Қазақстан республикасының ауылшаруашылық министрлігі


Кендір жіп жəне буып -түю заттары



бет49/178
Дата24.11.2023
өлшемі3,89 Mb.
#193215
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   178
Байланысты:
аза стан республикасыны ауылшаруашылы министрлігі

Кендір жіп жəне буып -түю заттары. Шұжық дайындауүдерісінде (қабықты ұнтақталған етпен толтырып болғаннан кейін) оларды байлау үшін кендір жіп қолданады . Байлаудың керектігі: шұжықтарды тығыздау жəне олардан шұжықтарды таяққа жəне ілгекке іліп қоюға ілгіш жасау. Шұжық байлайтын жіптің нөмірі жəне сорты болады. Нөмірі жоғары болған сайын, ол жіңішке. Ең жіңішке жіптің нөмірі 15, оны сарделка шұжығын байлауға пайдаланады. Дөңгелек келген шұжықтарды байлауға № 12, ал қабықты диаметрі үлкен жəне еті ұнтақталған шұжықтарды байлауға № 8 жəне №10 жіптерді қолданады. Сапасына байланысты кендір жіптерді екі топқа бөледі: сапасы жоғары жəне орташа. Сапасы жоғары жіп біркелкі, түсі ашық талшықсыз жəне түйіксіз. Көбінесе мұндай жіптер өндіріске үлкен маток түрінде түседі, бірақ қолданар алдында, оны керегінше кішірейтіп орап алады. Кендір жіпті, іші құрғақ сарайшада сақтайды, анда-

95


санда оны қарап тексеріп қояды, өйткені ол ылғалды бойына тез тартады, сол себептен жіп көгеріп, кейде шіріпте кетуі мүмкін. Ылғалды кендір жіпті кептіру керек, сапалы (кондициялық) жіптің оптималды ылғалдылығы 14%-дай. Шұжық өнімдерін буып-түю үшін целлофан, пергамент жəне қағазды да пайдаланады.

Шұжықты шыжғыруға жəне ыстауға қолданылатын отын түрлері. Шұжықтарды аздап шыжғыруға жəне ыстауға ағашты жəне оның үгіндісін пайдаланады. Шұжық дайындауда, жанғанда жақсы қызу беретін жəне хош иісті заттар шығаратын ағаштардың құны жоғары.

Жанғанда шайыр жəне түтін көп шығаратын қарағай ағашты қолдануға болмайды. Қайың ағашты, сыртынан қабығын алып тастағаннан кейін пайдаланады. Ең жақсы ағаштар тұқымы, жанғанда көп жəне жанбайтын газ шығаратын түрлері. Ағаш жанғанда бөлініп шыққан газдар, шұжықтың қабаттарына еніп, оған тəн жақсы иіс береді. Мұндай тұқымдас ағаштарға қандыағаш, қайың тұқымдас (ольха), емен, арша (можжевельник) жатады.


Ең жақсысы құрғақ, ұсақ жарылған жəне ашық таза ауада көбірек сақталған ағаштар. Құрғақ ағаштың ылғалдылығы 25%-ға дейін, ылғалдылығы 35%-дан асып кетсе, оны қолдануға болмайды, өйткені бөлініп шыққан ылғал түтінмен араласып, шұжықтың сыртын қаптап, ластайды. Шұжықты ыстауға 2-4 бөлшекке бөлінген, ұзындығы 0,5-1 метрге дейін кесілген ағаш пайдаланылады. Соңғы уақыттарда шұжық өндірісінде, шұжықты аздап шыжғыруға жəне ыстауға газды пайдаланып жүр. Ол керек қызуды қамтамасыз етеді жəне арзан, пайдалануға қолайлы, экономикалық жағдайынан тиімді деген деректер бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет