Шұжық өнімдерін байлау
Қабықты ұсақталған етпен толтырғаннан кейін, ұсақталған ет тығыздалу жəне ілгіш пайда болу мақсатпен (соңынан өнімді ілуге), кендір жіппен байлайды. Диаметрі үлкен қабыққа толтырылған, піскен шұжықтың тығыздығын жоғарылату үшін жəне ысталған шұжықтарды 3-5 см алшақтықпен көлденеңінен байлайды. Ə ртүрлі шұжықтардың сортын сырт пішінен айыру үшін əртүрлі схемамен байлайды, я болмаса таңбалаған қабықты пайдаланады. Оның бойына əдейі жасалған сырмен шұжықтардың атын жазады (любитель, столичный, белорусь, краснодар шұжықтары).
Шошқа жəне ірі қара мал соқыр ішектеріне толтырылған сосискаларды, сарделкаларды жəне кейбір пісірілген шұжықтар сортын көлденең байлау арқылы батон қалпын береді. АҚШ-тың өндірісінде сосискаларды көлденеңдеп байлау үшін арнайы машиналар (линкер) қолданылады. Сырт қабықты сақталған ұсақталған етпен шприцтеп толтырады да, линкерге жібереді, ол мөлшері бірдей, батон қалыпты қылып бөледі. Қазіргі кезде линкер машинасы біздің өндірістерде де пайдаланылады.
Шприцтелген жəне байланған шұжық батондарын, бірнеше жерден штриковкамен (4-5 жіңішке инесі бар) теседі, мұндағы мақсат, ұсақталған етті волчокпен, куттермен жəне айналдырғышпен өңдеу барысында пайда болған ауаны шығару. Шұжықтар бойында ауа қалса, ол деффект болып есептелінеді: ұсақталған ет түссізденіп, шел майының ашуына, дайын өнімнің сақталуына, өнімнің тауарлық түсіне кері əсерін тигізеді.
Шұжықтарды байлау жəне штриктеу мəрмəр ұнтағынан, тот баспайтын темірден, я болмаса қалайыдан жасалған үстелде жүргізіледі.
Шұжық өнімдерін ілу
Ілу үшін диаметрі 25-30 мм ағаш істіктері қолданылады. Ағаш істіктерінің ұзындығы рамның, я болмаса рам арбасының (соңынан өңдеу жұмыстары жүргізілетін) ұзындығына сəйкес болуы керек. Бір істікке ілінетін батондардың саны, олардың диаметріне, салмағына жəне қалпына байланысты, дегенмен олардың саны 4-12 данадай. Батондар біріне-бірі тимеуі керек, өйткені шыжғыру камерасындағы жылы ауа жəне түтін газдары шұжықтың бойына түгелдей тиетін жағдай жасалынады. Олай болмаса, шұжықтың тиген жерлерінде ылғал, шыжғырылмаған аймақтар пайда болып, өнімнің тауарлық түсін жəне сақталуын төмендетеді.
Сосискаларды жіңішке істіктерге іледі, өйткені олардың ағашпен қиылысқан жерінде де жоғарғы аталған кемшіліктер болуы мүмкін. Шприцтеу үстеліне тігінен жайғасқан ағаш істіктерді əдейі жасалған арбамен жеткізеді.
Шұжықтар ілінген ағаш істіктерді рамның, я болмаса əдейі жасалған рамды арбаның үстіне жайғастырады. Рамның үстінде шұжықтың бір ғана сорты болуын қадағалау керек. Шұжықтың түріне байланысты бір рамға
ден 200 кг-ға дейін іледі.
Достарыңызбен бөлісу: |