өзін-өзі тануы, тілдік 


69 
санасы жетіліп, жеке тұлға ретінде қалыптасуына игі ықпал ететін заңдылықтар 
қарастырылады.
Қазақ тілі жүйесінен білім алу, тіл мәдениеті мен сөйлеу сауаттылығын 
қалыптастыру және дамыту арқылы тұлға қалыптастыру – қазақ тілін оқыту 
арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың басты 
мақсаты. Оқу сауаттылығын дамытуда стиль мен стилистика, шешендік өнер, 
орфография мен пунктуация бойынша практикалық мәні үлкен тіл салаларын 
меңгертудің маңызы зор. Күнделікті қазақ тілі сабағында ережені айту, жаттату, 
талдаулар жүргізумен ғана шектелмей, шынайы өмірде керек болатын білім 
мазмұнын теориялық және практикалық бағытта ұйымдастыру қажет. Қазақ тілі 
сабағында функционалдық сауаттылық тапсырмалары тілдік ережелерді түсіну 
– тілдік нормаларды сақтау – іс-әрекет тәсілдерін меңгеру деген желі бойынша 
құрылады.
Білім мазмұны аясында қазақ тілінен грамматикаға негізделген 
халықаралық зерттеулер (TIMSS, PISA) форматындағы тапсырмалар cөздерді 
синонимімен алмастыру, сөйлемдерді перифразалау, сұраққа өз көзқарасын 
білдіріп жауап жазу, дәйексөзге түсіндірме жазу, т.б. қамтиды.
ТЫҢДАЛЫМ 
«21 
жылда Нұр-Сұлтан қаласы алып мегаполиске айналды» 
(
https://www.youtube.com/watch?v=YNxj8qEaLTg

бейнежазбасын 
көріп, 
төмендегі тапсырмаларды орында. 
№ 1-тапсырма. Нұр-Сұлтан қаласы халқының саны туралы графикалық 
мәтіндегі мәліметтермен танысып, неологизмді қатыстырып 2-3 сөйлем 
жазыңдар. Жазған сөйлемдеріңде тыныс белгілерін қандай заңдылыққа сүйеніп 
қойғаныңды айтып көр. Алдыңғы сыныптарда тыныс белгілерінен алған 
біліміңді еске түсір.
№ 2-тапсырма. Жұппен жұмыс. 1-жұп бейнежазбадағы Нұр-Сұлтан 
қаласында 21 жылда салынған білім ордалары туралы сандық деректерді, 2-жұп 
салынған пәтерлер туралы сандық деректерді графикалық мәтінге (кесте, 
диаграмма) түсіріңдер. Графикалық мәтіндерің бойынша неологизм, термин 
сөздерді қатыстырып, 3-4 сөйлем жазыңдар. 
Елорда туралы қызықты деректер 
1998 жылы Ақмола Қазақстан Республикасының астанасы болып 
жарияланған соң, қала атауы Астана деп өзгертілді. Қала Сарыарқаның 
солтүстігінде, Есіл өзенінің бойында орналасқан. Еуропа мен Азияны 
байланыстыратын тарихи орталық. 2019 жылы қала атауы Нұр-Сұлтан деп 
өзгертілді. 


70 
Халық саны: 1 078 362 адам (2019) 
Халық санының тығыздығы: 1299 адам/шаршы шақырым 
Аумағы: 72,2 мың гектар: «Алматы» ауданы – 21,4 мың гектар, «Сарыарқа» 
ауданы - 19,6 мың гектар, «Есіл» ауданы – 31,2 мың гектар. 
Телефон коды: Қазақстан бойынша қалааралық код – 7172; халықаралық 
код – 107 – 7172. 
Климаты: Континентальды. Қыс мезгілі өте суық, ұзақ, қатты. Жаз мезгілі 
құрғақ, шілде айының орташа температурасы +20 С. 
1998 жылы ЮНЕСКО шешімі Нұр-Сұлтан қаласын «Бейбітшілік қаласы» 
деген атауға сай деп танып, медальмен марапаттады. Бразилияда өткен 
дүниежүзілік байқауда әлем бойынша 12 жас қаланың ішінен Астана жоғары 
атақты иеленді. 
Нұр-Сұлтан – Азия елдерінің ішіндегі солтүстікте орналасқан қала. 
Нұр-Сұлтан – әлемдегі суық астаналардың қатарында. Ұлан-Батор 
қаласынан жылырақ, ал Оттавадан суық. 
Әлемдегі екі елдің астанасы Солтүстік Мұзды мұхит бассейнінде 
орналасқан. Моңғолия астанасы Ұлан-Батор қаласы Енисей, ал Нұр-Сұлтан Есіл 
өзенінде орналасқан. 
Қала жобасымен атақты жапон сәулетшісі Кисе Курокава айналысты. 
(
https://massaget.kz/mangilik_el/kozayyim/19767/

ОҚЫЛЫМ 
«Елорда туралы қызықты деректер» мәтіні арқылы алдыңғы сыныпта, 
алдыңғы сабақтарда алған білімдерін пайдалануға негізделген тапсырмалар 
орындатуға болады. Тапсырма оқушылардың білімі мен дағдылары қайталанып, 
одан әрі дамытылып отыратын спиральді оқу бағдарламасы моделіне 
негізделеді. Бұл білім алушының меңгерген материалын қайталау арқылы есте 
сақтауына, оны жете меңгеруіне көмектеседі.
№ 1-тапсырма. Берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып жаз.
ауданы ...............; ауа райы ........... ; әлемдік ........; белгілі ........... 
№ 2-тапсырма. Мәтіндегі бірге, бөлек, дефис арқылы жазылатын сөздерді 
үш бағанға бөліп жазыңдар. Алдыңғы білімдеріңді еске түсіріңдер.
№ 3-тапсырма. Мәтіннен неологизмдер мен термин сөздерді теріп жаз. 
Термин сөздердің қай ғылым саласына тән екенін анықта.
Қашықтықтан оқыту жағдайында халықаралық зерттеулер форматындағы 
тапсырмаларды әзірлеп, Google Форм, Microsoft Teams, Online Mektep, Күнделік 
арқылы орындатуға болады. Мысалы: 5-сыныпта қазақ тілінен І тоқсанда әдеби 
тіл нормалары бойынша берілген оқу мақсаты: 5.4.3.1 тура және ауыспалы 
мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер көркемдік ерекшеліктеріне сай 
қолдану, ал ІІ тоқсанда «Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі. Лексика» 
бөлімінде 5.4.3.1 омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай 


71 
қолдану. Әдебиеттен «Тәрбиенің қайнар бұлағы» бөліміндегі Ы.Алтынсариннің 
«Қыпшақ Сейітқұл», «Атымтай жомарт», «Дүние қалай етсең табылады?» 
әңгімелерін өткенде «Анализ және интерпретация» бөлімінде көркем 
шығарманың тілі бойынша оқу мақсаты: 5.2.3.1 шығармадағы тілдік бейнелеу, 
суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, 
өлең құрылысы) мағынасын анықтау бағытында жұмыс жүргіземіз. Осы оқу 
мақсаттарына сүйене отырып, пәнаралық байланысқа негізделген тапсырмалар 
әзірлеуге болады. Бұл оқушылардың қазақ тілі пәнінің аясында меңгерген 
теориялық білімдерін әдебиет пәнінде пайдалана алуына мүмкіндік береді. 
Сонымен қатар бір пәннен үйренген іскерліктері екінші пәнді терең, жан-жақты 
меңгеруіне ықпал етеді. Мысалы: «Атымтай жомарт» әңгімесі негізінде 
жоғарыда аталған білім платформалары арқылы білімдерді ықпалдастыруға 
негізделген жабық және ашық тапсырмалар әзірлеп, оқушы жетістігін бағалауға 
болады.
Ы.Алтынсариннің «Атымтай Жомарт» әңгімесін оқып, төмендегі 
тапсырмаларды орында. 
1- тапсырма. Бір таңдауы бар сұрақтарға жауап бер. 
1. Мәтіндегі жомарт сөзінің антонимі. А) Сараң В) Қонақжай С) Қолы 
ашық Д) Кеңпейіл
2. Мәтіндегі ауыспалы мағынадағы сөздер қатарын анықта. 
А) күн сайын, бір мезгіл В) отын кесіп, жұмыс қылады екен
С) бір-екі пұлға, өзім ішіп-жеп Д) көңілге жел кіргізеді, терезесі төмен
3. « ...Екіншісі: бар бола тұра, мен жұмыс қылсам, мұның кемшілік емес 
екенін біліп, кейінгілер әбірет алсын деймін», - деген үзіндідегі асты сызылған 
сөздің синонимдік қатарын белгіле. 
А) үлгі, өнеге, ғибрат, тағылым В) бай, дәулетті С) жарлы, бейшара, кем-
кетік Д) әдемі ат, асыл киім
2- тапсырма. Мәтіндегі сөздердің антонимін жаз. 
Жомарт - ...........; бай - .............; аш - .........; жақын - ...........; жарлы - ...........; 
бейнет - .........;
3- тапсырма. «...Құдай тағаламның берген дәулетін өзімсініп, тиісті 
орындарына жаратпай, көбісін өзім ішіп-жеп, өзім тұтынсам, мал берген иесіне 
күнәлі болармын деп қорқамын», - деген Атымтай жомарттың сөзін шынайы 
өмірмен байланыстырып, 3-4 сөйлеммен тұжырымдап жаз. Сөйлемдеріңде 
мәндес сөздерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдан. Орфографиялық нормаға 
сай жаз. 
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мақсатында орындалатын 
оқу тапсырмаларына сыныптар бойынша тоқталайық. 
5 сынып 
Қазақтың ұлттық тағамдары 
Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған, әрі қастерлей білген. Қазақ 
дастарқанына көбінесе ұннан, сүттен, еттен жасалған тағамдар қояды. Қазақ 


72 
халқы еттен түрлі тағамдар жасаған. Ет тағамдары: шұжық, түйемеш, шыж-мыж, 
бұжы, сырбаз, сірне, қуырдақ, сүр ет т.б. Ұлт тағамдарының негізі – сүт 
тағамдары. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен «ақ» деп атайды. Сүт 
тағамдарының қоректік қасиеті мол, әрі денсаулыққа пайдалы. Сүттен қымыз, 
шұбат, қатық, май, ірімшік, құрт, сүзбе, қаймақ, айран, уыз сияқты тағамдар 
жасаған. Ұннан жасалатын тағамдар: бауырсақ, шелпек, құймақ, таба нан, 
жайма, күлше т.б. Бұл тағамдардың барлығын ысырап етпей пайдалана білген 
жөн.
Мақсаты: ұсынылған мәтін білім алушыларды жалпыадамзаттық 
құндылықтарға баулиды. Ұлттық тағамдарымызға деген құрмет, барды бағалау, 
ысырапшылдыққа жол бермеу, ғасырлар бойы құнын жоғалтпаған 
байлығымызды жеткіншектер бойына сіңіру. 
Тапсырмалар:
№ 1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.
1. Қазақ халқы асты қалай бағалаған?
2. Ет тағамдарын ата.
3. Сүт тағамдарын ата.
4. Ұн тағамдарын ата.
5. Сен қандай тағамдарды ұнатасың? 
1.
Ет, сүт, ұн тағамдарын топқа бөліп жаз. 
2.
Тірек сөздерді пайдаланып, мәтін құрастыр.
Тірек сөздер: дәмді, пайдалы, дәрумен, айран, сүт, қымыз, шұбат, ағза, 
адам. 
4. «Пайдалы сусындар» тақырыбына мәтін құрастыр.
5. Сызба бойынша сөйлемдер құрастыр.
№ 2. Сөйлемнің дұрыс, бұрыстығын анықта. 
Сөйлемдер 
Дұрыс Бұрыс 
Шұбат – биенің сүті 
Қазақ халқының ұлттық тағамдарының пайдасы зор 
Сүт тағамдары денсаулыққа пайдалы. 
Ет тағамдары- бауырсақ, қымыз, құрт 
Сүт тағамдары
Ет тағамдары
Ұн тағамдары


73 
№3. Мақалды толықтыр.
Ас атасы- ...
Нан бар жерде ... бар.
Ас- адамның ...
Ас тұрған жерде ... тұрмайды. 
Түйінді ой. Қазақ халқының тұрмысынан хабар беретін ұлттық 
тағамдардың құндылығы. Асты қадірлеу. Қанағатшыл болу. 
Критерий:
-
мәтін мазмұнын түсініп, сұрақтарға жауап беру; 
-
тағамдарды топтастыра білу; 
-
ұсынылған тірек сөздерді қолданып, мәтін құрастыру; 
-
сызба бойынша сөйлемдер құрастыру; 
-
мәтін мазмұны бойынша ақпараттың дұрыстығын ажырату; 
-
осыған дейінгі біліміне сүйене отырып, мақалды толықтыру; 
Дескриптор:
-
мәтін мазмұнын түсініп, сұрақтарға жауап береді; 
-
тағамдарды топтастырады; 
-
ұсынылған тірек сөздерді қолданып, мәтін құрастырады; 
-
сызба бойынша сөйлемдер құрастырады; 
-
мәтін мазмұны бойынша дұрыс ақпаратты ажыратады; 
-
осыған дейінгі біліміне сүйеніп, мақалды толықтырады; 
5 сынып 
... Соның бәрін де шамалап қарап, ақыр бір қиялға түсіп, Сейітқұл әуелі 
мекен еткендей бір орын іздеді. Көп жерлерді кезіп жүріп, ақырында Торғай 
тересіндегі Қабырға деген өзен-судың бойына тоқтады. Мына жақта Үргеніш, 
Қоқаннан, мына жақта қалмақтан шетірек және жаманшылық болса, қалың 
Қыпшақ деген руға жақынырақ екен деп, сол жерді ұнатып қайтқан соң, қысты 
өткізіп, жаздың жылы уақытында кедейлерді жалаңаш-жалпы көшіріп, Қабырға 
бойына алып келді. Сейітқұлдың бір ағасы бар еді, жол жүріп, ұрлық, барымтаны 
әдет еткен. Інісінің қанша айтқан ақылына болмай, үш-төрт үймен жалғыз-ақ сол 
көшпей, ескі орны Түркістан жағында қалды. 
Қабырғаның бойына келген соң Сейітқұл қолына кетпен алып, отыз үйлі 
кедейіне де кетпен беріп, жер тегістеп, егін егуге кірісті. Түркістан жағында 
көрген үлгісімен судан арық қазып шығарып, егінге су жіберді. Егіні піскен соң 
орып, жиып алып, артығын төңірегіндегі көшпелі елге сатып, мал етті. Жаңа 
мекен еткен жеріне орныққан соң, Сейітқұл егінді жылдан жылға күшейтіп, арық 
басына шығыр салып, суды шығырмен айдап, астықтың (ол күнде бидай, тары, 
арпа егеді) артығын төңіректегі елге малға айырбас етумен, бұлардың малдары 
көбейіп, бай болды. Мұны көріп, әрбір көшпелі елдегі жарлы-жақыбайлар да 
келіп, Сейітқұлға қосылып, бес-алты жылда Сейітқұл елі деген төрт жүз үйге 
таянды дейді..... 


74 
Мақсаты: ұсынылған мәтін білім алушыларды құндылыққа бағдарланған 
білім беру мақсаты бойынша еңбек етуге баулиды. «Еңбек – бәрін де жеңбек». 
Оқушылар адамды адам еткен еңбек екенін түсінеді. 
Тапсырмалар: 
№ 1. Оқиғалар картасы бойынша шығарманың мазмұн реттілігін анықта. 
1.Қабырға өзенінің бойына қоныс тепті. 
2. Кетпен алып, жер жыртты. 
3. Егін егіп, мол өнім алды. 
4. Егінді қолмен суарды, игерді. 
5.Өнімін сатуды үйренді. 
6.Табысына мал алып өсірді. 
7. Адал еңбекпен мұратына жетті. 
№ 2. Берілген тіркестерді пайдаланып, Сейітқұлдың арманын жазыңыз.
Отыз үйлі кедейді байыту, ел қатарына қосу, жайлы қоныс табуды, елінің 
аман болуын. 
№ 3. Ұйқас бойынша өлең жолдарын құра. 
………………........................................болыпты 
………………………………………...армандапты 
…………………………………………жүріп 
...............................................................көшіріпті 
№ 4. Мақалдардың сыңарларын табыңдар. 
Еңбек етпей елге өкпелеме, … (өнерге бастан ). 
Еңбек ерлікке жеткізер, …(ерінбесең жеңерсің ).
Еңбек адамның … ( ерлік елдікке жеткізер ) 
Еңбек – ата, … ( жер – ана) 
Еңбекке жастан, … ( егін екпей жерге өкпелеме ). 
Еңбек етсең емерсің, … ( екінші анасы ).
Түйінді ой. Еңбекқорлық арқылы үлкен табысқа жетуге болатынын түсіну. 
«Бірлігі бар ел озар», - демекші, бірлікпен ғана мақсаттың биік шыңына жете 
аласын. Бірлік пен еңбектің ұштасуы біздің өмірімізге керекті ең құнды қасиет. 
Критерий:
-
шығарманың мазмұн реттілігін анықтау; 
-
Сейітқұлдың арманын анықтау; 
-
ұсынылған ұйқас бойынша өлең жолдарын құрастыру; 
-
мақалдардың сыңарларын табу; 
Дескриптор:
-
шығарманың мазмұнын аша алады; 
-
Сейітқұлдың арманын анықтай алады; 


75 
-
ұсынылған ұйқас бойынша өлең жолдарын құрастырады; 
-
мақалдардың сыңарларын табады; 
6-сынып 
... Жетілмей келе жатқан тісі ғана. Көксерек арлан еді. Сондықтан бұның 
бойы биіктене берді. Әлі тұрқы шығып ұзарған жоқ. Барлық жүні қара көк, 
жотасы күдірейіп, ауыз омыртқа мен құйрығына шейін тұп-тұтас болып, 
күлдіреуіштей бүгіледі». Атылып келе жатқан садақ оғындай үңілген, 
сүйірленген бір бітімі бар. 
Өзі ешкімге ізденіп соқтықпайды. Ит баласына заты қастай, жібімейді. Әлі 
күнге бір рет жадырап ойнап көрген емес. Татулық жоқ, суық. Жалғыз-ақ атын 
біледі. Құрмаш пен әжесі шақырса – келеді. Онда да жүгіріп келмей, құйрығын 
сөлектетіп, бүкеңдеп қана келеді. Бұны да ашыққан уақытында істейді. Әйтпесе 
көбінесе анадай жерде қырыстанып, көзінің астымен жалт-жұлт қарап жатып 
алады. Барып түрткілеп, орнынан тұрғызып жіберген соң ғана үйге жүреді. 
Өскен сайын сызданып, суықтанып келеді. Сол мінезін байқаған үлкендер: 
-
Енді бұны өлтіріп, терісін алу керек, осы кәпір түбінде ел болмайды, 
– дейтін де болып еді. Бірақ Құрмаш көнбеді. 
Осымен тағы біраз жүргенде бір күні Көксерек қара ала төбетке майдан 
берді. Қара ала төбеттің иесі Жұмаш бала жаз бойы Құрмашқа: 
-
Қасқырың болса қайтейін, менің қара ала төбетім бір-ақ бұрап 
соғады. Арашаламасаң, алдақашан өлтіріп тастар еді, — дей беретін. 
Мақсаты: оқушыларды отбасылық құндылықтарға баули отырып, 
жауапкершілік, мейірімділікке бағыттау. Мәтін арқылы табиғат-адам қатынасын 
ғана емес, сонымен бірге әке мен баланың арасындағы текетірестің де, қас пен 
дұшпан арасындағы араздық та адамзаттың қас, жауы екенін түсіндіру. Адам мен 
табиғат арасындағы байланысты, тепе-теңдікті сақтау маңызды екенін түсіндіре 
отырып, адамгершілікке тәрбиелеу. 
Тапсырмалар: 
№1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.
1. Ауыл адамдары Көксеректі неге жек көрді? 
2. Неге Көксерек адамдар ортасына үйреніп кете алмады? 
3. Көксеректі жауыздыққа,соншама өшпенділікке баулыған нәрсе не? 
№ 2. Ұсынылған сөздермен жинақы мәтін құра.
Қасқыр, жыртқыш, қомағай, ұлиды, шабуылдайды, жортуылдайды, 
қасқыр-түз тағысы, перзенті, бөрі, көкжал, аңшы, қырағы, сақ. 
№3. «Семантикалық карта» әдісі арқылы қай кейіпкердің сөзі екеніндігіне 
тоқталып, талдаңыз.
№ 
Кейіпкер сөзі 
Ауыл 
адамдары 
Жұмаш Құрмаш 


76 

-
Енді бұны өлтіріп, терісін алу керек, осы 
кәпір түбінде ел болмайды. 

-
Арашаламасаң, алдақашан өлтіріп тастар 
еді. 

-
Қасқырың болса қайтейін, менің қара ала 
төбетім бір-ақ бұрап соғады. 
№4. Мақалдардың сыңарларын табыңдар. 
Қасқырды қанша асырасаң да, .................. (бөрі келгенде бірігеді). 
Қасқырдың аузы жесе де қан, ................... (бөрінің тәңірісі бар). 
Ауыл иті болса да, ..................................... (тоғайға қарап ұлуын қоймайды). 
Иттің иесі болса, .................................. (жемесе де қан). 
Түйінді ой. Жер бетіндегі тіршілікті татулыққа шақыру. Табиғитқа қиянат 
жасау, оның тыныштығын бұзу мәселесі - қауіпті мәселе. Қасқырлар жыртқыш 
да болса тіршілік иесі. Адамдар осыны түсіну керек еді. Ал қасқыр апанын бұзу, 
бөлтіріктерін өлтіру - адамның табиғатқа жасаған қиянаты. 
Критерий:
-
мәтін мазмұнын түсініп, сұрақтарға жауап беру; 
-
ұсынылған сөздермен жинақы мәтін құру; 
-
қай кейіпкердің сөзі екеніндігін анықтау; 
-
мақалдардың сыңарларын табу; 
Дескриптор:
-
мәтін мазмұнын түсініп, сұрақтарға жауап береді; 
-
ұсынылған сөздермен жинақы мәтін құрады; 
-
қай кейіпкердің сөзі екеніндігін анықтайды; 
-
мақалдардың сыңарларын табады; 
8-сынып 
Телефонды қалай пайдалану керек? 
Қонақ үйде болғанда, нөмірден нөмірге телефон соғу үшін бөлменің 
нөмірін, егер ол төрт нөмірден тұрса, тікелей теріңіз. Егер бөлменің нөмірі үш 
цифрдан тұрса, басында «0»-ді содан кейін бөлменің нөмірін теріңіз.
Қонақ үйден тыс нөмірге байланыс жасау үшін (сыртқы байланыс жолы) 
«8»-ді теріңіз. Түркияның ішінде қалааралық телефон соғу үшін жергілікті кодты 
және абоненттің нөмірін теріңіз.
Түркиядан басқа елге халықаралық телефон соғу үшін ең алдымен «07»-ні 
теріңіздер де, халықаралық байланыс желісімен байланыстың сигналы – ұзақ 
гудок болғанша 1 секунд күтіңдер. Содан кейін телефон соғып отырған елдің 
халықаралық кодын, ары қарай ондағы қаланың кодын (бірінші «0»-сіз) және 
ақырында абоненттің нөмірін теріңдер.
Түркияның кез келген ауданы бойынша ақпарат алу үшін «0»- ді, содан 
соң қажет ауданның жергілікті кодын теріңіз. 


77 
Мақсаты: ұсынылған мәтін білім алушыларды жалпыадамзаттық 
құндылықтарға, оның ішінде ашықтыққа, креативті ойлау мен коммуникативті 
құзіреттіліктерін дамытуға баулиды. Ұсынылған мәтін үзінділерін жағдаяттық 
тапсырмаларда қолданып, креативті жазу, ақпаратқа сүйене отырып шешім 
шығара білуге дағдыландыру. 
Тапсырмалар: 
№1. Тест тапсырмаларымен жұмыс. 
Жәния отбасымен Түркияға демалуға барды. Қонақүйге анасымен бір 
нөмірге орналасты. Таңғы асқа түсу үшін ағасына телефон соқты. Ағасы 614-
нөмірге орналасқан болатын.
1.
Жәния қандай нөмірді теру керек?
А) 614 
Ә) 0 ді басу 
Б) 0614 
С) 614 санынан кейін 0 ді теру 
2.
Қаладағы мұражайға қоңырау шалып, билеттер құнын білу үшін 
бірінші қандай санды теру керек? 
А) 0 
Ә) 8 
Б) 7 
С) 1 
3.
Жәния Стамбулдағы өзінің қонақ үйіндегі нөмірінен Қазақстанға 
телефон соғуға дайындалды. Қазақстанға қоңырау шалу үшін Жәния ең алдымен 
қандай нөмірді теруі керек? 
А) 08 
Ә) 8 
Б) 07 
С) 7 
4. Қалай ойлайсыз, Жәния телефонды қалай пайдалану керектігін қалай 
есте сақтауы мүмкін?
Жауабыңызды көрсетіп жазыңыз. 
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
__________________________________________________ 
5.
Бұл мақала кімдерге арналған?
A) Қала қонақтарына 
B) Қонақ үй жұмысшыларына
C) Тұтынушыларға
D) Қонақ үй иелеріне 


78 
Түйінді ой. Тұлғаның өмір бойы білім алуға дайын болуы оны ашықтыққа 
баулиды. Кез-келген ортада өз-өзін ұстай білу, қажет ақпаратты қолдана білу, 
икемділік жаңашылдыққа бастайды. 
Критерий:
-
мәтін мазмұнына сүйеніп, қажет санды табу; 
-
қалалық нөмірге қоңырау шалу реттілігін білу; 
-
жүйелілікті сақтау; 
-
ойын жинақы жазу; 
-
қажетті аудиторияны анықтау; 
Дескриптор:
-
мәтін мазмұнына сүйеніп, қажет санды табады; 
-
қалалық нөмірге қоңырау шалу реттілігін біледі; 
-
жүйелілікті сақтайды; 
-
ойын жинақы жазады; 
-
қажетті аудиторияны анықтайды; 
8-сынып 
... Бала жатыр төсекте, албыраған, 
Әке жатыр еденде, қалжыраған. 
Түн күзетіп ана отыр, қос жанары 
Шарасыздан шаршаған, жаудыраған. 
Түні мынау - тамыздың маужыраған, 
Тауың анау - шымылдық салбыраған. 
Биік барып жаралған жер бетінен, 
Сол байырғы «Жетім көл» келбетімен. 
Айдынында аққулар ұйықтап жатыр, 
Сайдан соққан самалмен тербетілген. 
Жер бетінде тыныштық, көл бетінде, 
Қауышыпты қара орман, көл де, түн де. 
Бала жатыр төсекте күйіп-жанып, 
Баласының ана отыр күйін бағып. 
Қайдағы бір қатыгез, сұрқай ойлар, 
Миын қарып барады, миын қарып. 
«Сарқытындай өлімнің қалған қарға, 
Екеу болса, дүние-ай, арман бар ма!..» 
Аракідік назарын аударады, 
Төрт бүктеліп еденде қалған жарға. 
Қауіптеніп түндерге, таңдарға да, 
Үн шығармай іш құса, зарлауда ана. 
«Мана, күндіз, тәуіп шал не деп кетті?! 
Әлде өтірік, әлде шын демеп кетті... 
-Аққуменен баланы аластаңдар, 
Деді-дағы жәйімен жөнеп кетті...» 


79 
-Тұрсаңшы,таяу қалды таң атуға, 
Неткен жансың санасыз жаратылған?! 
Манағы тәуіп шалдың айтқан сөзі, 
Ұмытылып кетті ме санатыңнан? 
...Айналайын аққудың қанатынан, 
Қайтеміз, ол да адамға бола туған... 
(Мұқағали Мақатаев) 
Мақсаты: үзінді білім алушыларды жалпыадамзаттық құндылықтарға, 
оның ішінде жауапкершілік, махаббат, отбасын сақтауды қалыптастыруға 
баулиды. Шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық 
тұрғысынан талдап, ойын білдіруге, ашықтыққа бағыттау. Поэманың негізгі 
кейіпкері ана бейнесі арқылы көл еркесі аққуға жасалған қиянаттың қайғылы 
оқиғаға ұрындыру себебін таныту, қоршаған орта заңдылықтарына қарсы келмеу 
қажеттігін нақты дәлелдермен түсіндіру. 
Тапсырмалар: 
№1. Ақынның поэмасына арқау болған тақырып? 
А) Сұлулық 
Ә) Махаббат 
Б) Зұлымдық 
№2. Ананың психологиялық жай-күйін ақын қалай берген? Үзіндіні 
пайдалана отырып, ойыңызды дәлелдеп жазыңыз. 
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_____________________________________ 
№3. Ананы қасиетті аққуға оқ атуға итермелеген не? 
А) ашыққандық 
Ә) баласының ауруы 
Б) қатігездік 
№4. Бала жатыр төсекте күйіп-жанып, 
Баласының ана отыр күйін бағып –деген өлең жолындағы «күй» сөзінің 
мағыналарын түсіндір. Жауабыңызды көрсетіп жазыңыз. 
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
__________________________________________________________ 


80 
№5. Шығармадағы оқиғаға байланысты мәселені шешудің бірнеше 
оңтайлы жолдарын немесе себептерін айқын көрсетіп, оған өзіңнің 
көзқарасыңды білдіріп дискуссивті эссе жазыңыз. 
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________ 
Түйінді ой. Ананың балаға деген махаббаты бәрінен де күштірек. 
Дегенмен, адам – табиғат перзенті. Дүниеде екі ана бар. Бірі – тіршіліктің анасы 
табиғат анасы, екіншісі адам анасы. Екеуі де мейірімді. Осы екі анаға да 
қаталдық көрсетуге, жанын жаралауға болмайды.
Критерий:
-
поэма тақырыбын анықтау; 
-
басты кейіпкер әрекетіне баға беру; 
-
кейіпкердің қатігез әрекетке бару себебін анықтау; 
-
сөз мағынасын анықтау; 
-
өз көзқарасын білдіріп жазба жұмысын жазу; 
Дескриптор:
-
поэма тақырыбын анықтайды; 
-
басты кейіпкер әрекетіне баға береді; 
-
кейіпкердің қатігез әрекетке бару себебін анықтайды; 
-
сөз мағынасын анықтайды; 
-
өз көзқарасын білдіріп жазба жұмысын жазады; 
8 сынып 
Киіз үй – көшпенді тұрмыстың төл туындысы. Халқымыздың шебер 
үйшілері, шаңырақшылары, үйдің ағаш мүкәммалын, ағаш ыдыс-аяғын 
жасайтын ағаш шеберлерінің өнері өзіндік ұлттық ерекшелігі мен бүгінге жетті. 
Киіз үй мал шаруашылығы саласында қазір де пайдаланылуда. Киіз үй көшпенді 
тұрмыстың символы тәрізді болғандықтан, мал өсіруші қазақ, қырғыз, тәжік, 
өзбек, моңғол т.б. ұлттар «киіз туырлықтылар» атанды.
Грек тарихшысы Геродот б.з.д. V ғасыр да арғы ата-бабаларымыз – 
сақтардың киіз үйлерде отыратындығын жазған. Сол кезден бері сан мыңдаған 
шеберлердің қолынан шыққан 6 қанаттан 10, 12, 18 қанатқа дейін тігілген ақ 
ордаларды халқымыз қазіргі дәуірге дейін жеткізді.
Тарихта 30 қанатқа дейінгі алтын орданы хандар тіккен. Оның уық, кереге, 
шаңырақтары алтындалып жасалған. Алтын ордаларда хан-қағандар, бектер мен 
билер, төрелер мен уаңдар, болыс-билер отырып, билік жүргізіп, ел басқарды. Ел 
ішіндегі істерге кесім айтты.


81 
Қазақ халқы киіз үй салтанатының бірін – торқалы тойында, бірін 
топырақты өлімінде көрсетті. Той өткізілетін яки ас берілетін жерге жүздеп үй 
тігіледі. Тойда үйлер шеңбер немесе бірнеше түзу сызық бойына қатарлап, 
көшелеп тігіледі.
(Әлима Ысқақ) 
Мақсаты: патриотизм мен азаматтық жауапкершілікке баулу. Ұлттық 
құндылықтарды дәріптей отырып, ақпаратты өздігінен табу, оны қолдана білуге 
дағдыландыру.
Тапсырмалар: 
№1. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріңіз. 
- Киіз үйдің қазақтың басқа да ұлттарда болуынан нені аңғардыңдар ? 
- Грек тарихшысы Геродоттың зерттеулерінен қандай ой түйдіңдер ? 
- Орта ғасырда мемлекеттердің Алтын орда, Ақ орда, Көк орда аталуы нені 
аңғартады? 
- Қазақстан Республикасы Президенті резиденциясының Ақорда 
аталуының себебі неде? 
№2. Мәтінге сәйкес дұрыс немесе дұрыс емес жауапты белгілеңіз: 
№ 
Деректер 
Дұрыс 
Дұрыс емес 

Киіз үй мал шаруашылығы саласында қазірде 
пайдаланылуда. 

Хандар тіккен киіз үйдің бөліктері: кереге, уық, 
шаңырақтары ағаштан жазалған. 

Герадот V ғасырда ата-бабаларымыз-сақтардың киіз 
үйлерде отырғанын жазған. 

Киіз үй - сәулет өнерінің туындысына жатпайды. 

Қазақ халқы салтанатты киіз үйлерді күнделікті өмірде 
қолданған. 
№3. «FILA» кестесін толтырыңдар. 
FACTS 
/фактілер, деректер/ 
IDEAS 
/пікір не идея/ 
LEARNING ISSUES 
/сұрақтар/ 
ACTION PLAN
/іс-әрекет не 
жоспар/ 
Толтырылған кестені сыныпқа таныстырып, жұмыстарыңды қорғаңдар. 
№4. «Киіз үй – ата-бабадан қалған ұлттық құндылық» тақырыбындағы 
мақаланың тезисін жазыңдар. 
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
__________________________________________________ 


82 
Түйінді ой. Тұлғаның өмір бойы білім алуға дайын болуы оны ашықтыққа 
баулиды. Кез-келген ортада өз-өзін ұстай білу, қажет ақпаратты қолдана білу, 
икемділік жаңашылдыққа бастайды. 
Критерий:
-
мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру; 
-
мәтінге сәйкес ақпаратты анықтау; 
-
мәліметті пайдаланып, кестені толтыру; 
-
мақала тезисін жазу; 
Дескриптор:
-
мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді; 
-
мәтінге сәйкес ақпаратты анықтайды; 
-
мәліметті пайдаланып, кестені толтырады; 
-
мақала тезисін жазады; 
9 сынып 
Бата 
– Балам, мені үйге апаршы,– дейді екен. Өз үйінде болса да, солай айтады 
екен. 
Сосын баласы әкесінің айтқанын екі етпей көлігіне отырғызып алып, 
көшені бір айналдырып келіп: 
– Әке, әні, үйге келдік,– деп өз үйіне қайта әкеп қояды екен.
Әкесі сонда: 
– Рахмет, балам, бәрібір өз үйіңе жетпейді ғой, – деп баласына мәз болады 
екен. Күніге осылай қайталанады екен. 
Бір күні Фазыл бір себептермен жұмысынан шығып қалып, көлігін де 
сатып жібереді. Әкесі күндегі әдетінен жаңылмай: 
– Балам мені үйге апар, – дейді екен. Көлігінен айырылған баласы бір 
арбаның үстіне көрпе төсеп, әкесін соған отырғызып, ыңылдап машинаның 
дауысын салып ауланы бір айналдырып кеп: 
– Әке, әне, үйге келдік, – дейді екен. Әкесі мәз болады екен. Бір күні әкесі: 
– Балам, қолыңды жай, мен бүгін саған жақсылап бата берейінші, дұға 
етейін, – депті. Сосын былай дұға еткен екен: 
– Балам, бүкіл әлемнің патшалары сенің соңыңнан ерсін! – деп бетін сипап, 
бата беріпті. Ал, ұлы болса: 
– Қалай бүкіл әлемнің ел билеушілері маған қалай ереді? Мен оқымасам, 
үлкен жұмыста істемесем? – деп таңырқапты. Мейлі, әкемнің ақылы бүтін емес 
қой, – деп күліп, үндемей қоя салған екен. 
Арадан біраз жылдар өтеді. Баласы үлкен оқу оқи алмай, тек медресе 
білімімен шектеліп Фазыл Имам атанады. Сол жылдары Самарқанның бір 
кесенесі ашылған ба, мешіт соғылған ба, әйтеуір, бір үлкен жиын болыпты. Оған 
барлық көрші қазақ, қырғыз, т.б. мұсылман елдерінің президенттері келіпті. Сол 


83 
жиынға Өзбекстанның бұрынғы басшысы Ислам Каримов осы Фазыл Имамды 
шақыртып, айтыпты: 
– Сіз алға түсіңіз, бізге жол бастаңыз, – деп алдына өткізіп жіберіпті. Сонда 
алда келе жатып Фазыл ебіл-себіл жылаған екен. Жанындағылар таң қалып; 
– Неге жылайсыз? Артыңызда ел билеген патшалар келе жатыр. 
Жыламаңыз,- депті. Фазыл сонда әкесінің берген батасын есіне алып, және оның 
қабыл болғанын айтып берген екен. 
Ата-ананың батасы қашанда қабыл болады екен. Қандай жағдайда болса 
да көңіліне қарап құрметтеп өтейік. 
Мақсаты: жеткіншектерді отбасы құндылықтарын құрметтеуге, ата-ана 
берген тәрбие мен үлгі-өнегені өмірде қолдануға, шығармадағы эпизодтар 
арқылы ой тастау. Отбасы құндылықтары – үлкенді сыйлау, құрмет көрсету 
дағдыларын қалыптастыру. «Жақсы сөз – жарым ырыс». Ойды әдемі жеткізе 
білуге, шығармадан алған үлгі-өнегені өмірде қолдануға дағдыландыру. 
Тапсырмалар: 
№1. Мәтіндегі ақпаратты қолданып, кестені толтыр. 
Тілдік қолданыстар 
Мәтіннен бірнеше мысалдар тауып жаз 
Тақырыптық тірек сөздер (2-3 сөз) 
Автордың көзқарасын білдіретін сөз 
тіркестері немесе сөйлемдер 
Эмоцияны білдіретін сөздер (2-3 сөздер 
немесе сөз тіркестері) 
Қорытынды ойды білдіретін сөздер 
№2. Мәтіндегі айтылған ой жүйесі бойынша бірнеше абзацқа бөл. 
Мәтін құрылымы 
Абзацтың бастапқы сөзі 
Абзацтағы негізгі ақпарат 
1-абзац 
2-абзац 
3-абзац 
№3. Қалай ойлайсыз, Фазыл Имамның әкесі өз үйінде бола тұра неге «мені 
үйге апаршы» деп өтініш жасады.
Жауабыңызды көрсетіп жазыңыз. 
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_________________________________________ 
Түйінді ой. «Баталы сөз-балаға азық». Адамның амандығын тілеуіне, 
пейіліне қарап өлшейтін қазақ баласы айтылған сөзге, тілеген тілекке, берілген 
батаға ерекше мән берген.Үлкендердің ризашылықпен берген ақ батасы адамға 
рух беріп, жігерлендіріп отырған.


84 
Критерий:
-
мәтіндегі ақпаратты қолданып кестені толтыру; 
-
мәтіндегі айтылған ой жүйесі бойынша бірнеше абзацқа бөлу; 
-
мәтінге сүйеніп, өз ойын жазу; 
Дескриптор:
-
мәтіндегі ақпаратты қолданып кестені толтырады; 
-
мәтіндегі айтылған ой жүйесі бойынша бірнеше абзацқа бөледі; 
-
мәтінге сүйеніп, өз ойын жазады; 
9 сынып 
Піл мен қанден (И. А. Крыловтан) 
Көшеде піл жетелеп біреу жүрді, кім көріпті хайуанды мұндай түрлі. 
Көрсеткелі ап жүрген жануарды, тамашалап, артынан жұрт боп ерді. 
Көшеде кез боп бір қанден, ұмтылды пілге шаптығып. 
Шаңқылдап үрді ерленіп, тартынбай ұрысар жан шығып. 
Қанденге бір ит кездей боп, деді: «Әліңді білсеңші, 
Пілмен ұрысар сиқың жоқ, мазақ болмай, қой, көрші! 
Қырқылдап қалдың, не бітті? әуре болмай, қой!- деді. 
Сен бұлқындың, ол кетті, жан деген жоқ ол сені». 
Деді сонда қанденің : «Мен де соны білемін, сондықтан ер боп келемін. 
Ұрыс, соғыс қылмай-ақ, ер атанып көремін. 
Жұрт мұнымды көрмей ме? батыр атақ бермей ме? 
Қой, бұл қанден – ер шіркін, пілге де үрген демей ме?» 
(аударған Абай Құнанбайұлы)
Мақсаты: әдеби шығармадан алған үлгі-өнегені өмірде қолдануға 
дағдыландыру Кейіпкерлердің іс-әрекеті арқылы өмірде өз орнын білуге баулу. 
Тапсырмалар: 
№1. «Концептуалды кесте» әдісі арқылы кестені толтыр.
Кейіпкер 
Кейіпкер тілі 
Сіздер не 
айтасыздар? 
(әр сұраққа 2-3 
тұжырым жазу) 
Піл
Мысалда үндемейді 
Канден
Жұрт 
мұнымды 
көрмей ме? Батыр атақ 
бермей ме? Қой, бұл канден 
– ер шіркін, пілге де үрген 
демей ме? 
Ит
«Әліңді 
білсеңші, 
Пілмен ұрысар сиқың жоқ, 
мазақ болмай, қой көрші! 


85 
№2. «Әлін білмеген әлек». Сендер келісесіңдер ме?
«Иә» немесе «Жоқ» сөзін айналдыра қоршап сызыңыз. Өз жауабыңызды 
негіздеу үшін мәтінді пайдаланыңыз. 
«Иә» «Жоқ»
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
________________________________________________________
№3. Автор осы мысал арқылы не айтқысы келді? 
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_________________________________________________
Түйінді ой. Мысал арқылы ұрпаққа үлгі-өнеге беру. Әрбір жан иесі өз 
орнын білуі табиғаттағы тепе-теңдікті сақтауға негіз болады.
Критерий:
-
мәтін мазмұнына сүйеніп, кестені толтыру; 
-
мәтінді пайдаланып, өз жауабын негіздеу; 
-
түйінді ойды анықтау; 
Дескриптор:
-
мәтін мазмұнына сүйеніп, кестені толтырады; 
-
мәтінді пайдаланып, өз жауабын негіздейді; 
-
түйінді ойды анықтайды; 
9-сынып 
Адалдық 
Шілде айының шуақты күндерінің бірі еді. Жайлау етегіндегі шұрат-
шұраттан шапқан шөбін баулап, жинап болып, көңілі көншіген бұрынғы мектеп 
мұғалімі, қазіргі қатардағы зейнеткер Атабек мотоцикліне екі баланы 
мінгестіріп, 
қайдасың 
ауыл 
деп 
зырлап 
келе 
жатқан. 
Кенет көзі жол шетіндегі әлденеге түсті. Күміс түймедей күнге шағылысып, 
жылт-жылт етеді. Мотоциклді тоқтатып, әлгі затты алды. Әмиян екен. Жемге 
тойған құстың бөтегесіндей бұлтиып, қомақты көрінеді. Әрі құмартып, әрі 
қызыға 
қарап 
қалған 
екі 
баланың 
көзінше 
санады. 
Екі мың төрт жүз теңге екен. Атабек екі балаға қарап күліп қойды да, мотоциклді 
от алдырды. 
Кенет ұстазға бір ой келді. Осы тауып алған ақшаны желеу етіп, екі баланы 
сынап көрсе қайтеді. Екеуі де жасты, бірақ адалдығы қандай екен? 


86 
– Балалар, - деді үнсіз отырған Атабек ойлы пішінмен, - сонымен біз ақша 
тауып алдық. Енді сол ақшаны не істеуіміз керек? Қане, өз ойларыңды 
айтыңдаршы. 
Әрқашан саспай, салмақпен сөйлейтін Сатай ұстаздың өзіне қайыра сұрақ қойды. 

Өзіңіз 
қандай 
шешімге 
келдіңіз, 
әуелі 
сіз 
айтыңыз? 
– Жоқ, сендер айтыңдар. 

Онда мен айтайын, - деді мотоциклдің қобдишасында шыдамы кетіп 
отырған Қойшыбек, - тең бөліп алалық.
Сатай дауласа кетті. 

Тапқан екенсің тең бөлгенді. 

Енді не істейміз? 
– Оны Атабек ағай біледі. 

Тауып алдық, ұрлағанымыз жоқ. Енді бөліп алмағанда қайтеміз. 

Бұл біреудің табан ақы, маңдай терімен тапқан ақшасы. Иесіне 
қайтаруымыз керек. 
– Айталық, осы ақша басқа емес, өзіңнің жақын туысқаның, не болмаса 
досыңдікі болса қайтер едің? Бала не дерін білмей күмілжіп қалды. 

Оны қойшы, – деді күлмең қағып, –мына ақша бізге бұйырған. Бөліп 
алу керек. 

Осыны айтып ол ұстазға қараған. Ол үндемеді. Өйткені ол ренжулі 
еді. «Дүние үшін туған бәтшағар екенсің-ау» деп түйді ішінен. 
Бұлар ауылға таяп қалғанда алдарынан бір салт атты көрінді. Жақындай 
келе үшеуі де тани кетті. Қойшыбектің апасы – Күлзипа екен. Бұлар жамырай 
амандасты. Әйел сәлемді селсоқ, салқын қабалдады. Қабағы қатыңқы, 
көңілсіздеу екен. 

Иә, деніңіз сау ма?– деді Атабек қайталай амандасып,– 
Қоржыныңызды толтырып қайтқан боларсыз. 

Қоржын құрысын,– деді әйел жасық үнмен,– әмиянымды жоғалтып 
алдым. 

Қашан? 

Бүгін. Бағана осы жолмен келе жаттым. Өзеннен өткенде бар еді. 
Содан дүкеннен зат алып, енді ақшасын төлейін десем жоқ. 

Табылып қалар, - деді Атабек, - Бұйырған дүние жоғалмас. 
Қойшыбектің екі беті ду ете түсті… 
Әйел қош айтысып, жүріп кетті. Атабек ештеме болмағандай
мотоциклді от алдыра бастағанда Қойшыбектің көзі бағжаң ете түсті.
«Шынымен- ақ кеткені ме, міне, кетіп те барады». Сәл жүрген соң шыдамы 
таусылған Қойшыбек: 

Ағай, мен түсіп қалайыншы, - деді. 

Неге? 

Тәтеме барам. 

Ым, қалай екен адалдық пен арамдық? - деді ұстаз көлігін кері бұрып 
жатып, – Ақшаны бөліп алайық па? 
– Қойшыбектікі дұрыс, бөліп алайық,– деді Сатай кекетіп. 
–Кешіріңіздер,– деген сөзді ол зорға айтты. 


87 
Ұстаз бен серіктес досының алдында ұяттан жерге кіріп кете жаздады. 
– Адалдық керек, балалар,– деді ұстаз әйелдің алдын орай тоқтаған
мотоциклден табылған әмиянды иесіне бергелі түсіп жатып, – қашанда 
адал болыңдар. 

Адалдық,-деп Қойшыбек осы сөзді іштей өзінше бір қайталады. 
Сөйтті де үнсіз қалды… 
( Дәнеш Ахметұлы). 
Мақсаты: Мәтін арқылы оқушыларды адамзаттың асыл қасиеттерін 
меңгеруге, адалдыққа жетелеу. Айлакерлік пен қулықтың өрге баспайтын іс 
екенін түсіндіру. 
Тапсырмалар: 
№1. Мәтін мазмұнын түсініп оқу. 
№2. Мәтіндегі Атабек ағайдың тапқырлығына қандай баға беруге болады? 
№3. Мәтінде екі дос Қойшыбек пен Сатай бір-біріне қарама-қайшы рөлде 
берілген. Олардың орнында өзің болсаң қандай әрекет істер едің?
Түйінді ой: 
Ағайдың тапқырлығы. Сатайдың адалдығы. Дүниеқоңыздыққа салыну. Өз 
қателігін мойындау. 
Критерий: 
-мәтінге қатысты өз ойларын білдіру; 
-мәтіндегі кейіпкерлердің жағымды және жағымсыз істерін саралау; 
-мәтін арқылы адалдықтың қадірін түсіну; 
-мәтіндегі қажетті өнегені бойына сіңіру. 
Дескриптор: 
1.Мәтінге қатысты өз көзқарастарын білдіреді. 
2. Мәтіндегі кейіпкерлер жайында толық ақпарат біледі. 
3. Мәтін арқылы адалдық пен жауапкершіліктің қадірін түсінеді. 
4. Мәтіндегі кейіпкерлер арқылы үлгі-өнеге алады. 
11 сынып 
Қазақ қуыршақ театры 
Қуыршақ театры – қуыршақтар арқылы сахналық ойын көрсететін ұлттық 
өнер ұжымы. Ертеден келе жатқан «Ортеке» ойыны – осының дәлелі. Ағаштан 
жонылып жасалған киік пен ат мүсіншесін сылдырмақпен жіп тағып, домбыра 
тартқанда жіптің бір ұшын ішекті шертер саусаққа іліп, билететін болған. 
Өлкелік қуыршақ театры Алматы қаласында 1939 жылы 10 қазанда ҚазАКСР 
ХАК-ның бұйрығымен балалар арасындағы мәдени жұмысты жақсарту 
мақсатымен құрылған. 1939 жылы театрға республикалық қуыршақ театры 
дәрежесі берілді. Театрдың қалыптасуына Қ.Бадыров, С.Телғараев, В.О.Гасюк, 
Ю.Г.Рутковский, т.б. театр қайраткерлері көп еңбек сіңірді. 


88 
Әр жылдары театр сахнасында Н.Гернеттің «Аладдиннің сиқырлы шамы», 
Ш.Құсайыновтың «Алдаркөсе мен Шығайбай», О.Әубәкіровтің «Қожанасыр - 
чемпион», «Тарқамайды тойымыз» спектакльдері мен музыкалық концерттік 
бағдарлама «Қуыршақтар шоуы» қойылды. Бүгінде театр репертуарында 30-ға 
тарта спектакль бар. Елімізде қуыршақ театрлары Ақтөбе мен Жезқазғанда, 
Ақтауда, Шымкентте және Қостанай мен Петропавлда ашылды. 
Театр – 1969 жылы Ташкент пен Бішкек қаласында өткен Қазақстан мен 
Орта Азия республикалық қуыршақ театры фестивалінің, Ташкенттегі халықтар 
фестивалінің лауреаты. 
2002 жылы Алматы қаласында өткен қазақ қуыршақ театрының Бірінші 
фестивалінде Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Қостанай, Петропавл және Шымкент 
қуыршақ театрлары өнер көрсетті. 
Мақсаты: ғасырлар бойы қордаланған ұлттық құндылықтарды жас 
жеткіншектер бойына сіңіру. Жеткіншектерді отансүйгіштікке, патриотизмге 
тәрбиелеу. Ұлттық мәдениет пен әдеби мұраларға құрмет, өз ата-бабаларының 
жетістіктеріне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру. 
Тапсырмалар: 
№1. Мәтіннен 1 негізгі және оны толықтыратын 2 қосымша ақпаратты 
анықтап, кестеге түсіріңіз.
Негізгі ақпарат 
Қосымша ақпарат 
Қосымша ақпарат 
№2. Мәтіннен 1 факті мен автор көзқарасы берілген 1 сөйлемді анықтаңыз.
Факт 
Көзқарас 
№3. Мәтіннің жанрын анықтап, жанрлық ерекшелігін дәлелдейтін 2 
аспектіні анықтаңыз. 
Мәтіннің жанры 
Жанрлық ерекшелігін 
дәлелдейтін аспектілер 
1. 
2. 
Түйінді ой. Патриотизм, өз Отанына деген мақтаныш, адамның қоғам мен 
мемлекетке, елдің тарихы мен дәстүрлеріне деген құрметі қуыршақ театрының 
тарихымен танысу арқылы қалыптасады.
Критерий:
-
мәтіннен 1 негізгі, 2 қосымша ақпаратты анықтап, кестеге түсіру; 
-
мәтіннен факті мен көзқарасты анықтау; 
-
мәтіннің жанрлық ерекшелігін анықтап, 2 аспектімен дәлелдеу; 


89 
Дескриптор:
-
мәтіннен 1 негізгі, 2 қосымша ақпаратты анықтап, кестеге түсіреді; 
-
мәтіннен факті мен көзқарасты анықтайды; 
-
мәтіннің жанрлық ерекшелігін анықтап, 2 аспектімен дәлелдейді; 
11 сынып 
Апорт 
Алматы апортының өзіндік тарихы бар.Өткен ғасырдың орта шамасында 
Алматыға Орал уезінен Редько деген шаруа көшіп келді. Ол от-арбамен 
Алматыға бір жыл жол жүріп жеткен екен. Ол Оралда апорт алмасын өсірген. 
Соның бір жаз бұтағын құмыраға отырғызып, баптап-күтіп ала келеді. Алматы 
жеріне отырғызады. 
Әлгі бұтақ аз жыл ішінде үлкен алма ағашына айналып, жеміс береді. Бір 
ғажабы, жаңа қонысында біл апорт көлемі мен дәмі жағынан өзінің ата-
мекеніндегі күйінен әлдеқайда асып түседі. Сөйтіп, ойда жоқта апорттың жаңа 
сорты пайда болып, көбейтілді. Жер шарында Алматыдан басқа жерде мұндай 
апорт түрі өспейді. 
Апорттың бір ерекшелігі, ол басқа алмалардай кез келген жерде өспейді. 
Тек қана топырағы шұрайлы тау беткейінде, теңіз деңгейінен 900 – 1200 метр 
биіктікте жақсы өседі. Мұны бау-бақша зерттеуші ғалымдар дәлелдеп те отыр. 
Тіпті тарихтан белгілі бір жайт, СОКП Орталық Комитетінің бас хатшысы 
Леонид Брежнев өзі билік құрған жылдары Алматыдан Кремльге апорт 
алмасының үздіксіз жеткізіліп тұруын күн бұлжытпай орындайтын тапсырма 
ретінде өзінің көмекшілеріне жүктеген көрінеді. Міне, мұның өзі Алматы 
апортының маңызы қаншалықты болғандығын көрсетсе керек. 
Мақсаты: туған жерге сүйіспеншілік және оны бағалай білу құндылықтары 
қалыптасады. 
Тапсырмалар: 
№1. Мәтіннің стилі мен жанрын, жанрға тән тілдік ерекшеліктерді 
анықтап, мәтіннің құрылымын талдаңыз. 
Талдау аспектілері 
Жауап 
Мәтіннің стилі 
Мәтіннің жанры 
Жанрға тән тілдік ерекшеліктер 1. 
2. 
Мәтіннің құрылымы 
№2. Кестені толтырыңыз. Сөйлемді толық жазудың қажеті жоқ. 
негізгі ақпарат 
қосымша 
ақпарат 
факт 
көзқарас 
идея 


90 
№3. «Алматы апортының қазіргі жағдайы» тақырыбында шағын мақала 
жазыңыз.
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______________________________________________________________ 
Түйінді ой. Еңбек арқылы барлық жетістіктерге жетуге болады. Еңбек – 
шешуші ұлттық фактор. Адам еңбегін бағалай білудің өзі ерлік. Әлемнің 
әміршісі – еңбек.
Критерий:
-
мәтіннің стилі мен жанрын, жанрға тән тілдік ерекшеліктерді 
анықтап, мәтіннің құрылымын талдау; 
-
мәтін мазмұны бойынша кестені толтыру; 
-
тақырып бойынша шағын мақала жазу; 
Дескриптор:
-
мәтіннің стилі мен жанрын, жанрға тән тілдік ерекшеліктерді 
анықтап, мәтіннің құрылымын талдайды; 
-
мәтін мазмұны бойынша кестені толтырады; 
-
тақырып бойынша шағын мақала жазады; 
Алынған мәтіндер оқушының ой өрісін, зейін қабілетін жетілдіруге және 
функционалдық сауаттылығын арттыруға көмегі тиетіндей деңгейде болуы 
қажет екендігін естен шығармаған жөн.


91 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет