3.6 Диеталық жəне балалар тағамының құрғақ өнімдері
Балалар тағамы мен диеталық тағамдардың құрғақ өнімдері құрамында қант пен крахмал болатын, сүтті негіздегі қоспасы бар дəнді-дақылды немесе көкөністі ұнтақтардан тұрады. Сүтті негіз ретінде құрғақ сүт пайдаланылады. Оларды таза немесе сүт негізіне қант пен крахмал қоспасы ретінде шығарады.Ал кептіруге дейін өсімдік майларымен, майда еритін витаминдермен жəне минералды тұздармен байытылады.
Диеталық жəне балалар тағамының классификациясы жəне тағамдық құндылығы
Балаларға ерте жасынан бастап тағамдық құндылығы жоғары өнімдерді беру қажет. Мысалы, барлығымызға белгілі сиыр сүті майекті фермент
əсерінен асқазанда тығыз қойылтпақ болып ұйып, алғашқы өмір аптасында асқазан-ішегімен тез қорытылмайды. Сиыр сүтінің казеинінің ұсақ, нəзік қойылтпақ түзуі н əтижесінде баланың ағзасына сүттің толық сіңуін қамтамасыз етеді. Мұндай қоспалар ретінде дəнді-дақылдардың, жармалардың қайнатындысын немесе арнайы, осы дақылдардан
дайындалатын ( диеталық) ұнды қолданады. Жарма ұндарына қарағанда
жарма қайнатындысының тағамдық заттарды адам ағзасына сіңіу алдындағы дайын болатындықтан, ерте жастағы балалар үшін жарма қайнатындысы қосылған сүт қоспалары дайындалады. Ал диеталық ұн қосылған өнімдер тек 3 жасқа толған балаларға ұсынылады.
Диеталық жəне балалар тағамына арналған құрғақ өнімдер құрамы мен қолданылу аясына байланысты жеті топқа жіктеледі.
Бірінші топқа дəнді - дақылдардың қайнатындысы қосылған, сүттен дайындалатын өнімдер жатқызылады. Бұл қоспалар екі аптаға толған кішкентай балаларға арналған.
Екінші топтағы өнімдерге диеталық ұн қосылған сүтті тағамдар қоспасы жатады, олар 3 айдан асқан балаларға арналған.
Үшінші топқа сүтті ботқаларды жатқызуға болады. Мұндай тағамдар 5 айға толған балаларға ұсынылады.
Төртінші топқа сүтте немесе ұнтақталған жеміс-жидектермен дайындалған кисельдер жатады. Оларды 6 айға толған балаларға беруге рұқсат етіледі.
Бесінші топтағы өнімдерге диеталық ұндардың бірнеше түрлері жатқызылады. Мұндай өнімдерден үй жағдайында əртүрлі ботқалар мен қоспалар дайындауға болады.
Алтыншы топқа дəруменделген (В, В2 жəне РР дəрумендер қосылған қоспа) ұндарды жатқызуға болады. Бұл тағам түрлерін 6 айға толған балаларға беруге жəне диетикалық тамақтануға рұқсат етіледі.
Жетінші топқа ұнтақ тəріздес көкөніс сорпалары жатады. Оларды 9 айдан асқан балаларға беруге рұқсат беріледі.
Диеталық жəне балалар тағамындағы құрғақ өнімдердің атаулары тобына, қайнатындысының немесе ұнның атауына байланысты қойылады. Мысалы: «Күріш қайнатындысы қосылған сүтті қоспа», «Сүтті кисель».
Мұндай тағамдардың этикеткасында «Балаларға жəне диеталық тағамдар үшін» деген жазу болуы тиіс. Сондай-ақ аталған өнімді қолдану əдістері де жазылуы қажет. Сиыр сүтіне жарма қайнатындысын немесе диеталық ұндарды қосу нəтижесінде жоғарыда айтқандай казеиннің сіңу дəрежесін арттырады. Бірақ та құрамы бойынша ана сүтін алмастыра алмайды.
Сиыр сүтіндегі ақуызды, майларды жəне көмірсулардың қатынасын ана сүтіндегідей нормаға келтіру үшін, сиыр сүтінің құрамындағы майлар мөлшерін өсімдік майын құйып жəне көмірсуды көбейту арқылы жасауға болады. Сонымен қатар қоспаға майда жəне суда ерігіш дəрумендер мен
288
минералды тұздарды енгізу қажет. Нəтижесінде арнайы сүтті негіз дайындалады. (төмендегі схемадан қараңыз)
Арнайы дайындалған сүт қоспасы негізінде сүтті қоспалар дайындалады. Олардың топтық атаулары болады. Мысалы: «Малыш», «Сұлы ұны қосылған сүтті қоспасы Малыш». Арнайы дайындалған сүт негізінде сүтті қоспалар жасалады да оған қосылатын құрғақ заттың атауына байланысты аты жазылады. Мысалы, сүтті қоспалардың негізгі компоненттерінің бірі – ол диеталық ұн. Диеталық ұн арнайы өңдеуден өтеді. Дəл осындай сүтті негізінде «Малютка» сүт қоспасы дайындалады. Оның құрамында диеталық ұнның орнында декстрин – мальтоза кіреді.
«Малыш» жəне «Малютка» сүтті қоспаларын жоғарыда келтірілген жіктелудің бірінші тобына жатқызуға болады.«Малютка» қоспасын сəбидің алғашқы күндерінен екі айға толғанша қолдануға болады, ал «Малыш» қоспасын сəбидің бір айлық кезінен бастап алты айға толғанға дейін қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |