Қаржылық инвестициялар — бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивидендтер және жалға ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар (мысалға, коммерциялық мөміленің нәтижесі).
Саудалық дебиторлық қарыздар – негізгі қызмет нәтижесінде сатылған тауарлар мен қызметтер үшін сатып алушылардың міндететмелі сомалары.
Саудалық емес дебиторлық қарыздар- басқа да қызмет түрлері нәтижесінде пайда болады.
Материалдық емес активтер - табиғи негізі жоқ, бірақ құндық бағасы бар және табыс әкелетін қасиеттері бар ұзақ мерзімді пайдаланылатын объектілер.
Негізгі құралдар - ұзақ уақыт жұмыс істейтін материалдық-заттық құндылықтар (ғимараттар, өткізгіш тетіктер машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құрал-саймандар, өндірістік және шаруашылық мүлкі, жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал және басқалар).
Актив – бұл құндық бағасы бар субъекттің құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік емес игілігі. Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде көрсетіледі.
Міндеттемелер – бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын, белгілі бір әрекеттің кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді
Табыстар – бұл ұйымның негізгі және негізгі емес қызметінің нәтижесі.
Шығындар- өнімді өндірумен, жұмысты атқарумен, қызметті көрсетумен байланысты шығындар, негізгі және негізгі емес қызметтен шеккен зияндар және төтенше жағдайдан туындаған шығындары.