Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет6/103
Дата11.10.2023
өлшемі7,25 Mb.
#184653
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103
Байланысты:
23 Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша оқу тапсырмаларының жинағы

Шығыс Қазақстан облысы
бойынша 2019-2020 оқу жылында 2-4 
сыныптарда 58 062 оқушы білім алған. Оның 19 008 оқушысы оқу үздігі, ал 23 
267 оқушысы оқу екпіндісі. Үлгерім 100 пайыз, ал сапа 75,7 пайызды құрайды. 
2020-2021 оқу жылында 60 681 оқушы білім алған. Оның ішінде оқу үздігі 
21 213 оқушы, ал оқу екпіндісі 24 329 оқушы. Жыл қорытындысы бойынша 
үлгерім 100 %-ды, ал сапа 75 %-ды құрайды. 
2021-2022 оқу жылын 61 319 оқушы оқып аяқтады. Оның ішінде 19 008 
оқушы оқу үздігі, 25 052 оқушы оқу екпіндісі болып аяқтады. 100 % үлгерім мен 
72 % сапамен оқу жылын аяқтаған.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша соңғы үш жылдың қорытындысын 
салыстыратын болсақ, жыл сайын оқушы санының өсуін байқауға болады. 2019-
2020 оқу жылына қарағанда 2020-2021 оқу жылында +2 619 оқушыға, 2020-2021 
оқу жылына қарағанда 2021-2022 оқу жылында +638 оқушыға артқан. Сонымен 
қатара оқу үздіктері мен оқу екпінділер санында да өзгеріс бар. 2019-2020 оқу 
жылына қарағанда 2020-2021 оқу жылында оқу үздіктер саны +2 205 оқушыға, 
ал оқу екпінділер саны +1 062 оқушыға артқан. 2020-2021 оқу жылына қарағанда 
2021-2022 оқу жылында оқу үздіктер саны -2 205 оқушыға кемісе, ал оқу 
екпінділер саны +723 оқушыға көбейген. Сонымен қатар жыл қорытындылары 
бойынша білім сапасында да өзгерістер орын алған. 2019-2020 оқу жылына 
қарағанда 2020-2021 оқу жылында білім сапасы -0,7 %-ға, ал 2020-2021 оқу 
жылына қарағанда 2021-2022 оқу жылында -3 %-ға кеміген.
Жамбыл облысы бойынша 
2019-2020 оқу жылында 2-4 сыныптарда 74 154 
оқушы білім алған. Оқу жылын 28 367 оқушы оқу үздігі және 27 848 оқушы оқу 
екпіндісі болып аяқтаған. Үлгерім 100 %-ды, ал сапа 75,7 %-ды құраған. 
2020-2021 оқу жылында 76 466 оқушы білім алған. Оның 23 933 оқушысы 
оқу үздігі, ал 31 260 оқушысы оқу екпіндісі болып аяқтаған. Бұл оқу жылының 
үлгерімі 100 %, ал сапасы 72 %-ды құрайды. 
2021-2022 оқу жылында 2-4 сыныптарда 75 267 оқушы білім алған. Оның 
20 387 оқушысы оқу үздігі, ал 32 274 оқушы оқу екпіндісі болып аяқтаған. 
Үлгерім 100 %, сапа 70 %-ды құрайды. 
Жамбыл облысы бойынша соңғы үш оқу жылының қорытындысын 
салыстыратын болсақ, оқушы санында өзгерістер бар. 2019-2020 оқу жылына 
қарағанда 2020-2021 оқу жылында+ 2 312 оқушыға артса, ал 2020-2021 оқу 
жылына қарағанда 2021-2022 оқу жылында -1 199 оқушыға кеміген. Ал 2019-
2020 оқу жылына қарағанда 2020-2021 оқу жылында үздіктер -4 434 оқушыға 
кемісе, оқу екпінділері +3 382 оқушыға артқан. 2020-2021 оқу жылына қарағанда 
2021-2022 оқу жылында үздіктер саны -3 546 оқушыға кемісе, екпінділер саны 
+1 014 оқушыға артқан. Ал білім сапасы 2019-2020 оқу жылына қарағанда 2020-


12 
2021 оқу жылында -3,7 %-ға, ал 2020-2021 оқу жылына қарағанда 2021-2022 оқу 
жылында -2 %-ға кеміген. 
Шымкент қаласы 
бойынша 2019-2020 оқу жылында 2-4 сыныптарда 64 
269 оқушы білім алған. Оқу жылын 18 599 оқушы оқу үздігі және 23 770 оқушы 
оқу екпіндісі болып аяқтаған. Үлгерім 100 пайызды, ал сапа 66 пайызды құраған. 
2020-2021 оқу жылында 73 960 оқушы білім алған. Оның 17 016 оқушысы 
оқу үздігі, ал 26 474 оқушысы оқу екпіндісі болып аяқтаған. Бұл оқу жылының 
үлгерімі 100 %, ал сапасы 64 %-ды құрайды. 
2021-2022 оқу жылында 2-4 сыныптарда 76 179 оқушы білім алған. Оның 
15 564 оқушысы оқу үздігі, ал 31 294 оқушы оқу екпіндісі болып аяқтаған. 
Үлгерім 100 %, сапа 61,3 %-ды құрайды. 
Шымкент қаласы бойынша соңғы үш оқу жылы қорытындысын 
салыстыратын болсақ, оқушы саны жыл сайын артып отырған. Нақты айтатын 
болсақ, 2019-2020 оқу жылына қарағанда 2020-2021 оқу жылында +9 691 
оқушыға, ал 2020-2021 оқу жылына қарағанда 2021-2022 оқу жылында +2 219 
оқушыға көбейген. Ал 2019-2020 оқу жылына қарағанда 2020-2021 оқу жылында 
оқу үздіктер саны +1 583 оқушыға, оқу екпінділер саны +2 704 оқушыға артса, 
2020-2021 оқу жылына қарағанда 2021-2022 оқу жылында оқу үздіктер саны -1 
452 оқушыға кеміп, оқу екпінділер саны +4 820 оқушыға артқан. Жыл 
қорытындыларын салыстыру барысында білім сапасындағы өзгерістерді де 
байқауға болады. 2019-2020 оқу жылына қарағанда 2020-2021 оқу жылында -2 
%-ға, ал 2020-2021 оқу жылына қарағанда 2021-2022 оқу жылында -2,7 %-ға 
кеміген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет