Айран сапасына қойылатын талаптар. Айранның консистенциясы біртекті, ұйытындысы бұзылған немесе бұзылмаған болу керек, 2,5% майлылықты жеміс-жидек айраны үшін – сұйық, газ көпіршектерінің болуы рұқсат етіледі. Айранның дəмі мен иісі таза, сүт қышқылды, сəл өткір, бөтен дəм мен иіссіз, ал жеміс-жидек айраны үшін – жеміс татымды болуы керек. Түсі – ақ немесе сəл кремді, жеміс-жидек айраны үшін – жеміс - жидек сиропының түсі, қышқылдылығы 85-120°Т, жеміс- жидек айраны үшін – 85-110°Т, спирт мөлшері – 0,6%. Ащы аммиакты, азықтық жəне басқа татымды айранды пайдалануға болмайды. Айранды 8° С температурада 36 сағатқа дейін сақтайды.
Айран өндіру үшін шикізат. МЕМСТ 13264-84 бойынша 2 сорттан төмен емес əзірленген сиыр сүті;тірі жəне құрғақ айран саңырауқұлақтары;мезофильді, термофильді, сүт қышқылды бактериялар жəне ашытқылармен таза дақылдар;МЕМСТ 2874-82 бойынша ауыз суы.
39- сурет. Сүтқышқылды сусындардың термостатты əдіспен өңдеу өндірісінің технологиялық желісінің сұлбасы:
1- шикі сүтке арналған сыйымдылық; 2 – сорғы; 3 – теңгеруші бачок; 4- пластиналы пастеризационды –салқындатқыш; 5 - басқару пульті; 6- қайтару клапан; 7- сепаратор-нормализатор; 8- гомогенизатор; 9- сүтті ұстау сыйымдылығы; 10- ашыту сыйымдылығы; 11 - сүтті қорабтау машина ; 12- термостатты камера; 13- салқындатқыш камера; 14- дайын өнімді сақтау камерасы.
Достарыңызбен бөлісу: |