Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы



бет1/16
Дата12.03.2017
өлшемі2,87 Mb.
#11533
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
     Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2006 жылғы 8 ақпандағы N 35 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 20 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4126


Құжаттың грифі:                      Жариялануға тиіс

Қабылданған нөмірі:                  35

Қабылданған күні:                    08.02.2006

Қабылданған орны:                    Астана қаласы

Әділет органдарында тіркелген нөмірі:4126

Әділет органдарында тіркелген күні:  20.03.2006

Мем. тізілімдегі нөмірі:             26846

Соңғы редакциядағы күні:             08.02.2006

Әрекет ету аймағы:

Қазақстан Республикасы

Тіркелу органы:

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі

Деректер Базасының бөлімі:

Ұлттық қауіпсіздік. Қоғамдық тәртіпті қорғау

Шаруашылық жүргізу объектілеріндегі және тұрғын үйлердегі өрттердің алдын-алу, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығын, олардың мүлкін қорғау мақсатында және Қазақстан Республикасының

"Өрт қауіпсіздігі туралы" Заңын орындау үшін  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесі бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының 1999 жылғы 9 шілдедегі N 19»"Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы. Негізгі талаптар. 08-97 КР ӨҚЕ" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде N 866 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері бюллетенінің 1999 жылғы 11-12 нөмірлерінде жарияланды)  қаулысының;

      2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 19 қарашадағы N 214 "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігінің 1999 жылғы 9 шілдедегі N 19 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде N 1273 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық атқарушы органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінің 2001 жылғы 5 нөмірінің 319 бетінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Н.Қ.Бижановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жариялануынан он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.


      Министр
Қазақстан Республикасы     

Төтенше жағдайлар министрінің 

8 ақпандағы 2006 жылғы    

N 35 бұйрығымен бекітілген 


  Қазақстан Республикасындағы 

Өрт қауіпсіздігі ережесі


МАЗМҰНЫ
         1-бөлім. Жалпы ереже
1-тарау. Жалпы талаптар
      1. Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесі (бұдан әрі - Ереже) азаматтардың өмірі мен денсаулығын, жеке, заңды тұлғалардың мүлкін, меншік нысанына қарамастан, мемлекеттік мүлікті қорғау, қоршаған ортаны қорғау мақсатында меншік нысанына қарамастан, жеке тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың оларды қолдануы және орындауы үшін өрт қауіпсіздігі талаптарын анықтайды.

      2. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт сөндіру меншік нысанына қарамастан, ұйымдардың, кәсіпорындардың басшыларына жүктеледі. Ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары атқаратын лауазымы бойынша немесе қолданыстағы нормативтік құқықтық және басқа да актілер күшінде орындалатын жұмыстың сипатына қарай тиісті өрт қауіпсіздігі ережелерін орындайтын және белгілі жұмыс учаскелерінде олардың сақталуын қамтамасыз ететін тұлғаларды тағайындайды.

      3. Ұйымның барлық жұмысшылары тек өртке қарсы нұсқаулықтан өткеннен кейін ғана жұмысқа жіберіледі, ал жұмыс сипаты өзгерген жағдайда ұйым басшылары бекіткен тәртіппен ықтимал өрттердің алдын алу және сөндіру бойынша қосымша оқудан өтеді.

      4. Ұйым жұмысшыларын объектілердегі өрттердің алдын алу және олармен күресу бойынша жұмысқа жұмылдыру үшін өрт-техникалық комиссиясы мен ерікті өртке қарсы құрамалары құрылады.

      5. Мүлік иелері, мүлікке иелік етуге, пайдалануға және билік етуге уәкілетті тұлғалар, оның ішінде ұйымның басшылары мен лауазымды тұлғалары, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін белгіленген тәртіппен тағайындалған жауапты лауазымды тұлғалар:

      1) өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға, сондай-ақ өртке қарсы қызметі органдарының ұйғарымдамалары мен басқа да заң талаптарын орындауы;

      2) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруы;

      3) өртке қарсы үгіт-насихат жүргізуге, сондай-ақ өз жұмысшыларына өрт қауіпсіздігі шараларын оқып-үйретуі;

      4) белгіленген нормаға сәйкес өртке қарсы қызметі бөлімшелерін құруы және ұстауы;

      5) өрт сөндіру жүйелері мен құралдарын жарамды күйде ұстауы, оларды мақсатсыз пайдалануға жол бермеуі;

      6) өрт сөндіру, олардың пайда болу себептері мен шарттарын және дамуын анықтау кезінде, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына және өрттердің пайда болуына кінәлі тұлғаны анықтауда өртке қарсы қызметіне көмек көрсетуі;

      7) өрттерді анықтаудың және сөндірудің автоматтандырылған құралдарын енгізу жөніндегі шараларды жүзеге асыруы;

      8) өртке қарсы қызметінің өкілдеріне заңнамада белгіленген тәртіппен ұйымдардың аумағында өздерінің қызметтік міндеттерін жүзеге асыру кезінде рұқсат беруі;

      9) өртке қарсы қызметі органдарына өрт қауіпсіздігінің жай-күйі туралы, оның ішінде өндірілетін өнімдердің өрт қауіптілігі туралы, сондай-ақ аумақтарда болған өрттер мен олардың салдарлары туралы мәліметтер мен құжаттарды тапсыруы;

      10) болған өрттер, өртке қарсы қорғаныс жүйелері мен құралдарының жарамсыздығы туралы, жолдар мен кірме жолдар жай-күйінің өзгерістері туралы өртке қарсы қызметіне дереу хабарлауы тиіс.

      6. Заттарды, материалдарды, бұйымдар мен жабдықтарды дайындаушылар (жеткізушілер) тиісті техникалық құжаттарда осы заттардың, материалдардың, бұйымдар мен жабдықтардың өрт қауіпсіздігінің көрсеткіштерін, сондай-ақ оларды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын көрсетеді.

      7. Барлық өндірістік, әкімшілік, қойма мен қосалқы үй-жайларда телефондардың жанында өртке қарсы қызметті шақыратын телефон номері көрсетілген кесте ілінеді.

      8. Әрбір ұйымда бұйрықпен (нұсқаумен) олардың өрт қауіптілігінің тиісті өртке қарсы тәртібі орнатылады, оның ішінде:

      1) ашық отты пайдалану тәртібі мен қауіпсіздік шаралары анықталады;

      2) темекі шегуге арналған орындар анықталады және жабдықталады;

      3) өрт сөндіру автокөліктерінің объектіге өту тәртібі анықталады;

      4) үй-жайларда бір мезгілде сақталатын шикізат пен толық және жартылай дайын өнімдердің орны мен саны анықталады;

      5) жанармай қалдықтары мен тозаңдарды тазалау, майлы арнайы киімдердің сақталу тәртібі белгіленеді;

      6) өрт болған жағдайда және жұмыс күнінің соңында электр жабдықтарын ток көзінен ажырату тәртібі анықталады;

      7) уақытша отты және басқа да өрт қаупі бар жұмыстарды жүргізудің тәртібі белгіленеді;

      8) жұмыс аяқталғаннан кейін бөлмелерді тексеру және жабу тәртібі белгіленеді;

      9) өрт кездегі жұмысшылардың іс-қимылдары белгіленеді;

      10) мамандықтар (лауазымдар) тізбесі, өртке қарсы нұсқаулық пен өрт-техникалық минимумы бойынша сабақтар өткізудің мерзімі мен тәртібі анықталады, сондай-ақ оны өткізуге жауаптылар тағайындалады.

      9. Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқауларға қойылатын талаптарға сәйкес ( 1-қосымша ) әр объектіде әрбір өрт жарылыс қаупі және өрт қаупі бар учаскелерге (шеберханаларға, цехтарға) арналған өрт қауіпсіздігі талаптарына сай нұсқаулар әзірленеді.

      10. Бір мезгілде оннан астам адам болатын ғимараттар мен құрылыстарда (тұрғын үйлерден басқа) өрт болған жағдайда адамдарды көшіру жоспарлары (кестелері) әзірленіп, көрнекті жерге ілінеді, сондай-ақ адамдарды өрт туралы құлақтандыру жүйесі (қондырғысы) қарастырылады.

      Адамдар жаппай жиналатын объектілер адамдар тұрақты немесе уақытша келетін бір немесе бірнеше үй-жайлары бар (авариялық жағдайлардан басқа) 1 м 2 орынға бір адамнан артық келетін алаңы 50 м 2 және одан да көп объектілер болып табылады.

      Адамдар жаппай жиналатын объектілерде өрт болған жағдайда адамдарды қауіпсіз және жылдам көшіруді қамтамасыз ету бойынша қызметкердің іс-әрекеттерін анықтайтын адамдарды көшірудің үлгі жоспарына қосымша нұсқау әзірленуі қажет, әр жарты жылда кемінде бір рет адамдарды көшіруге жұмылдырылған барлық жұмысшылармен тәжірибелік жаттығулар өткізілуі тиіс.

      Адамдар түнде жиналатын объектілер үшін (балабақшалар, мектеп-интернаттар, ауруханалар) нұсқауда іс-әрекеттің екі түрі қарастырылады: күндізгі және түнгі уақыт. Аталған объектілердің басшылары күн сайын өртке қарсы қызметі белгілеген уақытта өрт сөндіру бөліміне өртке шығу ауданында орналасқан объектілер мен әр объектідегі адамдардың саны туралы ақпаратты хабарлайды.

      11. Қозғалысы нашар санатқа жататын адамдар (қозғалыс аппараттары зақымданған мүгедектер, көздері нашар көретін және есту қабілеттері нашар, сондай-ақ егде жастағы және уақытша еңбекке жарамсыз тұлғалар) тәулік бойы болатын ғимараттар мен құрылыстарды өрт туралы адамдарды құлақтандыру жүйесіне қосылған, дабылды қайталайтын жарықтандырылған, дыбысты және көрнекті дабыл қаққыштармен дер кезінде жеткілікті және сапалы ақпаратпен қамтамасыз ету қажет.

      Жарықтандырылған, дыбысты және көрнекті хабарландырушы дабыл қаққыштар аталған санаттағы тұлғалар болатын үй-жайларға, сондай-ақ әрбір көшіру, авариялық шығу және көшіру жолдарында орнатылуы тиіс.

      Жарық беруші белгілер түріндегі жарық дабылдары дыбысты дабылдармен бір мезгілде қосылады. Жарық дабылының жыпылықтау жиілігі 5 Гц аспауға тиіс. Көрнекті ақпараттар қарама-қарсы түстегі жерлерге көру қашықтығына сәйкес келетін белгілер өлшемімен орнатылады.

      Мұндай ұйымдарға қызмет көрсетуші тұлға өртке қарсы қызметі органдарымен келісілген нұсқау бойынша қозғалысы нашар санатқа жататын тұлғаларды көшіру бойынша арнайы оқудан өтуі тиіс.

      12. Ұйым жұмысшылары, сондай-ақ азаматтар:

      1) өрт болған жағдайда өртке қарсы қызметі бөлімшесіне хабарлауы және адамдарды, мүліктерді құтқаруға қажетті шараларды қолдануы және өртті жоюы;

      2) газ құралдарын, тұрмыстық химия заттарын пайдалану, тез тұтанғыш (бұдан әрі - ТТС) және жанғыш сұйықтықтармен (бұдан әрі - ЖС), басқа да өртке қатысты қауіпті заттармен, материалдармен және жабдықтармен жұмыс істеу кезінде сақтану шараларын орындауы тиіс.

      13. Адамдар жаппай қатысатын шараларды (кештер, би кештері, жаңа жыл шыршасының жанындағы салтанатты мереке, ойын-сауықтар) ұйымдастырушылар іс-шаралар басталмас бұрын бөлмелерді мұқият қарап, олардың өрт қауіпсіздігіне толықтай сай екендігіне көз жеткізеді.

      14. Ұйым басшылары қауіпті (жарылыс қаупі бар) тез әсер ететін улы заттар қолданылатын, өңделетін және сақталатын аумақтар мен осы кәсіпорындарда өрт сөндіруге жұмылдырылатын жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және алғашқы кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін қажетті мәліметтерді өртке қарсы қызметі бөлімшелеріне хабарлайды.


  2-тарау. Аумақтарға, ғимараттарға, құрылыстарға,

үй-жайларға қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары


  1 параграф. Аумақтарды ұстау
      15. Елді мекендер мен кәсіпорындар аумақтарында жанармай қалдықтарының үйінділерін, қоқыстарды шашуға жол берілмейді. Барлық қалдықтарды арнайы бөлінген алаңдардағы контейнерлерге немесе жәшіктерге жинап, шығарып тастау қажет.

      16. Елді мекендер мен ұйымдардың аумақтары, ғимараттардың, құрылыстар мен ашық қоймалардың өртке қарсы аралықтарының шекаралары, сондай-ақ тұрғын үйлерге, саяжайлар мен басқа да құрылыстарға жақын учаскелер жанармай қалдықтарынан, қоқыстан, қураған жапырақтардан, құрғақ шөптерден дер кезінде тазартылып тұрады.

      17. Ғимараттар мен құрылыстардың, орман қатарының, ағаштардың, басқа да материалдар мен жабдықтардың өртке қарсы аралықтары материалдарды, жабдықтар мен ыдыстарды сақтау қоймасы ретінде, көлік тұрағы және ғимараттар мен құрылыстар салу (орнату) үшін пайдаланылмайды.

      18. Ғимараттарға, құрылыстарға, ашық қоймаларға, сыртқы өрт сөндіру сатылары мен өрт сөндіру мақсатында пайдаланылатын су көздеріне барар жолдарды, өтетін жерлер мен кірме жолдарды өрт техникалары өту үшін әрқашан бос және жарамды жағдайда, ал қыста қар мен мұздан тазартып ұстау керек.

      Жолдар мен өтетін жерлердің оларды жөндеу үшін немесе өрт сөндіру автокөліктерінің өтуіне кедергі келтіретін басқа да себептер бойынша жабылуы туралы дереу өрт сөндіру бөлімшелеріне хабарлау керек.

      Жолдар жабылған кезде тиісті орындарда су көздеріне айналып өту бағытының көрсеткіштері қойылады немесе жөнделіп жатқан учаскелер мен кірме жолдар арқылы өтетін өткелдер орнатылады.

      19. Уақытша құрылыстар басқа ғимараттар мен құрылыстардан немесе өртке қарсы қабырғалардан (басқа нормалар бойынша өзге өртке қарсы аралықтары талап етілген жағдайлардан басқа) кемінде 15 м қашықтықта орналастырылады.

      Кейбір блок-контейнерлік ғимараттар мен құрылыстар топта 10 аспайтын және ауданы 800м 2 аспайтын топтармен орналастырылады. Ғимараттардың топтарының және олардан бастап басқа құрылыстарға, сауда дүңгіршектеріне дейінгі арақашықтығы кемінде 15 м болуы тиіс.

      20.  Қойма және база бөлмелерінде, астық қабылдау бекеттерінің, сауда объектілерінің, мұнай өндіру және қайта өңдеу, ТТС, ЖС және жанғыш газдарды (бұдан әрі - ЖГ), жарылғыш заттардың барлық түрлерінің өнімдерін сақтау, өрт жарылыс қаупі және өрт қаупі бар учаскелерінің, мектепке дейінгі балалар мекемелері мен мектептердің, емдеу және мәдени ойын-сауық мекемелерінің аумағында, астық алқаптарында, көлік құралдарында, сондай-ақ кәсіпорындардың темекі шегуге арналмаған орындарында темекі шегуге жол берілмейді.

      21. Ғимараттарға, құрылыстарға және жанғыш заттар мен материалдарды ашық сақтау орындарына 50 м жақын жерде алау жағуға, қалдықтар мен ыдыстарды өртеуге жол берілмейді. Қалдықтар мен ыдыстарды өртеу осы мақсатқа арнайы бөлінген орындарда қызмет көрсетуші қызметкердің бақылауымен жүргізіледі.

      22. Елді мекендер мен ұйымдардың аумақтарын түнгі уақыттарда өрт гидранттарын, өрт сөндіру суаттарына барар жолдарды, сыртқы өрт сатылары мен өрт сөндіру құрал-саймандары орналастырылған орындарды, ғимараттар мен құрылыстарға кірер жолдарды жылдам табу үшін сыртқы жарықпен қамтамасыз ету қажет.

      Өрт қауіпсіздігі құралдары орналастырылатын (болатын) орындар мен арнайы жабдықталған темекі шегу орындары тиісті таңбаларымен белгіленеді.

      23. Ішкі объектілік теміржолдар арқылы өтетін өткелдер мен өту жолдары өрт сөндіру автокөліктері өту үшін босатылады және рельс биіктігінің деңгейінде біртегіс төсеніштері болады. Ішкі объектілік теміржолдар арқылы өтетін өткелдер мен өту жолдарын өрт сөндіру автокөліктері өту үшін бос ұстап, рельс биіктігінің деңгейінде біртегіс төсенішпен қамтамасыз етуі тиіс. Өткелдерде локомотивтері жоқ вагондардың тұруына жол берілмейді. Жол арқылы өтетін өткелдердің саны екеуден кем болмауы тиіс.

      24. Тұрғын үй, саяжай және бағбандық мекендер, қоғамдық және азаматтық ғимараттар аумақтарының ашық алаңдары мен аулаларында ТТС мен ЖЖ ыдыстарын (сыйымдылықтар, канистрлер), сондай-ақ сығылған және сұйытылған газ баллондарды қалдыруға болмайды.

      25. Ормандарда, орманды алқаптар мен далаларда орналасқан жазғы балалар сауықтыру лагерлерінің аумақтары кемінде ені 3 м болатын минералдандырылған қорғаныс жолағымен қамтамасыз етілуі тиіс.

      26. Қызметтері дала, орман және тоғай алқаптарында жүргізілетін ұйым басшылары өздеріне сеніп тапсырылған аумақтарда өрттің пайда болуы мен дамуына жол бермеу шараларын қолданады.

      27. Ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан, автокөлік жолдарында өрт қаупі кезеңі басталғанға дейін жол бойлары мен кюветтер құрғақ шөп қалдықтарынан тазартылады, сондай-ақ дала алқаптары мен орман автокөлік жолдарының бойында жер жырту жұмыстары жүргізіледі.

      28. Автокөлік жолдары бойындағы жыртылатын жерлердің ені кемінде 4 м болуға тиіс. Жыртылған жерлерде құрғақ шөп қалдықтарының жиналуына жол берілмейді.

      29. Автокөлік пен теміржол жолдары арқылы жүргізілетін ағаш егу алқаптарын өңдеу периметрі 4 м кем болмауы тиіс.

      30. Ағаш отырғызатын орындар мен орман алқаптарын қурап қалған ағаштардан дер кезінде тазартып тұру қажет.

      31. Ведомстволық бағыныстылығына және меншік түріне қарамастан, теміржолдарда өрт қаупі кезеңі басталғанға дейін теміржол бойлары құрғақ шөп қалдықтарынан тазартылады, теміржолға жақын жатқан дала, ағаш отырғызу және орман алқаптары айналасында жер жырту жұмыстары жүргізіледі.

      32. Шөптесін өсімдіктерді өртеу өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті бақылаушы органдардың келісімі бойынша жауапты тұлғаның бақылауымен жүргізіледі.

      33. Ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан, далалық алқаптар жер үлесінің шегі бойынша ені кемінде 4 м болатын жолақ арқылы айналдыра жыртылады.

      34. Үй-жайлардың (учаскелердің) саны 300-ден аспайтын ауылдық елді мекендер, бақшалық серіктестіктер мен саяжай-құрылыс кооперативтерінің өрт сөндіру мақсатында саны 300-ден 1000-ға дейінгі үй-жайлары (учаскелер) бар жылжымалы өрт сөндіру мотопомпасы - тіркемелі өрт сөндіру мотопомпалары, саны 1000 астам үй-жайлары (учаскелер) бар - кемінде екі тіркемелі өрт сөндіру мотопомпасы болуы тиіс.


  2 параграф. Ғимараттарды, құрылыстарды,

үй-жайларды ұстау


      35. Барлық өндірістік және қойма бөлмелері үшін өрт жарылыс және өрт қауіптілігінің санаттарын, сондай-ақ бөлмелердің есіктерінде тиісті белгілері белгіленген электр қондырғылары құрылғыларының техникалық нормалары бойынша аймақтардың кластарын анықтау қажет.

      Жоғары өрт қауіптілігі бар жабдықтардың қасында қауіпсіздіктің стандартты белгілері ілінуі тиіс.

      Өрт жарылыс қауіптілік көрсеткіштері тексерілмеген немесе сертификаттары жоқ материалдар мен заттарды өндіріс процесінде қолдануға, сондай-ақ оларды басқа материалдармен және заттармен бірге сақтауға болмайды.

      36. Барлық объектілер алғашқы өрт сөндіру құралдарының қажетті санын анықтауға (2-қосымша) және IV топтағы объектілер мен көлік құралдарына арналған алғашқы өрт сөндіру құралдары тиістілігінің нормаларына (3-қосымша) сәйкес жарамды алғашқы өрт сөндіру құралдарымен, өртке қарсы қызметті шақыруға арналған байланыс құралдарымен қамтамасыз етілуге және автоматты өрт дабылы жүйесімен, қолданыстағы нормаларға сай өрт сөндіру және адамдарды өрт туралы құлақтандырудың автоматты қондырғысы жүйесімен жабдықталуы тиіс.

      37. Ғимараттар мен құрылыстарды найзағайдан қорғау құрылғыларымен жабдықтау қажет.

      38. Үй-жайлардың, ғимараттар мен құрылыстардың өртке қарсы жүйелері мен қондырғыларын (түтінге қарсы қорғаныс, өрт сөндіру автоматының құралдары, өртке қарсы сумен қамтамасыз ету жүйелері, өртке қарсы есіктер, қақпақтар, өртке қарсы жасалған қабырғалар мен аралықтардағы басқа да қорғаныс қондырғылары) жарамды жұмыс күйінде ұстау қажет.

      Есіктің өздігінен жабылуына арналған қондырғыларды жарамды жағдайда ұстау қажет. Өртке және түтінге қарсы есіктердің (құрылғылардың) еркін жабылуына кедергі келтіретін қандай да болмасын құралдарды орнатуға жол берілмейді.

      39. Өрттің пайда болуына әкелетін жарамсыз жабдықтарда, қондырғылар мен станоктарда, сондай-ақ қауіпсіздік параметрлердің қауіпсіздік шарттарымен реттелген температураның, қысымның және басқалардың берілу тәртібін бақылауды қамтамасыз ететін бақылау-өлшеу құрал-жабдықтары мен технологиялық автоматтары сөндірулі тұрған кезде жұмыс жүргізуге жол берілмейді.

      40. Құрылыс құрылымдарының өртке қарсы жабынының (оттан қорғау қасиеттерінің жойылуы мен нашарлауын қоса алғанда сылақ, арнайы сырлар, лак) жанармай және жылу оқшаулау материалдарының, құралдардың металл тіреулерінің ақаулары дереу жөнделуі қажет.

      Нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес өңделген (сіңірілген) ағаш құрылымдар мен талшықтар өңдеу (сіңіру) мерзімі аяқталған кезде және оттан қорғау қасиеттерін жоғалтқан жағдайда қайта өңделуі (сіңірілуі) тиіс.

      Оттан қорғауды өңдеудің (сіңірудің) жай-күйі техникалық құжаттамада көрсетілген мерзім ішінде немесе жылына кемінде бір рет тексерілуі қажет.

      41. Өртке қарсы жасалған қабырғалар, аралықтар мен қоршау құрылымдарының қиылысу орындарында әр түрлі инженерлік және технологиялық қатынастардан пайда болған саңылаулар мен тесіктер құрылыс ерітіндісі немесе басқа да отқа төзімді және газ түтінін өткізбейтін қажетті шекті қамтамасыз ететін жанбайтын материалдармен бекітілуі тиіс.

      42. Үй-жайларды жалға бергенде жалдаушылар осы тектес ғимараттарға арналған нормалардың өртке қарсы талаптарын орындайды.

      43. Ғимараттар мен үй-жайларды қайта жоспарлау кезінде, олардың қызметтік белгілері өзгергенде немесе жаңа технологиялық жабдықтарды орнату кезінде ғимараттар мен құрылыстардың жаңа белгілеріне сәйкес қолданыстағы нормативтік құжаттар қолданылады.

      44. Өрт жарылыс қаупі бар объектілерді, республикалық көлемдегі мекемелер мен кәсіпорындарды, ірі театрлық ойын-сауық кәсіпорындары мен тарихи объектілерді, мұнай өңдеу, ағаш өңдеу, химия өнеркәсібі объектілерін, сонымен қатар театрларды, кинотеатрларды, цирктерді, мұражайларды, галереяларды жақын жердегі өртке қарсы қызметі бөлімшелерінің немесе елді мекендердің өрт сөндіру бөлімі орталық бекетінің тікелей телефон байланысымен қамтамасыз ету қажет.

      45. Ұйымның ғимараттарында, құрылыстарында (жеке тұрғын үйлерді қоспағанда):

      1) жертөлелер мен астыңғы қабаттарда ТТС мен ЖС, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды, газ баллондарды, аэрозолды орамдағы тауарларды, целлулоид және басқа да жарылыс қаупі бар заттар мен материалдарды сақтауға және қолдануға;

      2) өндірістік учаскелерді, шеберханаларды ұйымдастыру, сондай-ақ өнімдерді, жабдықтарды, жиһаздар мен басқа да заттарды сақтау үшін шатырларды, техникалық қабаттарды, венткамералар мен басқа да техникалық бөлмелерді пайдалануға;

      3) жеделсатыда қойма, дүңгіршек, дүкенше орналастыруға;

      4) жобада қарастырылған көшіру жолдарындағы өрттің қауіпті факторларының жайылуына кедергі келтіретін қабатаралық дәліздердегі, холлдардағы, фойелердегі, тамбурлар мен сатылы торлардағы және басқа да есіктерді алып тастауға;

      5) нәтижесінде адамдарды көшіру қауіпсіздігі шарттары төмендейтін, өрт сөндіргіштерге, өрт сөндіргіш крандар мен басқа да өрт қауіпсіздігі құралдарына қол жеткізуді шектейтін немесе автоматикалық өртке қарсы қорғаныс жүйелерінің жұмыс істеу аймағын азайтатын (автоматикалық өрт дабыл қаққышы, өрт сөндірудің тұрақты автоматикалық қондырғылары, түтін жою жүйелері, көшіруді хабарлау және басқару жүйесі) көлемді-жоспарлық шешімдерге өзгеріс енгізуге;

      6) балкондар мен лоджиялардағы есіктер мен люктерді, жапсарлас секция аралығы мен сыртқы құтқару сатысына шығатын жолдарды жиһаздармен, жабдықтармен және басқа да бұйымдармен бөгеттеуге;

      7) бөлмелерді жинауда және киім жууда бензин, керосин тағы басқа да ТТС және ЖС пайдалануға, сондай-ақ, қатып қалған құбырларды дәнекерлеу шамымен қыздыруға және басқа да жолмен ашық отты қолдануға;

      8) сүртілген майлы материалды жинамай қалдыруға;

      9) терезелерге толық темір тор орнатуға және жертөле терезелерінің алдында шұңқыр жасауға (қойма бөлмелерінен, кассалардан, қару тұратын үй-жайлардан, мекеменің құпия бөлімдерінен басқа);

      10) өрт кезінде қауіпсіздік аймағына қатысты балкондарды, лоджиялар мен галереяларды шынылауға;

      11) сатылы торлар мен дәліздерде қойма (қосымша бөлмелер) орналастыруға, сондай-ақ саты алаңы мен маршының астында заттарды, жиһаздар мен басқа да жанғыш материалдарды сақтауға жол берілмейді. Бірінші және астыңғы қабаттардағы саты марштарында тек жанбайтын материалдардан жасалған қалқамен қоршалған орталық жылу беруді басқару торабы, су өлшегіш және электрқалқан торабы орындарын жасауға рұқсат етіледі;



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет