Қазақстан республикасының ауылшаруашылық министрлігі


Дұрыс емес немесе анық емес маркіленген



бет199/272
Дата28.12.2021
өлшемі3,89 Mb.
#128904
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   272
Байланысты:
консерв окулык

Дұрыс емес немесе анық емес маркіленгенмайды, ішінен зақымданған, бөтен қоспасы бар сары майды; ашыған, балық немесе көгерген дəмді, сонымен қатар мұнай өнімдері мен жəне химикаттар мен бірге сақтағанда болады. Татымды қорытылған майды, бөтен дəм мен иісті, өнім түріне тəн емес, қосылған толтырғыш дəмі мен иісі білінбейтін толтырғьш бар сары майды саудаға жібермейді.

Майды орау жəне сақтау. Сары жəне қорытылған май өлшенетін жəне оралған түрде өндіріледі. Сары майды 24 кг дейін ағаш жəшікке; 20 кг дейін картон қораптарға салады. Жəшіктерге салар алдында оған пергамент немесе фольга төселеді. Қорытылған майды 40 жəне 80 кг—нан бөшкелерге салады.

234

Бөлшек сауда үшін майды брикет түрінде пергаментке немесе фольгаға 100, 200, 250 г-нан орайды; қорытылған майды шыны ыдысқа 450,

  1. г-нан, қаңылтыр банкіге 350 жəне 2700 г-нан салады.

Тұтынушылық ыдыстағы əрбір өнім бірлігінде келесідей мəлімет болу керек: кəсіпорын аты, тауарлық белгісі немесе кəсіпорын нөмірі, нетто массасы, май түрі, 100г өнімінің тағамдық жəне энергетикалық құндылығы, орау күні, өткізу мерзімі, стандарт нөмірі.

Сары май –3оС дейін температурада 80% салыстырмалы ауа ылғалдылығында: пергаментте оралған – 10 күн; фольгада – 20 күн; полимерлі стакандар мен қорапта – 15 күн; металл ыдыста - 90 күн сақталады.

Қорытылған май 0-ден -3оС дейін температурада шыны банкіге салынса 3 ай, ал металл ыдысқа салынса 12ай сақталады.

Сақтау кезінде майды жарық əсерінен қорғап ауа айналымын қамтамасыз ету керек.

Барлық май түрлерін өңдеуде шаруашылық майы өндірісінде сиыр сүтінің 1 жəне 2 сорттары жарамды. Əрине, майлылығы жоғары сүттен алынатын майдың сапасы да жоғары болады. Сүт майы сүттің энергетикалық бағалы компоненті, сонымен қатар, сүт тағамдарының дəмін, консистенциясын, тағамдық қасиетін арттырады. Сүт майы суда ерімегенмен, органикалық еріткіштерде эфир, бензин, хлороформда жақсы ериді. Сүттегі май орташа 3,6 % құрайды.

Сүт майының құрамы тым күрделі. Негізгі бөлігі үш глицерид. Оның сыртында майға ұқсас фосфолипид, стеарин жəне басқалары болады. Бір сөзбен айтқанда бұларды липидтер деп дейді. Липидтер жан-жануарлар жасушалары мен ұлпаларының ажырамас құрамдас бөлігі. Олар қуат көздері болып саналады, яғни ағзаны энергиямен қамтамасыз етуші жасушалар мен ұлпаларды қоректендіруші.

Ғалымдар сүт майының құрамында май қышқылдарының 100-ден астам түрінің кездесетінін, оның 12 түрі ғана барлық күрделі заттың 1% көлемінен сəл ғана көбірек болып, қалғандары мүлде аз мөлшерде жүретіндіктен майдың физикалық жəне химиялық қасиеттеріне мүлде əсері жоқ болатынын анықтаған. Қышқылдар қаныққан жəне қанықпаған болады. Осылардың ішінде қаныққандары сүт майы қышқылдарының 65% құрайды. Сүт майы қышқылдарының мөлшері мен құрамы малдың түріне, тегіне, жыл мерзіміне жəне азық құрамына қарай əркелкі болады. Майдың ерігіштігі үш глицеридке байланысты. Жаңа сауылған сүтте май түйіршіктері сұйық күйінде болады. 30оС- қа дейін салқындатқанда бірінші жоғары температурада балқитын үш глицеридтер қатады. Одан төмендеткенде басқа фракциялары қатады. Майдың осы қасиеті сары май алуда ескеріліп, шайқау температурасын дұрыс таба білуге мүмкіндік береді.


235

Сүтті қабылдау.Май өндірісіне стандарт талаптарына жауап беретін табиғи сүт қабылданады. Өндіріске əкелінген сүтті органолептикалық жəне лабораториялық зерттеулер бойынша бағаланғаннан кейін қабылданған сүтті сорттайды. Кемшіліктеріне байланысты төменгі сортты сүттің қолданылуы туралы əр жағдайда əр түрлі шешім қабылданады. Май өндірісіне I жəне II сорттағы сүтті ғана пайдаланады.

Сүттің көлемін таразының көмегімен анықтайды. Сүтті тағам өндірісінде рұқсат етілген материалдармен сүзіп қабылдайды. Сүттің температурасы 10оС-тан аспауы керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет