Байланысты: «Жаңа-Береке» ШҚ-да жануарлардың құтырығын дауалау шараларын ұйымдастыру»
2-кесте. 2013 – 2018 жылдары жануарлар тістеген адамдар саны.
Жыл
2013
2014
2015
2016
2017
2018
Тістеу саны
425
445
420
462
382
403
Иммундық жануарлар
247
257
274
243
248
227
тістеу санынан% иммун
58,1
57,8
65,3
52,6
64,9
56,3
Кестеге сәйкес, адамдарға жануарлардың шағуының ең көп мөлшері 2015 ж. (462) және иммундық жануарлар 52,6% құрады, бұл 243 бас құрайды деп қорытынды жасауға болады. Түркістан аймағында құтырудың алдын алу және оған қарсы күрес
Жануарлардың құтыру ауруының табиғи таралуын ескере отырып, онымен күресу шараларын мемлекеттік ветеринарлық медицина, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және орман шаруашылығы, аңшылар қоғамы және басқалары эпизоотияға қарсы комиссиялардың және жергілікті басқару органдарының бақылауымен кешенді түрде жүргізеді.
Түркістан облысымен оған қарасты аудандардың құтыру ауруының алдын алу және оны алдын-алу жұмыстары 2014 жылы бекітілген жануарлардағы құтыру ауруымен күресу жөніндегі қолданыстағы нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі. Осы нұсқаулыққа сәйкес құтыру ауруының алдын алу шаралары қабылданады.
Түркістан облысында барлық алдын алу шаралары жүзеге асырылады: азаматтарға тиесілі иттер мен сиырларды егу, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау, патологиялық материалдарды Республикалық мемлекеттік ветеринария зертханасына жіберу. Мәселен, 2013 жылдан бастап 2018 жылға дейін 24 904 бас малға егілді, жылына орта есеппен 3814 ит пен 337 мысық егіледі. Деректер кестеде келтірілген.