Ќазаќстан республикасы


Тақырып 7. Қорлар және өткізілген өнімнің өзіндік құны



бет25/25
Дата07.02.2022
өлшемі452,5 Kb.
#85741
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
бухг

Тақырып 7. Қорлар және өткізілген өнімнің өзіндік құны.
Тәжірибелік сабақ жоспары:
1.Тауарлық-материалдық қорлар түсінігі, жіктелуі және бағалау әдістері.

  1. 2.Материалдық қорлардың қозғалысын құжаттау.

3.Тауарлық-материалдық қорлардың қоймадағы есебі.
4. Тауарлық-материалдық қорлардың бухгалтериядағы есебі.
Әдістемелік нусқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.


Есептер.
№6.Кәсіпорын 2012 жылы келесідей негізде материалдар сатып алды:

Күні Сатылып алынған
материалдар құны

1 данасының
бағасы

Жалпы құны

1-қаңтар

800

7-00

5600

7-наурыз

2200

7-50

16500

23-маусым

4000

7-25

29000

15-қыркүйек

3000

7-40

22200

Барлығы

10000




73300

Егер жыл соңында материалдар қалдығы 1000 дананы құрағанда, ФИФО, орташа құн әдістерін пайдаланып бухгалтерлік баланстағы бейнеленуін анықтаңыздар.


Әдебиеттер
1. ҚЕХС №2 «Қорлар»
2. Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік және қаржылық есеп беру принциптері Алматы 2006 жыл
3.Миржакыпова С.Т., Аппакова Г.Н. Основы бухгалтерского учета по МСФО. Алматы 2009
Тақырып 8. Айналыстан тыс активтер; есебі, тозу және амортизация.
Тәжірибелік сабақ жоспары :
1. Материалдық емес активтердің есебі.
2. Негізгі құралдар, олардың жіктелуі, бағалануы және қозғалысының есебі.
3. Негізгі құралдардың тозуының есебі.
Әдістемелік нусқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.
Есептер
№7.Жабдықтардың алғашқы құны 256300 теңге, жож қүны 26000 теңге, қызмет мерзімі 30 жыл. Құнды біркелкі (түзу сызықты) есептен шығару әдісі бойынша амортизацияны есептеу керек. Ай сайынғы амортизациялық бөлулер сомасын анықтау керек.
№8.Кәсіпорын 2008 жылы 1-шілдеде 32000 теңгеге машина сатып алды. Машинаны жою құны 2000 теңге, пайдалы қызмет мерзімі 4 жыл. Кәсіпорынның есепті кезеңі календарлық жыл. Түзу сызықты, сандар сомасы бойынша (куммулятивтік),қалдықты азайту (200%) әдістері бойынша 2008 жэне 2009 жылдарға тозу шығындарын, 2010 жыл 31-желтоқсанға баланстық құнды есептеңіздер.
№9.Жабдық техникалық паспортына сәйкес 10500 бөлшек шығаруға қабілетті. Жабдық 186200 теңгеге сатып алынды. Жабдықты жеткізу және монтаждау шығындары 54305 теңгені қүрайды. Жабдықты жою құны 7000 теңге. Өндірістік әдіс бойынша амортизацияны есептеңіздер.
№10.Кәсіпорынды құруда келесідей шығындар болды: кеңес берушілік қызметі үшін-250000 теңге кәсіпорынды тіркеу бойынша шығындар-86900 теңге кәсіпорынды құрудағы басқа да шығындар-6500 теңге.
Материалдық емес актив түрін анықтаңыздвр, оның құнын жэне амортизациясын есептеңіздер. Шоттар байланысын беріңіздер.

Әдебиеттер


1. Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. II.-Қарағанды, 2009 жыл
2.Мырзалиев, Б.С. Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі.- Алматы, 2008 жыл
3.Баймуханова С.Б. Қаржылық есеп Алматы 2007 жыл
4.Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есептің теориясы және негіздері Алматы 2006 жыл


Тақырып 9 Шығындар есебі


Тәжірибелік сабақ жоспары:
1.Шығындар анықтамасы
2.Шығындардың бухгалтерлік есебі
Әдістемелік нусқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.
Әдебиеттер

  1. Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. II.-Қарағанды, 2009 жыл

  2. Мырзалиев, Б.С. Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі.- Алматы, 2008 жыл

  3. Баймуханова С.Б. Қаржылық есеп Алматы 2007 жыл

  4. Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есептің теориясы және негіздері Алматы 2006 жыл



Тақырып 10. Міндеттеме және капитал есебі.


Тәжірибелік сабақ жоспары:
1. Ағымдағы міндеттемелердің есебі.
2. Ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі.
3.Капитал есебі
Әдістемелік нусқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.
Есептер
№11.Кесімді жүмысшыға еңбек ақы есептеу керек. Өнім бірлігіне кесімді расценка 80 теңге, өндіру нормасы 470 бірлік, іс жүзінде нарядқа сәйкес 520 өнім бірлігі өндірілді. Нормадан тыс өндіруге кесімді расценка 5%-ке жоғарлайды. Шоттар корресподенциясын көрсетіңіздер.
№12.Жұмысшы кәсіпорында 6 жыл жұмыс істейді, 8-разряды бар. Бүдан басқа өндірістің зияндылығына байланысты қосымша 6% төленеді. Жүмысшы желтоқсан айында 22-сінен 29-ына дейін ауырды, жұмысқа уақытша жарамдығы туралы қағазы бар.
Жұмысшының желтоқсан айындағы еңбек ақысын жэне уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты қағаз бойынша жэрдем ақысын есептеңіздер.

Әдебиеттер


1.Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік және қаржылық есеп беру принциптері Алматы 2006 жыл
2.Миржакыпова С.Т., Аппакова Г.Н. Основы бухгалтерского учета по МСФО. Алматы 2009
3.Вахрушина М.А., Мельникова Л.А. Международные стандарты финансовой отчетности Омега – Л 2009


Тақырып 11. Қаржылық есеп беруді дайындау.

Тәжірибелік сабақ жоспары :
1.Есеп берушілік – кәсіпорынның шаруашылық, қаржылық және мүліктік жағдайының нәтижелерін бейнелейтін көрсеткіштер жүйесі.
2.Қаржылық есеп берудің нысандары.
Әдістемелік нусқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.


Әдебиеттер

  1. Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. II.-Қарағанды, 2009 жыл

  2. Мырзалиев, Б.С. Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі.- Алматы, 2008 жыл

  3. Баймуханова С.Б. Қаржылық есеп Алматы 2007 жыл

  4. Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есептің теориясы және негіздері Алматы 2006 жыл

4.СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ
4.1 Өздік жұмыстарды орындауға жалпы нұсқаулар
«Бухгалтерлік есеп принциптері» пәнінен тәжірибелік сабақтарды өткізудің әдістемелік нұсқауы студенттердің ілгерілемелі қаржылық есеп пәнінен оқу барысындағы алған білімдерін дамытуға, тереңдетуге және нақтылай түсуге көмектеседі.
Бухгалтерлік есеп принциптері - кәсіпорынның қалыпты шаруашылық қызметін жүргізу үшін жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге қаржылық есепті дамытуға арналған бірқатар құрылымнан тұрады. Курстың басты мақсаты – халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары бойынша дамыған есепті студенттерге меңгерту. Оларға ілгерілемелі қаржылық есеп ақпараттарын қалай қолдану қажеттілігін жэне осы ақпараттардың қайдан алынғандығы жайлы түсінікпен таныстыруды көздейді. Сонымен қатар мұнда есеп стандарттарындағы өзгерістер де қарастырылады.
Студенттерге Бухгалтерлік есепті оқытуда бағдарлама, яғни осы пәнді оқытуда силлабус жасалған. «Бухгалтерлік есеп принциптері» пәнінен тәжірибелік сабақтарды жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулар осы пәннің силлабусы негізінде жасалды. Ол студенттерге басқару есебі курсының тәжірибелік сабақтарын жүргізуді ұйымдастыруға көмектеседі. «Бухгалтерлік есеп принциптері» пәнінен жүргізілетін тәжірибелік сабақтар бекітілген жоспарға сәйкес, есептер шығару, студенттердің теориялық білімдерін бекіту мақсатында жүргізіледі.
«Бухгалтерлік есеп принциптері» пәнінен жүргізілетін өздік жұмыстар бекітілген жоспарға сәйкес, есептер шығару, студенттердің теориялық білімдерін бекіту мақсатында жүргізіледі.
«Бухгалтерлік есеп принциптері» пәнінен өздік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар пәннің оқу-әдістемелік кешенінің құрамына кіреді.


4.2 Реферат тақырыптарының тізімі



  1. Бухгалтерлік есептің пайда болуы мен дамуы

  2. Бухгалтерлік есептің заңдылық базасы

  3. Бухгалтерлік есептің әдістері

  4. Түгендеу - бухгалтерлік есептің әдісі ретінде

  5. Бағалау және калькуляциялау - бухгалтерлік есептің әдісі ретінде

  6. Бухгалтерлік баланс құрылымы

  7. Баланс активі: анықтамасы, құрамы

  8. Баланс пассиві: : анықтамасы, құрамы

  9. Бухгалтерлік шоттардың жіктелуі, түрлері

  10. Есеп регистрлері

  11. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

  12. Ағымдағы активтер есебі: ақша қаражаттары

  13. Кассадағы ақшалардың есебі

  14. Негізгі құралдардың есебі

  15. Материалдық емес активтердің есебі

  16. Инвестициялардың есебі

  17. Тауарлы – материалдық қорлар есебі

  18. Дебиторлық қарыздар есебі

  19. Тауарлардың есебі

  20. Дайын өнімнің есебі

  21. Жарғылық капиталдың есебі

  22. Резервтік капиталдың есебі

  23. Ағымдағы міндеттемелердің есебі

  24. Ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебі

  25. Банк несиелерінің есебі

  26. Тауарлы – материалдық қорларды бағалаудың әдістері

  27. Ақшалардың қозғалысы туралы есеп

  28. Табыстар мен шығындар туралы есеп

  29. Меншікті капиталдың есебі

  30. Ұзақ мерзімді активтердің есебі

  31. Негізгі құралдардың амортизациясын есептеудің әдістері

  32. Өндірістік шығындарды жіктеу

  33. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың әдістері

  34. Ағымдағы, корреспонденттік шоттардағы ақшалардың есебі

  35. Күдікті қарыздардың есебі

  36. Қаржылық инвестициялардың есебі

  37. Бухгалтерлік есептің формалары

  38. Есептік кезең және бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.

  39. Есеп саясаты

  40. Алынған аванстардың есебі .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет