Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу унивеситеті»



бет1/4
Дата29.12.2021
өлшемі0,55 Mb.
#106108
  1   2   3   4
Байланысты:
нан-токаш 2 СРС


Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі

«Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу унивеситеті»

коммерциялық емес акционерлік қоғамы

«Технология және биоресурстар» факультеті

«Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасы

«Нан-тоқаш өндірісінің технологиясы» пәні бойынша СӨЖ

Тақырыбы:«Нан-тоқаш өнімдерінің тағамдық құндылығын арттыру жолдарына анықтама»

Орындаған: Махмұтжан И.

ТПРП-311П

Қабылдаған: Ербулекова М.

Алматы 2020

Жоспары:


Кіріспе...............................................................................................................3

1.Негізгі бөлім..................................................................................................5

1.1Нан және нан-тоқаш өнімдері......................................................................5

1.2 Нан және нан-тоқаш өнімдерінің өндірісі...................................................5

1.3 Нанның тағамдық құндылығы....................................................................6

1.4 Нан өнімдерінің тағамдық құндылығын арттыру......................................8

1.5 Нан өнімдерінің сапасы...............................................................................9

Қорытынды..........................................................................................................11

Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................12
Кіріспе

Нан маңызды тамақ өнімі болып табылады. Нанның құндылығы өте жоғары. Орта есепппен нан құрамында 5,5–9,3% ақуыз, 0,7–1,3% май, 1,4–2,5% минералды заттар, 39–47% су болады. Баранка өнімдерінде және кепкен нанда су азырақ (8–17%) , ал ақуызпен сіңірілетін көмірсу көбірек (сәйкесінше 9 және 70%). 100 г өнімнің энергетикалық құндылығы 800-1300 кДж құрайды.Нанның тағамдық құндылығына ақуыздың биологиялық құндылығы, майлардың биологиялық пайдалылығы, өнімнің энергетикалық құндылықтары жатады. Нанның құрамындағы ақуыздар, көмірсулар, дәрумендер, минералды заттар нанның тағамдық құндылығына тікелей әсер етеді. Сонымен бірге нанның тағамдық құндылығын оның химиялық құрамын ғана емес, оның дәміне, хош иісіне, жұмсағына, сыртқы көрінісіне де байланысты болады.



Нан – ас атасы. Ол бидай ұнынан жасалады. Дәстүрлі қазақ қоғамында нан пісірілуіне, қоспасына қарай әртүрлі аталған.Әдетте пешке пісірілгендерін нан, отқа көміп пісірілгендерін күлше, табаға, тандырға пісірілгендерін бәтір, қазанға пісірілгенін қарыма, майға пісірілгенін бауырсақ, жайма деп аталады. Нанды жерге тастамайды, үстінен аттамайды, үстіне ешбір затты қоймайды. Нанды бір қолмен үзіп жемейді. Қазақтар нанды қасиетті деп санайды. Алайда нан ұннан, судан жасалады. Нанға тұз, ашытқылар (дрожи) қосады, олар өз кезегінде нанды пешке салу үшін қабығын қалындатып көтереді.

Нан - неолит дәуірінде-ақ пайда болып, даярлануы тарих тереңінде жатқан өнімнің бір түрі. Алғашқы нан жарма мен судан даярланған, сол сияқты су мен ұнды кездейсоқ немесе арнайы мақсатта тәжірибелеу қорытындысынан туындаған пісірме ботқаның түрінде болды. Қазіргі уақытта ертеректегі нанның жалғасын бүкіл әлемде әр алуан жармадан даярлайды, мысалы, мексикалық тортилья, үндінің чапатиі, қытай poa ping-і, шотландық сұлы жұқа наны, солтүстік америкалық жүгері жұқа наны және эфиопия инжері. Шелпек түріндегі нан көптеген ежелгі өркениетті елдердің тағамы болды: шумерлер арпа шелпегін жеді, ал б.з.д. ХІІ ғасырдағы мысырлықтардың көшедегі шатырлардан та деп аталатын қатты шелпектер сатып алуға мүмкіндіктері болды. Ашытқыдан жасалған нан алғашқы рет Мысырда жергілікті жерде астықтың өсуіне қолайлы жағдайлардан пайда болды деп есептеледі, ал мұндай нанды даярлауға екі қасиетке ие болған бидай сұрпын шығару қажеттігі туындады. Мысырдың ертединастиялық кезеңінде жасалған алғашқы жетілдіруде алдын ала отқа кептірмей бастыратын бидай түрі табылды және өсірілді. Ашытқыдан жасалған нанның туындауына көмегі болған құрамында жеткілікті көп мөлшерде балауызы (ақуыз) бар бидай сұрпын табу екінші жаңалық болып табылды. Алғашқы ашытқы қамыры б.з.д. XVII ғасырда қолданыла бастады, алайда осындай қамыр илеуге болатын бидай өте сирек кездесті. Мұндай бидайдың жетіспеушілігі б.з.д. IV ғасырға дейін Мысыр мен Грекия арасындағы 300 жылдық қалыпқа келген сауда байланысы бола тұра Ежелгі Грекияға осы бидай түрінің жеткізілмеуінен қорытынды жасауға болады.Нанның алғашқы түрі үшін қамырды ашытудың көптеген түрі бар. Ашытқы ретінде ауада болатын бактерияларды қолдануға болатын. Бұл үшін қамырды бірашама уақыт ашық ауада қалдыруға болатын еді. Бұл технология нан ашытқысын жасауда қазіргі уақытқа дейін қолданылып отыр. Үлкен Плиний галдар мен ибериялықтар сырадан алынған көпіршікті «басқа халықтар жасаған наннан да жеңілірек (тығыздау)» етіп жасау үшін қолданады. Сыра орнына шарап ішкен ежелгі дүниенің сол бөлігінде ашытқы ретінде жүзім шырыны мен ұн қоспасынан тұратын немесе шарап сіңірілген бидай кебектері қолданылды. Бірақ нан даярлауда қамырдың кішкене тілімін қалдырып, келесі күні ашытқы негізі ретінде қолдануға қалдыру тәсілі біршама кеңірек таралды. Нан – ең азы ұн мен судан тұратын қамырды пісіру, булау немесе қуыру жолы арқылы даярланатын азық-түлік өнімдері тобындағы біріктіретін атау. Көп жағдайда тұз қосылады, сол сияқты ашытқы сияқты қопсытқыш та бар. Сонымен бірге нанның кейбір сұрыптарына (зире дәні, жаңғақ, мейіз, кептірілген өрік және түйірлер (күнжіт, мак тұқымдары) сияқты) дәмдеуіштер қосылады. Нан - ұннан дайындалатын тағам. Дәстүрлі қазақ қоғамында нан пісірілуіне, қоспасына қарай әртүрлі аталған. Әдетте пешке пісірілгендерін нан, отқа көміп пісірілгендерін күлше, таба мен тандырға пісірілгендерін бәтір, қазанға пісірілгендерін қарыма, майға пісірілгендерін бауырсақ, жайма деп атаған. Бұларды қамыр түрлеріне қарай ашыған, ашымаған деп те ажыратып атаған. Алайда жалпы тілдік ұғымда ұннан пісірген тағамдардың бәрін бір сөзбен нан деп атау қалыптасқан. Қазақтардағы ең ежелгі нан түрі ашытылмаған қамырдан жасалынған “қазақтың қара қатырмасы” болған. Қамырды ашытып, нан пісіру технологиясы үндіеуропалық халықтарға тән. Қамырды илеу үшін жалпы қалыптасқан тәсіл бойынша жылы тұзды судан басқа шалап, қымыз, шұбат, сүт,сорпа, сондай-ақ ащы қосып илесе дәмді болады. Нан - тамақ өнімдерінің ең танымал түрі. Көптеген елдерде оны даярлаудың өзіндік ұлттық рецепті болады.

Негізгі бөлім





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет