Сырт қабықты толтыру (шприцевание)
Шұжықтың қалпы цилиндр, батон, ия болмаса дөңгелек түрлі болады. Мұндай қалыпты болу себебі, ұсақталған етпен толтыру үдерісі арнайы машиналармен (шприцтермен) жүргізіледі.
Поршенді жұмысқа қосу əдісіне қарай, үш түрлі шприцтеу машинасы болады: гидравликалық, пневматикалық жəне механикалық. Ең көп тарағаны- гидравликалық түрі, өйткені оны шұжықтың барлық түрін шприцтеуге қолданады. Шприцтер бір, екі жəне көп цевкалы болады. Цевка дегеніміз -қабық кигізілетін жəне ол арқылы қабықты шприцтеп, қысымның əсерінен келген ұсақталған етпен толтыратын құбыр. Цевка қалпы, цилиндр сияқты, оның шприцпен қосылған жері жуандау болып келеді. Цевканың диаметрі 16 мм-ден 60 мм-ге дейін болады. Шприцтеу үшін цевканы, қолданылатын қабықтың түріне жəне диаметріне байланысты таңдайды. Қабық көлемді болса , жіңішке цевка қолдануға болмайды, өйткені шприцтеу үдерісі баяу жүреді, керісінше болса қабықты цевкаға кигізу қиындайды. Ұсақталған етті шприцке əртүрлі жолмен береді. Көп қабатты
өндірістерде ұсақталған ет шприцке сырғатылып, я болмаса ожаумен бункер арқылы жеткізіледі. Аумағы кішкентай өндірістерде ұсақталған етті қолмен толтырады.
Цилиндрді толтырғанда, ұсақталған ет қабаттарында бос орын қалмауын жəне оны толық толтыруды қадағалау жөн. Ұсақталған еттің шприцтеу тығыздығын, дайындалатын шұжықтың түріне, еттің ылғалдығына жəне соңынан қолданылатын қызумен өңдеу əдісіне байланысты реттейді.
Жартылай ысталған жəне ысталған шұжықтың етіне қарағанда, пісірілген шұжықтың ұсақталған етін тым тығыздамай шприцтейді, өйткені соңғысының құрамында ылғал көптеу. Жартылай ысталған шұжықтың ұсақталған еті тығыздау болатын себептен, оны тығыздаңқырап шприцтейді, ал ысталған шұжықтың етін тығыздап шприцтейді. Ұсақталған еттің тығыздығын, шприцтің цилиндірінен берілетін қысыммен анықтайды. Гидравликалық шприцті қолданғанда ысталған шұжықтың ұсақталған етін
атм. қысыммен, жартылай ысталған-12 атм, пісірілген шұжық болса 8-10 атм, сосиска өнімін 6-8 атмосферада тығыздайды. Пневматикалық түрлі шприцте ұсақталған етті шприцтеу төмен қысымда жүргізіледі (4-8 атм).
Достарыңызбен бөлісу: |