167-тапсрыма. Фараби еңбектеріндегі өлең жолдарының мән-мағынасын, тәрбиелік мәнін түсініп, есте сақтаңыздар. Бастауыштарға сұрақтар қойыңыздар.
Бауырым, сен теріс түскен жандарға ерме,
Олардан аулақ жүр, қашанда әділдік жағында бол.
Бұл дүние – біз мәңгі тұратын мекен-жай емес,
Әлемде ешкім өлімді жеңе алмады.
Адамдарға бір сәттік қысқа ғұмыр берілген,
Сол қас қағымдай сәттің өзін көп көріп,
Адамдар бірін-бірі жегідей жейді,
Бірін-бірі азапқа салып қинайды.
Түкке тұрғысыз атақ-даңққа таласып,
Қашанға дейін бір-бірімізді азаптай береміз.
* * * * *
Зиялы аз бір тұтам тіршілікте, Бауырым, қанша сүйгенмен,
Әкімдікке күллісі жүгіреді. Өтеді өмір күйбеңмен.
Көкірекпен сезініп, күрсініп көп, Шындыққа бас тік алаулап,
Жаным менің түршігіп, түңіледі. Пенделіктен бол аулақ.
* * * * *
О, жаратқан, көп неткен ақымағың,
Құм сықылды тез ысып, тез суынар.
168-тапсырма. Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәніне назар аударыңыздар. Бастауыштарды тауып, олардың қай сөз табынан болғанын түсіндіріңіздер.
Ұйымдасқан – ұтады. Сыпайы – сырын сақтар, әдепті – арын сақтар. Шешінген – судан тайынбас. Естімеген – елде көп. Қорқақ – көлеңкесінен де қорқады. Қорыққан – бұрын жұдырықтар. Көп – қорқытады, терең – батырады. Аянбаған – жауды алар, абайлаған – дауды алар. Ел аралаған – сыншы болар, орман аралаған – үйші болар. Еңбекпен – ер өседі, егізден төл өседі. Өзін-өзі билеген – ең бақытты.
169-тапсырма. Тәлім-тәрбие алыңыздар! Мәтіннің мазмұнына назар аударып, мағынасын түсініңіздер. Маман болыңыздар! Ата-аналарыңызды құрметтеңіздер!
Әр ана өз баласының өнерлі ісін мақтан етеді. Сенің бірінші тәрбиеші ұстазың – сол ана. Жамал бүгін Жарқынның жаңа мамандыққа жолдама алып келгеніне қуанып еді. Көз алдында есейген, ер жеткен адам тұр. Баласының сөздері де сабырлы. Өзі кәдімгі тәрбиеші сияқты. Қимылы икемді. Бойы да таралып өскендей. Белін қынай киген гимнастеркасы өзіне жарасып-ақ тұр. Училище нағыз адамды тәрбиелеген. (Н.Ғабдуллин)
170-тапсырма. Фараби есімі дүние жүзі мәдениеті мен ғылымының тарихынан берік орын алады. Оның артына қалдырған ғылыми мұраларының салаларын есте сақтаңыздар.
5-апта. 14-тәжірибелік сабақ
Грамматика: Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері. Анықтауыш.
171-тапсырма. Мұхаммед пайғамбардан кейінгі мұсылмандар әулие тұтқан киелі адам – Қожа Ахмет Яссауи туралы мәтінді мұқият оқып, түсініп, мазмұндаңыздар.
Түркі халқының ұлы ақыны, діни поэзияның негізін
салушы – Қожа Ахмет Яссауи ( ?-1166)
Қожа Ахмет Йассауи – қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын. Өз аты – Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Йассауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ Йасы қаласы оның туған жері емес, оның бала кезінен өскен жері. Ақынның туған жері – қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы.
Ахмет Бұхара қаласында Юсуф Хамаданидан діни білім алғаннан кейін, Түркістанға келіп, сол кезде Орталық Азияда кең тараған сопылық, діни идеялардың ірі насихаттаушысына айналады.
Ахметтің тұңғыш рухани ұстазы, әрі тәрбиешісі атақты Арыстан баб болған. Ел арасында қалған аңыз бойынша, Мұхаммед пайғамбар мұсылман діні туралы «аманатын» Арыстан бабқа табыс етеді. Одан кейін арада 500 жыл өтеді. Бір күні Арыстан баб даланы кезіп жүрген 11 жасар балаға жолығады. Бала: «Ақсақал, аманатты маған беріңіз»,- дейді. Сол бала Ахмет еді. Сөйтіп, ол «аманатты» алады.
Қожа Ахмет Яссауи Мұхамед пайғамбардан кейінгі мұсылмандар әулие тұтқан
киелі адам саналады. Арыстан бабты жерлегеннен кейін Қожа Ахмет Бұхараға көшіп барады. Онда ол атақты Қожа Юсуп Хамадани шайхында сопылық оқуын оқиды. Кейін Ясы (Түркістан) қаласына ауысады. Түркістан Ахмет Яссауидың дінді уағыздаушы ретінде ұзақ жыл қызмет еткен киелі мекені болады. Ол ғұмырының көбін осында өткізеді, осында жерленеді.
Қожа Ахмет түркі халқының ақыны ретінде әйгілі. Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы – «Диуани Хикмат» («Хикмет жинақ»). Бұл шығарма алғаш рет 1878 жылы жеке кітап болып басылып шығады. Аталған кітабында ол сопылық танымды негіз етіп алады. Онда бала күнінен бастап, пайғамбар жасына келгенге дейінгі өмір жолын баяндайды, тіршілікте көрген азабын, қайғысын айтады. Бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың (билердің) жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл өмірдің жалғандығын білдіреді, адамдарды қайырымдылыққа уағыздайды, әділеттілікті жақтайды. Оның өлеңдері қарапайым халық арасында ауыздан-ауызға жатқа айтылып, кең тараған.
Сонымен қатар, Қожа Ахметтің «Диуани Хикмат» еңбегінен қазақ халқының ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады.
Қожа Ахмет 1166 жылы қайтыс болады. Түркістан қаласында жерленген. Оның басына XIV ғасырдың аяғында атақты Ақсақ Темір күмбез орнаттырады. Кейіннен Қожа Ахмет Йассауидың өзі түрік халықтарының рухани атасына, ал күмбезі түрік дүниесі табынатын кіші Меккеге айналады.
Сөздік:
уағыздаушы – проповедник сопышылар – софисты
сопы – праповедник; аскет; подвижник бек – аристократ; феодал
сопысыну – считать себя подвижником ислама
әулие, қасиетті – безгрешный; святой
аманат – поручение; вклад; заклад; залог
уағыз – заповедь; пропаганда; увещевание; проповедь
қайырымдылық – великодушие; отзывчивость; чуткость; милосердие
сопылық – аскетизм; затворничество; подвижничество; подвижнический
172-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Қожа Ахмет кім? 2. Оның есімі қандай мағына береді? 3. Ол қай жерде дүниеге келген? 4. Қожа Ахмет нені насихаттаған? 5. «Аманатқа» байланысты қандай аңыз-әңгімелер бар? 6. Оны кімнен кейінгі киелі адам деп санаған? 7. Қожа Ахмет ұзақ жылдар бойы қай жерді мекендеген және онда қандай қызмет атқарған? 8. Оның қандай ірі шығармасын білесіздер? 9. Ол еңбегінде нені баяндаған, кімдерді сынаған? 10. Оның өлеңдері қарапайым халыққа қалай жеткен? 11. Қожа Ахметтің «Диуани Хикмат» еңбегінен қандай бағалы деректерді табуға болады? 12. Ол қашан, қай жерде жерленген?
173-тапсырма. Мәтіннен анықтауыштарды тауып, оларға сұрақтар қойыңыздар.
Ү л г і: Халық арасында Қожа Ахмет Иассауи туралы аңызға айналған (қандай?) әңгімелер көп. Қандай әңгімелер көп? Аңызға айналған әңгімелер көп. «Диуани Хикматтан» қазақ халқының ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы (қандай?) деректер табуға болады.
174-тапсырма. Сөз және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырып, олардағы анықтауыштардың астын сызыңыздар.
Киелі адам, мұсылман діні, сопылық оқу, дінді уағыздаушы, қызмет еткен, тұрған мекені, ұзақ ғұмыр, түркі халықтары, өз дәуірінде, зерттеуші ғалым, поэтикалық кітап, тұрмыс-тіршілік, тарих, әдебиет, мәдениет.
175-тапсырма. Сөйлемдердегі анықтауыштарды тауып, олардың ережесін түсіндіріңіздер.
Қожа Ахмет Яссауидың әкесі Ибраһим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Шешесінің аты – Қарашаш. Оның «Диуани Хикмат» еңбегі жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Стамбул, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше рет қайтадан басылады. Соның бірі 1901 жылғы Қазанда шыққан Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын. Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің өмір жолын баяндаған. Ол өзінің насихаттарында айтқандай, бұл дүниенің қызығынан бас тартып, о дүниенің мәңгілігін жырлайды. Осы бағытта оның жолын қуған шәкірттері көптеп саналады. Олар да Қожа Ахметтің жолын қуған, софизмнің жыршылары болған.
Тапсырма. Тұрлаусыз мүшелерді қайталап, өткен материалдарды еске түсіріңіздер.
Тұрлаусыз мүшелер
Анықтауыш (Определение)
Тұрлаусыз мүшелер өздігінен сөйлем құрай алмайтын,
тек сөйлемдегі ойды толықтырып тұратын мүшелер.
|
Ережесі
|
Сұрақтары
|
Мысалдар
|
Сөйлемде зат есімнен болған мүшені сын, сапа, басқа да түрлі белгілері жағынан сипаттап тұратын тұрлаусыз мүшені анықтауыш дейміз.
|
қандай? қай? кімнің? ненің? неше? нешінші? қанша? қаншасыншы?
|
Ол – ұзын бойлы адам.
Жазғы демалыста демаламыз.
|
176-тапсырма. Берілген сын есімдердің екінші сыңарларын тауып, сөз тіркестерін құрастырыңыздар.
1. поэтикалық
2. атақты
3. көрнекті
4. этникалық
5.қолбасшылық
6. қарулы
7. тарихи
8. уағыздаушылық
9. ержүрек
10. поэзиялық
11. тапқыр
|
а) шеберлік
ә) дарын
б) қақтығыс
в) дерек
г) қасиет
ғ) тұлға
д) адамдар
е) атау
ж) кітап
з) қайраткер
и) шешен
|
Ү л г і: Тарихи дерек.
1………………………..............................
2…………………………………………..
3…………………………………………..
4…………………………………………..
5…………………………………………..
6…………………………………………..
7…………………………………………..
8…………………………………………..
9…………………………………………..
10…………………………………………..
|
177-тапсырма. Әміре Қашаубаев туралы деректі есте сақтаңыздар. Сөйлемдердегі анықтауыштарға сұрақтар қойыңыздар. Өнерді сүйіңіздер.
Б і л г е н г е м а р ж а н
Мен Әміредей әншіні сирек кездестірдім.
(Анри Барбюс)
Әміре қазақ даласының бұлбұлы…
(А. В. Луначарский)
Мен шығыстағылар әншісін неге бұлбұл
құсқа теңейтінін енді түсіндім, онда
әншілік қабілет өте басым.
(Ромен Роллан)
Әміре Қашаубаев дүниеден мезгілсіз өтті. Ол еңбекші халықтың өкілі боды. Ол айтатын әндер, оның ерекше дауысы қала мен дала еңбекшілер бұхарасының мүддесін айқындайды. Затаевич Әміреден ондаған әндердің нотасын жазып алған. Ол әндер Анри Барбюс, Ромен Роллан тәрізді мәдениет қайраткерлерін шын көңілмен сүйсіндірген. Әміре Москва мен Париж сахналарында өнер көрсетті. Оның дауысы жөнінде мақтаулы бағалар әлемдік баспасөзде аз жазылған жоқ (Сәкен Сейфуллин).
178-тапсырма. Қасым Аманжолов өлеңінің мағынасын түсініп, жаттап алыңыздар. Еліңізді, жеріңізді сүйіп, оның патриоты болыңыздар.
Қ. Аманжолов жырларынан адам бойындағы рухани қуат, қайсарлық мол көрінеді. Ол өзінің «Қазақстан» атты өлеңінде туған елін мақтан етеді.
Қ а з а қ с т а н
Қазақстан дейтін менің бар елім Бұл далада атам қолға ту алған,
Жатыр алып жарты дүние әлемін. Бұл далаға жылан келіп уанған,
Бұл даланы анам жаспен суарған, Бұл далада өскен жанда жоқ арман.
(Қ. Аманжолов)
179-тапсырма. Еңбек туралы мақал-мәтедлдердің мағынасын түсініп, оның тәрбиелік мәніне назар аударыңыздар. Сөйлем мүшелеріне сұрақтар қойып, олардың астын сызыңыздар. Еңбек етуге өздеріңізді тәрбиелеңіздер.
Еңбекпен ер өседі, Көндікпесең бейнетке,
Егізден төл өседі. Қолың жетпес зейнетке.
* * * * *
Берекесіз бейбақтар Жақсы болар жігіттің
Терлеп еңбек етпейді. Жұмыссыз жүрген күні жоқ.
Терлеп еңбек етпеген Жаман болар жігіттің
Арманына жетпейді. Еш жұмысқа қыры жоқ.
* * * * *
Еңбек – ырыстың бұлағы, Жасыңда жалықпасаң,
Еңбек – бақыттың шырағы. Қартайғанда тарықпайсың.
Сұрақтары:
қай? қандай? қайсы?
қанша? нешінші? кімнің? ненің? неше?
Сұрақтары:
кімді? нені? кімге? неге? қайда?кімде? неде? неден? кімнен? кіммен? немен?
Сұрақтары:
қашан? қанша? қалай? не себепті? неліктен? не мақсатпен? қайтіп?
Достарыңызбен бөлісу: |