Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Универстеті Кафедра: Тарих және педагогика



бет2/4
Дата04.02.2022
өлшемі22,64 Kb.
#130731
1   2   3   4
Байланысты:
2 апта Сайлау Аружан

Бірінші кезең – әлеуметтік психологияға дейінгі теориясы. Ол антик (көне), ортағасырлық және ХІХ ғасырдың орта шеніне дейінгі кезеңді қамтиды.
«Психология» термині «псюхе» - жан, «логос» - білім немесе зерттеу деген екі сөзден тұрады. Алайда оны ұсынған, адамның психикалық өмірінің ерекшеліктерін анықтауға елеулі үлес қосқан антикалық ғалымдар емес, теолог әрі философ Гоклениус болды; терминнің ең алғаш рет қолданылуы 1590 жылмен белгіленеді. Неміс философы Христиан Вольфтың «Рационалдық психология» (1733) және «Эмпирикалық психология» (1734) деген еңбектері жарық көргеннен кейін «психология» термині кеңінен таралды. Алайда адам мінез-құлқының ерекшеліктері туралы білімнің бастауын антик (көне) натуралистердің еңбектерінен іздестірген жөн.
Гиппократ, Платон, Аристотель есімдері барлығына жақсы таныс. Олар көптеген ғылымдардың негізін қалаған деп есептелінеді, бұл жерде әлеуметтік психология да тыс емес.
Аристотельдің жас Македонскийдің ұстазы болуына орай, ол өзі жаулап алған жерлерінен өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін ұстазына жіберіп отырған. Міне осылайша, тірі ағзалардың мінез-құлқын бақылау мен талдауға эмпирикалық бай негіз болған деректер көп жинақталды. Кейіннен психологияның түсіндірмелі, ең алдымен себептілік және даму принциптерінің құрылуына алып келген Аристотельдің психологиялық ілімі осындай зерттеулердің нәтижесі болды. Аристотель: жанның қызметі мынадай баспалдақ түрінде орналасады деді: төменгі элементтер өте жоғары тәртіптегі (реттегі) элементтердің пайда болуына негіз болады. Вегетативті функциялардан кейін сезіну (түйсіну), ал одан кейін – ойлау қабілеті қалыптасады. Мінездің дамуын түсіндіре келе Аристотель адам түрлі әрекеттерді жасай отырып, қазір қандай болса, сондай қалыпқа жетеді деп сендірді. Бұл қоршаған ортаға деген өнегелі адамгершілікті қатынасты білдіреді, яғни адамның психикалық дамуын оның іс-әрекетіне, әсіресе қоғамдық іс-әрекетіне тәуелді етеді. Бұл жағдайдың жақсы көрінісін, адамның әлеуметтік мінез-құлқының 30 типін суреттеп берген ежелгі грек зерттеушісі Теофрастың «Мінездер» деген еңбегінен таба аламыз. Адамдарды адамгершілік сапаларына (жағымпаздық – екі жүзділік, боссөздік, т.б. орай жіктеу Теофраст замандастарының әлеуметтік бет бейнесін көрсетті.
Гиппократтан біздің заманымызға дейін сангвиник, холерик, меланхолик, флегматик деген төрт темперамент атауы келіп жеткен. Болашақ әлеуметтік психология үшін мұндай бөлінудің маңызы зор болды, өйткені адамдар арасындағы сансыз айырмашылықтар бірнеше жалпы сипаттамалармен ғана шектелді. Осы арқылы адам мінез-құлқының ғылыми типологиясына бастама жасалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет