Қазақстан республикасындағы көлік логистикасы және оларды жетілдіру жолдары


Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық кластерінің даму перспективалары



бет3/7
Дата06.02.2022
өлшемі93,51 Kb.
#80673
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ҚР көлік логистикасы
построение графиков функций в виде рисунков, ҚР көлік логистикасы, магитный цепь, 1551163130, Практикалық жұмыс 1 Ануарбекова, 1 сабак, 3 сабак, Хаттама такырыбына тапсырмалар
Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық кластерінің даму перспективалары
Жаһандық энергетикалық қауіпсіздік, табиғи ресурстардың сарқылуы, үшінші индустриялық төңкеріс, үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық және әлемдік тұрақсызданудың жаңа қаупі сияқты ХХІ ғасырдың түйінді үнқатулары елді әлеуметтік-экономикалық дамуына, оның ішінде елдің көлік жүйесінің инфрақұрылымының дамытудуға қойылатын жаңа талаптарды анықтап береді. Ел ішіндегі көлік жүйесін дамытпайынша, жаһандану жағдайларында Қазақстан экономикасын әлемдік жүйеге сәтті ықпалдастыру мүмкін емес. Сондықтан, көлік саласын дамыту, тұтастай алғанда, көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамыту деңгейін арттыруға бағытталуы тиіс.
Көлік-коммуникация инфрақұрылымының маңызды міндеті көрсетілген көлік қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету және шалғайдағы өңірлер мен халық тығыз орналаспаған өңірлерде «инфрақұрылымдық орталықтар» құру, сондай-ақ ауылды қажетті көлік қатынасымен қамтамасыз ету мәселесін шешу болып табылады. Көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың ілгері қарқыны болмайынша, елдің экономикалық өсуінің орнықты қарқынын, оның қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін, әлемдік экономикаға ұтымды ықпалдасуын және тиісінше әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруін қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық міндеттерді ойдағыдай шешу мүмкін емес.

Қазіргі уақытта Қазақстанда мынадай 5 халықаралық көлік дәлізі қалыптасқан және жұмыс істейді:
  • Трансазиялық теміржол магистралінің солтүстік дәлізі (ТАТМ) Батыс Еуропаны Қытаймен, Ресей арқылы Корея түбегімен Жапонияны байланыстырады (Достық/Қорғас – Ақтоғай – Саяқ – Мойынты – Астана – Петропавл (Пресногорьковская) учаскесінде);
  • ТАТМ-ның Оңтүстік дәлізі Аталған дәліз мынадай бағдарлар – Алматы – Шу – Арыс – Сарыағаш учаскесінде);
  • ТРАСЕКА Шығыс Еуропаны Қара теңіз, Кавказ және Каспий теңізі (Достық/Қорғас – Алматы – Ақтау учаскесінде, оның ішінде Жезқазған – Бейнеу перспективалық түзеткіш теміржол бағдары, сондай-ақ Ахалкалаки (Грузия) – Карс (Түркия) арқылы Орталық Азиямен байланыстырады;
  • Солтүстік – Оңтүстік Қазақстанның қатысуымен Ақтау теңіз порты – Ресейдің Орал өңірлері және Ақтау – Атырау учаскелерінде, сондай-ақ Өзен-Берекет (Түрікменстан) – Горган (Иран) жаңа теміржол желісі арқылы Ресей мен Иран арқылы Парсы шығанағы елдерінен Солтүстік Еуропаға өтеді;
  • ТАТМ-ның Орталық дәлізі Орталық Азия-Батыс Еуропа бағыты бойынша өңірлік транзиттік тасымалдар үшін зор маңызы бар (Сарыағаш – Арыс – Қандыағаш – Озинки учаскесінде).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет