Қазақстан Республикасы Президенті өкілеттіктерінің ерекшеліктері



бет5/5
Дата11.01.2017
өлшемі1,41 Mb.
#6883
түріДиплом
1   2   3   4   5
ҚОРЫТЫНДЫ

Әр елдерде президенттіктің құқықтық мәртебесі, президенттік басқару нысаиының пайда болуы мен барысының тарихи-құқықтық аспектілерін зерттеу Қазақстандағы президенттік институттың алғы шарттарының біріне айналды. Құқықтык Конституция негізінде жүзеге асырылатын президенттік институт қоғам өміріндегі тұрақтылықты, әлеуметтік қатынастардың қарқынды дамуын, азаматтардың мемлекетті басқару ісіые белсенді араласуын, мемлекеттің қоғамға бағыныштылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Президенттік институт өркениеттілікке жетуге, әлеуметтік қарым-қатынастардың қолайлы дамуына және қоғамдағы әлеуметтік топтар мен тұлғалардың дамуы үшін алдыңғы қатарлы жағдай жасауға қызмет етеді. Сондықтан да осы аталған міндеттерді ойдағыдай шешу үшін әлемнің әр алуан елдеріндегі президенттік институттың құқықтық мәртебесі мен мемлекеттік басқару нысанының маңыздылығын ғылыми зерттеу қажет деп санаймыз.

Дипломдық зерттеу барысында президенттің функциясы, президенттік сайлаулар жүйесі, президенттің өкілеттіктері сияқты сұрақтарға талдау жасалынып, белгілі бір ой- тұжырымдарға келдік.

Президенттің негізгі қызметі: адам игілігіне, оның адамгершілік және материалдық жағдайыньщ жақсаруына, халықты қүқықтық және әлеуметтік қорғауға бағытталады.

Президенттің функциясы мемлекет алдында тұрған негізгі мақсаттарға байланысты анықталып, атаулы мақсаттарды іске асыру қүралы болып табылады.

Қазіргі заманда кез келген қоғамның өмірі ішкі және сыртқы аренада өтетін болғандықтан президент функциясының негізгі бағыттарын ішкі және сыртқы деп бөлуге болады. Президенттің ішкі қызметін мемлекет қызметіыің айналымына қарай экономикалық, әлеуметтік, қаржылық бақылау және қүқық қорғау функциясы деп бөлдік.

Президенттің сыртқы функциясы мемлекетті халықаралық аренада көрсету жөніндегі қызметінің басты бағыттарын құрайды. Атап айтқанда, басқа мемлекеттермен қарым-қатынасын қалыптастыруды және қолдауды, елді сыртқы басқыншылықтан қорғауды қамтамасыз ету секілді сыртқы міндеттерді шешуге бағытталғандықтан, сондай-ақ осы мақсаттарға сәйкес, президенттің негізгі функциясын — басқа мемлекеттермен өзара

ынтымақтастықты дамыту; елді сыртқы жаулардың басқыншылығынан қорғауды қамтамасыз етуді атап көрсеткен болатынбыз.

Қазақстан Республикасы Президентін сайлау тәртібіне де тоқталып өттік. Қазақстан Республикасы Конституциясының 41 бабына сәйкес, республика азаматтары Қазақстан Республикасының Президентін жалпыға тең және тікелей сайлау құқығы негізінде жасырын сайлау арқылы жеті жылға сайлайды. Конституция бойынша қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген және Қазақстанда кем дегенде он бес жыл тұрған азамат Президент болып сайлана алады.

Осы тұста Қазақстан Республикасы Президентін сайлау жүйесі мен Ресей Федерациясы Президентін сайлау жүйесін салыстыра отырып, талдау жасадық, Ресей Федерациясында қолданылып жүрген практикадан еліміздегі үгіт жүргізу тәжірибесі өзгеше және ыңғайлы екендігін байқадық. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларын зерттеу, саралау нәтижесінде бірқатар талдау жасалып, Қазақстан Республикасының сайлау туралы зандарына өзгерістер енгізуді ұсындық. Атап айтқанда, сотқа республикалық бюджеттен президентке нақты кандидатты ұсыну және сайлау науқанын өткізу жөніндегі шығындарға бөлінген қаржылардың, шетелдік ұйымдар мен жеке тұлғалардың қаржыландыру сомасының көлемін азайту туралы шешім қабылдау құқығын беру қажет



1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы да мемлекеттің адам мен азаматқа деген қарым-қатынасының принциптері мен нормаларын, қазақстандық қоғам алдындағы міндеттері мен әлемдің қоғамдастық алдындағы міндеттемелерін белгіледі.

Еліміздід Конституциясы жеке адам - отбасы- халық- қоғамдық қатынастар - тәуелсіздік - халықаралық қоғамдық тәртіп секілді әлеуметтік қатынастар барлық құқықтық аспектілерін қамтиды.

Мемлекеттік биліктің мәні- оның тәуелсіздігі мен бірлігін білдіретін егемендігі болып табылады. Себебі, мемлекеттік билік- биліктің бастау көзі - халықпен тығыз бірлікте болғанда ғана біртұтас жүйе болмақ.

Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша биліктің үш тармаққа бөлінуін республикада барлық мемлекеттік билік көлемін осы үш тармақ теңдей бөліп алған деген ұғым тумаса керек. Биліктің бұлай бөлінуінің мәні жүйелік - тұтастық құрылымдар жүргізіп отырған мемлекеттік қызметтін, шартты түрін объективті түрде көрсетеді.

Сонымен қатар, елімізде қазіргі заманғы мемлекеттің салааралық және салаларға байланысты функцияларын атқаратын мемлекеттік органдар да бар. Мәселен, бақылау және қадағалау функцияларын атқаратын органдар бар. Сондықтан да республика Президенті барлық осы тармақтар мен құрылымдардың жүмысын үйлестіріп отырады. Сөйтіп, мемлекет өзінің конституциялық шеңберінде тиімді де толыққанды бола алады.

Әрине, мемлекеттік биліктің бұқаралық сипаты мен оны өкілетті және кәсіби түрде жүзеге асырудың арасындағы объективті әлеуметтік — саяси қарама- қайшылықтарына байланысты барлық елдерде кездесетін билік пен қоғам арасыньщ алшақтауын тек Конституция реттеуі мүмкін емес. Конституция көп деңгейлі және көп салалы құқықтық жүйені алмастыра алмайды. Сондықтан да ең бастысы, Негізгі Заңның барлық құқықтық жүйеге негіз болуы, құқықтық жүйе Конституциядан бастау алып, дамуы шарт.

Осы орайда Конституцияда Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне айырықша орын берілген. Конституциялық Кеңес өзі дүниеге келген уақыттан бері жүзден астам нормативтік қаулылар қабылдаған. Оның бәрі де констиуциялық нормаларды ресми түсіну мен қолданудың сан қырлы аспектілеріне арналған.

Конституцияда қарастырылған «тежемелік және тепе-теңдік» қағидасы мемлекеттік органдарды конституциялық бірлікті сақтауда өзара түсіністікке жол беруге міндеттейді және олардың әрқайсысының үйымдық - құқықтық функционалдық даралығын қамтамасыз етеді.

Тежемелік қағидасын жағымсыз іс - әрекеттер мен соның салдарынан туындайтын себеп-салдарлардан қорғану мақсатында мемлекеттік органға берілетін құқықтық шарттар деп түсіну қажет.

Тепе- теңдік қағидасы ретінде бір- біріне бағыныштылығы жоқ мемлекеттік органдар арасындағы қарым-қатынас барысындағы құқықтық мүмкіндіктерді атауға болады. Бұған мәселен, Парламенттің қабылданған заң бойынша республика Президентінің «вето қою» құқығын жеңуі, Үкіметтің немесе оньщ кез-келген мүшесінің отставкіге кетуін талап етуі болып табылады.

«Тежемелік және тепе-теңдік» конституциялық механизмінің Парламентке Үкіметке сенімсіздік білдіру құқығын беру арқылы өзгеруінде үкіметті парламенттік көпшілік арқылы қалыптастырудьщ және олардың халық алдындағы жауапкершілін күшейтудің құқықтық мүмкіндіктері бар.

Конституция мен құқықтық шындық міндетті де мәнді саналады. Оларды жақындастыратын Конституциялық Кеңес, прокуратура органдары мен сот, сондай-ақ заң шығару. процесі мен мемлекетті басқарудық заңға бағыныштылығы толық қамтамасыз ететін конституциялық тәртіп болып табылады.

«Конституциялык» және «конституциялық завдылық» бір ұғым емес, біріншісі екіншісін зандар мен құқықтық нормалардың Конституцияға сәйкес қағқдат ретінде өзіне қосады.

«Конституциялық» ұғымы кең де пәрменді құбылыс, өйткені ол Конституциялық норманың оның ережелерінің жоғарылығына негңзделген мемлекет пен қоғамның өмір сүруі мен дамуы секілді құқықтық тәртіпті білдіреді.

Өкінішке орай, Конституцияның көптеген нормалары, соның ішінде Парламент пен мәслихаттың өкілеттіктері, сот органдарының тәуелсіздігі секілді нормалары кейде орындалмай жатады. Жер- жерлердегі атқарушы билік органдары Негізгі Заңда бекітілген адам бостандығы мен құқықтары талаптарын орындамайтын жағдайлар да кездеседі. Конституцияның әлеуметтік мемлекет, халық пен биліктің бірлігі, әділ сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі жалпы нормаларынан ауытқушылықтар да болады.

Адамның кұқығы ол тек бір ғана адамның құкығы емес, ол әрбір
адамның өзгені де өзіндей сыйлауына негізделген теңдік құқығы.
Конституциялық бағалықты қадірлей білетін қоғамда адам құқығын
аяққа басу құқықтық мемлекет идеясьшен мүлдем сыйыспайды. Кез
келген мемлекет адам құқығын өзінің шынайы мүмкіндіктеріне қарай жеке
бір адамға емес, барлық азаматтарға лайықтап қамтамасыз етеді.
Сондықтан Қазақстанда да адамның құқығы мен бостандығы
Конституцияға сәйкес бекітілген. Сонымен қатар Қазақстан экономикалық және саяси құқықтар жөніндегі көптеген халықаралық пактілерге қосылған.

Адамның өмір сүру құқығы оның қоғам, мемлекет алдындағы тәртіпке бағыну, адамдар арасындағы қалыптасқан нормаларды сақтау секілді табиғи міндеттерімен тығыз байланысты. Қазақстан халқы қабылдаған Конституцияны құрметтеу, ұқыпты түрде салык төлеу мен Отанды қорғау, тарихи және мәдени мұраларды қорғау, табиғат байлықтарына ұқыпты көзқарас - міне осының барлығы өмір сүруге деген табиғи құқықтан туындайтын табиғи міндеттер.

Қоғамдағы жеке адамның мүмкіндіктері әлеуметтік ортада ашылады. Конституцияның екінші бөлімі «Адам және азамат» деп аталуы да сондықтан, себебі бұл екі ұғым, жалпы бір-бірімен тығыз байланысты.

Мемлекет тұрғындардың барлық бөлігінің" қажеттерін қанағаттандыру үшін алғышарттар жасауы керек.

Әлеуметтік және қүқықтық мемлекет құруға бет бұрған мемлекет халықтың жалпы әл-ауқатын жақсарту функциясын алдыңғы орынға қояды. Олар қоғамның жалпы объективтік қажеттігінен және жеке адамның жан-жақты дамуынан, ұлттық татулық пен ынтымақтастықтан, қауіпсіздікті сақтаудан, жалпы елдің саяси және экономикалық тәуелсіздігін сақтаудан туындайды.

1995 жылы Қазақстан Конституциясын қабылданғалы бергі он жыл ішінде республикада жан басына шаққандағы жалпы өнім екі мың жеті жүз АҚШ долларын кұрауда және ол жыл соңына дейін үш мың АҚШ долларына көтерілмек.

Мемлекеттік билікті қолдау, азаматтардың оған деген сенімділігі Қазақстанды конституциялық - құқықтық дамытудың түйінді мәселесі. Билік пен оның шынайы беделінің арақатынасы мемлекет кәсібилігінің әлеуметтік — психологиялық критерийі ретінде қаралады. Мемлекеттік билік өз шешімдері мен іс-қимылдары арқылы жеке адам мен халықтың талап — тілектерін неғұрлым толық орындаған сайын оның әлеуметтік және құқықтық қоғам орнатудағы мүмкіндігі де арта түспек.

Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі ерекше көңіл аударуды қажет етеді. Қазақстандағы президенттік институттың қалыптасу процесі құқықтық әдебиеттерде және заңнамаларда талданып, кезендерге бөлінген-ді. Бірақ, бұл зерттеулер толық жетілдірілмеген. Осы орайда біз А.К. Котовтың, Ж.К. Джунусованың, В.А. Малиновскийдің еңбектеріне шолу жасап, белгілі бір ой-тұжырымдарға келдік.

Қазақстан Республикасы Президентінін, өкілеттіктерін анықтау мақсатында біз сексенінші жылдардың және тоқсаныншы жылдардың басынан бастап елімізде болған кұбылыстар мен өзгерістерді тарихи тұрғыда зерттеп шығуды жөн көрдік.

1989 жылдьщ 21 қыркүйегінде Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесінің он бірінші шақырылған XIV съезінін, қорытындысы бойынша Қазақ КСР-ның Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Атаулы өзгерістерден кейін 1989 жылдың 22 қыркүйегінде республикалық партия жетекшісі Н.А. Назарбаев елдід бірінші тұлғасы болуға заңды мүмкіндік алған болатын.

Қазақстанда президенттік институттың қалыптасуын кезевдерге бөлуде әріптестеріміз жіберген кемшіліктерді түзете отырып, біз бұл процестің бастапқы кезеңіне тоқталып қана қоймай, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында атап көрсетілген және оның іс-қимыл тәжірибесімен сипатталған, осы кезге тән негізгі ерекшеліктерін қарау қажет деп санаймыз. Сол кезевдегі президенттікке талдау жасау, Қазақстанда президенттік институттың дамуының бұдан кейінгі бағыттарының жобасын жасауға әдістемелік тұрғыдан мүмкіндік береді. Туындап отырған даму бағытын айқындамай Қазақстандағы президенттік институттың қалыптасу мәселесі жәые мемлекеттік басшының конституциялык ролі толық пайымдалған деп айту қиын екендігін айтамыз.

Еліміздің алғашқы Президентінің өкілеттіктерін зерттей келе біз мынадай тұжырымдар жасадық:

Қазақстан Республикасының Президенті Конституция бойынша Қазақстан халықтарының құқығы мен бостандығының кепілі.

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің

Конституциялық ролі оны халықтар бірлігі мен мемлекеттік биліктің символы ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың күнделікті жүргізуі нәтижесінде қоғамдық сана мен халык менталитетінде жинақталған бейнемен ажырамастай байланыста болуында.

Осы ұсынылған диссертациялық зерттеу нәтижелері мына төмендегідей теориялық қорытындылар мен ережелердің қалыптасуына ықпал етеді:

Президенттік институт біздің еліміздегі және әлемнің барлық
елдеріндегі мемлекет пен қоғам өміріндегі тұрақтылықтың, қоғамның
саяси дамуының кепілі болып табылады;

  1. Заңнама шығармашылық ролін жүзеге асырудың кұралы болып
    табылады;

  2. Азаматтарға демократиялық құқықтары мен бостандықтарын толық
    пайдалануға мүмкіндік береді;

  3. Қазақстанда президенттік институттың болуы елде мемлекеттік-
    құқықтық негіздердің қалыптасуына ықпал ететін құрал болып
    табылады;

  4. Ол заңға, құқыққа негізделеді, құқықтық ой тудырьш, дамытады,
    құқықтық сананы қалыптастырады, осыдан барып мемлекеттік
    басқарудың субъектісі ретінде тұлғаның мінез-құлқының әлеуметтік
    негіздерін қалыптастырады;

  5. Президенттік институт демократиялық мемлекеттердің құрылуының
    аса маңызды факторы болып саналады;




  1. Президенттік институт мемлекеттін, әлеуметтік-құқықтық
    жағдайыньщ барлық жиынтығының ықпалымен қалыптасады және
    белгілі бір дәрежеде мемлекеттің тарихи дамуымен негізделетін
    қоғамның психологиялық және интеллектуалдық нышанына
    байланысты болады;

  2. Президенттік институттың биліктің түрлі тармақтарымен өзара
    бірлесе отырып, іоқимыл жүргізуі Қазақстанда күқықтық мемлекет
    құруға ықпал жасайды;

  3. Президенттік институтты қүрудың маңызды алғышарттарының бірі
    қоғамда өз азаматтарымыздың көпшілігінің экономикалық және
    саяси мүдделерін білдіретін және олардың мемлекеттің саяси
    өміріндегі белсенділігін көрсететін жетекшісі болып танылуы;


Ю.Әлеуметтік түрақсыздық жағдайында демократиялық мемлекет үшін тарихи күшті атқару билік идеясын көтеруде қоғам мен мемлекет ісін басқарудың жаңа нысандарын іздестіру;

П.Осы шеңберде жүргізілетін іс-қимылдар, келешекте Қазақстанда президенттік институт үлгісінің қалыптасуы мақсатқа сай болуын көздейді. Сондай-ақ елдегі президенттік басқару жүйесінің республикалық мәнінің конституциялық біртұтастығы сақталады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Назарбаев Н.А. На пороге XXI века. Алматы.: Онер, 1996.-
159 С.

Назарбаев Н.А. Выступление Председателя Верховного Совета

Казахской ССР на ХУ сессии Верховного Совета Казахской С

Одиннацатого СР. Созыва// -Казахстанская правда. — 1990, 23

февраля.

Назарбаев Н.А. Казахстан-2030. Послание Президента страны

народу Казахстан. — Алматы.: Білім, 1997. - С 113.

Назарбаев Н.А. Инаугурационная речь Президента РК // Мысль.,

1999 .-№2, С 63-67.

Назарбаев Н.А. Послание Президента Республики народу

Казахстана. — Казахстанская правда. - 2005, 19 февраля

2 Сахаров Н. А. Институт президентства в современном мире.
М., Юридическая литература, 1994.- 175 С.

3 Крутоголов М.А. Президент Французской Республики.-М., Наука
1980.- С336.

Центральные органы власти Французской республики.- М., 1956.-80 С-

4 Лазарев Б.М. Энциклопедический словарь правовых знаний.-
М.: Сов. Энциклопедия, 1965.- 512 С.

Лазарев Б.М. Общая теория государства и право.- М.: ВШ МВДРФ. - 1996.-472 С

5 Большой юридический словарь М.: Инфра-М, 2000.- 704 С.

6 Решетников Ф.М. Правовая система стран мира. N1.: Юрид.лит.,

1996.- 254 С.



7 Конституции Французской Республики.- М.: Наука, 1980.- 326 С.

8 Дзейтов С.А. Государство и экологическая безопасность
(теоретико- правовые аспекты): Автореф. дисс... канд. юрид.наук.
СПб, б/и, 1994. —33 С.

9 Демишель М., Демишель Ф., Пикемаль М. Институты и власть во
Франции. - М.:Прогресс, 1977.- 232 С.

10 Юдовская А.Я. Тоталитарный режим: его сущность и признаки.-
Спб., 1992. - 33 С.


11 Заварнов Н.А. Замещение поста президента в странах
тропической Африки//Правоведение.-1976.-№5.-122 С.

12 Новыеые Конституции стран СНГ и Балтии. Сборник документов
М., Манускрипт, 1994.- 800 С.
13 Кабышев В. Исторический опыт свидетельствует // Российская
газета, 1992, 9 апреля.

14 Конституция Республики Казахстан от 30 августа 1995 года ( с
изменениями от 7 октября 1998 года). —Алматы., 2003

15 Конституционный Закон Республики Казахстан О выборах в
Республике Казахстан от 6 апреля 1999 г.

16 Джунусова Ж.К. РК: Президент. Институты демократии.-


Алматы: Жеті Жарғы, 1996.- 202 С.

17 Котов А.К. Суверенный Казахстан: Гражданин нация народ.
Вопросы конституционного права. —Алматы.: Жеты Жаргы.-
1997.- 288 С

Котов А.К. Государственный суверенитет РК. Политика правовой анализ становления и проблемы национального-государственного развития: Автореф. докт.дисс...- Алматы., 1994.

18 Малиновский В.А. Глава государство суверенного Казахстана.
Казахстана . Алматы.: Высш. школа право «Әділет», 2003.-402 С.

19 КимВ.А. Годы созидания. Алматы., 2000, 317 С.

20 Ведомости Верховного Совета Казахской ССР. 1989. - №40-41.-
336 С
21 Декларация о государственном суверенитете Казахской ССР от
5 октября 1990 т.Н Ведомости Верховного Совета Казахской
ССР. 199О.-№44.- с408.

22 Конституционный закон РК «О государственной
независимости» // Ведомости Верховного Совета Казахской
ССР,-1991.-№51.-с.622

23 Барнашев А.М. Теория разделения власть: Становление,
развития, применения. —Томск.: Издательство Томского Унив.
1988.-100 С.
24 Майлыбаев Б.А. Становление и эволюция института
Президента Республики Казахстан. Проблемы, тенденции,
перспектива. Алматы., 2001. - 532 С.

25 Абдрасулов Е.М. Толкование закона и норм Конституци;


26 Темирбулатов С. Судебная власть. Каз. Правда. 1998, 7 апреля.




Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет