Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
МӨЖ
Тақырыбы: Философия, оның пәні мен қоғамдық маңызы. Философия және оның адам мен қоғам өміріндегі алатын орны
Орындаған: МТО-901 Жүкетай С.Б.
Тексерген: Мукатаева А.А.
Семей қ.
2019 ж.
Философия, оның пәні мен қоғамдық маңызы. Философия және оның адам мен қоғам өміріндегі алатын орны
Адам басқа тіршіліктерге қарағанда ерекше пенде - ол өзін бүкіл Дүниеден бөліп алып, оған қарсы қоя алады. Менің осы Дүниедегі орным қандай? Мен бұл өмірге не істеу үшін келдім? Адамды Құдай, я болмаса ²ұлы мәртебелі Табиғат² неге жаратты? Бұл Дүниені адам танып түбіне жете алар ма екен? Егер мен бұл Дүниеге уақытша ғана келсем, онда бұл өмірдің мәні неде?, - деген осындай және мыңдаған басқа сұрақтар адамның ойына оқтын-оқтын келеді. Әрбір адам өзінің ой-өрісі, өмірден алған тәжрибесі, жалпы мәдениетінің деңгейіне қарай бұл сауалдарға жауап беріп, өзіне тән дүниеге деген көзқарас қалыптастырады.
Алайда, қайсыбір Дүниеге деген көзқарасты философияға жатқызуға болмайды, өйткені, соңғыға тек қана абстрактылық ой-өріс дамуының негізінде Дүниені ұғымдармен бейнелеу түрі жатады (abstractіo – латын сөзі, -ой арқылы заттың, құбылыстың әр-түрлі жақтарын бір-бірінен бөліп алып қарау). Олай болса, философия – Дүниеге деген дамыған көзқарас түрі.
Тарихи дүниеге деген көзқарастың тұрпайы түрі алғашқы қауымдық қоғамның шеңберінде Дүниеге келеді. Оны біз
Достарыңызбен бөлісу: |