Басытқылық бутербродтар (канапе).Кішкентай басытқылық бутербродтар(канапе) банкеттік басытқыларға жатады. Оларды əртүрлі – ет жəне балық өнімдерден көкөністер, жемістер, жұмыртқа жəне сары маймен сəнді рəсімдеп, нан шпажкасымен бекітіп жасайды (сурет 49). Канапе дайындау үшін бидай нанынан қабығын алып тастап, 0,5 см көлеміндегі тілімдерге турайды, қуыру шкафында немесе тостерде кептіріп, суытады жəне үшбұрышты, ромбы тəрізді түрінде турайды. Нан тілімдерін сары майға қуыруға болады. Əтүрлі фигуралы крутондарды қабатталған жəне
300
басқа қамырдан пісіруге болады.Басытқылық бутербродтардың көлемі 4*4 см аспау керек. Бутербродтар үшін нанның қалыңдығы 0,5 см болуы қажет. Жабық бутербродтарды қағаз салфетка төселген тарелкеде немесе табада ұсынылады.
Басытқылық бутербродтарды (канапе) табақшаларда, ұсақ асханалық тəрелкелерде жəне басытқылық тəрелкелерді сəнді қағаз майлықпен береді.
49-сурет. Басытқылық бутербродтар (канапе)
Достарыңызбен бөлісу: |