Қазақстан республикасындағы көлік логистикасы және оларды жетілдіру жолдары



бет7/7
Дата06.02.2022
өлшемі93,51 Kb.
#80673
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ҚР көлік логистикасы
построение графиков функций в виде рисунков, ҚР көлік логистикасы, магитный цепь, 1551163130, Практикалық жұмыс 1 Ануарбекова, 1 сабак, 3 сабак, Хаттама такырыбына тапсырмалар

Алдын ала таңдалатын тауарлар («дүкендік»тауарлар.келесідей ерекшеленеді,сатып алушы оны іздеуге, таңдауға дайын және бәсекелес тауарларды олардың сыртқы түрі, дизайны, бағасы, сапасы және т.б бойынша салыстыруға дайын. Осындай тауарлар мысалына автомобиль, жиһаз, аудио және бейнетехника және т.б жатады. Мұндай тауарлар үшін сауда орындарының саны аз, өткізу арналары да қарапайым, бұл логистикалық шығындардың азаюына алып келеді. Ерекше сұраныс тауарларына ерекше сипаттағы тауарлар немесе әйгілі тауар маркісінің тауарлары жатады, оны алу үшін сатып алушы қосымша күш, уақыт және ақша төлеуге дайын. Мұндай тауарлар мысалына автомобильдің,электротұрмыс техникасының, киімнің, аяқ - киімнің және т.б.әйгілі маркілері жатады. Енжар сұранысты тауарлар дегеніміз, сатып алушы ол туралы еш нәрсе білмейтін немесе білетін, бірақсатып алуға асықпайтын тауарлар. Әдетте, бұл іс жүзінде жеткілікті қолданбаған. Өнеркәсіптік тұтыну өнімдерін таратуды және сатуды ұйымдастыру кең тұтыну тауарларынан ерекшеленеді.Бұл жағдайда фирма,әдетте,сатып алушыларды іздейді және олар тұтынушылардың сатып алу саясатына жауап беретіндей логистикалық арналар мен өткізу торларын құрады.

Қорытынды.


Логистикалық шығындарға және өндіріспен өткізуде логистикалық шешімдерді қабылдау үрдісіне әсер ететін негізгі өнім қасиеттері арасынан бағаны, сауда ассортиментін және номенклатурасын, орамның габаритті өлшемдерін, салмағын қарастыру қажет. Негізінен тауар тығыздығы тасымалдау шығындарына және дайын өнімді сақтауға кететін шығындарға әсер етеді. Тығыздығы жоғары тауарлар тасымалдау мен сақтауға аз шығындарды талап етеді, себебі көлік құралдарының жүк көтерімділігі мен қоймалардың мүмкіндіктерін дұрыс пайдалануын қамтамасыз етеді. Тасымалдау және жүк өңдеу тарифтері дайын өнім тығыздығына кері пропорционалды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет