Қазақстан республикасының ауылшаруашылық министрлігі



бет47/178
Дата24.11.2023
өлшемі3,89 Mb.
#193215
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   178
Байланысты:
аза стан республикасыны ауылшаруашылы министрлігі

Қаннан өнім дайындау. Альбумин азықтық қанды ізінше тұрақтандырады (стабилизирует ) жəне фибриннен айырады. Гемолизденбеген плазма сүзгіштен өткізіліп, кептіріледі. Алынған түссіз тамақтық альбуминді елеуіштен өткізіп, суытады, ыдысқа салып өлшейді жəне маркілейді. Техникалық альбуминді осы мақсатпен алынған қаннан жасайды. Тұрақталған қанды кептіреді, кептірілген альбуминді жинақтап, буып -түйеді, өлшейді , маркіленеді. Техникалық альбуминнің шығымы 14%, ылғалдығы 11%.

Қаратүсті техникалық альбуминнің сапасы түссіз альбуминге қарағанда өте жоғары. Өйткені оны табиғи ауада кептірген себептен, тым қызбайды да құрамындағы ақуыз ұйымайды. Түссіз альбумин, қара альбумин сияқты кристалды, не болмаса ұнтақты түрде дайындалады. Түссіз техникалық альбуминді дайындау үшін фибриннен айырылған қанның сарысуы пайдаланылады. Бұл өнім тəжірибеде көп қолданылмайды.


Қан ұнын дайындау. Қан ұны ауыл шаруашылық малдарын азықтандыруда, протеин жетіспеген жағдайда, негізгі рационға қосып беретін құнды азықтардың бір түрі.
Көбінесе оны өсіп - өніп келе жатқан жас малдарға азықтандыру тиімді. Оның ағзада қорытылуы, дайындау технологиясына тіке байланысты. Қанды кептіргенде шамадан тыс қыздыру, қорытылу коэффициентінің тым төмендеуіне жол береді.

Азықтық қан ұнын, тамақтық жəне техникалық мақсатқа пайдаланатын қаннан алынған фибриннен дайындайды. Кейбір жағдайларда қан ұнын дайындау үшін қанның өзін қолданады.


Фибринді универсал қазанда, не болмаса кептіргіш апаратурасында, стандарттық талабына сай болатындай етіп кептіреді. Оның құрамында ылғалдық мөлшері 10-12 %, май-3-5%, күл 5-8%-дан аспауы керек, ал протеиннің мөлшері 74-81 %-дан кем болмауы тиіс (кесте 10).

Қанды барабанды кептіргіште кептіреді. Кептірер алдында артық ылғалды бөлу үшін, қанды тұндырады жəне тығыздайды. Кептіргіштің ішінде көлденең орналасқан бу беретін барабан жəне қалақшалы келген араластырғыш (1минутына 18рет айналады) орналасқан. Осы механизмдердің əсерінен шикізат мұқият араласады, сосын төңкеріледі. Кептіруді екі фазамен жүргізеді-зарарсыздандыру (стерилизация) - қысым 3 атм, температура 130-140оС, уақыты 30 мин., кептіру – вакуум 600 мм сынап бағасы, температура –70-80оС. Құрғақ қанның шикізаттан шығымы 20%-дай. Құрғатылған қан ұнымен қатар, зауыттарда консервіленген қан ұнын да шығарады, дегенмен оның мал азықтандыру тəжірибесінде пайдалануы аз.



88




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет