Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі


Туровский И.С. Обработка осадков сточных вод.М.: Стройиздат, 1988



бет3/9
Дата24.04.2017
өлшемі1,13 Mb.
#14805
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2.8. Туровский И.С. Обработка осадков сточных вод.М.: Стройиздат, 1988.



Дәріс № 8

Тақырыбы: Атмосфералық ауаны, су және топырақ ресурстарын қорғау шаралары.

Мақсаты: ауаны, топырақты, суларды тазарту тәсілдерін білу.
Жоспар

1) Атмосфералық ауаны қорғау шаралары.

2) Топырақ ресурстарын қорғау шаралары.

3) Су ресурстарын қорғау шаралары.

Ақаба немесе шайынды, ағынды су деп бұрын өндірісте, тұрмыста немесе ауыл шаруашылығында пайдаланылған, сондай-ақ қандай да бір лас аймақ, оның ішінде елді мекен арқылы өткен су. Былайша айтқанда адамның тұрмыста және өндірістік іс-әрекетінде пайдаланылғаннан кейін шыққан су.

Ақаба су гетерогенді күрделі жүйе болып саналады, оның құрамында болатын органикалық және минералды түрде кездеседі. Құрамы мен пайда болған түріне байланысты ақаба сулар үш негізгі категорияға шаруашылық-тұрмыстық, өндірістік және атмосфералық болып бөлінеді.

Ақаба судың шаруашылық-тұрмыстық ластағыш түріне байланысты зәрнәжістік ластанған және шаруашылық ластанған болып ажыратылады.

Негізінде минералды заттектермен қатар олардың құрамында органикалық заттектер, бактериялар, микроорганизмдер болады. Өндірістік ақаба сулардың құрамы технологиялық процестер мен қолданылатын материалдар түріне және шикізаттың химиялық қасиеттеріне тәуелді. Өндірістік ақаба су ластанған және нормативтік таза болып ажыратылады. Атмосфералық ақаба су нөсер және қар суы болып бөлінеді.

Табиғатты, қоршаған ортаны ластанудан қорғау мен табиғи ресурс ретінде тиімді пайдалану мақсатында қайтарылып қолдану үшін ақаба су құрамындағы ластағыш заттардың түрі мен мөлшеріне қарай әртүрлі әдіспен тазаланылады. Бұларға механикалық.

Механикалық әдісте ақаба судағы ірі және ұсақ түйірлі тез тұнатын бөлшектерді өздігімен тұндырып немесе оларды және қалқып шығатын заттектерді тұңдырғыш, сүзгіш, құмұстағыш арқылы өткізіп, немесе әртүрлі конструкциялық техника құралдарын қолданып, ал беттік ластағыштарды-мұнайұстағыш, май мен смолааулағыш жабдықтармен материалдарды пайдалану арқылы жояды.

Химиялық әдісте ластағыштардың физикалық-химиялық қасиеттерін ескере отырып, оларды химиялық агенттерді қолдану арқылы жояды. Химиялық тазалауда қолданылатын негізгі әдістерге нейтралдау, тотықтыру және тотықсыздандыру жолдары жатады.

Нейтралдау процесін құрамындағы қышқылы немесе сілтісі бар ақаба суының рН мағынасын 6,5-8,5 аралыққа келтіру мақсатында қолданылады. Нейтралдау үшін қышқылды ақаба суымен сілтілі ақаба суын араластыруға, реагенттер қосуға, ақаба суын нейтралдау қасиеті бар сүзгіш материалдар арқылы жіберуге болады. Сүзгіш материал ретінде әк, мрамор және доломит қолданылады. Бұл әдіспен әдетте, құрамындағы әр түрлі минералды қышқылдары бар ақаба сулары тазартады. Сілтілі суларды нейтралдау мақсатында құрамындағы СО, SО,NО оксидтері бар түтінді газдарды жіберу әдісі меңгерілуде бұл жағдайдың қолайлығы екінші жағынан тастандылардың құрамындағы зиянды заттардан құтылу мәселесіде шешіледі.

Тотықтандыру процесі ақаба суындағы улы қоспаларды басқа жолмен шығару қолайсыз немесе мүмкін емес болғанда ғана қолданылады. Ақаба суды тазалауүшін тотықтырғыш ретінде газ тәрізді немесе сұйытылған хлор, ауа оттегі, озон, сутек тотығы, калий перменганаты және басқа реагенттер пайдаланылады.
Озондау ақаба суын мұнай өнімдерін , фенолдан, күкіртті сутектен, цианидтерден және басқа да қоспалардан тазалауға қолданылады. Күшті тотықтырғыш болғандықтан озонның сулы ерітінділердегі органикалық заттектерді және басқа қоспаларды ыдырататын қабілеті өте жоғары. Сонымен, бірге суды озондағанда оған жағымсыз иісі, дәмі, бояуы жоғалып, залалсызданады. Хлорлау әдісімен салыстырғанда озондау әдісінің артықшылығы бар, біріншіден озонды тікелей су тазалайтын жерде озонаторларды орнатып, ауа оттегінен электр тоғын ажырату процесін пайдалану арқылы алуға болады. Екіншіден, хлорлау бірқатар жағдайларда ауыз суда зиянды заттектердің соның ішінде мутагендер мен канцерогендер түзілуіне апрып соғуы мүмкін, сондықтан оның орнына озондау әдісінің қолданылғаны қолайлы.
Бақылау сұрақтары:

1) Ауаны таза ұстаудың шаралары.

2) Ластанған судың механикалық жолмен тазарту әдісі

3) Ластанған суларды химиялық жолмен тазарту әдісі.

4) Ластанған суларды тазартудың биологиялық әдісі.

5) Топырақты тұзданудан сақтау.

6) Жерді құмға айналудан сақтау.

7) Жерді батпақтанудан қорғау.

8) Топырақтағы қоректік заттарды сақтау.

9) Топырақты уланудан қорғау.

10) Топырақты қалпына келтіру (рекультивация).

Әдебиеттер

1.2. Оспанова Г.С.Бозшатаева Г.Т. Экология. Алматы: Экономика,2002.-403 б.

1.5.Калыгин В.Г. Промышленная экология.– М.: Изд-во МНЭПУ, 2000. -239 с.

1.6. Инженерная экология /Под ред.В.Т.Медведева.-М.: Гардарики, 2002.-687с.

2.4. Родионов А.И., Клушин В.Н., Торочешников Н.С. Техника защиты окружающей среды.М.:Химия, 1989.

2.5.Наркевич И.П. Классификация промышленных отходов //Хим.пром.1980.-№4.С.51-54.

2.6. Наркевич И.П.,Печковский В.В. Утилизация осадков сточных вод.Л.: Стройиздат, 1989.

2.7. Краснобородько И.Г. Деструктивная очистка сточных вод от красителей. Л.:Химия, 1988.

2.8. Туровский И.С. Обработка осадков сточных вод.М.: Стройиздат, 1988.



Дәріс № 9

Тақырыбы: Қазба байлықтарды пайдаланушылардың классификациясы. Қазба байлықтарды өндірудің қоршаған ортаға әсері.

Мақсаты: ауаны, топырақты, суларды тазарту тәсілдерін білу.
Жоспар

1) Қазақстан минералдық ресурстары.

2) Қазақстанның мұнай мен табиғи газ ресурстары.

3) Қазақстанның қазба байлықтары. Жіктелуі. Тиімді пайдалану.

Қазақстан минералдық ресурстарға өте бай. Қазақстан дүние жүзінің 186 елінің ішінде вольфрам, қорғасын және барийдің қоры бойынша бірінші орында, хромит, күміс және цинк бойынша екінші, марганец және молибден – үшінші, мыс – төртінші, уран – бесінші, алтын – алтыншы, темір кені – жетінші, қалайы мен никель – сегізінші, көмір мен табиғи газ – тоғызыншы, мұнай бойынша – он үшінші орында. Қазақстан жерінде хромиттің әлемдік қорығының үштен бір, уран мен марганецтің төрттен бір, темір кенінің оннан бір бөлігі орналасқан. Қазақстанда барланған тас көмір және қоңыр көмірдің қоры 200 млрд.тоннадан астам. Көмір бассейіндеріне Қарағанды, Екібастұз, Майкөбен, Обаған, Жіліншік Теңіз-Қорғалжың, Шу, Іле (Қалжат), Төменгі Іле (Оңтүстік-Балқаш) және Орал-Каспий (Жайық-Жем) жатады.

Әдебиеттер

1.2. Оспанова Г.С.Бозшатаева Г.Т. Экология. Алматы: Экономика,2002.-403 б.

1.5.Сағындыков. Экономика және экология.– Алматы: Экономика, 2000. -239 с.

1.13. Серікбаева А. Өнеркәсіптік экология. Оқу құралы /А.Серикбаева. – Астана: Фолиант, 2015. – 224 бет.

1.14. Рыскиева Г.Ә. Өнеркәсіп экологиясы оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2011. – 262 бет.



Дәріс № 10

Тақырыбы: Радиоактивтік ластанулар және радиоактивті қалдықтарды залалсыздандыру. Урбоэкология және құрылыс.

Мақсаты: Қазақстандағы радиациялық жағдай туралы білу.
Жоспар

1) Қазақстандағы радиациялық жағдай.

2) Радиоактивтік ластанулар.

3) Радиоактивті қалдықтар.

Қазіргі кезеңнің өзекті мәселерінің бірі - радиациялық ластану болып қалып отыр. Радиоактивті ластанумен куресу тек алдын алуц сипатында ғана болады. Себебі табиғи ортаның мұндай ластануын нейтралдайтын биологиялық ыдырату әдістері де, басқа да механизмдері де жоқ. Қоректік тізбек бойынша тарала отырып (өсімдіктерден жануарларға) радиактивті заттар азық-түлік өнімдерімен бірге адам ағзасына түсіп, адам деңсаулығына зиянды мөлшерге дейін жиналуы мүмкін.

Қазақстан территориясында құатты ядролық сынақтардың ең көп мөлшері жасалды. Семей полигонда 1949-дан 1989 жылға дейін 470 ядролық жарылыс, оның 90-ы ауада, 354-і жер астында және 26-ы жер бетінде жүргізілген. Олар Қазақстан территориясының біраз ьөлігінің радиациялық ластануына әкелді. Шығыс Қазақстан тұрғындары Хиросима-Нагасаки мен Чернобыльдан кейінгі ең үлкен иондаушы сәулелену дозасын алған. Радиациялық әсерге байланысты туған аурулар туралы мәліметтер 1989 жылға дейін құпия сақталып келді. Ресми емес көздердің мәліметтеріне сүйенсек лейкемиядан қайтыс болғандар саны ондаған мың адамды құрайды.

Қазақстан территориясында радиациялық ластану себептеріне мыналар жатады: Семей ядролық полигонында жасалған жарылыстардың салдары, радиоактивті материалдарды пайдаланатын атомдық өнеркәсіп орындары, ғаламдық жауындар, халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатында жасалған жер асты ядролық жарылыстар, табиғи радиоактивтілік, радиоактивті қалдықтар.
Бақылау сұрақтары:

1) Радиоактивтік ластану.

2) Семей ядролық полигоны.

3) Халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатында жасалған жер асты ядролық жарылыстар.

4) Радиоактивті материалдарды пайдаланатын атомдық кәсіпорындар.

5) Ғаламдық жауындар.

6) Табиғи радиоактивтік фон.

7) Радиоактивті қалдықтар. олардан қорғау.

8) Урбоэкология және құрылыс.
Әдебиеттер

1.2. Оспанова Г.С.Бозшатаева Г.Т. Экология. Алматы: Экономика,2002.-403 б.

1.5.Калыгин В.Г. Промышленная экология.– М.: Изд-во МНЭПУ, 2000. -239 с.

1.6. Инженерная экология /Под ред.В.Т.Медведева.-М.: Гардарики, 2002.-687с.

2.4. Родионов А.И., Клушин В.Н., Торочешников Н.С. Техника защиты окружающей среды.М.:Химия, 1989.

2.5.Наркевич И.П. Классификация промышленных отходов //Хим.пром.1980.-№4.С.51-54.



III. Лабораториялық-практикалық сабақтар

Лабораториялық сабақта кейбір күрделі сұрақтарды оқып білу және студенттердің өздік жұмысының ќорытындысы болып табылады. Практикалыќ сабаќта студенттер көкейкесті мәселелерді дұрыс жеткізе алуға және өз ойларын, пікірлерін ортаға салып, емін еркін айта алады. осының бәрі ќазіргі уаќыт талабына сай жаќсы маман болуда зор үлес ќосады.


1 Лабораториялық-практикалық жұмыс

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының табиғи ресурстары.

Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарының жіктелуімен, тиімді пайдалануымен танысу.

Бақылау сұрақтары

1) Ресурстар туралы түсінік.

2) Табиғи ресурстарыдың жіктелуі.

3) Табиғи ресурстарының сарқылу мәселелері.

4) Қалпына келетін және қалпына келмейтін ресурстар.
Әдебиеттер

1.2. Оспанова Г.С.Бозшатаева Г.Т. Экология. Алматы: Экономика,2002.-403 б.

1.5.Сағындыков. Экономика және экология.– Алматы: Экономика, 2000. -239 с.

Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. Алматы. 2003, 27-41 б.

1.13. Серікбаева А. Өнеркәсіптік экология. Оқу құралы /А.Серикбаева. – Астана: Фолиант, 2015. – 224 бет.

1.14. Рыскиева Г.Ә. Өнеркәсіп экологиясы оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2011. – 262 бет.

2 Лабораториялық-практикалық жұмыс

Тақырыбы: Табиғи ортаны қорғау заңдары

Сабақтың мақсаты: ҚР табиғи ортаны қорғау заңдарымен танысу. Қазақстан Республикасындағы табиғатты қорғау іс-әрекетінің заң шығарушы және нормативтік-құқықтық базасымен танысып оны меңгеру.

Бақылау сұрақтары

1) Атмосфераны қорғау заңы.

2) Гидросфераны қорғау заңы.

3) Литосфераны қорғау заңы.

4) Өсімдіктер, жануарлар дүниесін қорғау заңы.


Әдебиеттер:

Қазақстан Республикасындағы табиғатты қорғау туралы нормативтік-құқықтық базасы.


3 Лабораториялық-практикалық жұмыс

Тақырыбы: Зиянды заттардың ауа бассейініне шектеулі рұқсат етілген шығарулары (ШРЕШ)

Мақсаты: Зиянды заттардың ауа бассейініне шектеулі рұқсат етілген шығаруларын (ШРЕШ) есебімен танысу.
Бақылау сұрақтары:

1) Шектеулі рұқсат етілген шығарулары туралы түсінік.

2) Зиянды заттардың ауа бассейініне шектеулі рұқсат етілген шығаруларын (ШРЕШ) есебі.

3) Есеп беру.


Әдебиеттер

4.1.2. Охрана окружающей среды: Учебное пособие / Под. ред. С.В. Белова. – М.: Высшая школа, 1991.-319 с.



4.1.5. ОНД-86. Методика расчета концентраций в атмосферном воздухе вредных веществ, содержащихся в выбросах предприятий. – Л.:Гидрометеоиздат, 1987.-94с.

4.2.9. Сарсембенова О.Ж.Өнеркәсіптік экология. Әдістемелік нұсқау.Семей.



4.2.10.Охрана окружающей среды: Справочник. Сост. Л.П.Шариков. – Л.:Судостроение,1978.-382с.

4 Лабораториялық-практикалық жұмыс



Тақырыбы: Зиянды заттардың су бассейініне шектеулі рұқсат етілген қалдықтары (ШРЕҚ)

Су объектілеріне пайдаланылған қалдық сулар арқылы түсетін заттардың шектеулі рұқсат етілген қалдықтарының (ШРЕҚ)ПДС-ін анықтау



Мақсаты: Студенттерді пайдаланылған ағын суларды су объектілеріне жіберу шартын анықтауға, суды қорғау шараларының программасын құруға, ПДС жобаларын жасауға, су қоймасының ластануынан болатын экономикалық шығынды анықтауға үйрету.Бір және көп қабатты өндіріс ғимараттарының негізгі конструкцияларымен танысу.ШРЕҚ-ті есептеу әдісі «Су объектілеріне пайдаланылған қалдық сулар арқылы түсетін заттардың ШРЕҚ-ін анықтау бойынша әдістемелік нұсқауда» көрсетілген.

Бақылау сұрақтары:

1) Шектеулі рұқсат етілген қалдықтары туралы түсінік.

2) Су объектілеріне жіберілетін заттардың шектеулі рұқсат етілген қалдықтары.

3) Есеп беру.
Әдебиеттер

2.1. Яковлев С.В., Карелин Я.А., Ласнов Ю.М., Воронов Ю.В. Очистка производственных сточных вод. – М.:Стройиздат. 1985.-460с.

1.2. Охрана окружающей среды: Учебное пособие / Под. ред. С.В. Белова. – М.: Высшая школа, 1991.-319 с.



1.5. ОНД-86. Методика расчета концентраций в атмосферном воздухе вредных веществ, содержащихся в выбросах предприятий. – Л.:Гидрометеоиздат, 1987.-94с.

2.9. Сарсембенова О.Ж.Өнеркәсіптік экология. Әдістемелік нұсқау.Семей.



2.10.Охрана окружающей среды: Справочник. Сост. Л.П.Шариков. – Л.:Судостроение,1978.-382с.


Студенттердің білімін тексеруге арналған бақылаусұрақтары
1.Өнеркәсіптік экологияның мәселелері мен міндеттері.

2.Өндірістер мен өндірістік кешендердің қызметіне табиғат жағдайларының әсер етуі.

3. Өнеркәсіптік ластанудың классификациясы.

4. қоршаған ортаның ластануларының негізгі көрсеткіштер.

5. Энергетиканың түрлері.

6.Өнеркәсіптің атмосфераның ластануы.

7. Газ және шаң түріндегі шығырылымдардың тазарту.

8.Санитарлық қорғаныш аймақтары.

9. Жер бетіндегі көліктердің, әуе және ғарыштық қатынас құралдарының табиғи орталарға әсері

10. Су пайдаланушылықты классификациялау.

11.Жер беті және жерасты суларын ластаушы көздер.

12.Суларды тазарту тәсілдері.

13. Атмосфералық ауаны қорғау шаралары.

14. Су ресурстарын қорғау шаралары.

15. Топырақ ресурстарын қорғау шаралары.

16. Қазба байлықтарды пайдаланушылардың классификациясы.

17.Қазба байлықтарды өндірудің қоршаған ортаға әсері.

18. Радиоактивті ластану. Радиоактивтік ластанулар және радиоактивті қалдықтарды залалсыздандыру.

19.Урбоэкология және құрылыс. Ілеспе және қосалқы өнімдерді, қайтара пайдаланатын материалдарды ұқсату.

20. Өнеркәсіп мекемелеріндегі табиғат қорғау қызметі.

21. Өнеркәсіп мекемелерінің экологиялық паспорты.

22.Экологиялық қауіпсіздікті және ресурстарды үнемдеуші технологияларды қамтамасыз етуге арналған процестер мен жабдықтар.

23.Қазақстан Республикасының табиғи ресурстары. Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарының өндіріс көздерін дамытудағы маңызы.

24.Ғылыми-технологиялық прогресс.Ғылыми-техникалық прогресстің екі жақты сипаты.

25.Табиғи жүйелердің ресурстары.Ресурстарды пайдаланудың аумақтылығын анықтайтын негізгі факторлар.

26. Табиғи ресурстардың топтамасы (классификациясы).Қоршаған орта ресурстарымен болатын қарым-қатынастардың ерекшеліктері.

27.Гидросфера (су қабаты) ресурстарын пайдалану мүмкіндіктері.

28. Литосфера (жер қабаты) ресурстарын пайдалану мүмкіндіктері.

29.Атмосфера (ауа қабаты) ресурстары және күн сәулелері.

30.Су ресурстары. Олардың экологиялық жағдайы.

31. Жер ресурстары. Олардың экологиялық жағдайы.

32.Атмосфералық ауа. Олардың экологиялық жағдайы.

33.Шу, тербеліс және электромагниттік әсерлер. Олардың зардаптары.

34.Табиғи ортаның түрлі өте қауіпті ластаушы заттармен ластануы.

35.Қоршаған ортаның негізгі ластаушылары.Өндіріс көздері.

36.Отынды-энергетикалық комплекс.Металлургиялық өндіріс.

37. Химиялық және мұнай-химиялық комплекс.Жол-транспорттық комплекс.

38. Атомдық электростанциялар.

39.Пайдалы қазбалар өндірісі.Машина жасау.

40.Ауылшаруашылық өндірісі. Комуналдық-тұрмыстық шаруашылық.

41.Техногендік авариялар, апаттар – олардың экологиялық зардаптары.

42.Ластаушы заттар топтамасы: газ тәріздес, сұйық және қатты түрлері.Таралу көздері.

43.Қазақстанның өнеркәсіптік региондары. Олардың экологиялық жағдайы.

44.Халық денсаулығының жай-күні мен мекен ортасының өзгерістерін бағалаудың критерийлері.

45.Табиғи ортаның өзгерістерінен болатын зардаптарды бағалау.

46.Өндіріс көздерінің экологиялық критерийлері және қоршаған ортаның анықтаушылық (айқындаушылық) маңызы.

47.Шикізатты қазып шығарып алудың жаңа әдіс-амалдары және жаңа энергия түрлері.

48.Кері әсерлер денгейін төмендетудің негізгі бағыттары.

49.Қалдықсыз өндіріс концепциялары. Қалдықсыз және жартылай қалдықсыз технологиялардың негізгі бағыттары.

50. Қалдық, шайынды сулар бөлініп шықпайтын өндіріс көздері. Өндірістік шайынды суларды тазалау.

51.Өндіріс көздерінің ластаушы газ тәрізде, сүйық, қатты заттар түрлерінің мөлшерін азайту, жою шаралары, сонымен қатар автотранспорттан бөлінетін зиянды заттарды төмендету жолдары.

52.Рекультивациялық жолдар (тау-техникалық және биологиялық рекультивация).

53.Экологизация принциптері. Өндіріс көздерін экологизациялаудың негізгі бағыттары мен міндеттері.

54. Өндірістік технологиялардың экологиялық жағдайын сараптау түрғысынан қарастыратын принциптер.

55. Өндіріс көздерін жақсартатын ресурстарды пайдалану арқылы экологизациялау.

56. Ресурстарды пайдалануды қалыпты деңгейлерге келтіру (оптималдау).

57.Қоршаған ортаны комплексті сараптау. Қоршаған табиғи орта мониторингісі. 58.Табиғи ортаның ластануының мониторингісі, табиғи ресурстардың мониторингісі. Қоршаған орта мониторингісінің ғылыми негіздері.

59.Қоршаған ортамен болатын қарым-қатынастарды стандарттау және құжаттау.

60.Қоршаған ортаны қорғау аймағындағы білім мен зерттеулердің ұйымдастыру, оларды біріктіру, белгілеу және бағыттау жағдайларын жақсартатын өзекті деген мәселелерді шешу.

61.Қоршаған табиғи ортаны қорғаудың құқықтық негіздері. Қоршаған ортаны қорғаудың міндеттері мен маңызы.

62.Жер қойнауын, жер қабатын, атмосфералық ауаны және су жүйелерін қорғайтын заңдар мен заңдылықтар.

63.Мұхит, теңіз суларын ластану деңгейлеріне бақылау жүргізу.



64.Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау жолдары. Қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық құқықтық негіздері

Студенттердің білімін тексеруге арналған тестілік емтихан сұрақтары
@@@
$$$

  1. Сүйық қалдық көзi ретiнде ПДВ қай формуламен есептеледi?

1

2


3

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет