Қанды тұрақтандыру (стабилизация) - қанның ұюын болдырмау. Қанға тұрақтандыру заттар қосады, ол қанды өңдеу технологиясын жеңілдетеді. Сұйық қанның құрамында толық құнды ақуыз фибриноген қалады. Тұрақтандыру үдерісін тамақтық жəне техникалық мақсатқа арналған қанға қолданады. Малды сояр алдында, тұрақтандыру затын əдейілеп қан жинайтын ыдысқа құйып қояды. Алғаш қанды ыдыста жинап, 30-40 сек. араластырады. Азықтық қанды тұзбен тұрақтандырады (қанның салмағынан 10 %), бұл қан 1-2 тəуліктей ұйымайды. Жақсы тұрақтандыру заттарына фибризол, лимонқышқылды натрий, фосфорқышқылды натрий жатады. Оларды 10% сулы ерітінді түрінде, мөлшері 0,25 % қанның салмағына шағып қолданады. Бұл əдіспен тұрақталған қанды 5 т əулікке дейін сақтауға болады. Өте жоғары тұрақтандыру қасиеті бар заттар қатарына табиғи гепарин кіреді. Ол малдың өкпесінде, қара бауырында жəне т.б . мүшелеріне болады. Оның 1 грамымен 20 л қанды тұрақтандыруға болады, дегенмен оны малдың мүшелерінен бөліп алу қиын, сол себептен өте қымбат.
Техникалық мақсатқа алынған қанды тұрақтандыру үшін синатрин –
қолданылады, 1 тонна қанға 67 г. Тұрақтындыру үдерісін малды қансырату кезінде жүргізе беруге болады, синатрин ерітіндісін əдейі қойылған форсунка арқылы қосады.
Қанды консервілеу – тамаққа пайдаланатын қанды NaCl мен консервілейді, 10 % тұзбен консервіленгенде қан – 5-6оС 15 тəулікке дейін сақталады. Аммиакпен де консервілеуге болады. Иісін ұшыру мақсатпен
қанды пайдаланар алдында аздап жылытады. Техникалық мақсатқа пайдаланатын қаннан фибринді бөліп, күшті антисептиктер (крезол немесе фенол) қосады, 2,5 кг- 1тонна қанға. Қан бұзылмау үшін оны мұздатады,
-10оС - 6 айға дейін сақтауға болады.
Қаннан фибринді айыру - тамаққа, не болмаса дəрі жасауға алынатын қаннан фибринді бірінші минутта, қан ұйымай тұрғанда тездетіп айырады. Тамақтық қанды 2-5 минуттай қолмен не болмаса дефибринатор апаратымен араластырады. Фибринді жіп түрінде айырады, ал қалған фибриннен толық айыру мақсатпен, қанды елеуіштен (1-2 мм) өткізеді. Фибриннің шығымы 5%-дай шамасында болады. Фибриннен айырылған, ұйыған техникалық қанды ұсақтайды, 2-3 минут (десмембратор, дезинтегратор аппараттары). Бұл үдерісте де 10-12% - дай фибрин бөлінеді, ол қанға қарағанда өте жеңіл, сол себептен бетіне қалқып шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |