Екінші кезең. Тәуелсіз Қазақстанның ұлт саясатының екінші кезеңі 1995
жылы қабылданған жаңа Конституциясын жүзеге асыру уақытынан басталады.
Аталмыш құжатта Қазақстан халқын титулды және титулсыз ұлт деп бөлу
жойылды. Бұл заң бойынша ендігі жерде Қазақстан мемлекеті ұлттық негізде
емес, жалпыазаматтық негізде құрылатындығы анық көрсетілді.
Осы конституциялық заңға негізделген еліміздің ұлт саясаты азаматтық
қоғамның қағидаларына сүйене отырып, Қазақстан ұлты деп аталатын саяси-
азаматтық қауымдастық құру мақсатын көздейтін саясатқа айналды. Бұл —
Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған адамдар қауымдастығын
бірте-бірте Қазақстан ұлты деп аталатын саяси-азаматтық бірлестікке
айналдыру. Бұл - этностық мәдениеті, діні, тілдері түрлі болғанымен, «Мен
қазақстандықпын!» деген елдік сананы қалыптастыру мақсаты қойылған.
Тіл
туралы
заң.
1997
жылдың
11
шілдесінде
«Қазақстан
Республикасындағы тіл туралы» Заң қабылданды. Сол заң негізінде Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тілі болып -
қазақ тілі бекітілді. Бұл тіл
мемлекеттік басқару органдарының, заң шығару, сот ісінің, іс жүргізудің тілі
болып саналады және мемлекет аумағындағы қоғамдық қатынастардың барлық
саласында қолданылуы тиіс екендігі міндетті болды.
«