Қазақстан Республикасында 1941 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы



Дата12.03.2018
өлшемі351,57 Kb.
#39096





Қазақстан Республикасында 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 қазандағы № 1105 қаулысы






      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



      1.

Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.



      2.

Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар:



      1)

Іс-шаралар жоспарын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;



      2)

1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге дайындыққа және оны өткізуге бөлінген қаражатты қаржыландыруға және мақсатты пайдалануға бақылауды қамтамасыз етсін.



      3.

1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу жөніндегі республикалық іс-шараларды қаржыландыру 2015 жылға арналған республикалық бюджетте тиісті мемлекеттік мекемелер – бағдарламалар әкімшілеріне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады.



      4.

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Қазақстан Республикасының Үкіметі Іс-шаралар жоспарын бекіткен күнінен бастап бір ай мерзімде 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі тиісті өңірлік жоспарларды бекітсін және оларды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.



      5.

Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



 


 







      Қазақстан Республикасының



      Премьер-Министрі

К. Мәсімов









Қазақстан Республикасы



Үкіметінің


2014 жылғы 16 қазандағы


№ 1105 қаулысымен


бекітілген






Қазақстан Республикасында 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы







Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары



 





Р/с





Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Орындауға жауаптылар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері



Орындау мерзімі

Болжамды


шығыстар (мың теңге)


Қаржыландыру көзі



1



2

3

4

5

6

7

1. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің басшылары Кеңесінің шешіміне сәйкес өткізілетін іс-шаралар



1.



«2015 жылды Қазақстан Республикасында 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері жылы етіп жариялау туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын енгізу (ТМД мемлекеттерінің басшылары кеңесінің 2013 жылғы 25 қазандағы шешімі бойынша)

Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы

Қорғанысмині (жинақтау), МСМ, ИДМ, ҰЭМ, Қаржымині, Әділетмині, ДСӘДМ, БҒМ

2014 жылғы желтоқсан

талап етілмейді



2.



«1941 – 1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл» бірыңғай мерекелік медалі туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын енгізу (ТМД-ға қатысушы мемлекеттер басшылары кеңесінің 2013 жылғы 25 қазандағы шешімі бойынша)

Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы

Қорғанысмині (жинақтау), ҰЭМ, Әділетмині, Қаржымині, ДСӘДМ, АҰОК (келісім бойынша)

2014 жылғы желтоқсан

талап етілмейді



3.



«1941 – 1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл» мерекелік медальдарын, куәліктерін және оларға қораптар жасау

Қорғанысминіне ақпарат

ПІБ (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша)

2015 жылғы ақпан

республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде*

РБ

4.



Астана қаласында соғыс ардагерлерінің және соғыс жылдары еңбеккерлерінің қатысуымен Отан қорғаушы күніне және 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парад өткізу

әскери парад өткізу

Қорғанысмині (жинақтау), ІІМ, ҰҚК ШҚ (келісім бойынша), МКҚ (келісім бойынша), Астана қаласының әкімі, ИДМ

2015 жылғы 7 мамыр

республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде*

РБ

5.



1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін делегациялар құру және оларды өңірлерден Мәскеу қаласына жіберуді қамтамасыз ету

Әкімдіктердің қаулылары, СІМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері СІМ-мен келісім бойынша

2015 жылғы сәуір-мамыр

талап етілмейді



6.



«Жеңіс жолдарымен» халықаралық жастар шығармашылығы фестивалін өткізу

Қорғанысминіне ақпарат

БҒМ

2015 жылғы сәуір

республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде*

БҒМ– 40 662,8


РБ

7.



Мемориалдық кешендер ескерткіштерін, Қазақстан жауынгерлерінің зираттарын басқа мемлекеттердің жергілікті билік органдарының балансына беру және олардың сақталуы мен қалпына келтірілуін қамтамасыз ету жөнінде тиісті жұмыс жүргізу

Қорғанысминіне ақпарат

СІМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2014 -2015 жылдар

үкіметаралық келісім

-

8.



Қазақстанда, Ресей Федерациясында және Беларусьта құрылған негізгі құрамалардың ұрыс жерлерінде қазақстандықтарды мәңгі есте сақтау мәселелерін пысықтау

Қорғанысминіне ұсыныс

Қорғанысмині, СІМ, МСМ, БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2014 жыл ішінде

талап етілмейді



9.



1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқан Қазақстан жауынгерлерінің есепке алынбаған зираттарын және жерленбеген мәйіттерін анықтау бойынша іздестіру жұмыстарын жауынгерлердің мәйіттерін жерлеуді (қайта жерлеуді), оларды мәңгі есте сақтауды ұйымдастыра отырып жүргізуді жалғастыру

Қорғанысминіне ақпарат

Қорғанысмині (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, СІМ

2014-2015 жылдар

бөлінген қаражат шегінде

ЖБ бюджеттен тыс қаражат

10.



1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу кезеңінде Қазақстан Республикасы делегацияларының:

1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге арналған парадқа қатысу үшін Мәскеу қаласына;


«Естелік эстафетасы» делегацияларының батыр қалаларға және әскери Даңқ қалаларына, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумағындағы шайқас болған жерлерге және қазақстандық жауынгерлер жерленген жерлерге;


«Біз – Жеңістің мұрагерлеріміз» халықаралық акцияларына қатысу;


«Виват, Победа!» халықаралық армия әндерінің фестиваліне қатысу;


ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сыртқы шекаралары бойымен Жеңіс эстафетасына қатысу;


Жеңістің 70 жылдығына арналған Халықаралық шекара әндері фестиваліне қатысу;


ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік әскери мұрағаттарында мұрағаттық-іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін іздестіру экспедицияларына бару мәселелерін келісуді қамтамасыз ету


Қорғанысминіне ақпарат

СІМ, Қорғанысмині, БҒМ, МКҚ (келісім бойынша), ҰҚК ШҚ (келісім бойынша), ІІМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, АҰОК (келісім бойынша)

2015 жылғы ақпан-сәуір

талап етілмейді



11.



Халықаралық акцияларға қатысу үшін ТМД аумағындағы қазақстандық жауынгерлердің ұрыс және жерленген жерлерге, батыр қалаларға және әскери Даңқ қалаларына бару үшін «Естелік эстафетасы» делегацияларын мынадай құрамда құру және жіберуді ұйымдастыру:

1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері;


майдангерлердің отбасы мүшелері;


интернационалист жауынгерлер;


Қарулы Күштердің, басқада әскерлер мен әскери құралымдардың ардагерлері мен әскери қызметшілері;


әскери оқу орындарының курсанттары, кадеттері мен тәрбиеленушілері;


жастар МЕҰ белсенділері


Қорғанысминіне ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2015 жыл ішінде

бөлінген қаражат шегінде

ЖБ

2. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін және 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан үлесі үшін оларға теңестірілген адамдарды әлеуметтік қолдауға бағытталған іс-шаралар



12.



Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық бюджет комиссиясының қарауына Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теміржол және (немесе) әуе көлігімен тегін жол жүруді (баруға және кері қайтуға), тамақтануды және тұруды (352 адамға дейін) ұсына отырып, олардың Астана және Мәскеу қалаларында 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларға қатысуы үшін қаражат бөлуге бюджеттік өтінімді енгізу

РБК-ға бюджеттік өтінім

ДСӘДМ (жинақтау), Қаржымині, ИДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2014 жылғы қазан

ДСӘДМ – 47 013,0

РБ

13.



1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан үлесі үшін біржолғы материалдық көмектің мөлшерін және оны төлеу үшін азаматтар санатын айқындау. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне біржолғы материалдық көмек көрсету үшін қаражат бөлу туралы бюджеттік өтінімді Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізу

РБК-ға бюджеттік өтінім

ДСӘДМ

2014 жылғы қазан

ДСӘДМ – 5 705010

РБ

14.



«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Орталық кеңесімен Астана және Мәскеу қалаларында 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларға қатысу үшін Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің тізімін келісу

Қорғанысминіне ақпарат

ДСӘДМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, Қорғанысмині, АҰОК (келісім бойынша)

2015 жылғы 1-тоқсан

талап етілмейді



15.



1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін делегациялар құру және оларды өңірлерден Астана қаласына жіберуді қамтамасыз ету

Әкімдіктердің қаулылары, Қорғанысминіне ақпарат

Облыстардың, Алматы қаласының әкімдері

АҰОК-мен келісім бойынша


2015 жылғы сәуір-мамыр

талап етілмейді



16.



2015 жыл ішінде 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тегін жол жүруді қамтамасыз ету (бару және кері қайту):

ТМД елдері және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша теміржол және (немесе) әуе көлігімен бір рет;


облысішілік жол қатынастары бойынша жолаушылар автобусымен;


қалаішілік жол қатынастары бойынша жолаушылар автобусымен


Қорғанысминіне ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ИДМ

2014 жылғы 2 жартыжылдық

бөлінген қаражат шегінде

ЖБ

бюджеттен тыс қаражат


17.



1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыста көмек көрсете және олар тұратын тұрғын үйлерге жөндеу жүргізе отырып, «Ардағым ардагерім» акциясын ұйымдастыру

Қорғанысминіне ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2015 жыл

бөлінген қаражат шегінде

ЖБ бюджеттен тыс қаражат

18.



Бұрын тұрғын үймен қамтамасыз етілмеген 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері үшін тұрғын үй сатып алуды қамтамасыз ету

Қорғанысминіне ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2015 жыл

бөлінген қаражат шегінде

ЖБ

19.



Алматы қаласында жалғыз тұратын және туыстары тарапынан тұрақты қамқорлығы жоқ соғысқа қатысушыларды медициналық сигнализациялармен (хабарлау батырмасы) қамтамасыз ету жөніндегі бастапқы жобаны енгізу

ДСӘДМ-не, Қорғанысминіне ақпарат

Алматы қаласының әкімі, Қазақстан кәсіпкерлерінің Ұлттық палатасы

(келісім бойынша)


2014-2015 жылдар

бюджеттен тыс қаражат шегінде

бюджеттен тыс қаражат

20.



1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін дәрілік құралдармен жеңілдікпен қамтамасыз ету және диспансерлік емдеу жөнінде қосымша шаралар қабылдау

Әкімдіктердің қаулылары, Қорғанысминіне ақпарат

ДСӘДМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2015 жыл

бөлінген қаражат шегінде

ЖБ

21.



Өңірлерден делегациялар құрамында салтанатты іс-шараларға қатысу үшін жіберілетін 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының ардагерлерін медициналық қарап-тексеруді ұйымдастыру

ДСӘДМ-не, Қорғанысминіне ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2015 жылғы сәуір-мамыр

талап етілмейді



22.



1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының ардагерлерін жол жүруде және ардагерлер делегациялары тұратын орындарда медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру

ДСӘДМ-не, Қорғанысминіне ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2015 жылғы мамыр

талап етілмейді



23.



Өңірлерден ардагерлер делегацияларының мүшелерін бірыңғай киім нысанымен (сұр түсті костюм, сұр түсті пальто (плащ), ашық көгілдір түсті берет пен галстук, ақ түсті жейде, қара түсті аяқ киім) қамтамасыз ету

Қорғанысминіне ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2015 жылғы наурыз-сәуір

Бөлінген қаражат шегінде

ЖБ бюджеттен тыс қаражат

24.



2015 жылы 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске үлес қосқаны үшін оларға теңестірілген адамдарды, Ұлы Отан соғысы кезеңінде қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) әскери қызметшілердің жесірлерін және Ұлы Отан соғысы жылдары тылда кемінде алты ай жұмыс істеген, қызмет өткерген тыл еңбеккерлерін әлеуметтік қолдаудың мынадай түрдегі қосымша нысандары бойынша шаралар қабылдау:

коммуналдық көрсетілетін қызметтерді төлеу үшін өтемақы;


отын сатып алу;


қалаішілік, ауданішілік көлікпен тегін жол жүруді ұсыну;


Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне санаториялық-курорттық емделуді ұсыну;


тіс протезін салу (металл керамзиттен және құнды металдардан тіс протезін қоспағанда);


газеттер мен журналдарға жазылу;


монша және шаштараз қызметтерін көрсету;


әлеуметтік такси қызметі көрсететін қызметтер


Қорғанысминіне ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

ұдайы

бөлінген қаражатшегінде

ЖБ бюджеттен тыс қаражат

3. Мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу



25.



Мыналар туралы ғылыми зерттеулер жүргізу және монографияларды басып шығару:

Еуропа елдеріндегі Екінші Дүниежүзілік соғысқа қазақстандықтардың қатысуы туралы;


Қазақстан Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы (1941 – 1945 ж.ж.) кезеңінде


Қорғанысминіне ақпарат

БҒМ

2014-2016 жылдар

республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде*

БҒМ – 51 000,0


РБ

26.



Қалаларда «Отан қорғаушылар мемлекеттік мұражайын» салу, «Даңқ аллеясын» жасай және «Отан қорғаушы монументімен» бірыңғай сәулет ансамблінде аса көрнекті қазақ халық батырларының, Кеңес Одағы Батырларының және Халық Қаһарманының қола мүсіндерін орналастыра отырып, «Жеңіс саябағын» жабдықтау жөнінде ұсыныстар ұсыну

Қорғанысминіне ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2015 жыл

талап етілмейді



27.



1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған мерекелік монеталар шығаруды ұйымдастыру

ҰБ басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2015 жылғы 1-тоқсан

бөлінген қаражат шегінде

ҰБ шығыстар сметасы

28.



1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы уақытындағы мұражайлар экспонаттары мен материалдарын Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайында «Отан қорғаушылар» экспозициясын безендіру үшін ұсыну

Қорғанысминіне ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2015 жыл

талап етілмейді



29.



«Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер!» ардагерлер ұйымының көркемөнерпаз шығармашылығы республикалық байқау – фестивалін өткізу

Қорғанысминіне ақпарат

МСМ

2015 жылғы наурыз-сәуір

республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде*

МСМ – 52 794,5


РБ

30.



Астана қаласында Кеңес Одағының Батыры, Мәскеу үшін шайқасқа қатысушы Бауыржан Момышұлын еске алуға арналған Қазақша күрестен халықаралық турнир өткізу

Қорғанысминіне ақпарат

МСМ, Астана қаласының әкімі

2015 жыл

бюджеттен тыс қаражат есебінен 7 997,0

«ҚР Қазақша күрес федерациясы» РҚБ

31.



Кеңес Одағының Батырлары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованы еске алу үшін жүзуден спорттық турнир өткізу

Қорғанысминіне ақпарат

МСМ

2015 жыл

республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде*

МСМ – 2 208,0


РБ

32.



Әскери зираттарды, 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы қатысушыларының зираттарын абаттандыруды, Қазақстан Республикасында және басқада мемлекеттердің аумағында Отан қорғаушылар ескерткіштерін жөндеумен қалпына келтіруді жүргізу

Қорғанысминіне ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, СІМ

2014-2015 жылдар

бөлінген қаражат шегінде

ЖБ бюджеттен тыс қаражат

33.



1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандықтарға және тыл еңбеккерлеріне арналған кітаптарды басып шығаруды, тұсаукесерін ұйымдастыру

Қорғанысминіне ақпарат

МСМ (жинақтау), облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері

2015 жыл

аударылған қаражат шегінде

ЖБ

34.



1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған тақырыптық фотоқұжаттық, кітап көрмелерін және Қазақстан суретшілерінің көрмелерін ұйымдастыру

Қорғанысминіне ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2015 жыл ішінде

бөлінген қаражат шегінде

ЖБ

35.



Білім беру ұйымдарында және елді мекендерде 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған әдеби кештерді, еске алу сағаттарын, «Ерлік сабақтарын», «Бейбітшілік сабақтарын», интерактивті сабақтарды, жаппай спорттық, мәдени-сауықтыру және тәрбие-насихаттау іс-шараларын өткізу

Қорғанысминіне ақпарат

БҒМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2015 жылғы ақпан-мамыр

талап етілмейді



36.



1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған спектакльдерді, театр қойылымдарын көрсетуді өткізу

Қорғанысминіне ақпарат

МСМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2015 жыл ішінде

бөлінген қаражат шегінде

ЖБ

37.



Соғыс батырлары құжаттарының, фотоматериалдарының, кітаптарының, жеке заттарының, 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған бейнелеу өнері шығармаларының, соғыс жылдары плакаттарының көрмелерін өткізу

Қорғанысминіне ақпарат

МСМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2015 жылғы 1 мамырға дейін

бөлінгенқаражатшегінде

ЖБ

38.



Салтанатты іс-шаралар өткізу кезеңінде және делегациялар тұратын жерлерде қауіпсіздік шаралары мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету

ІІМ бұйрығы

ІІМ

2015 жылғы 5-10 мамыр

талап етілмейді



39.



Облыстардан және Алматы қаласынан келген делегация мүшелерін Астана қаласының қонақ үйлерінде орналастыру тәртібін дайындау

Қорғанысминіне ақпарат

Астана қаласының әкімі

2015 жылғы сәуір

талап етілмейді



40.



Облыстардан, Алматы қаласынан келген делегацияларды қарсы алуды және шығарып салуды, Астана қаласының қонақ үйлерінде орналастыруды, көліктік қызмет көрсетуді, іс-шаралар бағдарламаларын тапсыруды ұйымдастыру

делегациялармен жұмыс жоспары

Астана қаласының әкімі, бекітіліп берілген мемлекеттік органдар мен ұйымдар (келісім бойынша)

2015 жылғы 5-10 мамыр

талап етілмейді



41.



Делегациялардың келуі және кетуі кезеңінде теміржол вокзалдарында және әуежайларда үрмелі оркестрлердің өнер көрсетуін ұйымдастыру

Қорғаныс

миніне ақпарат


Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, Қорғанысмині, ІІМ, МКҚ (келісім бойынша)

кету және келу күндері

талап етілмейді



42.



Астана қаласында Ел басшылығының және өңірлер делегацияларының қатысуымен Отан қорғаушылар монументіне гүл шоқтары мен гүлдер қою рәсімін (дыбыстық және музыкалық сүйемелдеумен, оркестр, Құрметті қарауыл, елорда гарнизонының жеке құрамын бөлумен) ұйымдастыру

Қорғанысминіне ақпарат

Астана қаласының әкімі, бекітіліп берілген мемлекеттік органдар және ұйымдар (келісім бойынша)

2015 жылғы 9 мамыр

бөлінген қаражат шегінде

РБ

43.



22 маусымда Еске түсіру және Қаралы күн Еске түсіру мемориалдық Вахтасын және 9 мамырда1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің ескерткіштері мен құлпытастарына, бауырластар зираттарына гүл шоқтарын қоюды ұйымдастыру

Қорғанысминіне ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2015 жылғы 9 мамыр және 22 маусымда

бөлінген қаражат шегінде

ЖБ

44.



Астана қаласында Ел басшылығының қатысуымен 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына және Отан қорғаушы күніне арналған мерекелік концертті өткізу

Қорғанысминіне ақпарат

МСМ

2015 жылғы 7 мамыр

республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде*

МСМ – 118 570,0


РБ

45.



Әскерлердің тұрақты орналасу пункттерінде 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының ардагерлерін және тыл еңбеккерлерін тарта отырып, оқу орындарының студенттері мен оқушыларының, жастар МЕҰ-ның, әскери гарнизондар жеке құрамының қатысуымен салтанатты жиналыстар мен концерттер, мерекелік шерулер өткізу

БҒМ-ға ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2015 жылғы 7-9 мамыр

талап етілмейді



46.



«1941 – 1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл» мерекелік медальдарын және естелік сыйлықтарды тапсыра отырып, республика өңірлерінен келген 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің делегацияларына бекітіліп берілген мемлекеттік және орталық мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар басшылығының ардагерлер делегацияларын ресми қабылдауларын өткізуді ұйымдастыру

ресми қабылдау

бекітіліп берілген мемлекеттік органдар және ұйымдар, АҰОК (келісім бойынша)

2015 жылғы 7-9 мамыр

республикалық бюджетте бөлінген

қаражат шегінде**


РБ бюджеттен тыс қаражат

47.



«1941 – 1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл» мерекелік медальдарын, естелік сыйлықтар мен азық-түлік жиынтығын тапсыра отырып, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының ардагерлерін ресми қабылдауын өткізуді ұйымдастыру

ресми қабылдау

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2015 жылғы 9 мамыр

бөлінген қаражат шегінде

ЖБ

48.



Астана және Алматы қалаларында мерекелік от шашуды өткізуді ұйымдастыру

Қорғанысминінің бұйрығы

Қорғанысмині (жинақтау), Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2015 жылғы 7, 9 мамыр

талап етілмейді



4. Ақпараттық сүйемелдеу



49.



1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуді БАҚ-та кеңінен жариялауды:

«2015 жылды Қазақстан Республикасында 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері жылы етіп жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын;


Астана қаласында Әскери парадты;


22 маусымда Еске алу және Қаралы күн Еске түсіру естелік мемориалдық Вахтасын;


1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған материалдарды жариялауды, арнайы айдарлар ашуды, бейнероликтерді, фильмдер жасауды, циклдік телебағдарламаларды, сұхбаттарды шығаруды қамтамасыз ету


медиа-жоспар

ИДМ, республикалық теле- радио-компаниялар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2015 жыл ішінде

республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде*

Қорғанысмині 72 021,0 бөлінген қаражат шегінде


РБ

ЖБ


50.



Сыртқы жарнамалармен және басқа да көрнекі үгіт-насихаттау құралдарының атрибуттарымен безендіру, жарық диодты экрандарда құттықтау мәтінінің роликтерін орналастыру, 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған имидждік материалдарды шығару

ИДМ, Қорғанысминіне ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2015 жылғы наурыз

бөлінген қаражатшегінде

ЖБ

51.



Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған имидждік материалдарды (күнтізбелерді, плакаттарды, оның ішінде қазақстандықтар – Кеңес Одағы Батырларының портреттері мен өмірбаяндары бар, буклеттерді, басқа да полиграфиялық өнімді, белгілерді, «Даңқ» орденіне шағын ленталарды) шығаруды ұйымдастыру

Қорғанысминіне ақпарат

МСМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2015 жылғы 1-тоқсан

бөлінген қаражат шегінде

ЖБ

5. Бақылау тетігі



52.



Осы Жоспардың орындалуы туралы ақпаратты ұсыну

ПМК-ге ақпарат

Қорғанысмині (жинақтау), бекітіліп берілген мемлекеттік органдар мен ұйымдар, облыстардың және Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2014 - 2015 жылдар

талап етілмейді




 
 






      Ескертпе:



      * Республикалық бюджеттің шығыстары «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нақтыланатын болады



      ** Республикалық бюджеттік бағдарлама бойынша бөлінген қаражат шегінде



      Аббревиатуралардың толық жазылуы:



      ПМК – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі



      ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі



      СІМ – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі



      МСМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі



      ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі



      Қорғанысмині – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі



      ИДМ – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі



      БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



      ДСӘДМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



      АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі



      Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі



      Энергетикамині – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі



      Әділетмині – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі



      МКҚ – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі



      ҰБ – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі



      ҰҚК – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті



      ПІБ – Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы



      ІІМ ҰҰ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы



      ҰҚК ШҚ – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі



      МҚІСҚА – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі



      «Самұрық-Қазына» АҚ – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы



      «ҚМГ» ҰК» АҚ – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы



      «ТЖ» ҰК» АҚ – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы



      «Қазтелеком»АҚ –«Қазтелеком»акционерлік қоғамы



      АҰОК – Қазақстан Республикасы Ардагерлер ұйымының орталық кеңесі



      РБК – Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық бюджет комиссиясы



      ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы



      ҚР ҚК – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері



      БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары



      ҮЕҰ – үкіметтік емес ұйымдар



      ҰОС – Ұлы Отан соғысы



      РБ – республикалық бюджет



      ЖБ – жергілікті бюджет



 






Республика өңірлерінен соғыс ардагерлерінің делегацияларына мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарды бекітіп беру



 





Р/с №



Қалалар мен облыстардың атауы

Соғыс ардагерлерінің делегацияларына бекітіліп берілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен өзге де ұйымдары

1.



Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

2.



Алматы қаласы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

3.



Ақмола облысы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

4.



Алматы облысы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

5.



Ақтөбе облысы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

6.



Атырау облысы

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша)

7.



Жамбыл облысы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

8.



Қарағанды облысы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

9.



Қостанай облысы

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша)

10.



Қызылорда облысы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

11.



Маңғыстау облысы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

12.



Павлодар облысы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

13.



Шығыс Қазақстан облысы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

14.



Батыс Қазақстан облысы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

15.



Солтүстік Қазақстан облысы

«Қазтелеком» АҚ (келісім бойынша)

16.



Оңтүстік Қазақстан облысы

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы


 
 


 










© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет