Ќазаќстан Республикасы Статистика Aгенттігі



Дата24.12.2021
өлшемі150,5 Kb.
#128618
Байланысты:
Браки и разводы каз









www.stat.gov.kz

Баспасөз хабарламасы

№ 56

30 сәуір 2020 жыл




Неке және ажырасу (Халықаралық отбасы күніне)

Неке ғасырдан ғасырға бірін-бірі ұнатқан жандарды біріктірудің жалғыз жолы ретінде саналып келген болатын. Бірақ өзгермелі заман некеге деген көзқарасты да басқа арнаға бұрғандай. Бүгінгі күні неке тіпті де міндетті емес. Дегенмен бұл көзқарасты әдетте жас отбасылары ұстанады, олар тұрғын-жайдың болмауын, материалдық жағынан жетіспеушілікті, сезімнің әлі де болса жеткіліксіздігі сияқты бірнеше дәлелді алға тартады.

Соңғы бес жыл ішінде облыста бекітілген некелер санының кемуі байқалады: 2014 жылғы 12,3 мыңнан 2019 жылы 9,3 мыңға азайды. Бұл фактіге «демографиялық толқынның» құлдырауы әсерін тигізуде, яғни «неке рыногында» 1980 - жылдары дүниеге келгендерді 90 - жылдары дүниеге келген жас буын алмастырды.

Некелесуді ұлттық белгілеріне қарай қарастыратын болсақ, бес жыл бұрын қазақтармен бекітілген неке одағының үлесі 61%-ды, орыстармен – 33%-ды, немістермен – 1,6%-ды құраса, 2019 жылы тиісінше 64%, 31% және 1,6%-ды құрады. Бұл дерек облыстың ұлттық құрамы құрылымының өзгеруімен сипатталады.

2019 жылы некеге алғаш рет отырған ер адамдардың орташа жасы – 28,2, әйелдерде – 25,7 жасты құрады. Әр түрлі ұлт өкілдерімен жыл ішінде 1173 неке немесе әрбір сегізінші жұп тіркелді. Шығыс Қазақстанда тұратын негізгі ұлт өкілдері ішінде қазақтардың өзге ұлт өкілдерімен некелесу көрсеткіші ең төмен. Бұл көрсеткіш қазақтарда - 6%, орыстарда – 13%, татарларда – 89%, немістерде – 93%-ды құрады. Яғни, халықтың жалпы санында қандай да бір ұлт үлесінің кемуі аталған ұлт арасында ұлтаралық некелер санының артуына әкеп соғады.

Ажырасу мен жесір қалу салдарынан жойылған некелерге қатысты алғанда қайталама некелер олардың орнын толтыруда. 2019 жылы 2019 ер адам (некеге отырған ерлердің барлығының 22%-ы) және 2046 әйел (22%-ы) некеге қайта отырды.

Өкінішке қарай, некелескен екі жұпқа бір ажырасудан келеді. 2019 жыл ішінде 4,7 мың ажырасу тіркелді, бұл бес жыл бұрынға қарағанда 5,5%-ға аз. Ерлер арасындағы ең жоғарғы ажырасу үлесі 30 - 34 жасты құраса, әйелдерге – 25 - 29 және 30 – 34 жас аралығына келеді. Некелер әдетте 5 – 9 және 20 жыл бірге тұрғаннан кейін бөлінеді. 2019 жылы ажырасуға дейінгі некелердің орташа ұзақтығы 9 жылды құрады. Әрбір сегізінші ажырасу басқа ұлт өкілдерімен болып келеді

www.stat.gov.kz / Хабар


Орындаушы:

А.А. Касенов

Тел. +7 (7232) 25-07-45


Әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасының басшысы:

А.А. Касенов

Тел. +7 (7232) 25-47-05


Мекенжай:

070004, Өскемен қаласы



Тоқтаров көшесі, 85


© Шығыс Қазақстан облысының Статистика департаменті


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет