Ќазаќстан республикасы


Шаруашылықтың жалпы сипаттамасы



бет8/15
Дата23.05.2020
өлшемі387,81 Kb.
#70675
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
«Жаңа-Береке» ШҚ-да жануарлардың құтырығын дауалау шараларын ұйымдастыру»

1.3. Шаруашылықтың жалпы сипаттамасы

Бүгінгі күнде «Жаңа-Береке» ШҚ орналасқан Новомарковка ауылында 2000 ға жуық халық өмір сүреді (1 кесте).

5- кесте

«Жаңа-Береке» ШҚ мал шаруашылығы саласының сипаттамасы



Мал топтары

Мал басы

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

Сиырлар

600

716

877

995

Құнажындар

266

142

179

212

Бұқалар

32

34

39

42

Биыл туылған бұзаулар

-

446

524

704

Бордақылаудағы малдар

-

87

204

177

Барлығы

898

1425

1823

2130

1 кестедегі мәлметтерге сәйкес шаруашылықтағы мал саны жылдан жылға өзгеріп отырған. Бұны шаруашылықтың жаңа құрылуымен және осыған орай орын алған ұйымдастыру және жоспарлау мәселелерімен түсіндіруге болады. Кестеде көрсетілгендей, соңғы 2016 жылдың деректеріне сәйкес шаруашылықта 2130 бас ірі қара мал, олардың ішінде 995 бас сиыр тіркелген. Сонымен қатар 212 бас құнажын бар (1сурет).


1- Сурет. «Жаңа-Береке» ШҚ мал шаруашылық кешені


6- Кесте

Новомарковка ауылдық округінде жануарлардың құтырығын дауалау шараларының күнтізбелік жоспарының үлгісі





Шаралардың атауы

Орындалу мерзімі

Жауапты

Ескерту

1

Ауылдық округке қарасты иттер мен мысықтарды және басқа да үй жануарларын уақытысында құтырыққа қарсы егіп отыруды қамтамасыз ету


үнемі

ветеринариялық дәрігер




2

Індет тұтанған жағдайда немесе аймақтағы індеттік жағдай шиеленісе түскенде, ауылшаруашылық жануарлардың құтырыққа қарсы егілуін қамтамасыз ету

індеттек жағдайға байланысты

ветеринариялық дәрігер, аудандық «ветсервис» мқк мамандары




3

Жабайы жыртқыштардың санын реттеу мақсатында, оларды атып алу шараларын ұйымдастыру



індеттек жағдайға байланысты

келісім-шартқа отырған арнайы мекемелер




5 кестенің жалғасы

6

Ауылдық округ аймағын санитариялық тазалау бойынша жұмыстар жүргізу, тұрмыстық қоқыстарды арнайы бекітілген орындарға шығару, рұқсат етілмеген жерлерде қоқыстың жиналуына жол бермеу

үнемі

ауылдық округ әкімшілігі




7

Жануарлар тістеп шабуыл жасаған адамдарға, уақытысында және толық көлемде құтырықты алдын алуға қатысты толық құнды көмек көрсету

үнемі

аудандық денсаулық сақтау бөліміне қарасты мекемелер




8

Халыққа емдік-дауалаулық қызмет көрсететін мекемелерді үнемі қажетті мөлшерде құтырыққа қарсы вакцинамен және иммуноглобулинмен қамтамасыз етіп отыру

үнемі

аудандық денсаулық сақтау бөліміне қарасты мекемелер




9

Халық арасында, құтырықтан жеке бастың және қоғамдық қорғану шаралары туралы, жануарлар шабуыл жасағаннан немес тістегеннен кейін медициналық көмекке жүгінбеудің қандай ауыр жағдайларға әкеліп соқтыратындығы жайында ағарту-насихаттау жұмыстарын жүргізу

үнемі

ауылдық округ әкімшілігі, ветеринариялық және медициналық мамандар




10

Құтырыққа байланысты төтенше жағдайдың туындауы немесе туындау қауіпі жайында және одан сақтандыру шаралары туралы халықты уақытысында ақпараттандыру

үнемі

ауылдық округ әкімшілігі, ветеринариялық және медициналық мамандар




Жаңа-Береке» ШҚ бүгінге күнінде Ақмола облысындағы етті қайта өңдеу кешені бар жаңа бордақылау алаңы өзінің алғашқы өнімін астаналық базарға жеткізе бастады. Кәсіпорынның ендігі жоспарында – көршілес Қытайдың нарығына етті экспортқа шығару. бұл жоба «ҚазАгро» ұлттық холдингінің 10 жылдығы және Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында іске асырылып отыр.

2- сурет, «Жаңа-Береке» ШҚ мал өнімі

Ақмола облысының Ерейментау ауданында 3000 басқа арналған бордақылау алаңын және жылына 5000 тонна ет пен ет өнімдеріне арналған етті қайта өңдеу кешенін құру жөніндегі жобаның екінші кезеңі іске асырылды. Жалпы құны 1,5 млрд.теңгенің жобасы «ҚазАгро» ұлттық холдингінің құрылымындағы компания «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржылай қолдауымен «Жаңа-Береке» ШҚ іске асырылады. Кәсіпорын өндірістің толық циклын іске асырады: репродуктор – бордақылау алаңы – ет өңдеу кешені, ол қазақстанның сауда желілерін ет өнімдерімен жабдықтап қоймай, онымен экспорт нарықтарына шығуға мүмкіндік береді. Осы үшін кәсіпорынмен халықаралық стандарттарға сәйкестік сертификаты алынды.

«Жаңа-Береке» ШҚ директоры Айбек Қазыбеков айтып өткендей, «Жаңа-Береке» ШҚ бәсекеге қабілетті өнім жасауға мүмкіндік беретін өндірістің негізгі принципі – шалғайдағы мал шаруашылығы принципі. Шаруашылықта бағылатын қазақ ақбасты және қалмақ тұқымдары жергілікті жағдайларға жақсы бейімделген және ірі қара малдар қорада қамалып ұсталмайды, бұл жарты жыл ішінде малды жайлауда бағуға және жеке жайылымдардағы балауса шөптерді пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, қызметі мен перспективалары жөнінде сөз қозғай келіп, «Жаңа-Береке» ШҚ басшысы «ҚазАгро» ұлттық холдингінің даму институттары – «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «ҚазАгроМаркетинг» АҚ тараптарынан өндіріске көрсетілген көмектің ерекше маңызды рөлін атап өтті. Қазыбековтың айтуынша, солардың көрсеткен қолдауының арқасында, жоба қажетті несие ресурстарын, лизингке жабдық мен ауыл шаруашылығы техникасын, сондай-ақ дер кезінде субсидия алды.

1364 бас ірі қара мал Қазақстан мен Ресейдің асыл тұқымды шаруашылықтарынан «ҚазАгроҚаржы» АҚ берілген қаражат есебінен сатып алынды. Бүгінгі таңда жеке малды қоса алғандағы ІҚМ жалпы саны 2 127 басты құрайды.

«Жаңа-Береке» ШҚ тұрақты негізде жобаны дамытуға қаражат салады. Малдарды зерттеу үшін мамандандырылған жабдықты сатып алу жүргізіледі, вакциналар, дәрумендер мен дәрі-дәрмектер, соның ішінде алып келінген малдың тұқымын жақсарту және бейімдеу үшін қажет заттар сатып алынады. Малдарды бағып күту үшін Қазақстанның барлық жерлерінен біліктілігі жоғары мамандарды іріктеу жүргізілді, Беларуссиядан мамандар тартылды. Ауылда шаруашылықтың мамандарына арналып 5 тұрғын үй салынды. Жалпы, аталған жобаны іске асыру маусымдық жұмысқа тәуелді емес 50-ден астам жаңа жұмыс орнын құруға ықпалын тигізді.

Мал шаруашылығы саласында көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдаудың арқасында жыл сайын облыста мал басы өсуде, соның ішінде ауыл шаруашылығы құрылымдарында. Соңғы үш жылда облыс агроқұрылымдарында мүйізді ірі қара мал –113,0%, қой-ешкі – 108,1%, жылқы – 127,1% өсіп отыр. Асыл тұқымды ірі қара малының үлесі   7,7%, асыл тұқымды қой үлесі - 12,6%, жылқы – 19,8%, шошқа 75% құрады. 2018 жылы «Жаңа-Береке» ШҚ Солтүстік Америкадан 5 мың бас етті бағыттағы ангус тұқымды қашарлар әкеліп, репродуктор шаруашылық құрды. Қазір 5 0000 бас мал бағылуда. Алынған асыл тұқымды бұқалар жыл сайын тұқымдық жаңартуға пайдаланылуда. Сонымен қатар, облыста бір мезгілде 23 700 бас бордақыланатын, оның ішінде 21 000 басқа арналған 1-деңгейдегі ірі қара малын бордақылау алаңдары жұмыс жасауда.

Шалғай жайылымдағы мал шаруашылығын дамыту үшін бірінші кезекте оның инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары қолға алынып, соңғы үш жылда су көзімен қамтамасыз ету үшін 60-тан астам құдықтар қазылды, 120-дан астам учаскелерге баламалы энергия көздері қондырылды. Инвестициялық субсидиялар есебінен құдық қаздырған шаруашылықтардың жұмсаған шығындарының 80%-ы  өтелуде. 162 887 бас мүйізді ірі қара малдары, 68 214 бас қой-ешкілер, 10870 бас жылқы, 400 бас шошқа, түйе 6 920 бас сібір жарасына қарсы, 29 420 бас мүйізді ірі қара малдары пастереллезге, 1000 бас мүйізді ірі қара малдары листериозға, 89 650 бас мүйізді ірі қара малдары қарасанға қарсы, 19 924 бас  қой-ешкілер күл ауруына, 2100 бас қой-ешкілер эктимаға, 4 000 бас жылқы маңқасына қарсы вакцинацияланды.



184 663 бас мүйізді ірі қара, 2 478 бас түйе туберкуллезге аллергиялық зерттелсе, 300 бас иттерді ішек құртына қарсы  дегельминтизацияланды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет