Қазақстан Республикасы Президентінің 010 жылғы желтоқсандағы №1118 Жарлығы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»


Педагог қызметкерлердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды күшейту



бет22/53
Дата08.02.2022
өлшемі0,52 Mb.
#123702
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   53
Байланысты:
ГПРО к

Педагог қызметкерлердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды күшейту
Педагогтің кәсіби мәртебесін көтеру үшін бірқатар шаралар атқарылады.
Педагог қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің жаңа үлгісі әзірленеді, ол:
біліктілік санатына қарап, педагог қызметкерлердің қызметтік жалақысының көлемін есептеу үшін қолданылатын сараланған коэффициенттерді енгізуді;
нәтижеге бағытталған еңбекақы төлеу тетігін енгізуді көздейді.
Атқарылған шаралар нәтижесінде педагог қызметкерлердің орташа жалақысы 2015 жылға қарай экономиканың жеке секторындағы жалақыға жуықтайды. 
ҚР ЕХӘҚМ жүргізетін ұзақ мерзімді кезеңдегі зейнетақы төлемінің болжауы бойынша есептеулер, талдамалық және экономикалық зерттеулер шеңберінде азаматтарды, оның ішінде педагогтерді зейнетақымен қамтамасыз ету жетілдіріледі.
Сонымен қатар педагогтерге қойылатын талаптарды күшейту шаралары қарастырылуда.
Педагог мамандықтар бойынша жоғары оқу орнына түсу кезінде педагог қызметіне икемділік деңгейін анықтауға арналған шығармашылық емтихан енгізілетін болады.
Педагог мамандықтарына түсетін талапкерлер үшін шекті деңгей көтерілетін болады.
Бірінші және жоғары санаттарды алуды ынталандыратын жағдай жасау мақсатында педагогтердің біліктілік деңгейіне қойылатын талаптар қайта қарастырылатын болады.
2016 жылдан бастап 5 жылда бір рет аттестаттау түрінде, оның ішінде жұмысқа алғаш рет немесе педагог қызметінің үзілісінен кейін қабылданып жатқан педагогтер біліктілігінің деңгейін растау рәсімі енгізілетін болады.
Білім беру ұйымдарына жұмысқа кіру қағидалары әзірленеді, ол азаматтардың аталған санаттары үшін тестілеуден өтуді көздейді.
Бейіндік мектеп үшін мұғалімдерді іріктеу кезінде білім беру саласындағы магистр дәрежесінің болуы көтермеленеді.
Өздігінен білім алу және өзін-өзі жетілдіру педагог портфолиосында көрінетін қызметінің ажырамас бөлігі болып табылатын болады.
Педагог кадрларды даярлау сапасын бақылау және ынталандыру үшін біліктілік деңгейін бағалау тәуелсіз коммерциялық емес үкіметтік емес агенттіктерде өтетін болады.
Педагогтерді аттестаттау мұғалім білімін тестілеу, оқу-әдістемелік қызметі туралы есеп беруінен тұратын, мүдделі адамдар (оқушылардың ата-аналары) мен жұртшылықтың пікіртерімі рәсімдерінен тұратын жинақтық бағалау негізінде жүргізіледі.
Математика мұғалімдері TEDS-M халықаралық салыстырмалы зерттеулерге (Teacher Education and Development Study in Mathematics) – орта мектептің бастауыш және орта буынының математика мұғалімдерінің кәсіптік білім сапасын бағалауға қатысатын болады.
Мұғалімнің кәсіби беделін көтеру мақсатында қоғамда педагогтің оң имиджін қалыптастыру жұмысы жүргізілетін болады: «Жыл мұғалімі» конкурсы, акциялар, БАҚ-пен ортақ жобалар, шеберлік сыныптары, жаңашыл педагогтер форумдары, конкурстар, педагогтер әулеттерінің слеттері, ғылыми-педагогикалық семинарлар мен симпозиумдар, семинар-тренингтер және дөңгелек үстелдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет