Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Заңы


-бап. Қосымша білім беретін білім беру бағдарламалары



бет25/69
Дата23.10.2020
өлшемі176,95 Kb.
#71459
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   69
23-бап. Қосымша білім беретін білім беру бағдарламалары

      Ескерту. 23-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қосымша білім беретін білім беру бағдарламалары оқыту нәтижелеріне және ұлттық біліктілік шеңберіне және салалық біліктілік шеңберлеріне сәйкестікке бағдарлана отырып, білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен мамандардың жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.

      Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Сот төрелігі академиясындағы, әскери, арнаулы оқу орындарындағы қосымша білім беретін білім беру бағдарламалары оқыту нәтижелеріне және (немесе) тиісінше Қазақстан Республикасының соттарындағы, құқық қорғау органдарындағы, Қорғаныс министрлігіндегі және ұлттық қауіпсіздік органдарындағы кәсіптік құзыреттерге, біліктілік сипаттамаларына және біліктілік талаптарына сәйкестікке бағдарлана отырып, білім алушылар мен мамандардың жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.

      2. Қосымша білім беретін білім беру бағдарламалары мазмұнына және бағытына қарай:

      1) білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру бағдарламалары;

      2) қазіргі заман талаптарына сай келетін кәсіптік құзыреттерді дамытуға бағытталған, мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бағдарламалары;

      3) жетекші ғалымның жетекшілік етуімен мамандандырылған тақырып бойынша ғылыми білімді тереңдетуге, ғылыми және қолданбалы міндеттерді шешуге бағытталған докторлықтан кейінгі бағдарламалар болып бөлінеді.

      3. Балалардың музыкалық мектептерінің, балалардың көркемсурет мектептерінің және балалардың өнер мектептерінің білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін білім беру бағдарламаларын қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдары іске асыратын балаларға арналған қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын оларға қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын атқаратын органдар бекітеді.

      Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.02.2019 № 227-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет