Қ
АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы
:
Дәнді дақылдарды сақтау
Орындаған: Ахыметбек С
Топ: АГ – 313С
Тексерген:Байгаринова Р.М
Семей - 2015
Жоспар:
КІРІСПЕ
Ө
німді сақтаудың қысқаша тарихы
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Ө
німді сақтаудың Я.Я. Никитинский жасаған негіздері
(принциптері)
2.2.
Астық сақтаудың негізгі тәсілдері
2.3.
Сақтау кезінде астықта болатын шығындар
Қ
ОСЫМША БӨЛІМ
Қ
орытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Ө
німді сақтаудың қысқаша тарихы
Адамзат өсімдік өнімдерін, тіпті жабайы өсімдік дәндерін азық
ретінде пайдаланғаннан бастап, оны сақтаумен айналысып келеді. Өсімдік
дәндері, әсіресе, мәдени дақыл дәндері жылдың бір мезгілінде ғана өнім
беретіндіктен және сол өнімді жыл бойы тұрақты түрде бір қалыпты
тұтыну қажет болғандықтан өнімді сақтау мерзімін арттыруға, оның
сапасын жетілдіруге бағытталған жұмыстар жүргізілген. Азықтың бұл
түрін сақтау үшін әр түрлі жер асты қамбалары, ағаштан, тастан жасалған
жер бетіндегі қоймалар пайдаланылады. Оларға мүмкіндігінше қолайлы
жағдай жасау арқылы сақтау мерзімін арттырып отырды. Ол туралы
мәліметтер археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу барысында көптеп
табылған. Солардың бірі ретінде осыдан 700 - 800 жыл бұрын Қап тауында
жер астына көмілген жалпы сыйымдылығы 750т болатын, көлемі әр түрлі
80-нен астам қыш құмыраларды айтуға болады. Құмыралардың кейбірінде
бидай мен арпа дәндері сақталып қалған. Бұл құмыралардың
ерекшеліктері - арнайы саз балшықтан жасалып, отқа күйдіру арқылы
ылғал өтпейтін затқа айналдырып, ішіне кептірілген, таза дәндерді салған
соң құмырадағы ауаны шығару арқылы ауасыз орта жасалып, аузы
нығыздалып жабылған. Осылайша дәннің сақталуына қолайлы жағдай
жасаған.
Египетте Таяу Шығыс елдерінде де дәл осындай тәсілдермен өнімді
сақтау жүзеге асырылып отырған. Осыған ұқсас деректерді көптеп
келтіруге болады.
Кейіннен көптеген ғылымның, оның ішінде, математика, физика,
химия, микробиология, т.б. ғылымдардың дамуы әсерінен өнімді сақтау
ғылыми жолға қойыла бастады. XIXғасырдың ортасында сол кездегі
ғылым жетістіктерін пайдалана отырып, механикаландырылған силос
типтес элеваторлар салынды. Олардың алғашқысы Американың Чикаго
қаласында 1839 жылы іске қосылды. Көп уақыт өтпей мұндай элеваторлар
Еуропа елдерінде, Ресейдің портты қалаларында да салына бастады.
Қ
азақсытанда элеватор құрылысы 1920 – 1930 жылдары басталса, ірі
элеваторлар 1950 жылдардың ортасында, яғни, тың игеру жылдарында
салынды. Осы жылдары өнімді сақтаудың ғылыми базасын қалыптастыру
мақсатында ғылыми зерттеу институттары ашылып, лабораториялар іске
қосылды. Жоғары оқу орындарында осы салада маман кадрлар дайындау
қолға алынды.
2.1. Ө