Шыжықтан шыжғырылған май немесе майсулы суспензияны бөлу
Шыжықты су мен будан айналмалы торлы барабанда бөледі. Майды су көйлегі бар ашық қазанда шыжғырғанда шыжықты бөледі, майды майсулы суспензиядан төге отырып алады.
Май массасын бөлу 70-90 немесе 48оС-та түседі. Май массасын ротационды фильтрде сүзгеннен кейін шыжқты ылғалды прессте сығады. Центрафугалаудан немесе пресстеуден кейінгі шыжықтағы ылғалдың массалық үлесі 60-70%, май 8-13%.
Майды тазарту шыжғырудан кейін майдан ылғалды немесе артық қоспаларды жою үшін сепарирлеу мен тұндыру қолданылады. Тазартудың бұл əдістері ылғал, қоспа жəне май тығыздығының əртүрлігіне негізделген. Сепарирлеуге 90-100оС температурадағы майды жібереді, оған 80-90оС дейін жылытылған 10-15% су құяды.
Май 60- 65оС-та 5-6 сағат шамасында тұнады. Артық ақуыз бөлшектерінің тұтуын жəне эмульсияның бұзылуын жылдамдату үшін майға 1-2% мөлшерінде құрғақ қайнатыған тұз 1немесе 2 помол қосады.
Достарыңызбен бөлісу: |