Қазақстан республикасының ауылшаруашылық министрлігі


Қайнатып кептірілген, қайнауды қажет етпейтін жарма өндірісі



бет158/178
Дата24.11.2023
өлшемі3,89 Mb.
#193215
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   178
Байланысты:
аза стан республикасыны ауылшаруашылы министрлігі

3.7 Қайнатып кептірілген, қайнауды қажет етпейтін жарма өндірісі

Жарма дайындаудың технологиялық шарттарына сəйкес қайнауды қажет етпейтін жарманы күріш, қарақұмық, бидай жəне сұлы жармасынан дайындайды .Қайнауды қажет етпейтін жарма қайнатпай-ақ қабылдауға дайын өнім. (10минут үстіне қайнаған су құйып, бөлме температурасында дайындайды). Осылайша мұндай текті өнімдердің дайындалу технологиясы қарапайым асханалық жарманы дайындау технологиясына ұқсас болады.


Дайындау технологиясының сатылар жарманы електе ажыратуды бақылауды,пневмоайыру жəне жуудан тұрады.Електі ажыратуда кездейсоқ түскен жарма бөліктері жəне жəне ұсақ бөлшектелген жəне ұндық,ал пневмоайыруда ішкі қабықша бөлшектері жəне ұнда бөліп көрсетуге болады..

44 - суретте Қайнатып кептірілген, пісіруді қажет етпейтін жарма өндірісінің технологиялық сызбасы көрсетілген.


Жарманы жуу жəне тазалау.Жарма дəндік сепараторда тазаланады. Жарманы түріне байланысты əртүрлі електерөткізеді.Тазаланған жарма магниттелген бөгеттен өтіп, транспортер жүйесі арқылы салмағын өлшеу үшін автотаразыларға бағытталады. Содан соң дəнді жуғыш машиналардың қабылдау бункеріне түсіреді. Жуғыш машинаны дұрыс пайдаланғанда толығымен қауызынан, жартылай тазартылмаған қауыздарынан, минералды қоспалардан жəне ұнды қоспалардан ажыратылады. Балалар тағамын дайындау цехындағы дəндерді жуу машиналарда жарманың болу ұзақтығы 2-3 минутқа созылады.
Жарманы жаншу үрдісі. Сұлы жармасы пісірер алдында білікті қондырғыларда бір-біріне қарама - қарсы бағытта, тең жылдамдықта қозғалатын тегіс біліктердің көмегімен тегістеліп жаншылады. Жарманың

289


өлшеміне байланысты біліктердің арақашықтығы бірдей 1,5—3,0 мм қашықтықта орналастырылады. Бір ескеретін жағдай, жақсы əрі дұрыс жазншылған жармадан, кейіннен көп мөлшерде тұнба алуға болады. Жарманың жазу үрдісін жүргізетін біліктер қоректендіргіш механизммен жəне тегіс жазылған жарманы алып тастайтын арнайы пышақтармен қамтамасыз етілген болуы керек. Себебі түскен өнім біліктің ұзындығының бойымен орналасады (əдетте рифельді біліктер) орналастырылады. Жуылған жарманың ылғалдылығы біркелкі таралуы үшін, жарманың тегістелуі үрдісі дұрыс жүру үшін сондай-ақ ұнды түріндегі қоспалардың жоғалулардың алдын - алу үшін, жарма жуылғаннан соң 10-15 минут жату керек.Сұлы жармасының жаншу үрдісі кезінде жасушалы қабырғасы бұзылады, жасуша құрамы судың əсеріне ыңғайлы болып, тағам заттектерін қайнатпада көбейтеді де, жарманың пісіру уақытын қысқартады.

44- сурет. Қайнатып кептірілген, пісіруді қажет етпейтін жарма өндірісінің технологиялық сызбасы

Жарманы ( күріш, қарақұмық жəне сұлы) артық заттардан тазартып бидай сепараторында 1 жəне 2 автотаразы арқылы дəн жуғыш машинаға бағыттайды. 3.Жуғыш машинада жуылған сұлы жармасын арнайы қондырғыда жазып өңдеп 4, жəне 5 сорғы көмегімен 6 пісіру аппаратына түседі. Содан кейін судың 8-10 есе көп көлемі құйылады. Қарақұмық жəне күріш жармасын өңдеуден өткізбей пісіру аппаратына бағыттайды. Піскен жарма 7 насос арқылы 8 жаншу машинасына келіп түседі. Онда мезга бөлек ажыратылып, кептіргіште кептіріліп қалдық ретінде қолдануға жіберіледіі. Жаншу үрдісі нəтижесінде алынатын сұйық тұнба 9 гомогенизатордың көмегімен гомогенизацияланып, өнімді ысытуға арналған булағыш жейдесі бар жинағыш бөлігінде10 жиналады. Қажетінше жинағыштағы тұнбалар 11 -насос көмегімен 13 тозаңдата кептіргіштің 12 -қабылдағыш бөшкесіне беріледі. Кепкен құрғақ тұнба 14-вибрационды сүзгідееленіп, бөлінген ірі бөлшектері ұсақталып дайын өнімге қайта араластырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет