Қазақстан республикасы төтенше жағдайлар министрлігі көкшетау техникалық институты


Автокөлікті сату — сатып алу туралы келісімшарт



бет4/19
Дата07.11.2016
өлшемі4,21 Mb.
#1231
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Автокөлікті сату — сатып алу туралы келісімшарт
Алматы каласы, Әуезов көшесі, 112-үй,

13 05. 2007 ж., 2003 үшінші жылғы 13 мамыр

Біз, төменде қол қоюшылар, Көкшетау қаласы, 1-ықшам ауданы, 20-үй, 10-пәтерде тұратын азамат Бейсебеков Болат Әнетұлы, Қазақстан Республикасының ІІМ 2001 жылғы 10 ақпанда берген жеке куәлігінің № 465346514, Көкшетау қаласы, Абылай хан даңғылы 102-үйде тұратын азамат Бәйменов Мейрам Қанатұлы, Қазақстан Республикасының ІІМ 1995 жылғы 3 ақпанда берген жеке куәлігінің №100245141 төмендегілер туралы келісімшарт жасадық:

1. Мен, азамат Бейсебеков Болат Әнетұлы, "жигули" маркалы жеңіл автокөлігімді сатамын, кузовының типі, шығарылған типі, шасси нөмірі, двигатель нөмірі, мемлекеттік нөмірі А 582 КОМ, мен, азамат Бәйменов Мейрам Қанатұлы, көрсетілген автокөлікті сатып аламын.


  1. Көрсетілген автокөлік Мемлекеттік автоинспекциясының 1998 жылғы 16 сәуірде берген № 254631 техникалық паспорттың негізінде маған, Бейсебеков Болат Әнетұлына тиесілі.

  2. Автокөлік жүз жетпіс бес мың (175 000) теңгеге сатылады. Көрсетілген соманы қол қою кезінде азамат Бәйменов Мейрам Қанатұлы төлейді.

  3. Осы уақытқа дейін көрсетілген автокөлік ешкімге сатылған жоқ, тұтқынға алынған жоқ, қарыз өтеуге берілген жоқ.

  4. Осы келісімшартты ресімдеудің шығынын азамат Бәйменов Мейрам Қанатұлы төлейді.

  5. Осы келісімшарт үш дана етіп жасалған, бір данасы нотариалдық кеңсенің ісінде сақталады, екінші данасы азамат Бейсебеков Болат Әнетұлына, үшінші данасы

Бәйменов Мейрам Қанатұлына берілді.

Тараптардың қолы: сатушы/

сатып алушы/
2007 жылғы 13 мамырда осы келісімшартты мен, Жазықова Шолпан Ахатқызы, Көкшетау қаласындағы лицензия № 365 "Айқын" нотариалдық кеңсенің нотариусы куәландырамын.

Осы келісімшартқа менің қатысуым кезінде Тараптар қол қойды. Тараптардың жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі және сатылатын автокөліктің сатушыға тиесілі екендігі тексерілді.

Келісімшарт мәтіні дауыстап оқылды. № 257 тізбеге тіркелді. Тариф бойынша 500 теңге мемлекеттік салық алынды.

Нотариус

(қолы)


7-жаттығу. Сұрақтардың жауабын жазыңыз.

1. Автокөлікті сату — сатып алу туралы келісімшарт қашан жасалған?

  1. Автокөлікті сатушы кім?

  2. Оның жеке куәлігінің нөмірі қандай?

  3. Оның мекенжайы қандай?

  4. Автокөлікті сатып алушы кім?

  5. Оның жеке куәлігінің нөмірі қандай?

  6. Оның мекен-жайы қандай?

  7. Сатылатын автокөліктің маркасы қандай?

  8. Келісімшартта сатылатын а)

автокөлік туралы қандай ә)

мәліметтер көрсетілген? б)



в)

г)

10. Автокөлік ненің негізінде сатушыға тиесілі?

  1. Автокөлік қанша теңгеге сатылған?

  2. Келісімшартта автокөліктің а)

қандай іс-әрекетте болмағаны ә)

көрсетілген? б)

  1. Келісімшарт неше дана етіп жасалған?

  2. Келісімшартты ресімдеудің

шығынын кім төлейді?

15. Келісімшартты куәландырған нотариалдық кеңсенің лицензия нөмірі қандай?

16. Нотариалдық кеңседе а)

Тараптар туралы қандай ә)

мәліметтер тексерілді? б)


8-жаттығу. Келісімшарттағы қажетті сөздерді қойыңыз.

1. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 14 қарашада ............. жеке куәлігінің № 123456579. 2. Аталған пәтер ........ құқығы бойынша азамат Мейрам Нұрболатұлына 3. ТИБ-тің ....... бойынша пәтердің құны 9 485150 теңге. 4. Келісімшартты рәсімдеудің ....... азамат Ербол Маратұлы төлейді. 5. Осы келісімшарт жасалғанға дейін пәтер ешкімге жоқ, қарыз ....... берілген жоқ, .... алынған жоқ. 6. Тараптардың ............ анықталды, ; тексерілді, пәтердің сатушыға .............. екендігі тексерілді. 7.Тариф бойынша 500 теңге мемлекеттік ........ алынды.

8. Келісімшарт мәтіні оқылды.

9-жаттығу. Өзіңізді тексеріңіз: аударыңыз.

Жеке куәлік, тіркелген мерзімі, қол қою кезінде, шаршы метр, аталған пәтер, төлем сомасы, үйді пайдалану ережелері.

ЕҢБЕК КЕЛІСІМІ

Еңбек келісімі — тараптардың еңбек құқығы қатынастары туралы келісімді реттейтін құжат.

Жеке еңбек келісімі жұмыс беруші мен жұмысшы, ал ұжымдық еңбек келісімі жұмыс беруші мен жұмысшылар тобы арасында еңбек қатынасын реттейтін ресми құжат. Келісімге отыратын жұмысшылар мынадай категорияларға бөлінеді:

- тұрақты түрде жұмыс істейтіндер

- уақытша жұмыс істейтіндер

- негізгі жұмыс орны бойынша жұмыс істейтіндер

- қоса атқарушылық бойынша жұмыс істейтіндер.

Еңбек келісімі жазбаша түрде жасалуы тиіс. Бұл — екі тарап үшін де келісім шарттарын орындаудың кепілдігі болып табылады. Еңбек келісімінде мынадай негізгі мәліметтер болуы тиіс:

- келісімнің жасалған орны мен күні, айы, жылы;

- екі тараптың толық және шартты атауы;

- келісім нысаны;

- еңбек төлемі;

- еңбек жағдайлары;

- келісім мерзімі;

- жұмыс берушінің және жұмысшының міндеттері мен
кұқықтары

- келісімнің тоқтатылуы

- дауларды шешу;

- қорытынды ережелер және екі тараптың заңды мекенжайлары мен реквизиттері.

Сонымен қатар сынақ мерзімі, біліктілігін көтеру т.б. сол сияқты қосымша шарттар көрсетілуі мүмкін. Еңбек келісімі 2 дана болып жасалады. Оған жұмыс беруші мен жұмысшының қолы қойылып, мөрмен куәландырылады. Оның бірі - мекемеде, екіншісі жұмысшыда сақталады.

еңбек келісімі — трудовое соглашение

ұжымдық — коллективный

келісім нысаны — предмет соглашения

негізгі жұмыс орны — основное место работы

еңбек құқығы қатынастары — трудовые правоотношения

жеке — индвидуальный

қоса атқарушылық — совместительство
1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.


  1. Еңбек келісімі нені реттейді?

  2. Жеке еңбек келісімі мен ұжымдық еңбек келісімінің айырмашьшығы неде?

  3. Жұмысшылар қандай категорияларға бөлінеді?

  4. Еңбек келісімінде қандай мәліметтер көрсетілуі тиіс?

  5. Еңбек келісімі неше дана жасалады?

  6. Келісім кімде сақталады?


2 - жаттығу. Сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз

Работающие по совместительству, работадатель, оплата труда, обязанности работадателя, права работника, срок соглашения, условия труда, временный работник, основное место.
3-жаттығу. Еңбек келісімінде керсетілуі тиіс негізгі мәліметтерді тол-тырыңыз

Еңбек келісімі ________________________________________________________________________________________________________________________



4-жаттығу. Екі қатарды сәйкестендіріңіз

негізгі жағдайлары

жұмыс қойылады

еңбек міндеттері

қоса жұмыс орны

жұмысшының қолы мерзімі

жұмысшының беруші

сынақ атқарушылық


5-жаттығу. Еңбек келісімінің үлгісімен танысыңыз.

Еңбек келісімі

Көкшетау қаласы 14. 04. 2006 ж.
Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген Зандары негізінде жұмыс істейтін "Дана" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі — ЖШС төрағасы Заңғар Ерланұлы, бұдан әрі қарай Жұмыс беруші деп аталады, бір жағынан, Айбар Омарұлы, бұдан әрі қарай Маман деп аталады, екінші жағынан, төмендегі мәселелер туралы осы еңбек келісіміне қол қойды.

1. Келісім нысаны

1.1. Жұмыс беруші Маманды тіркеу бөлімінің менеджер қызметіне қабылдайды.

2. Келісім мерзімі

  1. Осы еңбек келісімі 2006 жылдың "15" ақпанынан 2008 жылдың "15" ақпанына дейін жасалды.

  2. Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін тараптардың келісімімен ұзартылуы немесе жаңа мерзімге жасалуы мүмкін.


3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

3.1. Маман:



- еңбек туралы заңда көрсетілген тәртіпке сәйкес осы жеке еңбек келісімін өзгертуге және бұзуға;

- еңбек келісімі бойынша жұмыс жүргізуге байланысты барлық мәжілістер мен шараларға қатысуға;

- өзінің кәсіби біліктілігін арттыруға;



- Жұмыс берушінің еңбек келісімі шарттарын орындауын
талап етуге құқылы.

3.2. Маман:

- өзінің қызметтік міндеттерін адал атқаруға;



- еңбек тәртібін және ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтауға;

- еңбек келісімінің барлық талаптары мен шарттарын толық орындауға;

- жұмыс барысында өзіне мәлім болған, коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтердің құпиялығын сақтауға міндетті.

3.3. Жұмыс беруші:

- Маманның қызметтік міндеттерін орындауын талап етуге;



- Маманның мүддесіне нұқсан келтірмей, еңбек келісімі бойынша жұмыс барысына өзгерістер енгізуге;

- Маманның жұмысына баға беруге;



- Қолданылып жүрген заңдарға, ішкі еңбек тәртібіне сәйкес тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тартуға құқылы.

3.4. Жұмыс беруші:

  • Маманға осы келісімге сәйкес қызмет беруге;

  • еңбек келісімінің барлық талаптары мен шарттарын толық орындауға;

  • Маманды оның қызметтік міндеттерімен, ішкі еңбек тәртібімен таныстыруға;

- мерзімінде еңбекақы төлеп тұруға;

- еңбек келісімі бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларды Маманға дер кезінде хабарлауға;

- еңбек келісімінде көрсетілген мерзімі, сапасы және көлемі бойынша Маманның жұмысын бақылауға;

- еңбек келісімінің орындалу барысына әсер ететін жағдайлар туралы Маманға хабарлауға міндетті.

4. Еңбек төлемі

4.1. Маманға 11 000 (он бір мың) теңге көлемінде еңбекақы белгіленді.


5. Келісімнің тоқтатылуы

  1. Осы келісім екі тараптың өзара келісімі бойынша тоқтатылуы мүмкін.

  2. Осы келісім төмендегідей жағдайларда жұмыс беруші тарапынан мезгілінен бұрын тоқтатылады:

- Маман Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарын бұзған жағдайда;

- Келісімде көрсетілген міндеттерді орындамаған жағдайда;


- Занда көрсетілген басқа жағдайлар негізінде.

5.3. Маман белгіленген мерзімнен бұрын келісімді тоқтатқысы келсе, бұл туралы Жұмыс берушіге бір ай бұрын хабарлауы керек.
6. Дауларды шешу

6.1. Осы келісімді орындау барысында Тараптар арасында туындаған даулар Тараптар өзара келісімімен шешіледі. Өзара келісім арқылы шешілмеген даулар сот арқылы шешіледі.


7. Келісімге өзгертулер енгізу

7.1. Барлық өзгертулер екі Тараптың келісуі арқылы жазбаша енгізіліп, еңбек келісімінің ажырамас бөлігі болып табылады


8. Қорытынды ереже

8.1 Тараптардың қолы қойылған, заң күші бірдей осы келісім екі дана етіп жасалған. Олар бір-бір данадан әр Тарапта сақталады.

9. Тараптардың заңды мекенжайы
Жұмыс беруші: Маман:

«Роза» ЖШС – ның төрағсы Бейбіт Қуандықов



Заңғар Ерланұлы Жеке куәлігінің № 311041002

480092, Көкшетау қ-сы, 112 СТН 11004113212

Жамбыл к-сі,


"Казкоммерцбанк" ААҚ-тағы Мекенжайы: Көкшетау қ-сы,

есеп шоты 18565274 Абай даңғылы, 41-үй,

СТН 500102241511 15-пәтер

Тел:(3272) 451241, 462232Тел: 21 52 47
Факс:(3272) 251126

Қолы: Қолы: ___________

" 12 " ақпан 2006 жыл
бұдан әрі қарай - далее

ұзарту - продлить

ажырамас бөлік - неотъемлимая часть

Есте сақтаңыз !

РНН — СТН (Салық төлеушінің тіркеу нөмірі ) СИК — ӘЖК (Әлеуметтік жеке код )


6-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Серіктестік өкілі, Жұмыс беруші, бұдан әрі қарай, келісімге қол қою, мерзім аяқталғаннан кейін, тараптардың келісімімен, мерзімді ұзарту, жаңа мерзімге жасалу, еңбек туралы заң, жеке еңбек келісімі, келісім шарттарын өзгерту, келісімді бұзу, мәжілістерге қатысу, кәсіби біліктілігін арттыру, келісім шарттарын орындау, шарттарды орындауды талап ету, қызметтік міндеттер, адал атқару, ішкі еңбек тәртібі, мәліметтер кұпиялығын сақтау, Маман мүддесі, нұқсан келтірмеу, материалдық жауапкершілікке тарту, еңбек тәртібіне сәйкес, тәртіптік жауапкершілік, еңбекақы төлеу, дер кезінде хабарлау, жұмысты бақылау, Тараптардың өзара келісімі бойынша, мезгілінен бұрын тоқтату, заңды бұзу, міндеттерді орындамаған жағдайда, Тараптар арасында туындаған даулар, барлық өзгертулер, сот арқылы шешу, жазбаша енгізу, келісімнің ажырамас бөлігі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, заң күші бірдей, әлеуметтік жеке код.
7-жаттығу. Сөйлемдерді аударыңыз.

1. Келісімді орындау барысында туындаған даулар тараптардың өзара келісімімен шешіледі.

2. Жұмысшы еңбек тәртібін және еңбекті қорғау ережелері талаптарын орындауға міндетті.

3. Келісімшартта көрсетілген талаптарды екі тараптың бірі орындамаған жағдайда келісімшарт мерзімінен бұрын тоқтатылады.

4. Кез келген келісімшарт қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.



5. Маман еңбек тәртібін және ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтауға міндетті.
8-жаттығу. Баламаларын табыңыз.

  1. Келісімшарт нысаны. 1. В случае нарушения трудовой дисциплины.

2.Тараптардың жауапкершілігі. 2. Споры, возникшие при исполнении настоящего договора.

  1. Міндеттер орындалмаған. 3. Индивидуальное трудовое соглашение.

  2. Еңбек тәртібін бұзған жағдайда. 4. В соответствии с ныне действующими законами РК.

5. Осы келісімшартты орындау барысындағы даулар. 5.Предмет договора.

  1. Тараптардың міндеттері 6. Ответственность сторон.

  2. Жеке еңбек келісімі. 7. Обязанности и права сторон

  3. Міндеттерді орындамаған жағдайда.

8. В случае не выполнения обязанностей.
9-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Келісімді орындау барысында туындаған даулар қалай шешіледі?

  2. Келісімге өзгертулер қалай енгізіледі?

  3. Келісімдер қандай жағдайларда бұзылуы мүмкін?

  4. Келісімде тараптар туралы қандай мәліметтер көрсетіледі?


10-жаттығу.

"Арай" ААҚ-ның төрағасы Арман Оспанов пен өндіріс менеджері қызметіне қабылданған (13. 02. 2006 ж.) Жақып Оралұлы арасында жасалған еңбек келісімін толтырыңыз.

Төмендегі мәліметтерді пайдаланыңыз



Міндеттері:

-келісімнің барлық талаптары мен шарттарын орындау;

- ішкі еңбек тәртібін сақтау;

- коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтердің құпиялығын сақтау;


Құқықтары:

- барлық мәжілістерге қатысу;

- кәсіби біліктілігін арттыру;

- Жұмыс берушінің келісімшарттарын орындауын талап ету;



Міндеттері:

- мерзімінде еңбекақы төлеп тұру;

- маманға жұмыс жағдайын жасау;

- өзгерістер туралы дер кезінде хабарлау;

- келісім шарттарын толық орындау;
Құқықтары:

- Маман жұмысына баға беру;

- Маман мүддесіне нұқсан келтірмей, келісім бойынша жұмыс барысына

өзгерісер енгізу;



ҚҰТТЫҚТАУ ХАТ
Құттықтаухат мерейтойларда, үкімет наградасымен марапатталғанда, маңызды мерекелерде және тағы басқа жағдайларда жолданады.

Құттықтаухат құрметті, қадірлі, аса қадірлі, қымбатты деген сөздермен басталады. Содан кейін кұттықтау себебі жазылады. Сосын құттықтаушы қуаныш иесінің жетістіктері туралы хабардар екенін білдіруі қажет. Мысалы:

- Сіз осы жылдар аралығында зор жетістіктерге (табыстарға) жеттіңіз.

- Біз сізді әділ басшы, іскер маман ретінде жақсы білеміз.

- Сіз өзіңізді іскер маман ретінде көрсете білдіңіз.

- Қызметкерлер арасында сіздің беделіңіз жоғары.

- Сіздің медицина (экономика, филология т.б) саласына, фирманың (кәсіпорынның, мемлекеттің) өркендеуіне қосқан үлесіңіз зор т.б.

Осыдан кейін ізгі тілектер жазылады. Соңында құттықтаушының аты-жөні шын жүректен, ізгі тілекпен, шынайы көңілден деген сөздермен аяқталады.


1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Құттықтаухат қандай жағдайларда жолданады ?

  2. Құттықтаухат қандай сөздермен басталады ?

  3. Құттықтаухаттың құрылымы қандай ?

  4. Құттықтаухат қандай сөздермен аяқталады.?

Есте сақтаңыз!

Сізді Тәуелсіздік күнімен, Жаңа жыл мерекесімен, Республика күнімен,

Халықаралық әйелдер күнімен, Фирманың құрылғанына 2 жыл толуымен, 55 жылдық мерейтойыңызбен құттықтаймын .


2-жаттығу. Құттықтаухат үлгілерімен танысыңыз.

Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі Мұхтар Әмірұлына

Қадірлі Мұхтар Әмірұлы! Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ұжымы атынан Сізді 70 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Адам жанының арашасы болған Сіздің Тәеуелсіз Қазақстан мен әлем медицинасына қосқан үлесіңіз ерекше. Сізге еңбекте табыс, отбасыңызға амандық, деніңізге саулық тілейміз! Ғұмырыңыз ұзақ болсын!

Ізгі ниетпен, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік Университетінің президенті, академик О.Сәбден.
Ақмола облысы, Айыртау ауданы, Ақкөл ауылында тұратын біріміздің асқар таудай ағамыз, енді біріміздің ізетті ініміз, ұлағатты ұстаз, өнегелі отағасы Әбілхан Тоқтыбековты ердің жасы 50-ге келуімен ақкөңіл, шын жүрегімізден құттықтаймыз! Ағамызға алдағы өмірде мықты денсаулық, қажымас қайрат, мол-мол жақсылықтар мен қуаныштар тілейміз. Зайыбы Сәуле екеуінің отбасы әрдайым аман болып, мәпелеп өсірген үш ұлының қызығын көрсін. Ізгі ниетпен, бауырлары.
Тәуелсіздік күні қарсаңында "Егемен Қазақстан" газетінің шолушысы Әділ Дүйсенбек Елбасының Жарлығымен "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды. Еңбек жолын бас басылым — "Егеменде" бастап, үлкенге — іні, кішіге - аға бола білген публицист, журналист әріптесіміз — Әдекеңе жоғары наградаңыз құтты болсын айтамыз.

Егемендіқазақстандықтар.


3-жаттығу. Сұрактарды барлық құттықтаухаттарға қойыңыз.

  1. Құттықтаухат кімге арналған ?

  2. Қуаныш иесін немен құттықтайды ?

  3. Қуаныш иесінің қандай жетістіктері, жақсы қасиеттері ерекше айтылған ?

  4. Қандай тілектер арналған ?

  5. Құттықтаушы кім?


4-жаттығу. Қатесін түзетіңіз.

Құрметті Арман Бақытұлы!

Сіз "Шырақ" ШС-ның құрылғанына 5 жыл толу мерекесімен құттықтаймыз. Біз Сізді әділ басшы, білікті маман ретінде жоғары жақсы көреміз. Сіз осы уақыт аралығында мол жетістіктерге келдіңіз. Біздің ұжым атынан сізге зор денсаулық, мол шығармашылық табыс, отбасылық бақыт тіледік.

Ізгі тілек, "Адал" ААҚ-ның ұжымы


5-жаттығу. Екі қатарды сәйкестендіріңіз.

аса көңілден

іскер жоғары

ізгі арасында

шынайы ниетпен

беделді маман

қызметкерлер құрметті
6-жаттығу. Мәтінді оқыңыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет