Ќазаќстан республикасы


- кесте 2013-2018 жж. Кезеңінде құтыру ауруына қарсы егілген жануарлардың саны



бет7/15
Дата23.05.2020
өлшемі387,81 Kb.
#70675
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
«Жаңа-Береке» ШҚ-да жануарлардың құтырығын дауалау шараларын ұйымдастыру»

3- кесте

2013-2018 жж. Кезеңінде құтыру ауруына қарсы егілген жануарлардың саны.

Жыл

2001

2002

2003

2004

2005

2006

Вакцинацияланған қой саны

4118

4659

4270

3542

3132

3163

Вакцинацияланған иттердің саны

42

138

389

226

660

565

Барлығы

4160

5097

4659

3768

3792

3728

Жоспардан орындалды,%

138,7

169,9

155,3

125,6

126,4

124,3

2013 - 2018 жылдарға арналған жылдық есептерге сәйкес профилактикалық эпизоотияға қарсы іс-шаралар мен олардың орындалу жоспарларының сәйкестігін талдай отырып, олар толықтай орындалды деп қорытынды жасауға болады. Вакцинацияланған жануарлардың үлесі жоспарланғаннан 2013 жылы 124,3% -дан 2018 жылы 169,9% -ға дейін. Сонымен қатар, 2018 жылы вакцинацияланған жануарлардың саны көп болды: 4659 бас мал, бұл жоспарланғанның 155,3% құрайды. Жоспардың асыра орындалуы ауру және құтыру қаупі төнген аудандарда жануарларды мәжбүрлеп егу нәтижесінде болды.
4- кесте Түркістан облысында 2013 - 2018 жылдардағы ауланған және жойылған қаңғыбас және жабайы жануарлардың саны.


Жыл

2001

2002

2003

2004

2005

2006

Иттер

1266

796

604

705

897

1361

Мысықтар

847

483

252

307

220

180

Түлкі

143

364

96

73

86

110

Жабайы иттер

-

-

-

1

3

14

Жиыны

2260

1643

952

1086

1206

1665

Осы кестелерді талдай отырып, 2015 жылы қаңғыбас етқоректі жануарларды (иттер, мысықтар, әсіресе түлкілер, алдыңғы жылдармен салыстырғанда) жеткіліксіз атып, аурудың пайда болуына әкеп соқты деген қорытындыға келуге болады. 2013 және 2018 жылға дейін құтырма ауруының алдын алу бойынша іс-шараларды өткізуді бағалау кезінде облыстық эпидемияға қарсы төтенше комиссиясымен ОКХ қызметі қаңғыбас жануарларды жою мәселелерімен жеткіліксіз айналысатынын, региеонда қаңғыбас жануарларды ату бойынша бір бригада бар екенін атап өтті. Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық қызметі мен милиция үй жануарларын ұстау ережелерінің сақталуын бақылаумен жеткіліксіз айналысады. Қазіргі уақытта құтырма ауруының алдын алуда анықталған барлық кемшіліктер пысықталып, түзетілді.

Құтырықпен барлық жылы қанда үй және жабайы жануарлар, сонымен бірге адам да ауырады. Ит тектестер, сусар тектестер, жарқанат, кемірушілердің көптеген түрлері және үй мысығы аса бейім. Бұлардан адам мен төрт түлік малдың бейімділігі төмен, ал құстардың бейімділігі өте төмен. Жас жануарлар ересектерінен гөрі құтырық вирусына сезімтал келеді. Құтырық табиғи ошақты жұқпалы аурулардың қатарына жатады, оның қоздырушысының табиғатта сақталатын қорламасы үй және жабайы ет қоректілер, ал кейбір өлкелерде - жарқанат. Қорламасына байланысты құтырық індетінің табиғи және қалалық түрлері болады. Инфекция қоздырушысының бастауы қалалық індет кезінде иесіз иттер мен мысықтар, ал табиғи індет кезінде жабайы ет қоректі жануарлар. Вирус денеге түскен соң аз уақыт енген жерінде сақталады да, жүйке талшықтары арқылы орталық жүйке жүйесі бағытында алдымен жұлынға, соңынан миға өтеді. Қоздырушының мидың сұр затында өсіп-өнуі іріңсіз шашыранды энцефалиттің өрбуіне әкеп соғады. Мидан вирус қайтадан орталықтан кері бағытта сілекей бездеріне келіп түседі. Онда жүйке торшалары бүлінген кезде вирус бездің түтігіне өтіп, сілекеймен араласады. Мидан қоздырушы сонымен қатар көздің тор қабаты мен мүйіз қабатына, бүйрек үсті безіне жетеді және оларда да өсіп өнеді. Жасырын кезеңі бірнеше күннен бір жылға дейін, кейде одан да арттыққа созылады, әдетте 2-3 апта аралығындай болады. Оның ұзақтығы құтырған жыртқыштың тісінен болған жарақаттың шамасы мен түскен орнына, вирустың мөлшері мен уыттылығында, таланған малдың төзімділігіне байланысты.

 Инкубациялық кезең жас төлде ересек малға қарағанда әдетте қысқарақ болады. Құтырық жіті өтетін ауру. Әр түрлі жануарларда оның клиникалық белгілері ұқсас болады, әсіресе иттің құтыруы жан-жақты зерттелген. Итте құтырық өршіген және бәсең түрде өтеді. "Өршіген құтырықтың" 3 кезеңі болады:

 

1) біліне бастаған



 

2) көтерілген

 

3) делдал.



 

Біліне бастаған кезең 12 сағаттан 3 тәулікке дейін созылады, бұл кезде жануардың мінезінің өзгеруі байқалады. Ит көңілсіз немқұрайлы болып, қараңғы бұрышқа немесе үйшігіне тығылады, иесінің шақыруына ықылас білдірмейді. Кей жағдайда иесіне тым еркелеп, қолын бетін жалауға тырысады.Бұл кезде иттің сілекейінде вирус болатындықтан, өте сақ болған жөн. Құтырған жануарды емдемейді, тез арада өлтіреді, өйткені оның адамға ауру жұқтыру қаупі зор. Құтырудың белгілері хайуандар бір түрлі күйде болады, кейде сұлық жатады, мазасызданады, ызаланады. Аузы көбіктенеді — ішіп-жей алмайды. Жанына жолағанның бәрін қауып, тістеуі мүмкін. Жануар 5 күн 7 күннің аралығында өледі. Адамдарда тістеген жер ауырып, ысиды. Алқынып демалады, түрі жаңа ғана жылаған адам сияқты болады. Ауырсынып және қиналып жұтынады, аузының сілекейі қоюланып, желімдесе береді. Адамды үрей билейді, ашуланшақ келеді, құтырынып, алас ұрады. Өлім алдында талма ұстап, денесі құрысып сал болып қалады. Егер сізге біреуді тістеген немесе қапқан хайуан қутырған болуы мүмкін деген ой келсе: жануарды байлаңыз немесе бір апта сыртқа шығармай ұстаңыз. Тістеген жерді сабынмен, сумен және сутегі асқын тотығымен (перекисьпен) жақсылап тазартыңыз, жараны жаппай, ашық қалдырыңыз. Егер жануар бір аптаға жетпей өлсе (егер ол өлтірілген болса немесе ұстатпай кетсе) зардап шеккен адамды ауруханаға апарыңыз, сол жерде оған қатарынан бірнеше рет құтыруға қарсы дәрі шанышады.

 Құтырудың алғашқы белгілері тістегеннен кейін 10 күннен 2 жылға дейінгі уақыт аралығында (әдетте 3—7 аптадан кейін) байқалады. Емдеуді алғашқы белгілері білінгенге дейін бастау керек.

 Алдын алу. Құтыруды деп сезік туғызған кез келген жануарды өлтіріп, көміп тастаңыз (немесе бір апта бойы үйшікте ұстаңыз). Иттерді вакцина жасау жөніндегі шараларға қатысыңыз. Ауырған сияқты көрінген немесе мінезінде өзгеріс болган кез келген жануардан балаларды аулақ ұстаңыз. Ауырған сияқты көрінетін немесе мінезінде өзгеріс бар жануарларға көңіл бөліп, барлық сақтық шараларын қолданыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет